- •1.Псиология ғылымы нені зерттейді анықтамасын беріңіз?
- •3.Психологияның дамудың алғашқы қарапайым формалары
- •4.Психология ғылымының негізгі принцептері
- •6.Қазіргі заман психология ғылымының зерттеу әдістері
- •7.Түйсік пен қабылдауға жалпы сипаттама
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •10.Ойлау мен сөйлеу сипаттама
- •Ерік теориялары
- •Нышан және қабілет
- •15.Жеке тұлғаның танымдық аймағындағы темперамент пен мінезге сипаттама Темперамент жөнінде түсінік
- •Темперамент туралы теориялар
- •Темперамент түрлері
- •Мінез жөніндегі білімдер
- •1.Батыстық психологияның даму бағытындағы когнитивтик және гуманистик психологияның айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
- •2.Жануарлармен адамдардың бейнелеу ерекшеліктерін салыстрыңыз.
- •3.Түйсіктің түрлерін топтастырвп жазыңыз.
- •4.Уақыт пен кеңістікті қабылдауда типтик айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Зейінің физиологиялыұқ негіздерін айқындайтын факторларды түсіндіріңіз.
- •6.Қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай ес түрлерін түсіндіріңіз
- •7.Ойлауформалары мен сипатына мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •8.Сөйлудің физиологиялықмеханизмі мен рефлекторлық сипатын түсіндіріңіз. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •9.Қиялдың түрлері.
- •10.Сезім ерекшелігі эмоция түрлері.
- •11.Ерік сапалары мен ерік әрекеттерін талдау кезеңдерінің адам әрекетіндегі орны
- •12Нышан және қабілет арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.
- •13.Жеке тұлғаның мінез құрылымы мен типтерін жіктеңіз.
- •14.Мінез және темперамент
- •1.Жеке тұлғаның таным үрдістегі түйсіктердің жалпы заңдылықтарын көрсетіңіз
- •2.Жеке тұлғада кездесетін қабылдау үрдісінің қасиеттерін көрсетіңіз
- •3.Зейін қасиеттерініңадам өміріндегі ықпалын көрсетіңіз.
- •4.Ес процесінің күрделі әрі адам өмірінде алатын орын көрсетіңіз.
- •5.Жеке тұлғаның ойдлау тәсілдерін дамыту жолдарын қолданыңыз.
- •6.Жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін сөйлеудің атқаратын қызметі. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •7.Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетіндегі шығармашылық қиялдың жасалу әдістерін көрсетіңіз.
- •8.Жоғарығы деңгейдегі сезімдерді дамыту және тәрбиелеу жолдарын ұсыныңыз.
- •9.Қабілет және тулға даралығының қалыптасуына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз.
- •10.Жеке тұлғаның әлеметтенуі мен қалыптасуына ықпал ететін факторлар көрсетіңіз.
- •11.Темперамент типтерінің адамның жеке басының мінез –құлқындағы көрінісін қолданыңыз.
- •12.Жас сатыларына байланысты адамдардың іс-әрекетіндегі із қалдыратын мінездің өзгеру мәселесін шешіңіз.
- •13.Жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс әдістерін қолданыңыз.
- •14.Жеке тұлғаның бағыт-бағдарформалары және оларды қолданыңыз.
- •15.Қарым-қатынас барысында таным түсінудегі қателіктер мәселесін шешіңіз.
