- •1.Псиология ғылымы нені зерттейді анықтамасын беріңіз?
- •3.Психологияның дамудың алғашқы қарапайым формалары
- •4.Психология ғылымының негізгі принцептері
- •6.Қазіргі заман психология ғылымының зерттеу әдістері
- •7.Түйсік пен қабылдауға жалпы сипаттама
- •Қабылдаудың физиологиялық негіздері
- •10.Ойлау мен сөйлеу сипаттама
- •Ерік теориялары
- •Нышан және қабілет
- •15.Жеке тұлғаның танымдық аймағындағы темперамент пен мінезге сипаттама Темперамент жөнінде түсінік
- •Темперамент туралы теориялар
- •Темперамент түрлері
- •Мінез жөніндегі білімдер
- •1.Батыстық психологияның даму бағытындағы когнитивтик және гуманистик психологияның айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
- •2.Жануарлармен адамдардың бейнелеу ерекшеліктерін салыстрыңыз.
- •3.Түйсіктің түрлерін топтастырвп жазыңыз.
- •4.Уақыт пен кеңістікті қабылдауда типтик айырмашылықты түсіндіріңіз
- •5.Зейінің физиологиялыұқ негіздерін айқындайтын факторларды түсіндіріңіз.
- •6.Қайта жаңғырту үшін жұмсалатын әрекеттердің сипатына орай ес түрлерін түсіндіріңіз
- •7.Ойлауформалары мен сипатына мысал келтіріп түсіндіріңіз
- •8.Сөйлудің физиологиялықмеханизмі мен рефлекторлық сипатын түсіндіріңіз. Тіл қатынасы жөнінде түсінік
- •2. Тілдесу - ақпарат алмасу құралы. Сөйлеу
- •3. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •4. Сөйлеу түрлері
- •9.Қиялдың түрлері.
- •10.Сезім ерекшелігі эмоция түрлері.
- •11.Ерік сапалары мен ерік әрекеттерін талдау кезеңдерінің адам әрекетіндегі орны
- •12Нышан және қабілет арасындағы байланыстарды түсіндіріңіз.
- •13.Жеке тұлғаның мінез құрылымы мен типтерін жіктеңіз.
- •14.Мінез және темперамент
- •1.Жеке тұлғаның таным үрдістегі түйсіктердің жалпы заңдылықтарын көрсетіңіз
- •2.Жеке тұлғада кездесетін қабылдау үрдісінің қасиеттерін көрсетіңіз
- •3.Зейін қасиеттерініңадам өміріндегі ықпалын көрсетіңіз.
- •4.Ес процесінің күрделі әрі адам өмірінде алатын орын көрсетіңіз.
- •5.Жеке тұлғаның ойдлау тәсілдерін дамыту жолдарын қолданыңыз.
- •6.Жеке тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін сөйлеудің атқаратын қызметі. Сөз (сөйлеу) қызметтері
- •7.Балалардың ойыны мен ересек адамдардың әрекетіндегі шығармашылық қиялдың жасалу әдістерін көрсетіңіз.
- •8.Жоғарығы деңгейдегі сезімдерді дамыту және тәрбиелеу жолдарын ұсыныңыз.
- •9.Қабілет және тулға даралығының қалыптасуына ықпал ететін факторларды көрсетіңіз.
- •10.Жеке тұлғаның әлеметтенуі мен қалыптасуына ықпал ететін факторлар көрсетіңіз.
- •11.Темперамент типтерінің адамның жеке басының мінез –құлқындағы көрінісін қолданыңыз.
- •12.Жас сатыларына байланысты адамдардың іс-әрекетіндегі із қалдыратын мінездің өзгеру мәселесін шешіңіз.
- •13.Жеке тұлғаның психологиялық қорғаныс әдістерін қолданыңыз.
- •14.Жеке тұлғаның бағыт-бағдарформалары және оларды қолданыңыз.
- •15.Қарым-қатынас барысында таным түсінудегі қателіктер мәселесін шешіңіз.
1.Псиология ғылымы нені зерттейді анықтамасын беріңіз?
Қазіргі психология ғылымы туралы түсінік. Оның құрылымы. Психология ғылымының зерттеу объектісі – психика ұғымына түсінік. Психологиялық құбылыстар (психикалық процестер, психикалық қасиеттер, психикалық қалып) Психология ғылымының салалары мен тармақтары.
