Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tur-201_otchet_po_praktike.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.95 Mб
Скачать

1.2 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер бедері

Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқандығы баршамызға мәлім. Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы. Көкше жеріндегі Бурабайдың тамаша табиғаты, тылсым бейнесі – қарағайлы орманы, бір-бірінен көлдері арқылы бөлініп жатқан қатпарлы жартастары, биік құз басындағы тастары мен шыңдары небір бейнені көз алдыңа елестетеді.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Бурабай» мемлекеттік табиғи ұлттық паркі 2000 жылы тамызда құрылды.

Бурабайдың әрбір қия тасына аңыздар негізінде және бейне ерекшелігіне қарай ат қойып отырған: Оқжетпес, Жұмбақтас. «Жұмбақтасты» бір қырынан қарасаң – бұрымды жас қызға балайсың, екінші қырынан қарасаң - орамал тартқан келіншекке балайсың, үшінші қырынан қарасаң – бетіне әжім түскен кемпірге балап таңқаласың.

Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Сонымен қатар, Сары-арқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы бар. Олар суының тазалығымен ерекшеленеді.

1.3 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлдері

1-сурет. Бурабай көлі

Бурабай — Көкшетау қыратындағы тұйық көл.

Гидрографикасы.

Ұзындығы 4,5 км, ені 3,9 км, орташа тереңдігі 4,5 м, ең терең жері 7 м, жағалауының ұзындығы 13,6 км, су жиналатын алабы 164 км2.

Жер бедері, көркем жерлері.

Тектоникалық ойыста жатқан көл дөңгелек пішінді, табаны тегіс, солтүстікке қарай еңістеу келген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалаулары граниттен түзілген, шығысы – құмдауытты. Бурабайдың суы жұмсақ және мөлдір, түбіне дейін айқын көрінеді. Жақын жатқан көлдерден (Үлкен және Кіші Шабақты, Шортанды, Қотыркөл, Жөкей, т.б.) аласа жоталармен бөлінген. Көлдің солтүстік-батыс бөлігінде жартасты-жарқабақты келген кішігірім Жұмбақтас аралы орналасқан. Оның шоқтығы айдын бетінен 20 м көтерілген. Солтүстік, батыс және оңтүстік жағалауларын айнала қоршаған әр түрлі пішіндегі жартастар мен жарқабақтар, көлге сұғына енген әсем мүйістер (Қызылтас, т.б.), сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар Бурабайға ерекше көрік береді. Төңірегінде Бурабай шипажайы, «Оқжетпес» және «Голубой залив» демалыс үйлері орналасқан. Көл суында алабұға, шабақ, сазан, шортан, табан балық бар. Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы көптеген әдебиет және көркемсурет шығармаларына арқау болған.

Көл туралы аңыз

Ертеде, бұл жерде әлі көл болмаған кезде, жергілікті халықты әділетті әрі мәртебелі хан билеген. Ол өте күшті, мықты әрі сымбатты, ақылды әрі парасатты, аса бай әрі жомарт болған. Оның қарымды әскері, сұлу жұбайы, отар-отар қойлары, мыңдаған табын жылқылары болды, бірақ оның ең асыл байлығы, көзінің қарашығы – жар дегенде жалғыз ұлы еді. Хан ұлын алақанында ұстады, әрдайым қорғаштап, барлық жамандықтардан сақтауға тырысты. Өзі жауынгерлік өнерді: қылышпен шабысу, садақтан оқ атуды, аттың құлағында ойнауды, сонымен қатар, билеушіге қажет барлық даналықты үйретті, және бұл мәңгілік жалғасатындай көрінді. Бірақ күндердің бір күнінде соғыс басталды. Қаһарлы, қатыгез дұшпанның әскері аш төбеттей бейбіт елге шабуыл жасап, орасан қайғы мен қасірет әкелді. Сонда хан өзінің ұлымен бірге әскер жинап, жауға қарсы шықты. Сұрапыл шайқас орын алды.   Ұрыс үш күн мен үш түнге созылды. Ақыр аяғында, хан мен жаудың билеушісі жекпе-жекке шықты. Ханның бұл айқаста жеңіске жеткенін көріп, дұшпан әскерінің үрейі қашты, барлық жиған-тергендерін қалдырып, соғыс алаңынан қаша жөнелді. Жаудың көптеген адамдары тұтқынға алынды, солардың ішінде сұлулығын айтып тауыспас ару болды. Ол айқас кезінде хан қолынан қаза тапқан жау патшасының қызы еді. Арудың сұлулығы қаншалықты ғажайып болса, оның жүрегін кермеген өшпенділік сезімі соншалықты қорқынышты болды, ал оның ойы мен арманында зұлым кек жоспары өрбіді. Аруды хан алдына алып келгенде, ол жуас және сыпайы боп көрінді, көзін төмен түсіріп, күлімсіреп, оған ғашық екендігін білдірді. Ал шайқастан, соғыс алаңын бүркеген ажалдардан шаршаған патша сұлудың алаңсыз, періште бейнесіне ессіз ғашық болды. Арудың қатыгез жүрегінен шыққан махаббат жебесі осыған дейін тек өз халқы мен жақындары үшін соққан хан жүрегіне нық қадалды. Махаббат уының күштілігі соншалық – хан бір күннен кейін-ақ, өзі бар ынта-жігерін салып билеп келген халқының дәстүріне қарсы келіп, аруды екінші әйел қылып алуға бел буды. Көп ұзамай, жас кекшіл аруға бұл да аз көрінді. Ханға ұлының қаншалықты қымбат екендігін түсінген ол бозбаланың басын айналдыруды шешті. Бірінші кездесуде-ақ сұм сұлу көз тартарлық әдемілігімен жас жігітті еліктіріп, жүрегін жаралады.   Ол оның теңдессіз ажарлығына тамсанды. Өткір де ерке, назды көзқарасына, сымбатты тұлға, балқытарлық бөксесінің иірімдеріне, күндей алтын бұрымды шаштарына қайран қалды. Арудың өшпенділік уы алғаш рет махаббат оты жанған бозбаланың жүрегіне ғашықтық жебесі боп қадалды. Сол ғашықтық отына еліккен жігіт сәби күнінен оның бойында парасаттылықты, отанға, туған жерге деген шексіз махаббат пен адалдықты тәрбиелеген әкесі мен анасының берген барлық өсиеттерін ұмытты. Ол тек өзін кернеген махаббат сезімімен әлек болды. Жас кекшіл ару да бозбаланың адал ниетіне, шырайлы ақжарқын жүзіне, айбатты тұлғасына ғашық болды. Тұла бойын өшпенділік сезімі кернеген сұлудың жүрегінде махаббат сәулесі еніп, жанын жылытты.

