Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
obschiy_gos_s_otvetami.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.31 Mб
Скачать

2,5 Жасар қыз бала ауруханаға жедел бронхитпен түскен, бөлімшеде жатқанына 5 күн болғанда оң жақты сегментарлы пневмония диагнозы қойылған. Осы пневмонияның ең ықтимал себебін таңдаңыз//

пневмоциста//

пневмококк//

+ грам-теріс флора//

микоплазма//

грипп вирусы

***

Бала 1 жас 6 айлық. Салмақ қосуы жақсы. Жиі салқын тиіп ауыру мен бозғылттық мазалайды. Тұтас сүт пен вегетариандық қосымша тамақтар қабылдайды. Қансырау, гепатоспленомегалия байқалмайды, дене қызуы қалыпты. Қанда анемия анықталған. Лабораториялық мәліметтерде болатын өзгерістерді таңдаңыз//

+ гипохромия//

ретикулоциттер санының төмен болуы//

бластемия//

қанның темірбайланыстырушы қабілетінің төмен болуы//

полицитемия

***

Психикалық дамуында дөрекі кідірісі бар балаға 1 жасында фенилкетонурия диагнозы қойылған. Осы диагнозды растайтын зерттеу әдісін таңдаңыз//

Апта сынамасы//

+ Фелинг сынамасы//

терлік сынама//

гипопротеинемия//

қант қисығы

***

1,5 жасар бала 40 жастағы анадан туған. Қарағанда келесі симптомдар анықталды: беті жалпақ, кеңсірігі жалпақ, көз қиығы «монғол» тәрізді, психомоторлы дамуының қалыс қалуы, төстің сол жақ қырында дөрекі систолалық шу, бұлшықет гипотониясы. Осы аурудың даму себебін таңдаңыз//

+ хромосомды//

вирусты//

бактериальды//

жүйелі//

иммунды

***

Бала 5 жаста. Қысқа уақытқа созылатын оң жақ қабырға астының шаншып ауырсынуы мазалайды. Дене қызуы қалыпты. Бауыры ұлғаймаған. Кер симптомы теріс. Нәжісі қалыпты. Осы ауруға тән жалпы қан анализінің көрсеткішін таңдаңыз//

нейтрофильды лейкоцитоз//

лимфоцитарлы лейкоцито//

+ көрсеткіштері қалыпты//

анемия//

ЭТЖ жоғары

***

Мектеп жастағы балада терісінің тұрақты ірінді зақымдалуы, шөлдеу, энурез, салмақ жоғалту анықталады. Болуы мүмкін лабораториялық өзгерісті таңдаңыз//

гиперкалиемия//

лейкоцитурия//

+ гипергликемия//

гипопротеинемия//

гипокальциемия

***

Жаңа туған нәрестенің өмірінің 1-ші күнінен сарғаю байқалған, 1 айдан әрі сақталған. Гепатомегалия анықталған. Қанда тіке билирубин деңгейі жоғарылаған, трансаминаза деңгейі жоғары. Сарғаюдың түрін таңдаңыз//

физиологиялық//

механикалық//

коньюгациялық//

+ паренхиматозды//

гемолитикалық

***

Қыз бала 5 жаста. Шағымдары: бір реттік құсу, бетінде аяғында ісік, «ет жуындысы» тәрізді зәрдің пайда болуы. Баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң ауырған, тәуліктік диурез 300-400 мл. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз//

пиелонефрит//

+ гломерулонефрит//

цистит//

зәр тас ауруы//

бүйрек туберкулезі

***

Жаңа туған нәресте 7 күндік. Көніл күйы қалыпты, өмірінің 3-ші күнінен терісімен склерасының сарғаюыанықталған. Терісінде бөртпе жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Нәжіс түсі қалыпты. Қанда тіке емес билирубин бойынша гипербилирубинемия, трансаминазалар қалыпты. Осы аурудың болуы мүмкін ақырын таңдаңыз//

+ симптомдардың өздігінен жоғалуы//

энцефалопатия дамуы//

гепатоспленомегалия//

бауырлық жетіспеушілік//

геморрагиялық синдром пайда болуы

***

Қабылдауға 14 жасар бала білезік, тобық, тізе буындарының ауырсынуы, ісінуі, қимылының шектелуі, таңертеңгілік құрысудың болуы шағымдарымен келген. Баланың ауырғанына 1,5 жыл болған. Аурудың шығу тегін таңдаңыз//

микробты - қабынулы//

тұқым қуалайтын//

вирусты//

+ иммунопатологиялық//

функциональды

***

Қыз бала 12 жаста. 4 жылдан бері қант диабетімен ауырады. Инсулинотерапия алып жүр. Дене шынықтыру кезінде есінен танған, қысқа уақытты құрысу болған. Тері жамылғысы ылғалды. Дене қызуы қалыпты. Ең ықтимал диагнозды таңдаңыз//

диабеттік кетоацидоз//

+ гипогликемиялық кома//

жедел жүрек жетіспеушілігі//

менингит//

фебрильді құрысулар

***

Бала 8 айлық. Шағымдары: мазасыздық, жылауықтық, ұйқысының бұзылысы. Салмақ қоспайды. Тері асты шел майы ішінде, кеудесінде жоқ, аяқтарында жұқарған, бетінде сақталады. Чулицкая индексі 5см. Тіндер тургоры төмен. Нәжісі тұрақсыз. Диетотерапия өткізіледі.Диетотерапия эффективтілігін көрсететін көрсеткішті таңдаңыз//

+ дене салмағының қисығы//

қоспаның тәуліктік көлемі//

тік ішектегі қызу көрсеткішіне//

қандағы белок деңгейіне//

стеаторея айқындылығы

***

Бала 9 айлық. Тері асты шел майы дененің барлық жерінде жұқарған, әсіресе ішінде. Чулицкая индексі 10 см. Май қыртысы болбыр. Бала бой ұзындығы қалыпты.

Нерв-психикалық жағдайы жасына сай, бала тітіркенгіш, мазасыз. Бала лоқсуға бейім.

