- •*Кариес и некариозные поражения твердых тканей зубов*2*20*2*
- •*Кариес и некариозные поражения твердых тканей зубов*3*20*2*
- •*Пульпиты. Клиника, диагностика, дифференциальная диагностика, лечение*1*15*1*
- •*Пульпиты. Клиника, диагностика, дифференциальная диагностика, лечение*2*30*4*
- •*Пульпиты. Клиника, диагностика, дифференциальная диагностика, лечение*3*30*4*
- •*Перодонтиты. Клиника, диагностика, дифференциальная диагностика, лечение*1*15*2*
- •*Периодонтиты. Клиника, диагностика, дифференциальная диагностика, лечение*2*30*4*
- •*Периодонтиты. Клиника, диагностика, дифференциальная диагностика, лечение*3*30*4*
- •*Болезни пародонта*1*30*3*
- •*Болезни пародонта*2*60*5*
- •*Болезни пародонта*3*60*5*
- •*Заболевание слизистой оболочки полости рта*1*30*3*
- •*Заболевание слизистой оболочки полости рта*2*60*5*
- •*Заболевание слизистой оболочки полости рта*3*60*5*
*Заболевание слизистой оболочки полости рта*2*60*5*
#381
*!Ер адам 50 жаста, ауыз бұрышы аймағындағы шырышты қабаттың тартылу сезіміне, кедір-бұдыр болуына шағымданып келді. 20 жыл бойы күніне 2 қорап темекі шегеді. Қарап тексергенде: ауыз бұрышындағы шырышты қабат аймағында - шырышты қабаттың күңгірттену ошақтары, сұр түстес, үшбұрыш пішінді, қырған кезде алынбайды..
Қандай болжамды диагноз сәйкес келеді?
*созылмалы гиперпластикалық кандидоз
*қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі
*қызыл жегі, қарапайым түрі
*+лейкоплакия, жазық түрі
*Боуэн ауруы
#382
*!Ер адам, 66 жаста тамақ қабылдағанда ауру сезіміне шағымданады.Созылмалы соматикалық ауруы жоқ.Қарап тексергенде: ауыз қуысы санацмяланбаған. 35 -38 тістер аймағында сапасыз көпір тәрізді протез бар. Тілдің сол жақ бөлігінде- пішіні дұрыс есес жара бар, өлшемі 0,3 х 0,5 см, табаны біркелкі емес,беті некроздалған қақпен қапталған.Пальпацмясы ауырады,жара бұрыштары қатты. Кілегейлі қабық гиперемияланған.Диагнозды қойыңыз?
*лейкоплакияның ойық жаралы түрі
* миллиарлы жаралы туберкулез
*+декубитальды жара
*трофикалық жара
*обыр жарасы
#383
*!56жастағы ер адам тамақ қабылдағанда ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінен тілдің бүйір бетінде көтеріліп тұратын төмпешікті түзіліс 2 жыл бойы болғаны анықталды. Төменгі жақтың сол жағындағы үлкен азу тістері бұзылған. Ауыз қуысында тілдің сол жақ бүйір бетінде өлшемі 0,5х0,8 см болатын, айналасы сұр түсті төмпешікті ошақпен қоршалған ойық –жара бар.
Лейкоплакияның қай түрі ЕҢ сәйкес?
*жазық
*веррукозды тоғалы
*веррукозды сүйелді
*+эрозиялы-жаралы
*жұмсақ
#384
*!Ер адам 69 жаста, жоғарғы жақтағы протез асты ауру сезіміне шағымданып келді. Анаменезінен: толық алалы салмалы протезді 1,5 жыл киіп жүр. Қарап тексергенде:11 тісі аймағындағы өтпелі қатпарда жиектері тегіс емес, өлшемі 2 см-ге дейін, пальпацияда ауыратын ақау бар.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*жедел механикалық жарақат
*+созылмалы механикалық жарақат
*сәулелі жарақат
*трофикалық жара
*туберкулезді жара
#385
*!Науқас 18 жаста, таңдайдағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша бір сағат бұрын белгісіз ерітіндіні абайсызда жұтып қойды. Қарап тексергенде: таңдайда колликвационды некроз бар, констистенциясы желе тәрізді.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+жедел химиялық сілтілік жарақат
*созылмалы механикалық жарақат
*сәулелі жарақат
*трофикалық жара
*туберкулезді жара
#386
*! Науқас 16 жаста, ауыз қуысындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша бір сағат бұрын белгісіз ерітіндіні абайсызда жұтып қойды. Қарап тексергенде: ісінген, гиперемияланған шырышты қабатта тығыз ақ түсті жарғақ түріндегі коагуляционды некроз ошағы бар.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+жедел химиялық қышқылдық жарақат
