Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
н орындау.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.99 Кб
Скачать

Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәннің мақсаты – студенттер дауыстарына деген көбірек қамқорлық көрсету және олардың дауыс ережелерін к,атаң сақтауына үнемі көңіл бөліп отыру.

Музыкалық-педагогикалық талдау, әдістемелік әдебиеттер ән айтуды музыкалық шығармашылықтың жүргізушісі ретінде қарастырады. Жалпы мақсатқа ие бола тұрып, ол музыка сабақтарында әртүрліше жүргізіледі.

Вокал сабағынын негізгі басты шарты - студенттердің музы­калық қабілеттерін дамыту, музыкалық денгейін кеңейту, музыкаға, ән айтуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту тәсілдерін үйрету болып табылады. Ән айту музыкалық қабілетін дамытуда, рухани жан дүниесін тәрбиелеуге, мінез-құлқын қалыптастыруда өз әсерін тигізеді. Ән айту балалардың музыкалық, әрі эстетикалық талғамын арттырып, ой - өрісін ұштап, таным - түсінігін жетілдіре түседі.

Дұрыс ән айтуға үйрету арқылы студенттердің дауыс аппараты жақсы дамиды. Әнді өз нышанына келтіріп айту үшін көптеген жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни әннің мазмұнын тыңдаушыға жеткізу, дауыстардың бір-бірімен үйлесіп, интонациясының таза, дикциясының анық шығуын, әнді жинақы жабық дауыспен академиялық үлгіде айтып жаттықтыру керек.

Ән айту балалардың орындаушылық үрдісіне белсенді қатысуына, музыкалық қабілетінін дамуына, музыкалық есту қабілетін тәрбиелеуге жағдай жасайды.

Ән айту – педегогикалық деңгейде дұрыс ұйымдастырылса, музыкалық эстетикалық тәрбиелеудің ең тиімді жолы болып есептелінді. Жоғары деңгей туралы айта отырып, педагогикалық үрдіс тек техникалық нәтижелер дәрежесіне жеткендегі қауіпті аңғару керек, сонда ән айту тәрбиесі «таза» ән айтуға айналады. Балалар әнді қалай орындап тұрғанына яғни ән айту үрдісінің техникалық жағына жауапкершілікпен қарау өте қажет. Ән айту сапасы - мұғалімнің сол соңғы «азық-түліктік» негізге ала оты­рып, осы арқылы балалардың ән айту қабілеттеріне белсенді кіреді.

Дыбысталу сапасын қалыптастыруда, дауыс аппаратының жұмысын ән айтатын жағдайға келтіруде, жалпы және музыка мәдениетін, әсіресе вокальды есту мәдениетін білуіне мұғалімнің арнайы білімі мен шеберлігіне байланысты іске асырылады.

Вокал сабағында және студенттердің өздік жүргізілетін жұмыстары арқылы дауысын дұрыс дамыту жолдары мен оны жүзеге асыруға септігін тигізетін педагогикалық қолайлы жағдайларды анықтау.

Пәннің негізгі міндеттері:

  • әншілік тыныс алудың негізгі ережелерін пайдалана отырып, дауысты вокалдық – техникалық жағынан жетілдіру резонаторлар және артикуляциялық аппарат жұмыстарын саналы түрде қолдану.

  • Студенттердің вокалды-педагогикалық білімін нығайта отырып, академиялық ән салу мәнерінің әдістемесін үйрету.

  • Вокалдық-музыкалық оқу – тәрбие процесіндегі іс-шараларды өткізе алуға дайындау.

  • балалар дауысымен жұмыс жүргізу әдістемесімен үйрету.

Музыкалық бейнелер, жағымды саз арқылы студенттерді патриотизмге, елін сүюге, еңбекке, тәртіпке, адамгершілікке, ынтымактастыққа, достыққа тәрбиелеу мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі.

Әншілер әр аймақтың, өлкенің, жүздің өзіндік әйгілі ұстаздары, әншілері композиторлары, суырып - салма ақындары өздерінің бойына сақтаған ата-бабаларымыздың музыкалық дәстүрін жас ізбасарларына шәкірттеріне үйретіп, бойына сіңіріп, қалдырып отырды. Олар шәкірттерін әр шығарманың өзіндік ерекшелігін тыңдаушының сезім пернесін дәл басатындай етіп жеткізе білуге, орындау мәдениеттілігі мен дауысты меңгерудің жоғарғы шеберлігіне баулыды.

Қазақ мектептерінде сауат ашу сабағын әуенмен айту тәсілі қолданылғандығы революцияға дейінгі оқымыстылардың кейбір еңбектерінде көрсетілген. Онда «мұғалім әрбір сөз бен буынды айтып, балаларға қайталату арқылы үйреткен»- деп жазылған.

Оқытудың мұндай тәсілі, яғни әндетіп айту арқылы үйрену көптеген Азия жэне Африка халықтарында да кеңінен таралған. Баланың көпшілікпен қосылып әуенмен айтуы музыкаға деген қызығушылығын, таза айтуын, есту және есте сактау қабілетінің дамуын арттырып отырған. Оның әсерімен бала өзінің отбасындағы басқа балалармен, үйренген әуенді күнделікті бірігіп айтып, кейде өзі де әртүрлі ойындарға әуен шығаратын болған.