11.Ерік сапалары мен ерік әрекеттерін талдау кезеңдерінің адам әрекетіндегі орны
5. Ерiк сапалары Əрбiр адамның ерiк əрекетi өзiндiк ерекшелiкке ие, себебi ол жеке тұлғаның тұрақты қасиеттерiнiң көрiнiсi. Ерiктiң саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуi адамға өзiнiң сезiмдерiн, қылығын, танымдық процестерiн басқаруға мүмкiндiк бередi. Ерiк аймағындағы жеке-дара ерекшелiктер адам еркiнiң тұтастай да сипатын не ерiк процесiндегi жеке бөлiктердiң мазмұнын құрауы мүмкiн. Ерiк сипаттарының жалпы бiрiгуiн танытатын құбылыс - ерiк күшi. Ерiк күшi ерiктiк əрекеттiң барша кезеңдерiнде қажет, əсiресе оның айқын көрiнiсi кедергiлердi жеңу мен қажеттi нəтижеге жетуде көрiнедi. Осы игерiлген кедергiлер сипатын талдай отырып, адамның ерiк күшiнiң объектив бағасын пайымдаймыз. Адамың өз құмарлығы мен көрсеқызарлығын бұғаулауы, өз сезiмдерiнiң шектен тыс шарпуына жол бермей, ақылмен сараланбаған қылықтар жетегiне түспеуi бəрi де осы ерiк күшiне байланысты. Ерiктiк əрекеттiң жалпыланған сипаты мүдделi мақсатта көрiнедi. Мүдделi мақсат - бұл жеке тұлғаның өз iс-əрекетiн белгiлi бiр нəтижеге бағыттай алуы. Осы қасиетке орай адамның басқа да ерiк сапаларының мазмұны мен даму денгейiн анықтаймыз. Мүдделi мақсат өмiрлiк принциптер мен мұраттарды көздеген, стратегиялық, не жақын, бөлектенген əрекеттердi орындауға бағытталған нақты қызметтiк, оперативтiк болып бөлiнедi. Мүдделi мақсаты бар адам алдына анық та нақ меже белгiлеп, майда-шүйдеге елеңдей бермейдi. Мұндай адамдар не қалайтынына, қай бағытта қадам атқанына, не үшiн күресетiнiне ешуақыт күмəнданбайды. Бұл тұлғалар - қоғамның нағыз жетекшiлерi. Ерiк əрекетiнiң бастапқы, iске қосылу кезеңi көбiне ынталылық, дербестiк, еркiндiк сапаларымен байланысты. Ынталылық - мол да жарқын идеяларға, байыпты жоспар мен ұшқыр қиялға негiзделедi. Көп адамдар үшiн ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптас-қан iс-əрекет тəсiлiн өзгерту. Мұндайлар өз бетiнше ешбiр iске кiрiсе алмай, тысқы ықпал, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестiкпен тiкелей байланыс-ты. Дербестiк ерiктiк əрекет барысында адамның əрқандай себептер жетегiне түспей, басқалардың кеңестерi мен ұсыныстарына сындарлы баға берумен, өз наным, сенiмдерi негiзiнде iсəрекетке келу қасиетi. Дербестiкке ие адам басқаның жəрдемiнсiз-ақ мəселе таңдай алады, соған орай мақсат белгiлейдi, өзгенiң түрткiсi мен сыбырына алаңдамайды. Əдетте мұндай тұлғалар өз көзқарасын белсендi қорғап, мақсат, əдiс пен тəсiлдерiн саналы бағалаумен, жалтақсыз iске қоса алады. Ынталылық пен дербестiк жеке адамның ерiктiк сапасы ретiнде, бiр жағынан, сенгiштiк, иi бостық, енжарлық сияқты қасиеттерге қарсы; екiншi тараптан, басқаның ой-пiкiрiн, көзқарасын түгелдей жоққа шығарудан (позитивизм) аулақ қасиет. Iс-əрекетке ниеттелу кезеңiнде ерiктiң ұстамдылық қасиетi процеске қосылады. Ұстамдылық əрекетi - сезiм, ой-пiкiр, қалыптан тыс көңiл-күйдi тоқтамға келтiрiп, бiраз тежейдi. Ұстамды адам орындалатын iстiң түрiне қарап, оған қажеттi өз белсендiлiгiнiң денгейiн барластырады. Сонымен, ол көздеген мақсатына асығып, ырықсыз əрекеттерге ұшырамай, байыппен жетедi. Iс-əрекеттiң сан алуан түрткiлерiнiң iшiнен қажеттi болғанын таңдау мен шешiм қабылдау кезеңiнде ерiктiң батылдық қасиетi бой көрсетедi. Батылдық - бұл əрқандай iске байланысты ерiктiң жылдам, орынды əрi берiк шешiм қабылдау мен оны жүзеге келтiре алу қасиетi. Сырттай қарағанға, батылдық ешбiр толғаныссыз өтетiндей, батыл адамның мақсат таңдауы жеңiл де оңай болатын сияқты. Əдетте, олай емес. Батыл
