Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус каз пф2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
216.58 Кб
Скачать

А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті Медицина факультеті Адам патологиясы кафедрасы

«БЕКІТЕМІН»

Медициналық білім беру

департаментінің директоры,

м.ғ.к.,аға оқытушы

_________ У.Б.Татыкаева

«___» __________2015 жыл

«Патологиялық физиология -2» пәні бойынша силлабус

Пән коды: PF 2 2211

Мамандығы: 5B130100 – «Жалпы медицина»

Курсы: ІІІ

Оқу сағатының көлемі: 108

Дәріс: 18 сағ.

Тәжірибелік сабақ: 54 сағ.

СӨЖ: 36 сағ.

Оқу семестрі: V-VI (ЖМ-101-132)

Емтихан: VI семестр

Түркістан - 2015

Силлабус « Патологиялық физиология - 2» пәнінен интеграциялық типтік бағдарлама негізінде жасалған. ҚР ДСМ білім, ғылым және кадрлық ресурстар Департаментінің директорымен бекітілген. Хаттама №5 20.03.2009 ж.

Силлабус медицина факультеті «Адам патологиясы» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.к., доцент Н.А.Жұманазаров

Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.

Хаттама №____"____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрағасы _____________ магистр оқытушы А.А.Кушкарова

Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.

Хаттама №____ "____" _____________ 2015 ж.

Комитет төрайымы_________________б.ғ.к., аға оқытушы Б.У.Байзакова

  1. Оқытушылар туралы мәлімет:

Ә.Н.Темірбеков- медицина ғылымдарының кандидаты, доцент

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Экзогенді фокторлардың тәжірибеде иммундық, эндокриндік және репродуктивтік жүйелерге әсері.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 100-ден аса ғылыми еңбегі бар.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Адам патологиясы» кафедрасы (272-бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 13-01).сот: 8701-476-48-62; e-mail: temirbekov58 @mail.ru

Н.К.Ходжаев – медицина ғылымдарының кандидаты

Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Индивидуальные метоболические особенности организма и их влияние на механизм деструктивных изменений тканей при диффузных поражениях внутренних органов в эксперименте.

Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 25 ғылыми еңбегі бар.

Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, «Адам патологиясы» кафедрасы (272-бөлме). Тел. 872533-63636 (ішкі 13-01). сот: 8702-559-04-80; e-mail: n.k.khoja@mail.ru

М.Н.Таубекова – Адам патологиясы кафедрасының оқытушысы, дәрігер-гинеколог, Төрт халықаралық республикалық журналдарға жарияланған мақаласы бар. Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина ғимараты, медицина факультеті, Адам патологиясы кафедрасы (237бөлме), Тел. 872533-63636 (ішкі 13-02), сот: 8702-848-01-86, e-mail:m.taubekova@mail.

2. Пәннің саясаты: Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-і медицина кластерінің 2013-2014 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.

Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 20% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.

Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 80%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.

2.1.Кіріспе.

Дәрігер мамандғын дайындауда тұрақты білімі мен тәжірибесінің қалыптасуының негізгі шарты фундаментальды пәндерді клиникалық пәндердегі игерген тәжірибелік білімі мен дағдыларының қосарланып, үйлесуі болып табылады.

Интегрирленген бағдарлама өз алдына келесі талапты кояды. Жасөспірім ерекшеліктеріне байланысты ішкі мүшелердің, жүйелердің қалыпты қызметін білумен қатар сол қызметтердің ауытқуларын меңгеруді талап етеді.

Интегрирленген бағдарлама бойынша студенттер ішкі мүшелердің қалыпты қызметінің ауытқуларын бөлек-бөлек алынған жүйе бойынша фундаментальды тәртіп негізінде оқып үйренеді.

Бағдарлама негізі адам ағзасының сегіз мүшелер жүйесінен құралған: жүрек-тамыр, тыныс алу, ас-қорыту, жүйке-жүйесі, несеп бөлу, эндокринді, тірек-қимыл мен тері және оның қосалқылары, қан жасау жүйесі.

Интегрирленген тәртіп негізінде оқыту фундаментальды және клиникалық тәртіптердің әдістемелік нұсқауларды түбегейлі өзгертеді.

Әртүрлі мүшелер жүйесі бойынша оқыту екі нұсқада жүргізіледі.

1-кезең: анатомия -2, гистология-2, физиология-2, және ішкі аурулар пропедевтикасын оқыту.

Кезеңнің негізгі мақсаты: белгілі мүшелер жүйесінің анатомиясын және гистологиясын оқып-білу және ересектер мен жасөспірімдердегі осы мүшелер жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процестерді түсіндіру. Физикалық мәліметтерінің қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерін жүйелеу, осы жүйенің толық физикалық зерттеуін жүргізуді үйрету.

2-кезең: патологиялық физиология-2, патологиялық анатомия-2 оқыту, визуальды диагностика әдістерін үйрету, осы жүйе бойынша жиі кездесетін синдромдар кезінде қолданылатын фармакология препараттарын оқыту.

Кезеңнің негізгі мақсаты: Ересектерде және жасөспірімдерде жиі кездесетін синдромдардың патогенетикалық және патоморфологиялық механизмдерін студенттерге түсіндіру, физикалық зерттеу кезінде синдромдарды таба білуді, қосымша зерттеу әдістерін тағайындауды үйрету, алынған нәтижелерді интерпретациялау және синдромдық емді жүргізуді үйрету.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.

Білім алу деңгейі

Рөлдермен берілген құзіреттіліктер

Салыстырмалы үлестірілімі

Б1.1.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1)

БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибек жүзінде қолданады.

0,7

Б1.2.

ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ(1)

АҚПАРАТТЫ БАСҚАРУ: зерттеу сұрағын дұрыс құра алады, дереккөздерді іздей алады, әдеби дереккөздерге сын көзімен баға береді, әсерлі презентация жасай алады, компьютер технологияларын қолдана біледі.

0,2

Б3.3.

КӘСІБИ ТҰЛҒА (1)

ТОПТА ЖҰМЫС ЖАСАУ: топта жұмыс жасау қабілетін көрсетеді.

0,1

2.2. Пәннің мақсаты: Фундаментальды және клиникалық интеграция негізінде студенттерге жүйелер бойынша (жүрек-тамыр жүйесі, тыныс алу жүйесі, ас-қорыту, несеп бөлу, эндокринді, жүйке жүйесі, тірек-қимыл, қан жасау) қалыпты және патологиялық жағдайларды салыстыруды, негізгі синдромдардың түзілу механизмдерін үйрету болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]