Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
н орындау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.99 Кб
Скачать

Жеке сабақтардың жоспары

Жеке сабақ № 1,2,3

Ән өнері жайлы әңгіме.

Жоспары:

  1. Дауыс аппараттарымен таныстыру

  2. Дипазон жайлы түсінік

Дауысты құбылтып айту

Жоспары:

  1. Тіл, ерін, көмей арқылы дайысты және дауыссыз дыбыстарды әндетіп, ашық айта білу.

  2. Артикуляция ұғымы

Ән айту техникасын меңгеруге арналған музыкалық – теориялық білім негіздерін меңгеру

Жоспары:

Теориялық меңгеруді практика жүзінде көрсету.

Бүгінгі таңда айтылып жүрген әндер дауысына қарай халық әні, лирикалық ән, эстрадалық, опералық орындалатын әннің түрлері және т.б. болып бөлініп жүр. Тарихтың прогрестік жолымен дамуы дүниеге алуан – алуан идеялық мазмұнды әндерінің көлемді шығармалардың тууын жеделдетті. Мысалы: «Амангельді сарбаздарының маршы», «Өндіріс», «Жас қазақ» т.б.

Әншілік өнер - қолдауды және қорғауды керек ететін, табиғаттың берген сиы. Өкінішке орай, соңғы уақыттары мектеп жасындағы балалардың дауыс аппараттарынын, бұзылу саны кѳбейіп барады.

Ән айту жастардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Әр әнші ән айту барысында дауыс аппаратын тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін негізге ала отырып, дыбыс жолдарының ана­томиялық құрылысы мен физиологиялық заңдылықтарын есте ұстауы қажет.

Вокал пәнінің негізгі басты шарты - жастардың музы­калық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Ән айтуда дауысты дыбыстардың ролі ерекше. Өйткені, дауысты дыбыстар созылымға бейім келеді де, ән айтудың негізін қалайды. Олар ән айту процесінде дыбыстау мүшелерінің қызметіне байланысты және ұлғайтқыш қуыс мүшелерінің ықпалымен сан құбылып, көптеген бояулар табады. Сондықтан, адам дауысы тек дауысты дыбыстардың көмегімен ғана өзінің көркемдік қасиетін әуенін барынша көрсете алады. Олай болса, дауысты дыбыстарды дұрыс айтып үйрену, олардың әрқайсысына тән артикуляциялық пішінмен, үн нақышын таба білу басты міндет. Сондықтан, сөзбен әуенге қатысты дауысты, дауыссыз дабыстардың айтылу ерекшеліктеріне жақсы мән беруіміз қажет. Бұл ән айтудың сауатты болуына көмегін тигізеді.

Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі.

1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде).

2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде).

3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге.

Адамның тыныс алу мушелері үш салады тұрады:

І – тыныс мүшелері.

ІІ – тамақ.

ІІІ – қуыс мүшелері.

1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы.

2) Тамақ және дауыс шымылдығы. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кенірдектің екі жағынан бір біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет.

3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады

а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек

б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты.

Тыныс алудың 3 түрі:

1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес

2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес

3. Аралас – мұрынмен және ауыз қуысы арқылы “гүл искегендей” – қолайлы және қажетті тыныс алу.