- •Абстракт
- •Зерттеу бөлімі
- •Delphi - іскеқосу. Delphi ортасы
- •Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттертерезесі
- •Оқиғалар. Программалық код терезесі
- •2. Практикалық бөлім
- •2.1 Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль.Әдіс
- •2.2 Берілгендерді енгізу және шығару
- •2.3 Программаны компиляциялау
- •2.4 Бағдарламаның сипаттамасы
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Первомай орта мектебі
Бижанова Аина
8 сынып
«Delphi программасыМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ерекшелігі ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛДЕРІ»
Бағыты: Ғылыми-техникалық прогресс – экономиканы дамытудың басты бағыты
Секция: информатика
Жетекші: Әлібек Айгүл Сағидуллақызы, информатика пәнінің мұғалімі
2017 ж
Мазмұны
|
Абстракт |
3 |
|
Кіріспе |
5 |
1 |
Зерттеу бөлімі |
7 |
1.1 |
Delphi - іскеқосу. Delphi ортасы |
7 |
1.2 |
Проект. Форма.Қасиеттер. Қасиеттер терезесі |
8 |
1.3 |
Оқиғалар. Программалық код терезесі |
11 |
2 |
Практикалық бөлім |
13 |
2.1 |
Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль.Әдіс |
13 |
2.2 |
Берілгендерді енгізу және шығару |
17 |
2.3 |
Программаны компиляциялау |
20 |
2.4 |
Бағдарламаның сипаттамасы |
23 |
|
Қорытынды |
2 |
|
Пайдаланған әдебиеттер |
29 |
|
Пікір |
30 |
Абстракт
Delphi программасын зерттеуді жөн көре отырып, біз онда көптеген практикалық жұмыстармен айналыстық. Бұл программамен айналысқан мақсатымыз: Delphi программасының басқа да мүкіндіктерін анықтай отырып онымен жұмыс жасауға жол ашу. Delphi программасы өзге программаларға қарағанда пайдалануға ыңғайлылығымен мүмкіндіктері көбірек болуымен ерекшеленеді. Көптеген жүгіртпе жолдар, фигуралар, сонымен қатар анимациялық, диаграммалық сызбаларды жасау осы Delphi программасына негізделген.
Бұл жобада программа құрылымына тоқтала отырып, берілгендерді енгізу және шығару,программаны компиляциялау командалары қарастырылған.
Зерттеу мақсаты:
Delphi программасының басқа да мүмкіндіктерін анықтай отырыпағ онымен жұмыс жасауға жол ашу.
Зерттеу объектісі:
Delphi программасы
Зерттеу әдістері:
Әдебиеттерді оқу;
Зерттеу;
Программа орнату;
Интернет желісін пайдалану;
Нәтижесін анықтау.
Зерттелген тақырыптың көкейкестілігі:
Зерттеліп отырған Delphi программасы информатика пәнін оқытудағы өзіндік мәні бар екенін айқындайды. Көптеген жүгіртпе жолдар, фигуралар, сонымен қатар анимациялар, диаграммалық сзбаларды жасау осы Delphi программасына негізделгенін айқындап көрсетеді.
Гипотезасы:
Өзге программаларға қарағанда Delphi программасының әлдеқайда тиімді екендігі анықталады.
Зерттеудің әдіс-танымдық негіздері:
Ғылыми жобаның зерттеу әдісі теория түрінде жазып, практикада іс жүзіне асыру.
Кіріспе
Жоғарғы деңгейлі программалау тілдері жарыққа шыға бастағаннан бері көптеген программалау тілдері пайда болды. Қазіргі кезде олар процедуралық, логикалық және объектілі- бағдарлы болып үш түрге бөлінеді. Мысалы, дәстүрлі процедуралық программалау тілдеріне- Фортран, Бейсик, Паскаль. Логикалық тілдер- Лисп, Пролог. Есептеуіш техниканың қарқынды дамуы және программалық жабдықтауды тиімді дайындауға қажеттілік нәтижесінде соңғы кезде Windows ортасында жарыққа шыққан және объектілі-бағдарлы программалау негізінде құрылған программалау тілдері- Borland C++ for Windows, Object Pascal және визуалды Microsoft Visual Basic, Borland Delphi.
Процедуралық программалау тілдерінде программаның жұмысы операторларды ретімен орындау бойынша, ал логикалық программалау тілдерінде ол қатаң логикалық ережелерге сәйкес өзгертулер енгізу ретінде қарастырылған болатын. Объектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі объектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуалды түрлері- Visual Basic тілі Q Basic программалау тілі негізінде, Delphi (Дельфи) Объектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual- көзбен көру, экрандық). Олар, әсіресе, Delphi программалау тілі- кез келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл. Сондықтан жаппай кызмет ету жүйесінің имитациялық моделін құру үшін және модельдің керекті ықтималдық көрсеткіштерін анықтауға Delphi программалау тілі таңдап алынды.
Delphi- дің бірінші нұсқасы 1994 жылы жарыққа шығып, кейінгі жылдары оның бірте- бірте кеңейтілген 2, 3, 4, 5, 6, 7- нұсқалары жарық көрді. Мысалы, 5- нұсқа 1999 жылы, 6- нұсқа 2001 жылдың мамыр айында жарыққа шықты. 5, 6- нұсқаларының бір- бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, екеуі де Windows32 операциялық жүйесінің негізінде дайындалған. Тек, Delphi 6, оған қоса, 1991 жылы жарық көрген, салыстырмалы арзан, Linex операциялық жүйесінің негізінде де жұмыс істей алады (Linex жүйесі UNIX операциялық жүйесіне шамалас, мүмкіндігі Windows32 жүйесінің мүмкіндігінен кем емес). Delphi 6- да интернет үшін қосымшаларды дайындау мүмкіндігі кеңейтілген және берілгендер қорымен жұмыс істеуге ұсынылып отырған кейбір өзгешеліктер енгізілген.
Дәстүрлі Паскаль оқып үйренуге жеңіл және MS DOS жүйесінде программа дайындауға ең жақсы кұрылымдық программалау тілі екені белгілі. Delphi- де Паскаль тілінде орындау мүмкін және мүмкін емес күрделі процестерді программалауға болады. Delphi- дің негізгі ерекшелігі- онда қосымша құруда компоненттік және объектілік тәсілдер пайдаланылады (Windows ортасында пайдаланатындықтан, Delphi-де программаны көбінесе қосымша деп аталады). Бұл программалау технологиясында нағыз революция жасады. Компоненттік тәсіл мәнісі жеңіл: әр қосымша кітапханасы программалау ортасында дайындалып, арнайы іс- әрекеттерді орындайтын компоненттер элементтерінен жинақталады. Олар жеткіліксіз болса, объектіні өңдеуге арналған үстеме программа құрылады. Delphi-де құрылатын негізгі кітапхананы визуалды компоненттер кітапханасы (VCL, Visual Component Library) деп аталады. Компоненттер панелінде топ- тобымен жинақталған, жүздеген кластарға тиісті, стандартты компоненттер бар. Пайдаланушы жаңа компонент дайындап, оны осы панельге қосуына да болады.