Осы жағдайда тән бала салмақ жетіспеушілігін таңдаңыз (%)//

10 ға дейін//

+ 11-20//

21-30//

31-40//

50 ден жоғары

***

Бала 10 айлық. Өте арық. Тері жамылғысы бозғылт сұрғылт түсті, құрғақ, аяқ- қолдары салқын. Тері қыртысы баяу жазылады. Чулицкий индексі теріс мәнді. Дене салмағының жетіспеушілігі 35%. Осы науқасқа диетотерапияны неден бастаған жөн?//

+ тәуліктік рационды жүктеме //

Қосымша тамақ енгізу//

Ақуыздық энпитті енгізу//

Тағам рационына қаймақ енгізу//

Тәуліктік тағам мөлшерін көбейту

***

Баланы шаршағыштық, ұстама тәрізді, өткір іш ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы мазалайды. Ішті пальпациялағанда оң жақ қабырғаастында ауырсыну байқалады, Кэра, Ортнер симптомдары оң мәнді. Қан анализінде айқын емес лейкоцитоз. Нәжісі қалыптасқан. Диагнозды дәл қоюға көмектесетін зерттеу әдісін таңдаңыз//

ФГДС//

копрограмма//

қан биохимия//

+ бауыр, өт қабы УДЗ//

дуоденальды зондтау

***

Бала 1,5 жаста. Салмақ қосуы жеткізіліксіз. Тәбеті сақталған. Дене қызуы қалыпты. Тері жамылғысы құрғақ, шап аймағында баздану байқалады. Баланың жергөгінде «крахмалдық дақтар» қалған. ТЖ 36 рет мин. ЖСЖ 112 рет мин. Бауыры 1,0 см қабырға доғасының астында. Энурез. Зәр анализінде болуы мүмкін өзгерістерді таңдаңыз//

бактериурия//

зәрдің меншікті салмағы төмен//

протеинурия, гематурия//

лейкоцитурия//

+ глюкозурия

***

Балада аллергиялық ринит белгілері байқалады, баланың сөзіне қарағанда бір жыл бойына жұмсақ ойыншықтармен ойнағаннан соң кезеңмен пайда болуы байқалған. Себебті аллергеннің түрін таңдаңыз//

тозаңдық//

+ тұрмыстық//

тағамдық//

химиялық//

эпидермальды

***

Бала 1,5 жастағы. Салмақ қосуы қалыс қалған. Туа біткен жүрек ақауы, бозғылт түрі диагнозымен кардиологтың бақылауында тұр. Соңғы айда ентігу, тахикардия, перифериялық ісіктер анықталған. Пайда болған асқынуларға байланысты дұрыс диетотерапияны таңдаңыз//

+ сұйықтықты шектеу//

Тамақтанудың тәуліктік мөлшерін азайту//

Рационда жеңіл сіңірілетін көмірсуларды көбейту//

Калийге бай тағамдырды алып тастау//

Липотропты азық түлік енгізу

***

8 айлық балада туғаннан бері тері және кілегей қабаттарының цианозы, физикалық дамудың қалыс қалуы, орташа қарқынды төстің сол жақ қырынан, әсіресе максимальды II-III қабырғааралықтардан естілетін систолалық шу, екі рет ентігу цианоздық ұстама байқалған. Нақты диагноз қоюға көмектесетін зерттеу әдісін таңдаңыз//

ЭКГ//

Кеуде клеткасының рентгенографиясы//

Қанның газдық құрамын анықтау//

+ ЭхоКГ//

Жалпы қан анализы

***

3 жастағы балада 3 айында жүрегінде шу естілген. Физикалық дамуы қалыпты, жиі бронхитпен ауырады. Эхо-КГ-да жүрекшелер денгейінде артерио-венозды лақтыру. ЭКГ-да оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. ЖҚА Hb 95г/л. Кенесі қажет маманды таңдаңыз//

иммунолог//

гематолог//

эндокринолог//

педиатр//

+ кардиохирург

***

8 жастағы балада баспамен ауырғаннан 12 күннен кейін екі тізе буындарынын ісінуі анықталған, 3-4 күннен кейін белгілері жойылған. Қарағанда кардит белгілері. Денесі мен иық терісінде сақиналық эритема. ЭТЖ 45 мм/сағ.Ауруды емдеу үшін қажетті антибиотикті таңдаңыз//

гентамицин//

+ пенициллин//

левомицетин//

линкомицин//

ванкомицин

***

6 айлық ер бала кардиологтын бақылауында. Түғаннан бері төстін сол жағынан, максимальды III-IV қабырғааралықта дөрекі систолалық шу естіледі. Қарағанда жөтел, өкпесінде ылғалды сырылдар, жүрек шекарасы солға ығысқан, ЖСЖ 148 рет, ТЖ 54 минутына. Кеуде клетка рентгенограммада инфильтрация жоқ. Еміне қажет препараттар тобын таңдаңыз//

жөтелге қарсы дәрілер тағайындау//

пенициллин тобы антибиотиктер//

+ ангиотензинайналдырушы ферменттін ингибиторлары//

симпатомиметиктер//

метилксантиндер

***

10 жастағы қыз балада артралгиялар, ТЖ 20 рет 1 мин, ЖСЖ 80 рет 1 мин. Үш апта бұрын лакунарлы баспамен ауырған. I – тон тұйықталған, жүрек ұшында үрмелі систолалық шу. Оң жақ тізе буыны ұлғайған, ауырсынады. Осы жағдайда ЭхоКГ болатын өзгерістерді таңдаңыз//

лақтыру фракциясының төмендеуі//

+ митральды қақпашаның толық емес жабылуы және ісінуі//

аортальдықақпашаның толық емес жабылуы және ісінуі//

оң қарынша қуысының кенеюі //

қақпашаларының вегетациясы

***

10 жастағы бала 1 ай бүрын стрептодермиямен ауырған, хорея, артрит, кардит байқалған, созылмалы тонзиллитпен ауырады. Ем қабылдаған. Келесі алдын алу іс шарасы қайда бағытталуы керек, таңдаңыз//

бассүйекішілік гипертензияны болдырмау//

бұлшықет тонусын жоғарылату//

интеллект сақтау//

буындарода қимыл көлемін жоғарылату//

+ жүре пайда болатын жүрек ақауларын болдырмау

***

1,5жастағы бала ревматикалық емес кардитпен 6 ай бойы бақылаудатұр. Соңғы тексерісте ентігу, акроцианоз анықталған, өкпе артериясындаII тон кұшейген, жүрек ұшында қысқа систолалақ шу. ЖСЖ 116 рет 1 мин. Кеуде клетка рентгенограммада жүрек көленкесі кенейген, өкпе сүретінін әлсіреуі. Арудын асқынуын таңдаңыз//