*созылмалы механикалық жарақат
*сәулелі жарақат
*трофикалық жара
*туберкулезді жара
#387
*!Әйел адам 28 жаста ұрт шырышты қабатының кедір-бұдырлығына шағымданып келді. Анамнезінен: ұрт шырышты қабатын тістеу әдеті бар. Қарап тексергенде: ұрт шырышты қабаты күңгірттенген, ақ түсті, жұмсақ, гиперплазияланған қақпен жабылған.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*жазық лейкоплакия
*қызыл жазық теміреткі
*Таппейнер лейкоплакиясы
*веррукозды лейкоплакия
*+жұмсақ лейкоплакия
#388
*!Қыз бала 28 жаста стоматологқа ұрт шырышты қабатының өзгешелілігіне шағымданып келді. Дені сау, 2 жыл бойы темекі тартады. Қарап тексергенде: тістердің түйісу деңгейіндегі шырышты қабатта жиектері анық, эпителийдің күңгірттену ошақтары байқалады, ауыз бұрышына жақын шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқағ ақ-сұр түсті төмпешікті түзілістер бар.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+сүйелді лейкоплакия
*қызыл жалпақ теміреткі
*жұмсақ лейкоплакия
*Таппейнер лейкоплакиясы
*веррукозды лейкоплакия
#389
*!Әйел адам 40 жаста стоматологқа ауыз қуысы шырышты қабатының кедір-бұдырлығына шағымданып келді. Сау, 20 жыл темекі шегеді. Қараған кезде: тістердің түйісу сызығы бойынша орналасқан шырышты қабатта ақ түсті шектелген тоғалар көрінеді, шырышты қабаттан көтеріңкі орналасқан, беті кедір-бұдыр, сүйелге ұқсайды.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*сүйелді лейкоплакия
*қызыл жалпақ теміреткі
*жұмсақ лейкоплакия
*Таппейнера лейкоплакиясы
*+веррукозды лейкоплакия
#390
*!Ер адам 50 жаста ауыз бұрышы аймағындағы тартылу сезіміне, кедір- бұдырлыққа шағымданып келді. 20 жыл бойы күніне 2 қорап темекі шегеді. Қараған кезде: таңдайдың артқы бөлігінің шырышты қабатында қызыл ашылып тұрған нүктелер көрінеді.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Жазық
*Веррукозды тоғалы
*Веррукозды сүйелді
*Эрозивті-жаралы
*+Таппейнера лейкоплакиясы
#391
*!Ер адам 64 жаста стоматологқа тілдің өзгешелілігіне шағымданып келді. Анамнезінен 2 ай бұрын пневмониямен ауырған. Қарап тексергенде – тілдің арқасында папулалар мен тоғалар тас төселген жолға ұқсас, тегіс емес беткей құрады.
Аталған аурулардың ішінде осы көрініс қайсысына ЕҢ сәйкес?
*ҚЖТ, әдеттегі түрі
*ҚПЖ, гиперкератоздық түрі
*Созылмалы атрофиялық кандидоз
*+Созылмалы гиперпластикалық кандидоз
*Екіншілік мерез
#392
*!2 жастағы балада ұртында қақпен жабылған дақтар пайда болды, тәбеті мен ұйқысы нашар, гиперсаливация. Қарап тексергендесол жақ ұртында ірімшік тәріздес қақпен жабылған дақтар бар. Қақ оңай алынады, астында гиперемияланған ошақ көрінеді.
Осы клиникалық көрініс қай диагнозға ЕҢ сәйкес?
*Туа біткен мерез
*Созылмалы атрофиялық кандидоз
*Соызлмалы гиперпластикалық кандидоз
*+Жедел псевдомембранозды кандидоз
*Қызыл жалпақ теміреткі
#393
*!15 жастағы науқас тілдің қатты ауруына шағымданып келді. Қараған кезде: жалпы жағдайы қалыпты, аймақтық лифа түйіндері пальпацияланбайды, ауыз қуысы шырышты қабаты құрғақ, қанық қызыл түсті. Тілдің емізікшелері тегістелген, қақ жоқ.
Осы клиникалық көрініс қай диагнозға ЕҢ сәйкес?
*+Жедел атрофиялық кандидоз
*Аллергиялық стоматит
*Жедел герпетикалық стоматит
*Жедел псевдомембранозды кандидоз
*Екіншілік мерез
#394
*!62 жастағы науқас ашты тағам қаблдағанда болатын ауру сезімге, ауыз қуысының құрғақтығына шағымданып келді. 1жыл бұрын пневмониямен байланысты антибиотикті ұзақ қабылдаған. Қарап тексергенде тілдің гиперемияланған шырышты қабатында тас төмелген жолға ұқсас папулалар мен тоғалар бар.
