- •Мазмұны
- •1. Зерттеу аумағының сипаттамасы
- •1.1 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің географиялық орны
- •1.2 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер бедері
- •1.3 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлдері
- •1.4 «Бурабай» мұтп-нің өсімдіктер мен жануарлар әлемі
- •1.5 «Бурабай» мұтп-нің тарихи-табиғи ескерткіштері
- •2 «Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы»
- •2.1 Мұражай туралы жалпы ақпарат және оның тарихы
- •2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялары
- •2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшылығы және байланыс мәліметі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшылығы және байланыс мәліметі
Музейді мемлекеттік басқару - Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен іске асырылады.
Гүлнар Баркенқызы Нурахметова — Музей басшысы
Гүлжайнат Мағазқызы Әлиева – басшының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары;
Салтанат Қаржаубайқызы Ордабаева – Екібастұз тарихи-өлкетану музейі бөлімшесінің басшысы;
Гүлжанар Нәскенқызы Ақшолақова – Ақсу тарихи-өлкетану музейі бөлімшесінің басшысы;
Динара Қамшыбекқызы Смакова – Шарбақты тарихи-өлкетану музейі бөлімшесінің басшысы;
Арман Алпамысұлы Омаров – М. Шамсұтдинова атындағы музей-үйі бөлімшесінің басшысы;
Рустам Нәжмиденұлы Тыштықов – Әскери Даңқ музейі бөлімшесінің басшысы;
Талғат Жұматұлы Адамов – Д.П. Багаевтың музей-үйі бөлімшесінің басшысы;
Шолпан Қадырқызы Әбікешова – жалпы тарих және этнографияның ғылыми-зерттеуін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Гүлшәйкен Мағжанқызы Аятова – экспозициялық-көрмелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Георгий Юрьевич Пересветов – табиғат және археологияның ғылыми-зерттеуін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Сәния Серікқызы Шәріпова – өлке тарихының ғылыми-зерттеуін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
Әлия Зарлыққызы Жомартова – қордың бас сақтаушысы.
25-сурет.
Байланыс мәліметтері
Қорытынды
Бурабай өңірі – климаттық-курорттық елді мекен, онда 2000 жылы тамызда Бурабай ұлттық табиғи саябағы құрылды. Басты мақтанышы оның табиғаты болып табылады. Ұлттық саябақтың жалпы ауданы 83510 га құрайды, соның ішінде 47,4 мың га орманды болып келеді. Ұлттық паркте республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер мен жануарлардың реликт түрлері де сақталған. Онда өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (мысалы, ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т.б.). Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Одан басқа көктерек, тал, ырғай, бозарша, итмұрын, долана, қарақат, т.б. өседі. Реликті түрлерден – қырықжарыпақ, қырықбуын, плаун, қияқөлең, мүкжидек, т.б. бар. Сондай-ақ парктің флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар. Осы өңірде барлық бореалды реликтің 51 түрі табылды. Бурабай ауданы жел мен су эрозиялары үдерісі кезінде пайда болған көркем, әрі ерекше объектілермен танымал. Әртүрлі тас мүсіндер, діңгектер, тау қуыстары, саңырауқұлақ тәрізді тастар, үңгірлер және өзге де табиғи тастар ерекше жұртшылық назарын аудартады, тәнті еткізеді. Жергілікті тұрғындар мен келуші туристер парк ландшафының ғажайып табиғатына қарап, бұл алқапқа «Қазақстан Швейцариясы» деген теңеу береді.
Осы берілген тәжірибеде көптеген жұмыстар атқарылды, яғни Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайында мол көлемде жұмыс жасалынды. Мысалы: экспонаттардың тізімдемесін құру, электронды каталогтарды құру және экспонаттарды ғылыми өңдеу жұмыстары, тізімдемелермен жұмыс және топография рәсімдеу. Жалпы осы тәжірибе аралығында, өзіме қажет тәжірибе алдым.