оң жақ қарынша жүрек жетіспеушілігі//

тромбоэмболия//

сол жақ қарынша жүрек жетіспеушілігі//

+ өкпе гипертензиясы//

аритмия

***

12 жасар бала. Баспалдақпен көтерілгенде, жүресінің тепе-тендігінің бұзылысы, артралгиялар, тітіркенгіштік мазалайды. Пальпацияда балтыр мен иық бұлшықеттерінің қамыр тәрізді тығыз болуы.Нақты диагноз қою үшін зерттеу әдісін таңдаңыз//

Лейкоцит деңгейін анықтау//

СРБ анықтау//

Буындар рентгенограммасы//

ДНК ға антиденелер анықтау//

+ Креатинфосфокиназы денгейін анықтау

***

Аскар, 3 жаста. 4 жыл бойы 3 ірі буындарының артриті сақталады, олардын деформациясы анықталады, тізе буыннын жазылуы шектелген.Полиадения анықталған, ішкі мүшелер патологиясыз. Нақты диагноз қою үшін қажетті лаборваториялық зерртеуді таңдаңыз//

креатинфосфокиназа//

+ ревматоидты фактор//

антинуклеарлы фактор//

антистрептолизин О//

С реактивті белок

***

1,5 жастағы бала. Салмақ қосуы қалыс. Ақ түрі туа пайда болған жүрек ақауымен кардиологтын бақылауында тұр. Соңғы айда ентігу, тахикардия, перифериялық ісіктер пайда болған. Осы асқынуларға байланысты рационалды диетотерапияны таңдаңыз//

+ сұйықтықты шектеу//

тамақтын тәуіліктік көлемін азайту//

рационе тез сінірілетін углеводтарды көбейту//

калийге бай тағамдарды алып тастау//

липотроптытағамдарды қосу

***

12 жастағы балада, бірінші рет тіс жұлғаннан кейін 5 сағатта тоқтамайтын қан кету анықталды. Қарағанда терісінде көптеген көгерулер, склерасына қан құюлу, бозғылтану, мушелер бойынша патологиясыз. Үйінде бір рет мұрыннан аз мөлшерлі қан кету болған. Ең алдымен жасайтын зерттеу әдісін таңдаңыз//

VIII фактор белсенділігін анықтау//

+ тромбоциттер мөлшерін анықтау//

талақты УДЗ//

трепанобиопсия//

қан сарысулық темірді анықтау

***

1 жас 3 айлық бала. Нашар тамақ ішеді, шекі қамыр жейді. Терісі, кілегей қабаттары бозғылт. Ішкі мүшелер бойынша ерекшеліксіз. Тексергенде: Нв – 85 г/л, эрит- 3,7х1012/л. Қан анализінде тағы болатын өзгерістерді таңдаңыз//

гиперхромия//

+ гематокриттін төмендеуі//

ретикулоциттер мөлшері төмен //

тромбоцитопения//

лейкоцитоз

***

4 жасар қыз балада 1 ай бойына анорексия, тез шаршағыштық бар, жата бергісі келеді. Соңғы аптада айқын бозғылттық, терісінде жекеленген қанқұюлар пайда болған, кезекті дене қызуы көтерілген. Диагноз қою үшін дәлірек болатын тексеру әдісін таңдаңыз//

Кеуде клеткасының рентгенографиясы//

+ стернальды пункция//

Биохимиялық қан анализі//

Қан сарысуында темір деңгейі//

Эритроциттердің осмостық тұрақтығы

***

8 жасар балада тілерсек буындарында ауырсыну, аяқ-қолдарының жазғыш бетінде және буындар үстінде дақты-папулезды геморрагиялық бөртпе, ішінің ұстама тәрізді ауырсыну. Жалпы қан анализінде анемия жоқ, ЭТЖ аздап жоғарлаған. Диагноз қоюға қажетті зерттеуді таңдаңыз//

+ коагулограмма//

ретикулоциттерді анықтау//

стернальды пункция//

ДНК –ға антиденелерді анықтау//

ревматоидты факторды анықтау

***

4 жастағы ер бала, шағымдары аяқтарындағы гематома. Анамнезі бойынша: кіндік қалдығының қансырауы болған. 2 жасынан бастап гематомалар пайда болған. Анамнезінде анасы жағынан кансыраушылық анықталған. Диагноз қоюға көмектесетін зерттеу әдісін таңдаңыз//

Тромбоциттеп қызметін зерттеу//

ЖҚА//

+ VIII фактор деңгейі//

Қан ағу уақыты//

Сүйек миы пункцциясы

***

12 жастағы ер балаға эпигастрий аймағының ауырсынуына байланыстыбиопсия мен фиброгастродуоденоскопияжасалған. Беткейлі гастродуоденитқойылған. Биоптатта Helicobacter pylory анықталған. Қоздырғыштын эрадикасиясына қажет препаратты таңдаңыз//

+ омепразол//

алмагель//

гастроцепин//

но шпа//

креон

***

14 жасар қыз бала тамақ қабылдағаннан кейін іштін ауырсынуына, кекіруге, лоқсуға, эпигастрий аймағында қыжылдауға шағымданады, іш қатуға бейімділік бірнеше жылдан бері мазалайды. Аурудың этиологиясын анықтау үшін зерттеу әдісін таңдаңыз//

асқазан сөлін PH метриясы//

нәжісті жасырын қанға тапсыру//

дуоденальды зондтау//

дисбактериозға нәжіс//

+ хеликобактерға тексеру

***

Баланы шаршағыштық, қызусыз ұстама тәрізді, жедел қысқа уақытты іш ауырсынуы мазалайды.Іш пальпация кезінде Мерфи, Кер симптомдары оң мәнді, эпигастрий аймағында ауырсынады. Қан анализі өзгеріссіз.Дуоденальды зондтау кезінде Одди сфинктерінің жабылу уақыты - 9 мин. Жалпы емдеу жоспарына енгізетін дәрілік препаратты таңдаңыз//

өт айдайтын//

+ спазмолитиктер//

протонды помпа ингибиторы//

антибиотиктер//

ауырсынуды басатын

***

7 жасар балада соңғы уақытта оң жақ қабырғаастында керілу сезімі, жүрек айну, аузында ащы сезім, тәбетінің төмендеу шағымдары пайда болған. Тексеру кезінде созылмалы холецистит анықталған. Диагнозды растайтын эхографиялық мәліметтерді таңдаңыз//