Осы клиникалық көрініс қай диагнозға ЕҢ сәйкес?
*Екіншілік мерез
*Созылмалы атрофиялық кандидоз
*Жедел псевдомембранозды кандидоз
*+Соызлмалы гиперпластикалық кандидоз
*Қызыл жалпақ теміреткі
#395
*!50 жастағы ер адам ерніндегі түзіліске шағымданып келді. Қараған кезде – зақымдалу элементі төмпешік қызыл түсті диаметрі 3 мм-ге дейін жоғарғы ерінде және алдыңғы тістер аймағындағы жоғарғы жақтың альвеолярлы өсіндісінде орналасқан, бетінде таңқурайға ұқсас папилломатозды өсінділер қалыптасқан.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Қызыл жегі
*+Туберкулезді жегі
*Милиарлы-жаралы туберкулез
* Қызыл жалпақ теміреткі
*Біріншілік мерез
#396
!Ер адам 42 жаста ауыз қуысындағы қатты ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен- өкпедегі туберкулезбен ауырады. Қараған кезде төменгі ерінде бірден ауыратын ойық-жара бар, түбі дәнді құрылымға ұқсайы, жараның айналасында ұсақ абсцесстер орналасқан.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+Милиарлы-жаралы туберкулез
*Туберкулезді жегі
*Скрофулодерма
*Біріншілік туберкулезді жара
*Трофикалық жара
#397
*!Науқас 20 жастаауыз қуысында ұзақ жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысы түбінде табақша тәріздес, ауру сезімі жоқ, ет қызыл түсті, жиектері көтеріңкі жара анықталды, бимануальды пальпация кезінде жара негізінде тығыз инфильтрат бар. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырмайды, консистенциясы тығыз эластикалық.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Декубитальды жара
*+Екіншілік мерез
*Обыр жарасы
*Созылмалы жарақаттық жара
*Туберкулезді жара
#398
*!25 жастағы науқас тілінің өзгешелілігіне шағымданып келді. Тілдің ұшында домалақ, қоңыр қызыл түсті, жиектері көтерілген, өлшемі 8мм, ауырмайтын ақау анықталды. Пальпация кезінде ошақ негізінде кқнсистенциясы шеміршекке ұқсас инфильтрат бар. Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+Біріншілік сифилома.
*Декубитальды жара
*Туберкулезді жара
*Трофикалық жара
*Обыр жарасы
#399
*!24 жастағы ер адам соңғы 6 айда еңбекке жарамсыздығына, шашының түсуіне, терінің қышуына, әлсіздікке шағымданып келді. Осы уақыт ішінде 7 кг арықтады. Объективті: өарап тексергенде бет терісінде қабыршақтану ошақтары анықталды. Мойын және қолтықасты лимфа түйіндері диаметрі 0,5 см-ге дейін, тығыз, пальпацияда ауырмайды. Ауыз бұрыштарында ангулярлы хейлит. Ауыз қуысында – тіл арқасында ақ ірімшік тәрізді қақтар бар.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+ВИЧ-инфекция
*Кандидоз
*Белдемешелік герпес
*Аусыл
*Жедел герпетикалық стоматит
#400
!*24 жастағы науқас ауыз қуысындағы ауру сезіміне, ауыз ашылуының шектелуіне, тамақ қабылдаудың қиындауына, дене температурасының көтерілуіне шағымданып келді. Екі апта бұрын жедел респираторлы инфекциямен ауырған, дәрігерге қаралмаған, жүргізуші ретінде жұмысын жалғастыра берген. Қарап тексергенде: беті сұр түсті, ауыз ашылуы шектелген, аузынан жағымсыз иіс. Ретромоляр аймағының шырышты қабаты гиперемияланған, ісінген, қыз иек жиектері некроздалған.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Жаралы гингивит
*+Венсан стоматиті
*Пародонтит, ауыр дәрежесі
*Созылмалы қайталамалы герпес
*ҚЖТ, эрозивті-жаралы түрі
#401
*!Қыз бала 20 жаста дене температурасының көтерілуіне, төменгі еріннің күю, шаншу, қышу, ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен: ауру жиі көктемде байқалады. Қарап тексергенде: еріннің гиперемияланған, ісінген шыршыт қабатында ұсақ, топтасқан көпіршіктер бар.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*күлбіреуікше
*+созылмалы қайталамалы герпес
*белдемешелік теміреткі
*Қарапайым көпіршікті теміреткі
*созылмалы қайталамалы афтознды стоматит
#402
*!19 жастағы науқас стоматологқа тамақ қабылдағанда және сөйлеген кездегі ауыз қуысындағы ауру сезіміне, бас ауруына, әлсіздікке, дене температурасының 38С көтерілуіне шағымданып келді.2 күн бойы ауырып жүр. Қарап тексергенде : еріннің, ұрттың, таңдайдың шырышты қабатының гиперемияланған жерінде көптеген, бірден ауыратын, беті ақ-сұр қақпен жабылған ұсақнүктелі эрозиялар бар.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Кандидоз