Еліне оралғаннан соң, махаббат алауына құмартқан хан, жақындарының қарсылықтарына қарамастан, үйлену тойының күнін белгіледі. Ол жұбайының көз жасы мен қайғы-қасіретін, күннен-күнге шексіз махаббат пен ынтызарлықтан мұңая түскен ұлының жанарын байқамады, тек өзінің шұғыла шашқан махаббатын сезінді.          Той күні де келді. Белгіленген күн қарсаңында жаршылар жан-жаққа хабар таратты, хан мен оның жас ғашығының тойын тойлауға қалың жұрт жиналды. Кеудесін қуаныш сезімі кернеген, әдемі киенген хан, жас бүркіт сынды тұғырға көтеріліп, қалыңдығын күтумен болды – бірақ ол келмеді. Біраз уақыт өткен соң, ол сабырсыздана бастады, жан-жағына қарайлап, тұғырдың үстінде тұрған патша қашып бара жатқан жастарды: өзінің ұлы мен ғашығын байқады. Хан қатты қапаланды. Осындай сатқындыққа зығырданы қайнаған ол жастардың артынан қуа жөнелді. Ұзақ па қысқа ма, әйтеуір, уақыт өте келе хан ғашықтарға тап болды. Ашу үстінде ол садағынан екі оқ атып,жастарды жаралады. Хан оларға жақындап келгенде, ғашықтар әлі тірі болатын. Олар қол ұстасып жатты. Өздері ажал аузында жатса да, мәңгілік махаббатта біріккен жастардың көздері енді олар әрдайым бірге болатындықтан, оларды енді ешкім де ештеңе де айыра алмайтындықтан, қуаныш нұрын шашып тұрғандай көрінді. Айналаны күңгірт тыныштық жайлады. Жас арудың көзінен үзілген бір тамшы жасы, кенеттен дидарында пайда болған мұңлы да мейірімді күлімсірегені хан жүрегіне терең бойлап, барлық болған жайды баяндады: бастапқыда кек қайтарудан туған ойын ханның жақындарының өмірін қиған ұлы махаббат қасіретімен аяқталғандығы мәлім болды. Ащы шындықты – өзін-өзі алдағандығын, екі жастың өмірін қыршыннан қиған баукеспеге айналғандығын түсінген хан құбылмалы тасқа айналды, содан бері сол тас өзіңдегі ақиқатты іздеудің символы болып қалды. Ал арудың жалғыз көз жасы мөлдір таза көлге айналды. Онымен қайта қауышқан сайын айнадай көл әрбір адамға махаббат өшпенділіктен күштірек екендігін еске салады. Аңыз бойынша, сол көлге бір рет түскен адам әлемнің ұлы кереметі – Махаббаттың құпиясы мен тереңдігіне бойлайды.