бауыр паренхимасының эхотығыздығының жоғарылауы//

өт қабы құрамының гомогендігі, тұнбасыз//

+ өт қабы қабырғасының тығыздалуы//

өт қабының мойын бөлімінде майысуы//

өт қабы қуысының кеңеюі

***

1 жас 5 айлық бала өмірінің бірінші айларынан бастап салмағының қоспауына шағымданады. Қарағанда іші ұлғайған, перифериялық ісіктер, диарея. Бүйрек, жүрек патологиясыз. Қанда гипопротеинемия, нәжісте стеаторея. Нақты диагноз коюға көмектесетін зерттеу әдісін таңдаңыз//

АІТ рентгенологиялық зерттеу/

+ аш және тоқ ішектің эндоскопиясы//

сутектік тыныс тесті//

қант қисығы//

копрограмма

***

1 жас 2айлық бала, ішек инфекцияменауырғаннан кейін пайда болған псевдоасцитпен, полифекалиямен, стеатореямен, физикалық дамуынан қалыс калуымен, ауруханаға түсті. дене салмағын нашар қосуға, нәжісінің бұзылысына шағымданады. Аралас тамақтанады. Осы патологияда негізгі болатын емін таңдаңыз//

витаминотерапия//

ферменттер тағайындау//

+ диетотерапия//

гормонотерапия//

пробиотиктер тағайындау

***

6 күндік бала. Субфебрильды қызба, лоқсыйды. Екі күн бойы сан, дене терісінде инфильтративті полиморфты, жан-жағы гиперемияланған, диаметрі 2см дейінгі, ішінде серозды-ірінді бөлінісі бар көпіршіктер пайда болған. Мүшелер бойынша өзгерістер жоқ. Анасы терісін бриллиант көгімен өңдеген. Науқасқа қажетті препаратты таңдаңыз//

анальгин//

диазолин//

ихтиол майы//

+ цефтриаксон//

преднизолон

***

3 күндік нәресте жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне дене қызуының фебрильді санға дейін көтерілуіне, құсуға, әлсіздікке шағымданып келіп түскен, жүйелі қабыну реакциянын белгілері анықталған. Диагноз қоюға көмектесетін оптимальды зерттеу әдісін таңдаңыз//

нейросонография//

+ қанды стерилдікке алу//

бауыр, талақ УДЗ//

қаннның биохимиялық анализі//

дисбактериозға нәжіс

***

Жалпы тәжірибелік дәрігерге 5 күндік баласымен анасы келді. Екі жакты сүт бездерінің ісінуі мазалайды. Тексергенде жергілікті гиперемия жоқ, баланың жағдайы қалыпты. Емуі жақсы, мазасызданбайды. Осы жағдайда дәрігердің дұрыс тактикасын таңдаңыз//

Хирургқа жіберу//

Ауруханаға жедел жіберу//

Сүт бездерін қатты сығу//

Антибиотик тағайындау//

+ бұл физиологиялық жағдай екендігін анасына түсіндіру

***

6 күндік балада өмірінің 3-ші күнінен бастап аяқ-колдар, беті терісінін, склерасының сарғаюы анықталады. Тексергенде ТЖ 44 рет 1 мин, ЖСЖ 132 рет 1 мин, геморрагиялық синдром жоқ, бауыры +2 см, талағы пальпацияланбайды, нәжісі сары түсті, зәрі сары түсті. Биохимиялық қан анализіндетіке емес билирубин есебіненжалпы билирубин жоғарлаған. Осы жағдайға байланысты дәрігердің дұрыс нұсқауын таңдаңыз//

жалпы қан анализіне жіберу//

антибиотик тағайындау//

сүт қоспасына ауыстыру//

вирусқа қарсы препарат тағайындау//

+ баланы ұйінде күн сәуілесіне жатқызу

***

10 айлық қыз бала. О-тәрізді аяқ, киле тәрізді кеуде клеткасы, жалпақ шүйде анықталады. Ішкі мүшелер бойынша патология жоқ. Осы ауруға тән рентгенологиялық өзгерістерді таңдаңыз//

периостальды остеофиттер//

сан сүйектерінің секвестрациясы//

сан сүйектер метадиафиздерінде ағару фокустары //

+ остеопороз//

сүйектену ядроларының мерзімінен ерте пайда болуы

***

1 айлық бала созылған сарғаю, емізгеннен кейінгі құсу, мазасыздық шағымдарымен келіп түсті. Қарағанда: тері жамылғысының айқын сарғыштығы, гипонония, гипорефлексия көрінеді. Іші аздап үрілген. Гепатоспленомегалия. Қан анализінде тромбоцитопения, гипербилирубинемия. Құрсақ ішілік инфекция этиологиясын анықтауда тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз//

+ молекулярлы –биологиялық (ПЦР)//

серологиялық (ИФА)//

вирусологиялық//

бактериологиялық//

биохимиялық

***

Бала 12 жаста. Есту бұзылуымен,протеинуриямен, гематуриямен өтетін бүйрек ауруымен ұзақ уақыт бақылауда турады. Сонғы айлары диурез жиіледі, әлсіздік, ісіктер, анемия анықталады. Осы аурудың асқынуын анықтаудың ең информативті зерттеу әдісінтаңдаңыз//

+ қанда креатининін анықтау//

протеинограмма//

Нечипоренко сынамасы//

гематокрит анықтау//

коагулограмма

***

Мектеп жастағы бала фарингитпен ауырғаннан 3 күннен кейін зәрінін қоңырлануына шағымданады. Объективті: артериалық қысымының жоғарлауы, аяқ, бетінде ісіктер анықталған. Аурудың этиологиясын анықтайтын зерттеуді таңдаңыз//

Зәр микроскопиясы//

араннан жағынды алу//

зәр себу//

қан себу//

+ О антистрептолизин антиденелер денгейі

***

Бала 5 жаста. Жүдеген. Тәбеті сақталған. Дене қызуы қалыпты. Терісі құрғақ, шап аймағында баздану байқалады. ТЖ 25 рет мин. ЖСЖ 92 рет мин. Бауыры ұлғаймаған. Энурез. Лабораториялық мәліметтерде күтетін өзгерістерді таңдаңыз//

протеинурия//

лейкоцитурия//

гематурия//

+ кетонурия//

цилиндрурия

***

Бала 1 жас, 8 айлық. Анасын емге нәтиже бермейтін базданулар, зәрін ұстай алмауы мазалайды. Салмағын дұрыс қоспайды. Тәбеті жақсы, сұйықтық жақсы ішеді. Терісінде іріңдіктер байқалады. Жүректе тыңдағанда қысқа систолалық шу жүрек ұшында естіледі. Жиі зәр шығарады, ауырсынады. ЖҚА де жеңіл дәрежелі анемия. Осы балаға ең бірінші қай маманның кеңесі керектігін таңдаңыз//