адамдар өз i с-əрекеттерiнiң мақ-сатын терең де жан-жақты, үлкен толғанысқа түсiп, ойлас-тырады, жоспарлайды. Ал iске кiрiсу кезеңi келгенде баяғы толғаныстың бəрiн ысырып тастап, жедел шешiм қабылдауға қабiлеттi. Батыл қимылды адамдар iс шешiмiн қабылдаудан iстiң өзiн орындауға жылдам ауыса алады. Кейде адам қандай да шешiмге бел байлағанымен, iстiң өзiне келгенде босбелбеулiк танытады, осыдан жұмыс басталмай қалады. Мұндайда батылдыққа тiрек ержүректiк қорқыныштың бəрiн басып, адамды тəуекелге келтiрушi қасиет. Iс-əрекеттегi батылдық көзсiздiкке тiкелей қарсы. Егер iс-жағдайлары болымсыздық танытса, батыл адам əрекетiн кiдiртiп, кейiн қалдыра алады. Iс-əрекеттiң орындалу кезеңiнде шалттық пен табан-дылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерiнiң барша күшiн көзделген мақсатқа тез шоғырландыра алады. Бiрақ көптеген жағдайларда шалт əрекет iстiң бастапқы кезеңiнде өте қарқынды болып, кейiн iс неғұрлым ұзаққа созылған сайын ол үдемелi кеми бастайды да тiптi байқалмайтындай деңгейге түседi. Осыдан, шалттық табандылықпен ұштасса ғана жеке адамдық қасиеттiң ең жоғары көрсеткiшiне айналады. Табандылық - бұл адамның ұдайы, шалт əрекет-терiн бiрде төмендетпей, көрiнген қиыншылықтарға төзе бiлуi. Өз табандылығынан адам қоршаған жағдайлар iшiнен қажетiн табуға шебер. Сəтсiздiкте мүдiру, күмəнға берiлу - табанды адамға жат қасиеттер, басқалардың қарсылығын, мiнеп шенегенiн бұл өткiр мiнездi тұлғалар елей бермейдi. Табандылық та батылдық сияқты əртүрлi деңгейде көрiнiс бередi, бiрақ бұл екеуiнiң шектен тыс дамуы керi сипатқа соқтыруы мүмкiн. Мысалы, кейде ақылды, тiптi дарынды адамдар өз шешiмiн қорғай алмай, алғашқы кедергi-ден-ақ сескенiп, оны жеңудiң амалына көзiн жеткiзе алмай, жалғастырайын десе, ерiк күшi жетпей, iстен бас тартатыны да болады. Бұл жағдайда адамда қара басының тəндiк мүддесi басымдау болып ақыл, ой мен сыртқы жағдай талаптары далада қалады. Кейде адам бастаған iсiнiң тiзгiнiн қолдан жаздырып алып, əрекет нəтижесiнiң болымсыздығына көзi жетiп тұрса да, "болғаны болар" деумен, илеуге келмейтiн, ақыл қонымдылығы жоқ ерiк сапасы - өжеттiк пен қиқарлықты қару етедi. Қабылданған шешiмнiң орындалуы үшiн өзiндiк бақылау мен өзiндiк баға үлкен маңызға ие. Егер адам өз i с-əрекетiне орынды бақылау жүргiзе алса ғана, көзделген мақсат iске асады. Олай болмаса, алға қойылған мiндет пен оған қажеттi қылық-əрекет арасында сəйкессiздiк туады. Мақсатқа жету процесiнде өзiндiк бақылау жоғары мүдделердiң қарапайым ниеттерден, жалпы принциптердiң мезеттiк қалау мен құмарлықтан үстемдiгiн қамтамасыз етедi. Ал өзiндiк бағаға байланысты бақылау сипаты мен дəлдiгi өзгерiске келедi. Қандай да терiс бағадан адам өзiнiң керi мiнез бiтiстерiн орынсыз, ұлғайта танып, осыдан өзiне деген сенiмiн жойып, iстен бас тартады. Өзiндiк ұнамды бағаның да зиянды тарапы бар. Мұндайда адам обьектив бақылауды өзiндiк əсiре