*Мерез
*Хейлит
*+Жедел герпетиалық стоматит
*Түкті лейкоплакия
#403
*!25 жастағы ер адам ауыз қуысындағы ауру сезіміне, қабағында көпіршіктер мен жаралардың пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен: ауру жоғары температурадан басталды, кейін ауыз қуысы мен көздің шырышты қабатында көпіршік пен күлбіреуік пайда болған. Қарап тексергенде ерінде қанды қабыршық бар, ауыз қуысы шырышты қабаты ісінген, ұртта, таңдайда, ауыз қуысы түбінде эрозия мен жараар бар. Никольский симптомы оң.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Көптүрлі жалқықты эритема
*+Стивенса-Джонсон синдромы
*Тұрпайы күлбіреуікше
*Бехчет синдромы
*ҚЖТ буллезді түрі
#404
*!26 жастағы науқас ауыз қуысындағы ауру сезіміне, ауыз ашылуының шектелуіне, бұлшық ет пен буындардың ауруына, бас ауруына, дене температурасының 38 º С көтерілуіне шағымданып келді. Созылмалы баспамен ауырады. Қарап тексергенде: еріннің, ұрттың, тілдің шиперемияланған шырышты қабатында көптеген ауыратын, беті фибринозды қабықпен қапталған эрозиялар бар. Қолдың терісінде домалақ, күлгін түсті, ортасы ойық, қара қоңыр түсті дақтар бар, беті геморрагиялық қабықшамен қапталған. Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Жедел герпетикалық стоматит
*Тұрпайы күлбіреуікше
*Белдемешелі теміреткі
*Венсана стоматиті
* +Көптүрлі жалқықты эритема
#405
*!38 жастағы науқас ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тесергенде қолдың сыртқы бетінде ортасы көк түсті ойық, күлгін түсті ісінген дақтар бар.
Көрсетілген аурулардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Кандидоз
*жазық лейкоплакия
*Қызыл жалпақ теміреткі
*Созылмалы афтозды стоматит
*+Көптүрлі жалқықты эритема
#406
*!18 жастағы қыз бала төменгі еріндегі ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қаблдағанда күшейеді. Қарап тексергенде: төменгі ерін оң жақ шырышты қабатында сопақ пішінді эрозия , өлшемі 2 х 4 мм, беті фибринозды қақпен жабылған, айналасы гиперемияланған жолақпен қоршалған. Пальпация кезінде ауырады.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
*созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматит
* лейкоплакияның эрозиялы-жаралы түрі
*механикалық жарақат
*екіншілік мерез
#407
*!46 жастағы ер адам ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қаблдағанда күшейеді. 15 жыл бойы ауырады. Энтероколит бойынша гастроэнтеролога қаралып тұрады. Қарап тексергенде: жоғарғы ерін мен тілдің терең ойық-жаралар бар, өлшемі 2х4мм, беті фибринозды қақпен жабылған, жиектері тығыз. Пальпация кезінде бірден ауырады. Ойық-жара тыртықтанып эпителизацияланады.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*созылмалы қайталамалы афтозды стоматит
*созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматит
*Бехчет синдромы
*Шегрен синдромы
*+Сеттон афтасы
#408
*!35 жастағы ер адам тіліндегі ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қаблдағанда күшейеді. Анамнезінен: зақымдалулар көз және жыныс мүшелерінде пайда болған. Қарап тексергенде: тілдің бүйір бетінде сопақ пішінді эрозия бар, өлшемі 3х5 мм, беті фибринозды қабықпен жабылған, айналасы қызарған жолақпен қоршалған. Пальпация кезінде ауырады.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Турен афтозы
*Микулич афтасы
*Сеттон афтасы
*Беднар афтасы
*+Бехчет афтозы
#409
*!18 жастағы қыз бала төменгі еріндегі ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қаблдағанда күшейеді. Қарап тексергенде: төменгі ерін оң жақ шырышты қабатында сопақ пішінді эрозия , өлшемі 2 х 4 мм, беті фибринозды қақпен жабылған, айналасы гиперемияланған жолақпен қоршалған. Пальпация кезінде ауырады.
Көрсетілген диагноздардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізген жөн?
