Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
53-62 саян.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.96 Кб
Скачать

1997 Жылғы мамырындағы транспирацияның қисық сызығы г/м2.С

12 - сурет

Мамырдан қыркүйекке дейін транспирация қарқындылығы бірде төмен, бірде жоғары нәтижелер көрсеткен. Ең жоғарғы нүкте 41г/м2.с шілде тамыз айларында болса, төменгі көрсеткіш 8,4 г/м2.с мамырда белгіленген. транспирация қарқындылығы Acer semenovii бір күнде орта есеппен 14-22 г/м2.с мөлшерде су жоғалтса, 10 маусым мен 5 шілде аралығында 32,5 г/м2.с шамаға дейін су буландырған. Бүл өсу осы күндердегі температураның жоғарлауы мен топырақ ылғалдылығының төмендеуіне байланысты. Вегетацияның соңына қарай қайтадан көтерілу байқалады. Бұндай құбылмалы процесс сыртқы орта факторларының эсерінен болады. Күндізгі уақыттағы депрессия 13-14 сағат аралығында байқалған. Шілде, тамыз айларында транспирацияның ең жоғарғы нәтижелері тіркелген. Әсіресе 5 шілде күні ауа температурасы 36 та, топырақ ылғалдылығы 24% болған кезде, орташа көрсеткіш 23,1 г/м2.с болған. Ulmus pumila вегетацияның барлық кезеңінде транспирация қарқындылығы бір деңгейде болған. Әр айдағы орташа көрсеткіш 14,6-19,6 г/м .с көрсеткен. Тек тамыз айында транспирацияның екі жоғарғы нүктесі байқалады (30 г/м .с , 32 г/м2.с) Бұл кездегі ауа ылғалдылығының мөлшері 44%, ауа температурасы 36 С көрсеткен. Ulmus pumila басқа аймақта зерттеген ғылыми әдебиеттердегі нәтижелермен салыстырсақ транспирация қарқындылығы екі үш есеге дейін жоғары болған. Суғармалы жердегі Ulmus pumila ашық жерде өсетін аймақтан суды күндізгі уақытта өте көп мөлшерде буландыра алады. Бұл қүбылысты автор жапырақ тақтасының үлкендігі мен күн радиациясын толық пайдалана алатындай аймақта орналасуымен түсіндіреді [103].

Дегенмен біздің зерттеулеріміздегі нәтижелермен салыстырсақ транспирация қарқындылығы жоғары. Gleditschia triacanthos нәтижелеріне анализ жасасақ, ең жоғарғы нүкте 12-14 сағат аралығында болған (50-60 г/м2.с). Әсіресе ең көп транспирация шілде айында байқалған. Ең төменгі нәтиже тамыз айында белгіленген. Ulmus pumila мен салыстырсақ, онда керісінше тамыз айында транспирация қарқындылығы үлкен болған.

Armeniaca vulgaris питомниктің ішіндегі арнайы бақта өсірілген. Бұл жерде суару процесі үнемі жүріп отырады. Мамыр айынан бастап транспирация қарқындылығы вегетация соңына дейін артып отырған. Әсіресе буландыру қарқындылығының өсуі кешкі мезгілде көп байқалады. Тамыз, қыркүйек айларында, яғни жеміс беретін уақытта транспирация қарқындылығы нашарлай бастайды. Бүл процесс топырақ ылғалдылығының кемуіне байланысты, өйткені жемісі жиналып алынған соң питоник ішіндегі бақтарда суару процесі тоқтатылады.

Жалпы зерттеген жеті түрдің транспирация қарқындылығын салыстырар болсақ, нәтижелер бір төбелі болып келеді. Ең биік көрсеткіш түскі мезгілге сәйкес келеді, оны ауа температурасының көтерілуімен, ылғалдылық мөлшерінін азаюымен түсіндіруге болады. транспирация қарқындылығы ең жоғары болған Gleditschia triacanthos, Elaeagnus angustifolia, Salix alba а, ал ең төменгі көрсеткіш Acer semenovii, Ulmus pumila. Осы жылғы нәтижелерді кестеден көруге болады (15,16 сурет).

1997 жылғы көрсеткіштердің нәтижесіндегі транспирация қарқындылығы вегетацияның басынан аяғына дейін көп өзгерістерге ұшыраған. Барлық зерттелінген түрдің депрессиясы түс, түс ауа көрінген. Түс мезгілдегі ауа температурасы мен ылғалдылығының көтерілуі барлық түрдің транспирациясына әсерін тигізген. Бұл қисық сызықтардан Gleditschia triacanthos (60 г/м2с), Acer semenovii (42 г/м2.с) шамалары жоғары да ал, мына түрлерде транспирация деңгейлес; Armeniaca vulgaris, Ulmus pumila, Populus deltoides Marsh ( 19-22 г/м2).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]