Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
psikh_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
198.83 Кб
Скачать

4.Уақыт пен кеңістікті қабылдауда типтик айырмашылықты түсіндіріңіз

Ғылым болмыс жасауының екi түрлi формасы бар деп санайды. Олар - кеңiстiк пен уақыт. Бұл формалар шексiз. Уақыт пен кеңiстiктi түйсiну адамның тiршiлiк етуiне қолайлы жағдай жасап, дұрыс бағдар көрсетедi. Сол арқылы адам объектив дүниенi бейнелегенде өзiнiң өмiр сүретiн ортасы жайында қажеттi мəлiметтердi бiлiп, тiршiлiк ету жағдайына бейiмделедi. Кеңiстiк нысандарын қабылдау - күрделi процесс. Дүниедегi заттардың барлығы кеңiстiкте орналасқан. Олардың əрқайсысының белгiлi түр-тұрпаты бар: ұзын-қысқа, ендiенсiз, биiк-аласа, үлкен-кiшi т.б. Олар бiзден түрлi қашық-тықта орналасқан. Кеңiстiктегi заттардың көлемiн бiр көзбен монокулярлық - көру нəрселердiң тереңдiгi жөнiнде дəл мағлұмат бере алмайды. Бинокулярлық көруде екi көзге түсетiн кескiн қосылып, нəрсенiң бедерi айқын сезiлiп, бiр кескiнге айналады. Осылайша көрiп, қабылдауда заттар тұтасып, олардың қашықтығы, қоршауы, шамасы, түр-түсi, рельеф-бедерi əртарапты байқалып, анық та нақты бейнеге түседi . Қашықтық пен заттар көлемiн қабылдауда көздiң конвергенциясы, яғни екi көзбен көретiн затқа бiр көздей болып əрекет етiп, жақын жердегi нəрселердi ажыратудан байқалады. Ал алыстағы нəрселерге қарауда олардың екi бөлiнiп кетуi дивергенция делiнедi. Көздiң түрлiше қашықтық-тағы заттарды көруге бейiмделу қабiлетi аккомодация (көз үйрену) деп аталынады. Қашықтықтағы нəрселердi қабылдау адамның өмiр тəжiрибесiмен байланысты. Кеңiстiктi қабылдау жас кезден басталады. Бұл ретте, орман iшiнде өскен бала мен кең далада өскен баланың кеңiстiктi қабылдауы түрлiше болып келедi. Заттың бағытын қабылдау көздiң торлы қабығындағы сəулеленумен қатар дене қозғалысының жағдайына да байланысты. Адам заттардың бағытын тiк тұрып, не отырып, көлбеу жағдайда ғана дұрыс қабылдайды. Кеңiстiктi дұрыс қабылдаудың көлiк жүргiзушiлер, ұшқыштар мен ғарыш-керлер, суретшiлер мен əскери қызметкерлер, дəлдiк аппарат жасайтын мамандар үшiн маңызы зор. Уақыт та - материя өмiр сүруiнiң объектив формасы. Дүниедегi материя мен заттардың бəрi де кеңiстiк пен уақыт iшiнде қозғалыста болып, оларда қабылдау бiрнеше құрылым бiрлiктерi арқылы, құбылыстың белгiлi бiр ырғағымен өтедi, қарқын дəрежесiмен өлшенедi. Қарқын - уақыттың бiрiздi тездiгiнiң не баяулығының көрсеткiшi. Уақытты қабылдауда субъективтi мезеттер ерекше орын алады. Өткен шақ жылдам, қысқа мерзiмде өткен сияқты. Оны дəуiр, кезең, ғасыр, жылдармен өлшейдi. Соған орай өткен уақиғалар көмескi болып қабылданады. Осы шақ та ғасыр, жыл, ай, күн, сағатпен өлшенедi. Бұл нақтылы iзбен қабылданады. Өткен шақтың тез өтуi, келер шақтың ұзақ болып көрiнуi субъектив жағдайларға байланысты. Уақыт қызықты болса, тез өтедi, қызықсыз болса, ұзаққа созылады. 6. Бақылау жəне қабылдауға

5.Зейінің физиологиялыұқ негіздерін айқындайтын факторларды түсіндіріңіз.

