Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 курc ЧЕК лист КАЗ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.8 Кб
Скачать

Интерн шифрі________________

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

Кезең бойынша,

дұрыс 2 балл

Дұрыс, кезең бойынша емес – 1 балл

Қателіктермен, кезең бойынша емес – 0 балл

1

Алдымен екі қолымызға стерилді қолғап киіп аламыз. Терідегі кесінді бойымен тері ішіне лимон қабығы тәрізді коріністе жіңішке инемен новокаин жіберіледі. Тереңдегі тіндерге де сырттан ішке қарай қабат қабатымен инфильтрация жасалынады.

2

Жұмpсақ тіндерді кесу үшін скальпелдер, қайшылар, пышақтар қолданылады.

3

Теріні кесу өлшемі және бағыты ағзаға жасалатын операция жолына байланысты болып скальпелдің жұмсақ бір әрекетімен атқарылады.

4

Алғашында скальпел ұшын тері бетіне перпендикуляр қадалады, содан соң 45 оС астында жалғастырылады (бірінші жартысы).

5

Скальпель ұшы кесу соңында теріге перпендикуляр тәрізді шығарылады. Қалған қабаттар да осы принципте кесіп ашылады (екінші жартысы).

6

Тері беткей тері асты шелді қабатпен бірге кесіп ашылады. Бұл үшін кесу алаңы кесу бағытына сәйкес бас бармақ және сұқ саусақтар арқылы фиксациялануы қажет.

7

Кесуден алдын кесіп ашу жасалатын аймақтың ориентирлерін ерекшеліктерін анықтап алу керек(қатпар, төмпешік, сүйек қырлары).

8

Жасалатын операция жолы тік яғни, ағза проекциясына сәйкес немесе проекциясынан тыс болуы мүмкін.

9

Шандыр және апоневрозды кесу үшін алдымен оларға кіші кесу жасалады оған ойықты зонд енгізіледі. Содан соң зонд ойығы арқылы қайшымен кесіледі.

10

Бұлшықеттер ішкіастанудан сақталу мақсатында талшықтарына сәйкес ажыратылып, кеспестен ашылады.

Қорытынды:

Кезең бойынша максималды балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.

Жинаған балл_________ (_________%)

Емтихан қабылдаушының аты жөні_____________________________

3

Дағды: Қан кетуді түбегейлі механикалық тоқтату әдістері Интерн шифрі________________

Қадамдарды бағалау критерийлері

Балл бойынша бағалау

Кезең бойынша,

дұрыс 2 балл

Дұрыс, кезең бойынша емес – 1 балл

Қателіктермен, кезең бойынша емес – 0 балл

1

Қан кетуді түбегейлі тоқтату үшін жарақаттанған тамырды жарақаттың өзінде немесе қан тамыр бойымен атқарылады.

2

Алдымен екі қолымызға стерилді қолғап киіп аламыз. Жарақаттанған тамырдан қан кетуді тоқтату үшін, қан тоқтатыш қысқышпен қанаған тамырдың ұшын қысады.

3

Қысқыштың ұшының астынан жіп өткізеді.

4

Содан соң қысқышты төмен басып, ұшын көтеріңкірейді.

5

Осы кезде жіпті керіп тұрып, қысқыштың астындағы тамырды байлайды.

6

Қысқышты босатқан сәтте сұқ саусағын түйінге жақындатып жіпті тартып байланқырай түйеді.

7

Сонан соң жіпті екінші рет өткізіп алып, түйін жасайды, жіптің ұштарын қысқа етіп қияды.

8

Егер қан тамыры теренде жатса, онда оны байлайды және тағы да тінге қосып тігеді.

9

Қан кету қарапайым байлау әдісімен тоқтамаса, қысқышты тереңрақ еңдіріп тамыр маңы тіңімен бірге алынады, тікпелі Z-тәрізді түйын салынады.

10

Жіпті алғаш тамырдың бір жағынан орап, байлап алады, сонан соң екінші жағынан байлап, түйін жасайды.

Қорытынды:

Кезең бойынша максималды балл – 20

Тапсырмаға берілген уақыт – 7 мин.

Жинаған балл_________ (_________%)

Емтихан қабылдаушының аты жөні_____________________________

4