- •1. Бүйрек амилоидозы
- •2. Асқазанның шырышты рагы.
- •3,Асөазанның шырышты рагы кезіңде ісік жасушаларының цитоплазмасында қандай заттар жиналады?
- •3. Бүйректің әкті метастазы
- •1,Бұл жағдайдағы әктенудің қандай түрі дамиды?
- •4,Дифференциалды диагностиканы әктенудің қай түрлерімен жүргізуге болады?
- •5. Өкпенің қоңыр индурациясы
- •6. Өкпе қан тамырларының майлы эмболиясы
- •7. Іріңді лептоменингит
- •8. Өкпе туберкулезі
- •9. Миокардттың концентрлік гипертрофиясы
- •10. Грануляциялық тін
- •11. Тері папилломасы
- •12. Асқазан рагы.
- •13. Бауыр рагы
- •14. Аналық бездің цистоденомасы
- •15.Хондрома
- •16. Ангиосаркома
- •17. Тері меланомасы
- •18. Менингиома
- •19. Лейкоз кезіндегі көк бауыр
- •20. Лимфогранулематоз
1. Бүйрек амилоидозы
Сұрақтар:
Амилоидты анықтау үшін диагностикалық мақсатта қандай бояу түрі қолданылады?
Бояудың арнайы әдістерін қолданған кезде бүйрек тіндерінің қай структуралық компоненттерінде амилоид анықталады?
Бүйрек амилоидозында ағзаішілік қан тамырларының қабырғаларында қандай морфологиялық өзгерістер байқалады?
Бүйрек түйіндерінің морфологиялық өзгерістері қандай?
Бүйрек өзектерінің морфологиялық өзгерістері қандай?
1.Амилоид қызыл конгомен , күлгін метилмен қызыл түске боялады. Амилоидты микроскоппен анықтау үшін Люголь ерітіндісінен кейін күкірт қышқылының 10% дық ерітіндісімен әсер етсе амилоид көкшіл күлгін немесе қоңырқай жасыл түске боялады.
2. Амилоид бүйректің қан тамырларының қабырғасына , шумақтардың капиллярлық иірімдері мен мезангийіне , өзекшелердің базаль мембранасына және стромаға жиналады.
3. Бүйрек амилоидозы строма – тамырлы дистрофияға жатады және ол капиллярлардың негізгі мембранасының қалыңдауына , бүйрек пирамидаларында склерозға алып келеді.
4.Түйіндердің өзгерісі арасы аневризмалы кеңейген капилярлардың мембраналардың қалыңдауы мен екі контурлығында көрініс табады.
5.Бүйрек өзектерінің эпителийінде майлы , гиалин тамшылы вакуольды дистрофиялар көрінеді . Бүйрек үлкейген , ұстап көргенде қатты , кесіп қарағанда балауыз тәрізді.
2. Асқазанның шырышты рагы.
Сұрақтар:
Асқазанның шырышты рагы кезінде қандай дистрофия дамиды?
Асқазанның шырышты рагы кезінде дистрофия дамуының негізінде қандай механизм бар?
Асқазанның шырышты рагы кезінде ісік жасушаларының цитоплазмасында қандай заттар жиналады?
Асқазанның шырышты рагы кезінде ісік жасушаларында жиналған заттарды анықтау үшін қандай гистохимиялық бояуларды қолданады?
Ісік жасушалары қалай орналасады, және қандай құрылым түзеді?
1,Асқазанның шырышты рагы кезінде қандай дистрофия дамиды?
Көмірсулы паренхималық дистрофия(гликопротейд алмасуының бұзылуымен)
2,Асқазанның шырышты рагы кезінде дистрофия дамуының негізінде қандай механизм бар?
Декомпозиция-жасушалардың және жасушааралық заттың ультроқұрылымдарының ыдырауынан, тіннің метаболизмі бұзылып,тінде зат алмасуы бұзылуынан өзгерген өнімдердің жиналуы.
3,Асөазанның шырышты рагы кезіңде ісік жасушаларының цитоплазмасында қандай заттар жиналады?
Шырышты заттар-муциндар,мукоидтар ..шырыштәрізді заттар-псевдомуциндар
4,Асқазанның шырышты рагы кезінде ісік жасушаларында жиналған заттарды анықтау үшін қандай гистохимиялық бояуларды қолданады?
метиленді көк және толуидиновті көк, метахромази реакцияны анықтайтын хромотопты заты.
5,Ісік жасушалары қалай орналасады, және қандай құрылым түзеді.
Ядросы ұзынша,шар тәрізді.сыртында цитоплпзмасы сақина тәрізді орн.Ядросы шетінде орналасады.
3. Бүйректің әкті метастазы
Сұрақтар:
1. Бұл жағдайдағы әктенудің қандай түрі дамиды?
2. Остеосаркома кезіндегі әктенудің негізгі себебі қандай?
3. Бұл жағдайда әктену түрінде болған минерал алмасуының бұзылысының нәтижесі қандай?
4. Дифференциалды диагностиканы әктенудің қай түрлерімен жүргізуге болады?
5.Қандай клиникалық белгілерге негізделе отырып әктенудің әр түріне дифференциалды диагностика жүргізуге болады?