*созылмалы атрофиялық кандидоз
*+созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматит
*веррукозды лейкоплакия, тоғалы түрі
*қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі
*белдеме теміреткі
#410
*!57 жастағы ер адам ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қаблдағанда күшейеді.13 жыл бойы ауырады. Өт шығаратын жолдарының дискинезиясы бойынша гастроэнтерологқа қаралып тұрады. Қарап тексергенде тілдің шырышты қабатында терең ойық-жаралар бар, өлшемі 2 х 4 мм, фибринозды қақпен жабылған,жиектері тығыз. Пальпация кезінде ауырады. Ойық-жара тыртықтанып эпителизацияланады.
Көрсетілген диагноздардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізген жөн?
*көптүрлі жалқықты эритема
*Стивенса-Джонс синдромы
*веррукозды лейкоплакия
*+Бехчет синдромы
*Шегрен синдромы
#411
*!35 жастағы ер адам тіліндегі ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қабылдағанда күшейеді. Анамнезінен: зақымданулар көз бен жыныс мүшелерінде пайда болған. Қарап тексергенде: тілдің бүйір бетінде – сопақ пішінді эрозия бар, өлшемі 3 х 5 мм, фибринозды қақпен жабылған, гиперемияланған жолақпен қоршалған. Пальпацияда ауырады.
Көрсетілген диагноздардың қайсысымен салыстырмалы диагностика жүргізген жөн?
*+Турен афтозы
*Стивенса-Джонсон синдромы
*веррукознды лейкоплакия
*созылмалы қайталамалы герпес
*Сеттон афтасы
#412
*!58 жастағы науқас 2 апта бойы мазалап жүрген ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қаблдағанда және сөйлегенде күшейеді. Қарап тексергенде: ұрттың оң жақ шырышты қабатында қағы жоқ, қызыл түсті эрозия бар, жиектеріндегі эпителий жұлынған, қатты ауырады. Эпителий пинцетпен жтартқанда тез алынады. Айналасындағы шырышты қабат өзгеріссіз.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Қызыл жалпақ теміреткі, буллезді түрі
*+Тұрпайы күлбіреуікше
*Буллезді пемфигоид
*Белдемешелі теміреткі
*Қызыл жегі, эрозивті-жаралы түрі
#413
*!Науқас 40 жаста, 2 апта бойы мазалап жүрген ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қабылдағанда және сөйлегенде күшейеді. Қарап тексергенде ұрттың оң жақ шырышты қабатында қағы жоқ, қызыл түсті эрозия бар, жиектеріндегі эпителий жұлынған, қатты ауырады. Эрозия перефирия бойынша тез таралады. Эрозия айналасындағы шырышты қабат өзгеріссіз. Жағындының цитологиялық зерттеуі жүргізілді.
Көрсетілген жасушалардың ішінде қайсысы спецификалық болып табылады?
*Алып көпядролы жасушалар
*+Акантолиздік жасушалар
*Пирогова-Лангханс жасушалары
*Мес жасушалары
*Ядросыз жасушалар
#414
*! Науқас 35 жаста төменгі еріннің өзгешелілігіне шағымданып келді. Қарап тексергенде төменгі еріннің қызыл жиегі инфильтрацияланған, ошақтық гиперемия байқалады. Ошақтар сопақ, гиперкератоздық қабықшамен жабылған. Алған кезде ауырады және қан ағады.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Қызыл жалпақ теміреткі
*Лейкоплакия
*Кандидоз
*Саркома Капоши
*+Дискоидты қызыл жегі
#415
*!Әйел 40 жаста 2 апта бойы мазалап жүрген ауыз қуысындағы ауру сезіміне шағымданады, ауру тамақ қабылдағанда және сөйлегенде күшейеді. Қарап тексергенде ұрттың және қатты таңдайдың оң жақ шырышты қабатында қағы жоқ, қызыл түсті эрозия бар, жиектеріндегі эпителий жұлынған. Эпителийді пинцетпен тартқанда алынады.