Шортанды – Ақмола облысы Щучинск қалалық әкімдігі аумағындағы көл. Щучинск қаласынан солтүстікте 2,5 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен биіктігі 397,5 м.

Гидрографикасы.

Ауданы 18,6 км2, ұзындығы 7,2 км, ең енді жері 3,7 км, орташа тереңдігі 14,1 м. Көл аласа төбелер арасындағы аңғар тәрізді қазаншұңқырда жатыр. Жағалауы шығысында жатық, құмды. Төбенің бедері кедір-бұдыр, негізінен лайлы, оңтүстік-батыс бөлігі құмтасты. Көлдің оңтүстік-батыс бөлігінде тастақты келген 3, солтүстік батысында бір арал бар. Алабы төбелі ұсақ шоқылардан тұрады, қарағай орманды. 1920 жылға дейін Қылшақты өзені ағып шығатын көл қазіргі күнде деңгейі төмендеуіне байланысты ағынсыз. Жауын-шашын, жер астынан шыққан көптеген бұлақтар суымен толығады. Суының минералдылығы 300 – 600 мг/л. Суын Щучинск қаласы пайдаланады. Балық ауланады.

Үлкен Шабақты - Көкшетау қыратының солтүстік етегіндегі орналасқан тектоникалық көл. Теңіз деңгейінен 301,6 м биіктікте.

Географиялық орны.

Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде.

Гидрографикасы.

Су айдыны 25,5 км2, ұзындығы 8,3 км, ені 5,1 км, орташа тереңдігі 10,8 м, ең терең жері 33,3 м. Аумағы 1900 га, орташа тереңдігі 10 м, ең терең жері 24 м. Су жиналатын алабының (150 км2). Суы қарашаның ортасында қатады, мұздан 15-25 мамырда арылады. Көктемде еріген қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Суы тұщы, ауыз суға, т.б. шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады. Минералдылығы жазда 550 — 750 мг/л-ден қысқа қарай 1000 мг/л-ге дейін өзгереді.

Жер бедері.

Оңтүстік бөлігі Көкшетау қыратында, қалған бөлігі ұсақ шоқылықта жатыр. Оңтүстік жағасы биік, жарқабақты (18-20 м дейін). Солтүстік және шығыс жағалары жайпақ. Түпкі бедері күрделі. Терең шұңғымалар мен су асты қырқалары кезектесіп келеді. Кей жерлерде су асты қырқалары шағын аралдар түрінде көл бетіне шығып жатады (ең үлкен аралы 120 - 200 м). Көлге Бурабай көліненен ағып шығатын Күркіреуік (Громотуха) өзені құяды. Тереңдігі (38 м) мен үлкендігіне байланысты көлді Кіші Байкөл (Байкал) деп те атайды.

Өсімдігі.

Ірі аралдарда қайың, тал, бұта және қарағай өседі. Түбі орталық бөлігінде лай-балшықты, жағаға жақын маңда тастақты. Көл беті таза, ашық. Су беті өсімдіктері (қоға, қамыс, елекшөп) тек таяз солтүстік-шығыс шығанақта ғана бар.

Кәсіпшілік мәні.

Негізінен торта, алабұға, мөңке ауланады. Сондай-ақ аққайран, тұқы балық, таутан мекендейді. Қолдан табан балық өсіріледі.

Кіші Шабақты – Ақмола облысының Бурабай ауданындағы ағынсыз тұзды көл. Бурабай ауылының жанында.

Гидрографикасы.

Ауданы 21,4 км2, ұзындығы 13,6 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 29,2 км, терең жері 6,6 м. Көлдің тасты, саздақты келген солтүстік және батыс жағалауы түйетайлы, оңтүстік-шығысы ұсақ шоқылы төбеге тіреледі. Суы тұзды (2,7 г/л). Мал суаруға пайдаланылады.

Қотыркөл, Қатаркөл – Щучинск қаласынан 22 км жерде, Ақмола облысы Бурабай ауданы жерінде орналасқан көл.

Гидрографикасы.

Аумағы 4,7 км2. Теңіз деңгейінен 439,9 м биіктікте. Ұзындығы 3,4 км, ені 1,65 км, жағалауы 9,8 км. Көлге 19,0 млн. м3 су жиналады. Ең терең жері 7,7 м. Су жиналатын аумағы 29,9 км2. Суы тұщы, 7,06 – 7,91 мг/л. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады.

Жер бедері.

Көл беті ашық, тек солтүстік-батыс жағалауында қамыс-құрақ өскен. Түбі құмды, қиыршықтасты, тек орта шені мен батыс жағы батпақты. Көл жағасында, Қатаркөл ауылында демалыс үйлері орналасқан. Соңғы жылдары су деңгейі 1957 жылмен салыстырғанда 2 – 2,5 м төмен түскен

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]