Біздердің әрқайсысымыз күнбе-күн адамдармен кездесе отырып, олармен қарым-қатынас жасаймыз, олардың айтқан сөздеріне көңіл күйіміз қобалжу, не орнықты жағдайда жауап береміз, адамдар кейде бізге сүйкімді көрінеді, ұнатамыз, ал кейбіреулерін жақтырмаймыз.
Қоршаған дүниеде белгілі бір заттар немесе құбылыстар туралы біздер ойланамыз, ой елегінен өткіземіз, көңіл-күйімізге әсер етеді немесе ол құбылыстарға қалай болса, солай қараймыз, демек, бір жағдайлар біздерді қызықтырады, басқалары бізге бәрібір сияқты көрінеді.
Әрқайсысымызды жақсы кітап, әсем әуен, бейнелеу өнері шығармалары қанағаттанғандық сезімге бөлейді. Біз адамның жағымсыз іс-әрекеттері мен мінез-құлқын көре отырып, қынжыламыз, оны сынаймыз, жағымсыз сезім пайда болады, ал жағымды іс-әрекет пен қасиеттер бізді қуантады, көтеріңкі көңіл-күйде боламыз.
Еңбек ету барысында біз табанды түрде, ерекше жігерленіп, белгіленген жоспарды іске асыруға қол жетеді, кейде баяу жұмыс істеуге тура келеді.
Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін еске сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз. Осы құбылыстардың барлығы – біздің психикамыз.
Біздің психикалық өмірімізді, рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болды: «псюхе» - жан, психика және «логос» - ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс-әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады). Сонымен, психология – психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.
Психикалық үрдістер – бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс-әрекетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім және эмоция, ерік.
Психикалық қасиеттер – бұл адамдардың бір-бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.
Психикалық жағдайлар (қалып) психикалық іс-әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс-әрекеттің жемісті орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір-бірімен өзара байланысты. Сонымен, психикалық құбылыстардың жіктелуін төмендегіше кесте түрінде беруге болады: Кесте – 1 Пән атының өзі де грек тілінен аударуында психология - жан туралы ғылым (психо - "жан", логос - "ғылым") дегенді аңғартады. Осыдан, жан жөніндегі зерттеулер мен түсініктер психологияның пәндік аймағының кемелденуінде бірінші кезең болды да психология әуел бастан жан туралы ғылым деп танылды. Бірақ бұл жанның не зат екеніне жауап табу оңайға соқпады. Әр тарихи дәуірлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсіндірді. Психика мәніне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзекті мәселесін - материя мен сана, заттық және рухани болмыстардың ара қатынасын - шешуге тәуелді болып келді.
2.Жүйке жүйксі
Жүйке жүйесінің жалпы түзілімі барша омыртқалыларда бірдей. Бұл жүйенің негізгі элементі - жүйке жасушалары немесе нейрондар. Нейрон жасуша тәнінен (дендрит - қозу қабылдау) және өсінділерден (аксон - қозуды жеткізу) құралады. Аксонның дендриттермен, не басқа жасуша денесімен байланысы синапс деп аталады. Синапс жүйке жүйесіндегі жаңа байланыстар механизмін түсіндіруде шешуші маңызға ие.
Орталық жүйке жүйесі арқа және бас миынан тұрады. Ми бөліктері сан алуан жүйке қызметін орындайды. Олардың орналасу деңгейі жоғарылаған сайын, оның қызметі де күрделене түседі. Бәрінен төмен жайласқан - арқа миы, оның қызметі - бұлшық ет топтары мен ішкі мүшелер қызметін реттеу. Оның үстінде мишықпен бірге сопақша ми орналасқан. Сопақша ми дененің күрделі қызметтерін орайластыра басқарады (бұлшық ет топтары, дем алу, қан айналымы, ас қорыту және т.б. жұмыстарды біріктіру). Бұлардан жоғарылау орталық жүйке бөлігі - күрделі қозғалыстар мен бүкіл дене қалпын реттеуге қатысатын - орта ми жайғасқан. Сопақша ми мен орта ми бас миының бағаналы бөлігін құрайды. Орталық жүйке жүйесінің ең жоғары бөліктері бас миының үлкен жарым шарларына біріккен. Үлкен жарым шарлар құрамына қабық асты түйіндері деп аталатын тереңдегі жүйке клеткаларының тұтас жиынтығы кіреді. Жарым шарлардың үстіңгі бетінде жүйке жасушалар қабаты - бас миы қабығы көмкерілген. Бұл қабық қыртыс, сай, қатпар күйінде. Жақын маңда жатқан көру төмпешіктері мен қабық асты түйіндері қосылып қабық асты деп аталады. Ми қабығы қабық астымен қосыла рефлекторлық әрекеттің күрделі формаларын басқарады .
