Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
53-62 саян.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.96 Кб
Скачать

И.Н.Бейдеман транспирация қарқындылығына топырақтың ылғалдылығы, өсімдік тамырының қаншалықты терең тамыр жайғандығына және ауаның температурасы мен ылғалдылығына тікелей байланысты екенін зерттеген. Автордың пікірі бойынша су режиміне микроклиматтық жағдайлардың әсері өте үлкен роль атқарады. Бұл жағдайларға күн радиациясы, ауа температурасы, ылғалдылығы, топырақ ылғалдылығы мен температурасы жатады. [108,].

Күн радиациясын өсімдіктің пайдалануы әр түрлі. Осыған орай өсімдіктің өзін күн сүйгіш және көлеңке сүйгіш деп екіге бөлінеді. Жалпы жер бетіне түсетін күн энергиясының 45-50% ғана өсімдік жапырағы бойына сіңіреді, ол сіңірген энергия жылу ретінде өсімдік ағзаларына беріліп, су буландыруға ықпалын тигізеді. [101]. Күн радиациясымен тығыз байланысты болатын ауа температурасы мен ылғалдылық. Бұл микроклиматтық жағдай су буландыру процесіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдай біздің жұмысымызда да көрсетілген. Топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде болып, тамыр жүйесі жер асты суына жетерліктей болған жағдайда, ауа температурасы жоғары болғанда су буландыру қарқындылығы да арта түседі. Су буландыру қарқындылығының ырғақтылығы әр түрлі топқа жататын өсімдіктерде түрліше болады. Сонымен бірге географиялық орналасу аймағына да байланысты. Бұл зерттеулер Ж.Ж.Жатқанбаев жұмыстарында көрсетілген [109].

Ауа ылғалдылығын өлшеуге психрометрді пайдаландық. Зерттелінген өсімдіктердің жапырақтары бір ярустан, оңтүстік шығыс жағынан алынды. Психрометрдің резервуарын жел соғатын тұсқа қарсы орнату қажет, өйткені прибор қатты қызып кетпейді жэне сорып алатын ауа зерттеуге алыныған жапырақтың тұсынан алынады. Бұл транспирация қарқындылығын есептеуде нақты мәліметтер алу үшін қажет. Топырақ температурасын өлшей үшін арнайы Савинов термометрі мен топырақтың терең қабатына арналған тартпа термометрі пайдаланылды. Екі түрлі аймақтан алынған зерттеулердің нәтижелерін кесте сурет түрінде көрсетіп, алынған нәтижелерге талдау жасалынды.

3.2.1 Ластанбаған аймақтағы транспирация қарқындылығы

Транспирация қарқындылығы толық вегетацияның барлық кезеңінде әр түрлі жағдайда болды. Көпшілігінде ең жоғарғы нүкте жаз айының ортасында ауа мен топырақ ылғалдылығының жоғары дәрежеге жеткен кезінде байқалады.

1996 жылғы мамыр айындағы (8-сурет) нәтижелерге талдау жасайтын болсақ, ең жоғарғы транспирация Populus deltides Marsh (27,7 г/м2.ч); Асеr semenovii (31,1 г/м2.ч); Eleagnus angustifolia (31,1 г/м2.ч) болған. Күндізгі су транспирациядың жоғарғы нүктесі түс мезгілінде, кешкі уақытқа қарай қайтадан төмендей бастаған. Мысалы: Gleditschia triacanthos таңертеңгі уақытта транспирация 19,9 г/м2.ч болса , түскі мезгілде 45,1 г/м2.ч, кешкісін 14,6 г/м2.ч. Ал Ulmus pumila таңертең 13,6 г/м2.ч, түскі мезгілде 53,1 г/м2.ч, кешке 14,8 г/м2.ч нәтижесін көрсеткен. Яғни көпшілігінде өсімдіктердің

қарқындылығы- түскі мерзімде артып, ең жоғарғы нүктені көрсеткен. Тек Armeniaca vulgaris таңертеңгі транспирация 47,8 г/м.с болса, түсте бүл көрсеткіш 26 г/м2.с дейін, кешкісін 6,24 г/м2.с дейін төмендеген. Мұндай құбылыс топырақ ылғалдылығының мөлшеріне тікелей байланысты.