урологтың//

дерматологтың//

гематологтың//

+ эндокринологтың//

кардиологтың

***

Жаңа туған ер бала. Рефлекстерінің төмендеуі, әлсіз ему байқалады. Мерзімінен асып туған. Туғандағы салмағы 4000кг. Қарағанда: терісі құрғақ, бозғылт, пастозды, брадикардия. Іші ұлғайған. Тілі үлкен, кіндік жарығы байқалады. Нәжісі күнара. Диагноз қоюға қажетті скрининг тесті таңдаңыз//

фенилкетонуриға тест//

+ ТТГ денгейі//

қандағы қант//

қандағы инсулин//

тердің хлоридтері

***

Қыз бала 14 жаста. Тершеңдікке, мазасыздыққа, жылағыштыққа, үлгерімінің нашарлауына шағымданады. Бұл өзгерістер пайда болғанына бір жыл болған. Қарағанда мінез құлқы мазасыз, тез және көп сөйлейді. Арықтау, терісі ұстағанда ылғалды, экзофтальм, Грефе симптомы, мойын жуандауы байқалады. Аускультацияда жүрек тондары күшейген, тахикардия. АҚҚ 130/70 мм.сын б. б/ша. Диагнозды нақты қоюға көмектесетін зерттеу әдісін таңдаңыз//

+ қалқанша без гормондарын анықтау//

ЭКГ//

эхокардиография//

қанда, зәрде қант деңгейін анықтау//

түрік ершігі аймағының рентгенограммасы

***

Бала 6 айлық. Үлкен ағасы бала бақшаға барады. 2 рет ЖРВИ мен ауырған. Терісінін бозғылттығы анықталады. Табиғи тамақтанады. Қанда гемоглобин 95 г/л. Бала қандай маман бақылауында болу керектігін таңдаңыз//

гематолог//

иммунолог//

пульмонолог//

+ педиатр//

ЛОР дәрігер

***

Ажар, 4 жаста. Ішінің ауырсынуы, дене қызуының 38,5гр дейін жоғарылауы, дизурия мазалайды. Зәр анализінде лейкоциттер–50-60 к/а, эритроциттер 0-1 к/а, белок іздері. Осы аурудың диетотерапия бойынша дұрыс нұсқауын таңдаңыз//

тұзсыз диета//

+ көп мөлшерде сұйықтық//

белоксыз диета//

жеңіл сіңірілетін көмірсуларды шектеу//

жемістер мен көкөністерді алып тастау

***

3 жасар қыз балада жоғары қызба, дизурия байқалады. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Ісіктер байқалмайды. ЖҚА де нейтрофильді лейкоцитоз солға ығысқан. ЖЗА де белок іздері, пиурия. Диагноз қою үшін сіздің әрі қарай жүргізетін тактикаңы таңдаңыз//

хирург консультациясы//

Нечипоренко сынамасы//

+ зәрді бактериологиялық зерттеу//

жалпы белокты анықтау//

қанды стерильдікке тапсыру

***

Қыз бала 7 жаста. Іш ауырсынуына, жиі зәр шығаруға шағымданады. Дене қызуы 38, тері жамылғысы бозғыфлт, ісіктер жоқ, сол жақ бүйрек пальпациялағанда ауырсынады.ЖҚА де лейкоцитоз, нейтрофилез солға ығысқан, ЭТЖ жоғарылаған. ЖЗА де белок 0,09г/л, эритроциттер 1-2 к/а, бактерурия, лейкоциттер барлық к/а, бактерурия. Осы ауруғақажетті емін таңдаңыз//

антикоагулянттар//

антиагреганттар//

+ антибиотиктер//

глюкокортикоидтар//

сұйықтық шектеу

***

9 жасар ер бала ауруханаға ісік, әлсіздік, тәбетінің болмауы шағымдарымен келіп түсті. Жиі фарингитпен ауырады. Объективті:айқын перифериялық және құыстық ісіктер, АҚҚ 150/80 мм сын бағ б/ша. ЖЗА жоғары протеинурия, макрогематурия, цилиндрурия. Осы аурудың симптоматикалық емінің препараттарын таңдаңыз//

антибиотиктер, глюкокортикоидтар//

антикоагулянттар, антиагреганттар//

+ диуретиктер, гипотензивті//

цитостатиктер, иммуномодуляторлар//

қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, хинолин препараттар

***

10 айлық балада ылғалды аз қақырықты жөтел, қызуының 37,5-37,60С дейін көтерілуі, шулы тыныс шығару, өкпеде қатқыл тыныс, шашыранды құрғақ ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорап реңкілі дыбыс естіледі. Қанда лимфоцитоз. Өкпе рентгенограммасында болуы мүмкін өзгерістерді таңдаңыз//

қан тамыр суретінің азаюы//

+ өкпе тканінің мөлдірлігінің жоғарылауы//

инфильтративті көлеңкелер//

бөлік аралық плевра көлеңкесі//

тор сияқты өкпелік сурет

***

3 жасар бала үйде пневмониямен ем қабылдап жатыр. Көңіл күйі жақсы, дене қызуы субфибрильді, жөтел сирек. Жауырын ұшында оң жақта жергілікті перкуторлы дыбыстың қысқаруы және ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Осы балада пневмонияның ең ықтимал этиологиясын таңдаңыз//

энтерококк//

+ пневмококк//

пневмоциста//

цитомегаловирус//

кандида

Мектеп жасындағы бала тез шаршағыштыққа, ұзақ уақыт мұрын бітелуіне шағымданады, мұрыннан қою бөлдініс бөлінеді, дене қызуы қалыпты басқа симптомдары жоқ. Ауызбен дем алады. Аран гиперемиясы байқалмайды. Осы жағдайға эффективті препаратты таңдаңыз//

+ интраназальды кортикостероид//

тамыр тарылқыш препарат//

гистаминоблокаторлар//

тұзды ерітінді//

антибактериальды препарат

4 айлық бала ауруханаға құрғақ жөтелге, шулы тынысқа шағымданып түскен. ТЖ-68 рет мин., өкпеде диффузды ылғалды және бірлі-жарым ысқырықты сырылдар естіледі. Бала жағдайын эффективті не жақсартатынын таңдаңыз//