Бас миының бағаналы бөлігі күрделі де тіршілікке өте қажет шартсыз рефлекстік әрекеттерді басқаратын орталық. Сору, шайнау және жұтыну рефлекстері осы тетік құрамындағы сопақша мидің жауап әрекет орталығынан басқарылады. Кейбір қорғаныс рефлекстерін (түшкіру, жөтел, жас ағу) де осындағы жүйке іске асырады.
Орта мида көз бен құлақ қозуларын қозғалыс аймағына жеткізетін орталықтармен қатар к?з қарашығын тарылтатын жүйке тетігі жайғасқан. Сопақша мида орналасқан дем алыс, ж?рек-тамыр мүшелерінің қызметін, сонымен бірге организмнің ішкі құрылым тұрақтылығын сақтаушы басқа да органдардың жұмысын реттеуші орталықтар ерекше маңызға ие. Өте күрделі қызметтер мишыққа жүктелген. Бүкіл сүйек - бұлшық ет жүйесіндегі әрекет: жүру, жүгіру, секіру т.б. кезіндегі дене теңдестігін сақтауға орай барша бұлшық еттерді басқару - осы мишықтың міндеті.
Адамның саналы әрекетін реттеп, басқарушы орган - үлкен ми сыңарының қабығы, сондықтан да адам психикасы мен үлкен ми сыңарлары арасындағы байланыс, қатынас мәселесі - маңызды проблемалардан, осыдан ғылымда психикалық қызметтердің ми қабығында мекенді болу (локализированность) теориясы көтеріліп жүр.
"Психикалық қабілеттердің мекендігі" теориясын бірізді жолға түсіруге күш салған Ф.А.Галль (ХІХғ. басы) болды. Оның болжамынша, әртүрлі психикалық "қабілет-тердің" негізі (субстраты) осы қабілеттердің дамуымен өрбитін бас миы қабығындағы жүйке еттерінің (ткань) кішігірім ауданшалары. Осылай тұжырымдаумен, ғалым көптеген қасиеттердің мекенін белгілеп берді: мыс., адалдық, ұқыптылық, махаббат ж.т.б. Зерттеушінің пікірі: әртүрлі қабілеттер адам миында нақты мекеніне ие және ол мекенді бас сүйегіндегі шығыңқы томпақтардан байқауға болады.
Ми қабығындағы қызмет мекендігі туралы осы заманғы ғылыми түсінімнің негізін 1861 ж. сөйлеу орталығын ашумен француз ғалымы П.Брока қалады. Кейін, 1873 ж. неміс ғалымы К.Вернике сөз ұқпау (словесная глухота) орталығын тапты. Өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, сырқаттарды бақылаудың нәтижесінде ми қабығының шектелген ауданшаларының зақымдануы белгілі жан қызметтерінің жоғалуына әкеп соғатыны дәлелденді. Осыған орай бас миы қабығында нақты психикалық әрекетке жауапкерлі жүйке орталықтары белгіленді.
Үлкен ми сыңарларының бүкіл бет аймағын бірнеше көлемді бөліктерге жіктеу мүмкін. Бас миы аймақтары: ми сыңарларының сыртқы бөлігі - желке аймақ (қарақұс), ол алдыңғы тарапта төбе (еңбек) аймақтарына жалғасады. Алдыңғы, аумағы бойынша ми сыңарларының ең үлкен бөлігі - маңдай аймағы - адамда ғана жақсы дамыған. Осындай бөлектеулерге орай көру әсерлерінің анализі мен синтезі қабықтың желке аймағында (көру зонасы); есіту тітіркендіргіштерінің анализі мен синтезі - желке аймағының жоғары бөлігінде (есту зонасы); сезу және бұлшық ет-сүйек аппаратындағы тітіркенушілер - төбе (ең-бек) аймағының алғы бөлігінде орындалады.