8 – сурет

Маусым айындағы нәтижелерде (9-сурет) көп жағдайда транспирация қарқындылығы 12 мен 14 сағат аралығында жоғары да, таңертеңгі, кешкі мезгілде аз. Бұл қисық сызық бір бағытты көрсетеді. Ең жоғарғы нүкте түс мезгіліне сәйкес келеді. Таңертеңгі уақытта транспирация қарқындылығы 3-7 г/м2.ч аралығында болса, кешкі мезгілде В-51 г/м2.ч аралығында, ал жоғарғы нүкте 59 г/м2.с дейін жеткен. Мұндай ауытқушьшық суды жұмсау мен сору күшінің қабілеттілігінің әр түрлілігінде. Транспирация артуы ауа температурасының артуына тікелей байланысты. Өсімдік денесін қызып кетуден сақтау үшін транспирация қарқындылығын арттырады. Транспирация аз болған Armeniaca vulgaris (3,37-15,5-13 г/м2 с), Ulmus pumila (6,04-26,4-25 г/м2 с), Populus deltides Marsh (3,02-31,2-29,513 г/м2 с) . Таңертеңгі уақытта Gleditschia triacanthos 41 г/м2 с, түскі мезгілде 59 г/м2 с, кешкісін 51 г/м2 с болған. Бұл барлық түрлердің ішіндегі ең үлкені. Бұлай болу себебі вегетацияның басында осы түрдің үнемі сумен қамтамасыздығы болып тұрған. Өсімдік су тапшылығына ұшырамаған. Су транспирациялаудың түскі, кешкі шамалары бір-біріне жуық, өйткені питомниктегі күтім де өсімдік айырықша орын алады. Мысалы: Populus deltides Marsh 31,2-29,5 г/м2с, Elaeagnus angustifolia 42-41 г/м2 с Ulmus pumila 26,4-25 г/м2 с, Salix alba 29-27 г/м2 с. Екі мезгілдегі айырма небәрі 1,0-1,2 тең. Бұдан шығатын қорытынды топырақ ылғалдылығы жеткілікті мөлшерде болып, ластанбаған ортаның су транспирациялауға қолайлы жағдай жасап, өсімдік қанша мөлшерде су қабылдаса, артық мөлшерін буландырып отыруға ешқандай кедергінің жоқ екенін білдіреді. Ал таңертеңгі аз транспирация топырақтың түнгі салқынның әсерінен тоңазып, тамыр системасы осының салдарынан суды сору қабілеті нашарлайды да, су жетіспеушілігі пайда болады. Өсімдік денесінде су аз болған жағдайда транспирация процесі де баяулайды, яғни су режимі қалыпты жағдайда жұмысыс істейді.

9 – сурет

Шілде айындағы ТҚ таңертеңгі уақытта Populus Canadensis пен Ulmus pumila транспирация қарқындылығы 10 г/м2 .ч болса, Elaeagnus angustifolia мен Salix alba 12 г/м. с, түскі мезгілде барлық түрлердің транспирация қарқындылығы өскен (18-43 г/м2.с). Тек Armeniaca vulgaris су буландыру көрсеткіші таңертеңнен кешке қарай артып отырған (8-18-27 г/м2.с). Осы алынған нәтижелерді график түрінде кескіндесек парабола тэрізді қисық сызықты көреміз. Параболаның жоғарғы нүктесі көбісінде түскі сағат бірге сәйкес келеді. Таңертеңгі уақытта зерттелінген түрдің көпшілігінде транспирация 3,02- 7,41 г/м2 с болса, Gleditschia triacanthos 11 г/м2с болып, одан кейін де транспирация деңгейі жоғары болған. Жалпы осы айдағы транспирация көрсеткішінің орташа шамасы (10,9-50,3 г/м2.с). Осы айдағы ауа температурасының жоғары болуы транспирацияға да өз әсерін тигізді, өйткені түскі уақыттағы үлкен көрсеткіш, Salix alba 43 г/м с, ал кешкісін Gleditschia triacanthos 10% айырма болған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]