Оттегімен ингаляция//

Амбробенемен ингаляция//

вентолинді аэрозоль түрінде қолдану//

+ небулайзер арқылы сальбутамол ерітіндісімен ингаляция//

парентеральды эуфиллин енгізу

5 жасар балада бірінші жылында тұрақты ылғалды жөтел байқалған, жиі пневмониямен ауырған (5-6 рет жылына) физикалық дамуының қалыс қалуы айқын. Нәжісі сұйық, сасық иіспен. Үлкен ағалары ерте жасында пневмониядан қайтыс болған. Аурудың диагнозын нақты қою үшін қандай тексеру әдісін қолданған жөн?//

Кеуде клеткасы рентгенографиясы//

спирография//

пикфлоуметрия//

аш ішектің кілегей қабатының биопсиясы//

+ терлік сынама

9 жастағы бала атопиялық дерматитпен ауырады. 1 жыл бойы түнде ұстама тәрізді тыныс алу қиындауынсыз спастикалық жөтел мазалайды. Дәрігер қарауында өкпеде қатқыл тыныс, сырыл жоқ. ЖҚА жеңіл дәрежелі анемия, лейкоциттер мен ЭТЖ қалыпты, эозинофилия. Балаға кеңесі қажет маман таңдаңыз//

дерматолог//

гематолог//

кардиолог//

+ аллерголог//

физиотерапевт

10 айлық бала ауруханада ошақты пневмония бойынша ем алып жатыр. Жөтел мазалайды, дене қызуы қалыпты, бронхообструкция белгілерісізтыныштық кезінде ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттер қатысады. Перооральды цианиз. Осы науқасқа қажетті емін таңдаңыз//

эуфиллин к/т//

сальбутамолмен ингаляция//

постуральды дренаж//

физиоем//

+ кислородотерапия

Асқынған жүктіліктен екіапталық нәресте. Қарағанда: тері жамылғысы қарқынды сарғыш, экзантемалар. Гепатоспленомегалия. Қан биохимия анализінде жалпы билирубин саны жоғарылаған, тіке емес фракция есебінен. ЦМВ-қа ИФА оң мәнді. Осы науқасқа қажетті емін таңдаңыз//

антибиотик//

фототерапия//

+ арнайы иммуноглобулин//

өт айдайтын препараттар//

инфузионды ем

Жаңа туған нәресте 5 күндік. Анемия фонында өткен 1 жүктіліктен, 1 мерзімімен босанудан. Туғандағы салмағы 3400,0, бойы 53 см. Ана сүтімен тамақтанады, емуі белсенді.Тері жамылғысы таза. Физиологиялық рефлекстері шақырылады. Аяқ қолының бүккіш бұлшықет тонусы жоғары. Қазіргі салмағы 3000,0. Нәжісі 5-6 рет күніне, ботқа тәрізді, сары түсті. Баланы әрі қарай жүргізу тактикасын таңдаңыз//

+ динамикада бақылау//

нәжіс анализі//

инфекционист кеңесі//

невролог кеңесі//

гематолог кеңесі

Бала 3 жаста, емшек емеді.Ет, көкөністерді нашар жейді. Тері жамылғысы бозғылт, аяқтарында бірлі-жарым көгерулер көрінеді. Мойын лимфа түйіндері бұршақ тәрізді 2-3 екі жақты бірдей байқалады. Жүрек ұшында систолалық шу. ЖСЖ 105 рет мин. Бауыры +1,5 см. ЖҚА НВ 80 г/л, эрит. 3,5х1012/л, тромбоциты 180 х109/л. Диагноз қою үшін зерттеу әдісін таңдаңыз//

коагулограмма//

+ сарысулық темір//

бауыр УДЗ//

лимфа түйіндер пункциясы//

ЭКГ

Мерзімінде туылған 1 айлық бала. Белсенді емеді, салмақ қосқан, ұйқысы тыныш. Арнайы профилактика бастап жүргізу ауруды таңдаңыз//

пневмония//

гипотрофия//

анемия//

+ рахит//

целиакия

Жасы үлкен (егде жастағы) анадан туылған жаңа туған нәресте. Қарағанда төмендегідей симптомдар байқалғпн: жалпақ бет, кеңсірігі жалпақ, «монғол тәрізді» көздің қиығы, психомоторлы даму қалыс қалуы, төстің сол жақ шетінде дөрекі систолалық шу, бұлшықет гипотониясы. Диагноз қою үшін зерттеу әдісін таңдаңыз//

+ бала кариотипі//

Ішкі мүшелерді ультрадыбыстық зерттеу//

Феллинг сынамасы//

шыққан тегінің анализі//

қалқанша без гормондарын анықтау

бала 3 жаста. 8айлық жасынан бастап салмақ нашар қосуы, іш ұрленуі, кезекпен болатын құсу, көп мөлшерлі жиі нәжіс анықталады.Нәжіс анализінде - стеаторея. Нақты диагноз қоюға көмектесетін зерттеу әдісін таңдаңыз//

+ 12 елі ішек кілегейін гистологиялық зерттеу//

Нәжісте сары сулық белокты анықтау//

терлік тест//

Грегерсон сынамасы//

ФГДС

5 жастағы қыз бала, ішінің ауырсынуына, көрудің нашарлауына шағымданады. Куссмауль тынысы, бет қызаруы, тері құрғақтығы, көз алмасы жұмсақ, ауызынан ацетон иісі шығады, араны гиперемияланған, тахикардия. Бірнеше аптадан бері шөлдеу мазалайды, жиі зәр шығарады, 2 кг салмақ жоғалтқан.Баланы жатқызатын бөлімшені таңдаңыз// инфекционды//

гастроэнтерология//

+ эндокринология//

пульмонология//

кардиология

Жаңа туған нәресте 5 күндік, жасанды тамақтанады. Мұрын қанаттарында ақшыл-сары түйреуіш инесінің үлкендігіндей түзілістер байқалады. Жағдайы қанағаттанарлық, белсенді емеді, дене қызуы қалыпты. Осы жағдайда дәрігердің дұрыс тактикасын таңдаңыз//