Көрсетілген сиптомдардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Асбо-Хансена
*+Никольский
*Гриншпан
*Куперман
*Алма желесінің сиптомы(яблочное желе)
#416
*!Науқас 53 жаста тілдің бүйір бетінде ауыратын ошақтың пайда болуына шағымданып келді. Науқас қант диабеті және гипертониялық аурумен ауырады. Ауыз қуысында: тілдің бүйір бетінде эрозиялар бар, айналасында ісінген және гиперемияланған шырышты қабатта сурет сияқты папулалар орналасқан.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+Қызыл жалпақ теміреткі
*Тұрпайы күлбіреуікше
*Акантолиздік емес күлбіреуікше
*Созылмалы қайталамалы герпес
*Аллергиялық стоматит
#417
*!Әйел адам 40 жаста, жеке кәсіпкер, стоматологқа тамақ қабылдағанда және сөйлегенде болатын ауру сезіміне, күштің болмауына, қозғыштыққы шағымданып келді. Қарап тексергенде: тілдің сол жақ бүйір бетінде дұрыс емес пішінді эрозия бар, беті фибринозды қақпен қапталған, қырған кезде алынады және қанайды.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Лейкоплакия, эрозивті түрі
*Лейкоплакия, тоғалы түрі
*+ Қызыл жалпақ теміреткі, эрозивті-жаралы түрі
* Қызыл жалпақ теміреткі, экссудативті-гиперемиялық түрі
*Қызыл жегі, эрозивті түрі
#418
*!Әйел адам 50 жаста ұрттың шырышты қабатының өзгеруіне, кедір-бұдырлығына шағымданып келді. Қарап тексергенде ұрттың шырышты қабатында көтеріңкі орналасқан, ақ-сұр түсті, қырған кезде алынбайтын бөртпелер бар. Бір-бірімен қосылып, шілтерге ұқсап қалады.Жалпы жағдай өзгермеген.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*+Қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі
*Жедел псевдомембранозды кандидоз
*Лейкоплакия, веррукозды түрі
*Папулезді мерез
*Ошақтық қызыл жегі
#419
*!Әйел адам, 60 жаста, зейнеткер, тамақ қабылдаған кезде және сөйлеген кезде болатын төменгі еріннің күю сезіміне шағымданады. Объективті: мұрынның, беттің терісінде көбелек тәрізді эритема бар. на Төменгі еріннің қызыл жиегінде қанық-түсті зақымдалу ошақтары бар, ақ-сұр түсті қабыршақпен қапталған, ортасында атрофия, перефирия бойынша эпителийдің күңгірттенуі байқалады.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Лейкоплакия, қарапайым түрі
*+Жүйелі қызыл жегі
*Өызыл жалпақ теміреткі, гиперкератоздық түрі
*Эксфолиативті хейлит
*Тоғалы обыралды ісік
#420
*!Әйел адам 35 жаста даусының қырылдауы байқалады, ауыз қуысында: таңдай доғалары мен жұмсақ таңдайда қанық қызыл түсті ауқымды эрозиялар бар. Үйкеліс кезінде сау шырышты қабат сыдырылады. Жағындыда Тцанк жасушалары анықталды.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*Қызыл жалпақ теміреткі
*Буллезді пемфигоид
*Көптүрлі жалқықты эритема
*Қатерлі емес күлбіреуікше
*+Түрпайы күлбіреуікше
#421
*!Әйел адам 39 жаста, ауыз қуысының қызаруына және кедір-бұдырлығына шағымданады. Қарап тексергендебет терісінде беті жарлыған қызыл дақтар болды. Ұрттың сол жақ шырышты қабатында гиперемияланған ошақ бар, перефириясы мүйіздеоген, ал ортасынды – атрофиланған аймақ.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
* Қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі
*+Қызыл жегі қарапайым түрі
*Күлбіреуікше
* Қызыл жалпақ теміреткі, атиптік түрі
*Туберкулезді қызыл жегі
#422
*!Әйел адам 45 жаста тілдің күюіне және жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде – тілдің арқасы емізікшелердің атрофиялануына байланысты тегіс болып көрінеді, және қанық қызыл түсті жолақтары бар. .
Аталғандардың ішінде ЕҢ маңызды себебі болып табылады?
*гиперхолестеринемия
*гипергликемия
*гипогликемия
*+гиповитаминоз В12
*гипервитаминоз А
#423
*!Әйел адам 56 жаста бет терісі мен еріннің құрғақтығына, кешкі уақытта көздің нашар көруіне шағымданады. Қарап тексергенде: тері мен еріннің қызыл жиегі құрғақ, майда тіліктер мен қабыршақтар бар.
Қандағы қай көрсеткіштің төмендеуінен болады?
*холестерин
*глюкоза
*мочевина
*+витамин А
*триглицерид
#424
*!Ер адам 34 жаста қызыл иектің қанауына және жалпы әлсіздікке шағымданады. Солтүстік аймақта вахталық түрмен жұмыс жасайды. Қарап тексергенде – қызыл иектің гиперемиясы, ісінуі, тиіп қалғанда бірден қанайды. Жұмсақ таңдай мен ұрттың шырышты қабатында петехиялар бар.
Қандағы қай көрсеткіштің төмендеуінен болады?
*холестерин
*глюкоза
*мочевина
*триглицерид
*+аскорбин қышқылы
#425
*!Ер адам 42 жаста тамақ қабылдағанда және сөйлегенде болатын тілдегі бірден ауру сезіміне шағымданады. Жалпы әлсіздік, апатия, тәбеттің нашарлауы, құсу және жиі дәретке бару байқалады. Қарап тексергенде – тіл қанық қызыл түсті, жылтыр, тиіп қалған кезде ауырады.