Зейiннiң физиологиялық негiзi Зейiннiң физиологиялық тетiктер арқылы қажеттi де мəндi əсерлердi таңдауы белсендi ми қызметiнiң жəне жалпы тəннiң сергектiгi арасындағы байланысынан болады. Адамның сергектiк деңгейiн оның сырт кейпiн бақылай танумен бiрге мидағы əлсiз ток қуатын анықтайтын электроэнцефаллограф (ЭЭГ) аппараты арқылы да бiлуге болады. Əдетте, сергектiк 5 күйде көрiнiс беретiнi дəлелденген: терең ұйқы, қалғып-мүлгу жағдайы, сабырлы сергектiк, белсендi сергектiк, шектен тыс сергектiк. Тиiмдi зейiн тек сабырлы жəне белсендi сергектiк жағдайында болуы мүмкiн, ал басқа кейiп кездерiнде зейiн сапасы кемiп, кейбiр қызметтерiн ғана орындай алуы ықтимал. Мысалы, мүлгiген жағдайда адам бiр не екi əсерге ғана жауап берiп, қалған тiтiркендiргiштердi тiптi сезбейдi. Сондықтан да шаршаған ана ешбiр əсердi елеместен, терең ұйқыға берiлуi мүмкiн, ал нəрестесiнiң сəл ғана дауысынан оянып кетерi сөзсiз. Зейiн маханизмдерiнiң iске қосылуында бағдарлаушы рефлекстiң рөлi өте күштi. Бұл құбылыстың негiзi - адамдар мен жануарлар ағзасының сыртқы орта өзгерiстерiне сай тума қалыптасқан жауап бере алу қабiлетi. Мысалы, сəл ғана сыбырдың өзiнен мысық елең етiп, дыбыс шыққан тарапқа құлағын түредi. Қызықты да жауапкерлi жұмысқа шомған оқушылар кенет есiк ашылудан, жұмыстарын қоя салып, назарын есiк жаққа ерiксiз аударады. Бұл рефлекстi И. П. Павлов "немене?" рефлексi деп атаған. Зейiннiң таңдамалылығы ағзада болып тұратын күрделi процестермен байланысты. Əдетте, қоршаған орта арасынан қажеттi əсерлердi саралап алуда екi топ ағза тетiктерi iске қосылады: перифериялық (шеткi) жəне орта-лық. Перифериялық механизмдерге сезiм (түйсiк) мүше-лерiнiң икемдесу əрекетi жатады. Əлсiз дыбысты ұғуға орай адам дыбыс шыққан тарапқа мойын бұрады, сонымен бiр уақытта сезiмталдығын күшейту үшiн тиiстi бұлшық еттер құлақ жарғағын кередi. Ал күштi дыбыста жарғақ кернеуi босаңсып, миға өтетiн жағымсыз əсердi басады. Зейiннiң орталық тетiктерi бiр жүйке ошақтарының қозуына байланысты басқа жүйке көздерiнiң тежелуi негiзiнде iске қосылып барады. Туындау əсерi күштi болған қозу өзiмен бiр уақытта жүрiп жатқан əлсiздеу процестi басып, психикалық iс-əрекеттiң бағытбағдарын айқындап отырады. Сонымен бiрге, бiр-бiрiне қуат қосатын бiр уақыттағы əлденеше тiтiркендiргiштердiң бiрiгiп, əрекетке түсуi де мүмкiн. Қозулардың мұндай өзара байланысты ықпалы қажет болған əсердi таңдап, психикалық əрекеттiң белгiлi бағытта жүруiне негiз қалайды. Зейiн əрекетiнiң физиологиялық көрiнiсiн түсiнуде Ч. Шеррингтон ғылыми дəлелдеп, кейiн И. П. Павлов кең қолданған жүйке процестерiнiң индукция заңы үлкен маңызға ие. Бұл заңға орай бас ми қабығының бiр аймағында туындаған қозу оның басқа бөлектерiнде тежелу пайда етедi (бiр мезгiлдi индукция) немесе мидың сол бөлiгiндегi тежелумен орын ауысады (бiрiздi индукция), себебi нақ қозу пайда болған аймақ өзiнiң сол қозу үшiн тиiмдi жағдайымен ерекшеленедi, сондықтан да бұл арада əсерлер жiктелiп, сарапталады, жаңа шартты байланыстар түзiледi, яғни бұл аймақ нақ сол мезетте - үлкен ми сыңарларының жасампаз, шығармашыл бөлiгi сипатына ие. Ал мидың басқа бөлiктерiнiң қызметi бұл уақытта адамның астар саналы немесе автоматтандырылған əрекетiмен байланысып жатады. Зейiннiң физиологиялық негiздерiн айқындауда доминанта принципi ( А. А. Ухтомский) де жетекшi мəнге ие. ''Доминанта'' түсiнiгi нақты бiр мезетте жүйке орталық

тарының қызметiне ықпал жасап, уақытша үстемдiк етумен психикалық болмысқа бағытбағдар беретiн қозу ошағын бiлдiредi. Доминантаның ерекшелiктерiне байланысты жүйке жүйесiне берiлiп тұрған импульстер бiрiгедi əрi жинақталады, сонымен бiрге басқа орталықтардың белсендiлiгi шектелiп, қозу ошағының əрекетi күшейе түседi. Үстем қозу көзiнiң пайда болуына тек тiтiркендiргiштiң күшi ғана емес, бұрын болған əсерлердiң жəне жүйке байланыстарының өткен тəжiрибеден қалыптасқан iздерi де негiз бола алады. Бiрақ жүйке қозғалысының индукция заңы да, доминанта жөнiндегi тағылимат та динамикадағы зейiн құбы-лысын, əсiресе оның ырықты сипатын толық ашып бере алмайды. Оның себебi адамдарда жануарларға тəн болмаған өз зейiнiн мақсат бағдарлы басқара алу қабiлетiнiң болуында. Мақсат қою мен оны нақтылап отырудан зейiн туындайды, тұрақталады жəне ауысып тұрады. Қозудың басымдау ошағының пайда болуын бiрiншi жəне екiншi сигналдық жүйкелердiң өзара ықпалды байланысымен түсiндiрген жөн, себебi қозу тiлдiк (екiншi) сигналдың таңдамалы иррадиация-сымен бiрiншi сигнал жүйесiне өтедi. Өз кезегiнде, алғашқы тiтiркендiргiштер сөздiк баламаға келiп, мақсатты нақтылауға себiн тигiзедi де қажеттi қозу көзiнiң одан əрi күш алуына көмектеседi. Сонымен, зейiн табиғаты өзара бiр-бiрiне тəуелдi байланыста болған ми құрылымының бiртұтас жүйесiнiң iс-əрекетiмен байланысты, бiрақ олардың зейiн түрлерiн

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]