түзілістерді сығып тастау//

теріні антисептикпен өндеу//

антибиотик тағайындау//

+ бұл физиологиялық жағдай екендігін анасына түсіндіру//

фототерапия жүргізу

А есімді ер бала. Бірінші айында 800 грамм қосқан, нәжісі қалыпты, әр тамақтанған сайын. Анасының айтуынша 1ай 2 апталығында психо-эмоциональды күйзелістен кейін сүті азайып, бала мазасызданып, қомағайланып еме бастаған, емшек ұшын тартып, осының нәтижесінде емшек ұшында сызаттар пайда болған. Анасы әр емізіп болғаннан кейін қалған сүтті сауып тастап отырған, сауылған сүттің көлемі 15 млден аспаған. Бала екінші айында 400 грамм қосқан. Дәрігердің рациональды тактикасын таңдаңыз// анасы өз рационында сиыр сүтінің көлемін көбейту//

сирек емізу керек//

+ бейімделген сүт қоспасымен үстеме тамақтандыру//

Бірінші қосымша тамақ енгізу//

Жетпеген сүт мөлшерін су ішкізіп толықтыру

5 жастағы қыз балада 4 күн бойы 38,50С дейінгі қызба байқалады. Зәрде белок – 0,33 г/л, тұнбасында- лейкоциттер көп мөлшерде, эрит-0-1 к/а. Осы ауруда қандай рациональды диетотерпия тағайындалатынын таңдаңыз//

+ сұйықтықты көбейту//

нәруызды диета//

тұзды шектеу//

көмірсуларды шектеу//

калийге бай тағамдарды көбейту

***

10 жастағы бала бронх демікпесінің атопиялық түрі орташа ауыр ағымды түрімен ауырады. Арнайы ем қосу үшін жасау керек зерттеу әдісін таңдаңыз//