Қандағы қай көрсеткіштің төмендеуінен болады?
*холестерин
*глюкоза
*мочевина
*+витамин РР
*триглицерид
#426
*!Әйел адам 36 жаста жалпы әлсіздікке, көңіл күйінің төмендеуіне, тәбеттің нашарлауына, дәреттің жиілеуіне, ауыздың құрғауына және тілдің ауруына шағымданады. Ішімдік ішеді. Қарап тексергенде: бет терісі пигменттелген, құрғақ, жарылады. Тілі жылтыр, қанық қызыл түсті, бірден ауру сезімі байқалады.
Көрсетілген диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ сәйкес?
*нома
*проказа
*скорбут
*+пеллагра
*витилиго
#427
*!Әйел адам 65 жаста ауыз қуысындағы құрғақтыққа, металл дәмнің болуына шағымданады. Қарап тексергенде – ауыз қуысы санацияланған, металл құрылымдар жоқ. Ұрттың, тілдің, қатты таңдайдың шырышты қабатының түсі қалыпты, жұмсақ таңдай және ауыз қуысы түбі аймағы сары түсті.
Аталғандардың ішінде ЕҢ маңызды себебі болып табылады?
*асқазан ауруы
*+бауыр ауруы
* аш ішектің ауруы
* ұйқы безі
* 12 елі ішектің ауруы
#428
*!73 жастағы ер адам дәм сезілудің бұзылуына және ұрты мен тілінің жиі тістеуіне шағымданып келді.Қарап-тексергенде тілдің арқа бетінде тығыз,сұр түстес қақ байқалады,тілдің бүйір бетінде және ұрттың кілегей қабатында тіс іздері байқалады.
Төменде берілген себепші жағдайлардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*жүрек аурулары
*бауыр аурулары
*өкпе аурулары
*бүйрек аурулары
*+ішек аурулары
#429
*!65 жастағы әйел адам зейнеткер,таңдайындағы ыңғайсыздық және ауру сезіміне шағымданады.10 жыл бойы гипертониялық аурумен есепте тұрады.Қарап-тексергенде қатты таңдайдың шекарасы аймағында мөлдір сұйықтығы бар көпіршік байқалады,көпіршік жарылып,астында жара байқалады.Никольский симптомы теріс.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*Аллергиялық стоматиттің көпіршікті-эрозиялық түрі
*Термиялық жарақат
*Буллезды пемфигоид
*Тұрпайы күлбіреуік
*+қан-тамырлы-күлбіреуікті синдром
#430
*!67 жастағы ер кісі, зейнеткер,ауыз қуысының құрғақтығына,қызыл иегінің қанағыштығына,шөлдеу мен тәбетінің жоғарылауына,тәтті мен ащыға дәм сезу сезімталдығының төмендегеніне шағымданады.Қарап-тексергенде кілегей қабаты аз ғана қызарған,құрғақ.Пародонт қабынуының орта дәрежесі байқалады.Науқас эндокринологта «д» есепте тұрады.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*базедов ауруы
*+қант диабеті
*тиреотоксикоз
*Шегрен синдром
*Микулич ауруы
#431
*!64 жастағы ер адам,жұмысшы,аузынан жағымсыз иістің шығуынан және тілінің ауыратына шағымданады.Науқас созылмалы жүрек-қан-тамырлары жетіспеушілігімен ауырады.Қарап-тексергенде ауыз қуысы табанындағы кілегей қабатында жиегі біркелкі емес ақау,түбінде өліеттенген сұр түстес қақ байқалады.Сипап тексергенде жара ауырады,жиегі жұмсақ,қоршап жатқан кілегей қабаты боз цианозданған,жанындағы лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*қатты шанкр
*Декубитальді жара
*Туберкулезді жара
*+Трофикалық жара
*Қатерлі жара
#432
*!60 жастағы әйел адам тілінің күю сезіміне,тіліне бұрыш сеуіп қойғандай сезімде және аздап шаншу сезіміне шағымданады,көбінесе осы симптомдар кешке қарай қозады,тамақ жегенде байқалмайды.Қарап тексергенде тілдің кілегей қабаты ашық-қызыл түстес,ылғалды,сипап тексергенде ауырмайды.Аздаған ақ түстес қақтар бар.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*+глоссалгия
*В6 гиповитаминозы
*лейкоплакия
*десквамативті глоссит
*гиперпластикалық кандидоз
#433
*!30 жастағы ер адам тілінің ерекшелігіне, тағам қабылдағандағы тітіркендіру және ашу сезіміне және кую сезіміне шағымданады.Қарап-тексергенде: тілдің арқасындағы әр бөлігінде және тілдің жиегінде қарайған аймақтар,эпителий қабатының бұлыңғырлануы жіп тәріздес бүртіктердің атрофиясымен байқалады.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*ромб тәріздес глоссит