Адам не жануар тіршілігінде қайбір тітіркену неғұрлым маңызды болса, бас миы қабығының соғұрлым үлкен бөлігі осы тітіркенуді беретін сезім органына "жұмыс" істейді.
Ал анағұрлым күрделі психикалық әрекеттерге байланысты ми қызметін бүтін, бір топ органдардың бірлігі, яғни күрделі қызметтік жүйе орындайды (П.К. Анохин).
Күрделі психикалық процестердің мидағы ұйымдасуын жете түсіну үшін адам миы қызметі жөніндегі осы заманғы ғылыми деректерді білу қажет. Мұндай ұйымдасу принциптері көрнекті психолог-ғалым А.Р.Лурия тарапынан нақтыланған. Жантану үшін өте маңызды бас миы аппараттарының қызметімен байланысты бұл принциптер келесідей:
- Ақпаратты қабылдау мен өңдеуді қамтамасыз етуші, өз әрекетінің бағдарламасын түзу мен олардың тиімді қызметте болуын бақылайтын адамның бас миы құрылымдары әрдайым бүтін бірлікте жұмыс етеді. Бірақ бұл аппарат өте күрделі әрі жете дараланған (высокодифференцирован) бірнеше бөліктерден тұрады, енді осы көп бөліктердің бірі өзінің қалыпты ісінен ауытқыса, бүтін аппараттың қызметіне зақымын тигізеді. Адам бас миында әдетте үш негізгі блок (тобы) байқалады, олардың әрбірі психикалық әрекетте өзінің ерекше маңызына ие. Олардың бірі - ақпарат қабылдап, өңдеуге; сонымен бірге бағдар түзу процесі мен олардың іске асуын қадағалап баруға қажетті ми қабығының іс қуатына жәрдем береді. Екінші блок - адамға сыртқы қоршаған орта мен өз тәні мүшелерінен жетіп келген ақпараттардың қабылдануы, өңделуі және сақталуына байланысты процестерді жүргізеді. Ал үшіншісі - әрекет жоспарын түзеді, оның орындалуын реттеп, іске асырады және табысты нәтижеге жетуіне бақылау қояды. Аталған үш блок бас миының оқшауланған бөлімдерінде орналасып, олардың үйлесімді жұмысының арқасында ғана адамның саналы іс-әрекеті тиімді бағытта өтеді. Әр блоктың өзіне тән сипаттамасы бар. Бірінші блок - ми қабығына қуат беру (тонус) блогі, немесе энергетикалық блок.
Блок құрамына енген бүкіл тетіктер тобы (комплекс) ми қабығының қалыпты жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Оның мәні: қабықтың тұрақты қуаты, негізінен, екі себепке орай қолдау табады. Бірінші себеп: ми қабығының сергек (бодрствование) қалпын сақтау үшін оған сыртқы орта ақпараты ізін үзбестен, легімен келіп, еніп жатуы лазым: мұндай тысқы әсер болмағанда, жануар мүлги бастайды, не ұйқыға кетеді. Сонымен, ми қабығының сергектік көзі - организмнің шеткі аймақтарынан (периферия) түсетін тұрақты тітіркендіргіштер, ал бұларды жеткізетін мидың жоғары бағанасы.
Ми қабығы қуатының тұрақтылығын қолдаушы екінші көз - бұл организмнің ішкі зат алмасу процестері мен биологиялық қуаттар негізін құрайтын - импульстер. Ми қабығында тіл, сөз араласуымен тек адамға қатысты ең жоғары ниеттер мен қажеттіктерді пайда етуші ақпараттарға орай туындайтын әрекет-қылық бағдарламасының қуатын сақтауда маңызға ие болған үшінші көз - бәсеңдеуші ретикулярлық формация. Бұл ми тетігінің жұмысы адамның саналы әрекетімен пайда болатын күрделі ниет, ұмтылыс, қажетсінуге байланысты.