+ тері сынамалар//

спирография//

кеуде клеткасының рентгенографиясы//

бронхография//

жалпы қан анализі

ДЕТСКАЯ ИНФЕКЦИЯ

Басқа ЖРВИ-лардан тұмауды ажырататын синдром://

бронхобронхиолит//

обструктивті бронхит//

+айқын интоксикация//

гепатоспленомегалия//

диареялық синдром

***

Тұмаудың токсикалық түріне тән синдромдар

://

+құрысу, геморрагиялық, менингоэнцефалды//

абдоминалды, секреторлыдиарея//

жалпы токсикалық, айқын катаралды//

гепатолиеналды, генерализацияланғанполиаденопатия//

генерализацияланған бөртпе синдромы, холестаз

***

Круп синдромы- бұл симптомокомплекс, ол құралады://

ысқырықты дем шығарумен жөтел толқындары сериясы//

дене қызуының жоғарлауы, дем шығарудағы ентігу//

дене қызуының жоғарлауы, әлсіздік, енжарлық//

+үрмелі жөтел, дауыстың қарлығуы, тыныс қиындауы//

құсумен бітетін жабысқақ құрғақ жөтел

***

БШАИЖ бойынша 2 айдан 12 айға дейін жиілеген тыныс, егер://

30 рет тыныс алу минутына және одан жоғары//

40 рет тыныс алу минутына және одан жоғары//

48 рет тыныс алу минутына және одан жоғары //

+50 рет тыныс алу минутына және одан жоғары //

60 рет тыныс алу минутына және одан жоғары

***

Нәрестеде БШАИЖ бойынша жиілеген тыныс, егер://

40 рет тыныс алу минутына және одан жоғары //

50 рет тыныс алу минутына және одан жоғары //

+60 рет тыныс алу минутына және одан жоғары //

65 рет тыныс алу минутына және одан жоғары //

70 рет тыныс алу минутына және одан жоғары

***

БШАИЖ боыйнша пневмония белгілері://

кеуде қуысының төменгі жағы тартылуы//

төс үсті аймағының тартылуы//

+жиілеген тыныс//

бронх обструкциясының белгілері//

ұзаққа созылған қызба

***

Күлдің токсикалық түрібасқа түрінен ажыратылады://

мойын шел май қабатының ісінуі//

+«+ ткань» тәрізді тығыз сүрғылт жабындылар //

шәйнау бұлшықеттетінің тризмі//

жақ асты лимфатүйіндердің ұлғаюы//

бадамшалардағы іріңді жабындылар

***

Ауызжұтқыншақ күлінің аралық түріне тән://

бадамша тініндегі аралшық тәрізді жабындылар//

екі жақтық бадамшалар түбіндегі ірімшікті жабынды//

екі жақтық лакуналардағы аралшықты жабындылар//

бадамша кілегей астынан көрінетін тығындардың болуы//

+бадамшадан тілшікке ауысқан пленкалы жабынды

***

Күлдің арнайы терапиясы://

күлге қарсы анатотоксин еңгізу//

күлге қарсы бактериофагты тағайындау//

антитоксикалық күлге қарсы иммуноглобулин//

+антитоксикалық күлге қарсы сарысу//

пенициллин қатарындағы препараттармен антибиотикті ем

***

Күлдің токсикалық түріндегі КҚС дозасы://

10-20 мың ХБ//

20-30 мың ХБ//

30-50 мың ХБ//

50-60 мың ХБ//

+60-100 мың ХБ

***

Жұқпалы мононуклеоздағы перифериялық қандағы өзгерістерге тән://

+нейтрофиллез + лимфоцитоз + атипты мононуклеарлар//

лейкопения + лимфопения + атипты мононуклеарлар//

лимфоцитоз + айқын эозинофилия//

лейкоцитоз + лимфопения + эозинофилия болмауы //

лейкоцитоз + гематокрит төмендеуі, анемия//

***

Катаральды кезеңде қызылшаға тән://

+Стимпсон триадасы//

Грега триадасы//

Филатов симптомы//

гепатоспленомегалия//

Пастиа симптомы

***

Жәншауға тән бөртпе сипаты://

+ұсақ нүктелі//

дақты папулезді//

көпіршікті//

ірі дақты//

геморрагиялық

***

Жәншау кезіндегі Филатов симптомы – бұл://

жергілікті лимфа түйіндерінің ұлғаюы//

аранның айқын шекаралы гиперемиясы//

табиғи қыртысты жерлерде бөртпенің шоғырлануы//

тұрақты ақ дермографизм//

+мұрын-ерін үшбұрышының қуқылдығы

***

Желшешек кезіндегі бөртпе эелементтерінің трансформация сатысы://

папула-везикула-жара//

везикула-қабыршақ-жара//

+розеола-папула-везикула-қабыршақ-тыртық//

розеола-папула-везикула-пустула-қабыршақ//

папула-везикула-беткей жара

***

Көкжөтел кезінде сопақша мида дамитын өзгеріс://

аневризма//

+қозу ошағының доминанттылығы//

ісік//

гематома//

қабыну ошағы

***

Көкжөтелдік жөтелге тән://

ұзақ уақытқа созылған ылғалды жөтел//

жөтел ұстамасы кезінде температураның көтерілуі//

тыныс шығарғанда бірінен соң бірі жалғасатын жөтел екпіні//

+тыныс алуда репризбен қосарланған,бірінен соң бірі жүретін жөтел екпіні//

жөтел кезінде қақырық бөлінуі

***

Көкжөтелдің ауыр критерийіне жатады://

ұстамалы жөтел кезіндегі құсу//

ұстамалы жөтелдің ұзаруы//

жөтел кезіндегі апноэ//

нейротоксикоз//

+ұстама кезіндегі реприз

***

Жедел ВГ А маркерлері болып табылады://

+анти- НАVIgM//

анти- HAVIgG//

HBsAg//

aнти-HCV//

анти- HBc IgM

***

ВГ базисты терапиясына кіреді://

+көп мөлшерде сұйықтық ішу, № 5 үстел//

қ/т тамшылатып құю//

гепатопротекторлар қабылдау//

өт айдағыштарды қабылдау//

емдік гимнастика

***

ВГА-ның ерекшелігі://

аурудың біртіндеп, жәй басталуы//

сарғаю пайда болуымен интоксикацияның өршуі//

анамнезіндегі ұзақ жоғары қызба//

+сарғаю пайда болуымен интоксикацияның тежелуі//

қоғамдағы вирустасымалдаушылықтың жоғары жиілігі

***

ВГ В ерекшелігі://

аурудың жедел кенеттен басталуы//

сарғаю пайда болуымен интоксикация белгілерінің тежелуі//

көбіне аурудың жеңіл түрлері//

+сарғаю пайда болуымен интоксикация белгілерінің өршуі//

анамнезіндегі ұзаққа созылған жоғары қызба

***

ВГ А-ғы негізгі патогенез механизмі://

+вирустың гепатоцитке тікелей цитопатиялық әсері//

гепатоциттің дәнекерлік аутоиммунды зақымдалуы//

ауыр аллергиялық реакциялар дамуы//

иммунды дәнекерленген айқын цитолиз//

вирустың гепатоцитке тікелей цитопролиферативті әсері

***

Типті ВГ-тегі гипербилирубинемия генезіндегі бұзылыс://

эритроциттердің жоғары ыдырауы//

билирубиннің гепатоциттермен белсенді аулануы//

бауыр клеткаларында билирубиннің қармалуы//

+гепатоциттерден байланысқан билирубиннің экскрециясы//

өт қабынан билирубин экскрециясы

***

ВГА өршу кезеңінің серологиялық маркерлері://

анти- HAV IgG//

анти- HAV IgM//

HBs Ag//

Hbe Ag//

анти-НАV Ig G

***

Гепатит В вирусының репликация маркері://

анти-НАV Ig M//

анти- НСV Ig M//

+анти-НАV IgG//

анти-НВсIgM//

анти НВсIgG

***

ВГ В-да сарғаю пайда болуымен аурудың жағдайы://

+нашарлайды, интоксикация өршиды//

жақсарады, интоксикация азаяды //

бақылау динамикасында өзгермейді//

менингеалды симптомдар пайда болуымен нашарлайды//

диарея пайда болуымен нашарлайды

***

Айқын сарғаю кезінде бауыр көлемінің азаюы мәлімдейді://

клиникалық сауығу туралы//

жағдайының жақсаруы туралы//

+қатерлі түріне көшу туралы//

ешнәрсені мәлімдемейді//

созылмалы гепатитке ауысу туралы

***

Балалардағы АИВ-инфекцияның бастапқы симптомдары://

+әлсіздік, қызба, лимфоаденопатия//

лоқсу, құсу, құрысу синдром//

10 күнге созылған диарея//

қалтыраумен қызба, тамақ ауырсынуы//

бұлшықет және буындардың айқын ауырсынуы

***

Инвазивті диарея- бұл://

3 апта ішіндегі аралықсыз созылмалы диарея //

АІТ-дегі су-тұз сіңірілуі мен секрециясының бұзылу нәтижесіндегі диарея//

ішек микрофлора құрамының сандық және сапалық бұзылысы нәтижесіндегі диарея//

+АІТ қабынуын тудыратын жасуша қоздырғышының инвазия нәтижесіндегі диарея//

ішектегі лактоза жеткіліксіздігінен болатын диарея

***

Балалардағы инвазивті диареяның диагностикасының критерийлері://

құсыққа сұйық нәжіс қосылатын жедел басталу//

токсикоздың 2-3 дәрежесінде дамитын құсық//

сұйық,көп мөлшерде,сулы,патологиялық қоспасыз көпіршікті нәжіс//

жартылай сұйық,патологиялық қоспасы бар көп мөлшердегі нәжіс//

+сұйық,көп мөлшерде кілегейлі,қан аралас жасыл нәжіс

***

Шигеллезкезіндегі нәжіс түрі://

«күріш қайнатпасы»//

+«ректальды түкірік»//

«батпақ балдыры»//

«құлпынай желе»//

«бұршақ сорпа»

***

Емшек жастағы балалардағы шигеллез кезіндегі тенезм эквиваленттеріне жатады://

жылау,іш пальпациясы кезіндегі мазасыздық //

+жылау, мазасыздық пен дефекация кезіндегі беттің қызаруы//

нәжістің диспептикалық сипаты//

қозғалыс белсенділігі//

дефекацияның өнімсіз акты

***

Сальмонеллез кезіндегі нәжіс түрі://

«ректальды түкірік»//

«күріш қайнатпасы»//

«құлпынай желесі»//

+«батпақты балдыр»//

«бұршақ сорпасы»

***

Эшерихиозға тән нәжіс://

сұйық,кілегейлі аз мөлшерде//

сулы, сары-жасыл түсті//

қарамайлы//

+сұйық, көпіршікті, сары-қызғылт түсті//

сулы,«күріш қайнатпасы»тәріздес

***

Шигеллез кезінде тенезмдердің пайда болуына әсер ететін патогенетикалық механизм://

ішек қантамырларының зақымдалуы//

+ауэрбах өріміндегі талшықтарының зақымдалуы//

ішек парезі//

ішек некрозы//

іштің көлденең жолақты бұлшықетінің спазмы

***

Секреторлы диарея- бұл://

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]