*қара түкті глоссит
*глоссалгия
*қатпарлы язык
*+десквамативті глоссит
#434
*!22 жасар науқасты қарап-тексергенде төменгі ернінің кілегей қабатында Клейн сызығы бойында сілекей безінің шығарушы түтігінің кеңейіп одан түссіз сұйықтықтың бөлінуі байқалады.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*атопиялық хейлит
*+жай гландулярлы хейлит
*жанаспалы аллергиялық хейлит
*эксфолиативті хейлит,экссудативті формасы
*экзематозды хейлит
#435
*!65 жастағы ер адам тіліндегі күю және ауру сезіміне,ауыздағы құрғақтыққа шағымданады.Жарты жыл бұрын қатерлі ауруға байланысты асқазанның резекциясы орперациясын жасаған.Дәрі-дәрмек қабылдамайды.Қарап-тексергенде ауыз қуысына санация жасалмаған,кілегей қабаты ақшыл түсті.Тілдің арқасы ашық-қызыл түстес,жіп тәріздес бүртікткр атрофияланған.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*глоссалгия
*десквамативты глоссит
*атрофиялық глоссит
*+Гюнтер-Миллер глосситі
*жанаспалв аллергиялық глоссит
#436
*!42 жастағы ер адам шағымданбайды.Қарап-тексергенде: тілі жұмсақ,аздап үлкейген,тілдің арқасы мен бүйірінде терең қатпарлар мен жүлгелер байқалады.Қатпарлардың табаны мен бүйір бөлігі жіп тәріздес бүртіктермен жабылған.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*ромб тәрізді глоссит
*десквамативты глоссит
*+қатпарлы тіл
*глоссалгия
*қара "түкті" тіл
#437
*!38 жастағы әйел адам тілдің түбіне жақын жерде өскендігіне,ауыздың құрғақтығына,тағам қабылдауда тілінің ауруына шағымданады.Анамнезінде: ошақ 5 жыл бұрын пайда болған, көлемі ұлғаймаған.Қарап-тексергенде: тілдің беткейінде оңай алынатын сұр-лас түстес қақтар байқалады.Қақты алған соң орталық сызық бойында әр түрлі өлшемдегі(0,5-2,0 см) жазық төмпешіктер,бір жазықтықта және бір-бірінен алшақ орналасқан анық байқалатын қатпарлар бар.Қабынған аймақта бүртіктер байқалмайды.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*+ромб тәрізді глоссит,төмпешікті түрі
*десквамативты глоссит
*қатпарлы тіл
*глоссалгия
*қара "түкті" тіл
#438
*!34 жастағы әйел адам тағам қабылдау және сөйлегенде ернінде ауру сезімі және ашып тұруына шағымданады.Қарап-тексергенде еріннің қызыл жиегі ақшыл-сұр қабыршақ және қабық Клейн сызығынан ауыздың бір бұрышынан келесі бұрышына дейін фартук тәріздес жалбырап тұрған қалың қабатпен қапталған.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*+эксфолиативты хейлит, экссудативті формасы
*жанаспалы аллергиялық хейлит
*метеорологиялық хейлит, экссудативті формасы
*гландулярлы хейлит
*эксфолиативты хейлит,құрғақ түрі
#439
*!52 жастағы әйел адам жоғарғы ернінің ұзаққа созылған ісінуіне және тері түсінің өзгеруіне шағымданады.Қарап-тексергенде: мұрын-ерін қатпары тегістелген.Тілі ісінген,қатпарлары бар.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
* Лорта –Жакоб кератодермиясы
* Мейжа трофедемасы
*+ Мелькерсона-Розенталя синдромы
* Манганотти хейлиті
* Боуэна ауруы
#440
*!38 жастағы ер адам дәрігерге төменгі ернінің құрғақтығына,тағам қабылдау және сөйлеу кезіндегі ауру сезіміне шағымданады.Анамнезінде: Актаудан келген, суық климатқа байланысты жиі ауырған.Қарап-тексергенде: ернінің қызыл жиегінің барлық аймағында ұсақ,құрғақ ақ-сұр түстес қабыршақ және қабық,Клейн сызығынан ауыздың бір бұрышынан келесі бұрышына дейін фартук тәріздес жалбырап тұрған қалың қабатпен қапталған.Қабықты алған соң аздап ылғалданған эрозиясы жоқ беткей пайда болады.
Төменде берілген болжам диагноздың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?
*эксфолиативты хейлит
*жанаспалы аллергиялы хейлит
*метеорологиялық хейлит
*гландулярлы хейлит
*+актиниялық хейлит
