Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2 этап ХТС.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
547.28 Кб
Скачать

1 Кезең Кальций глюконат

Дурыс жауаптар эталоны

  1. Кальций глюконатын глюкозаны кальций бромиді мен кальций карбонатының қатысында электрохимиялық тотықтыру арқылы алады. Кальций бромидін электролиздеу кезінде анодта глюкозаны глюкон қышқылына дейін тотықтыратын бос бром бөлінеді. Глюкон және бромсутек қышқылы кальций карбонатымен бейтараптанады. Пайда болған кальций бромиді қайта электролизге ұшырайды.

  2. Кальций глюконатын алудың химиялық реакциясы.

  1. Кальций глюконатын өндірісте алудың технологиялық схемасы.

  1. Кальций глюконаты – органикалық табиғатты зат. Карбон қышқылдарының түзына жатады.

  2. Ұнтақ, 10% инъекцияға арналған ерітінді, 0,5 г. таблеткалар балаларға қолдану тәжірибесінде 0,25 г және 5 % жеміс шәрбәт ерітіндісі. Қолданылуы: аллергияға қарсы, гемостатикалық, каппилярлардың тесілгіштігін төмендететін, кальций ионының көзі.

Дұрыс жауаптар эталоны

  1. Кальций ионына сапалық реакция жүргізді: 1 мл кальций глюконат ерітіндісіне (0,002-0,02г кальций ионы) 1 мл аммоний оксалат ерітіндісін қосты. Реакция нәтижесінде алынған ақ тұнба сірке қышқылы мен аммиак ерітіндісінде ерімейді, сұйылтылған минералды қышқылда жақсы ериді.

  2. ҚР МФ бойынша идентификация әдісін дұрыс көрсетті: жұқа қабатты хроматография әдісін қолданылады, силикагель G P жұқа қабатын қолдана отырып.

  3. Кальций тұзын хлорсутек қышқылымен ылғалдандырып, жалында ұстағанда, қызыл кірпіш түске аусқан бояу байқалады.

  4. 1, 2 мл тамшуыр, сынауықтарды, қол таразыларын, бюксты алды. аммоний оксалат, темір хлориді тотығын, аммиак, хлорсутек қышқылы, күкірт қышқылы ерітінділерін алды.

  5. Глюконат ионына сапалық реакция жүргізді: 5 мл (1:50) ерітінді 2 тамшы темір хлориді тотығымен ашық жасыл түс береді. Тұз суда ерімейді.

  6. Кальций және глюконат ионы бейтарап ортада анықталатынын көрсетті.

Дұрыс жауаптар эталоны

  1. 2 г препаратты 20 мл тазартылған суда ерітті. 5 минут қайнатылған ерітіндіні компоратардағы тазартылған сумен салыстырды. Ерітінді мөлдір, егер көзбен қарағанда ерімеген бөлшектер болмаса.

Қышқылдығы мен сілтілілігін анықтады: 0,5 г препаратты қыздыра отырып 25 мл жаңа қайнатылған суда ерітеді; ерітінді бейтарап болу керек (лакмус ерітіндісі).

  1. Рұқсат етілмеген қоспаларды көрсетті – декстрин, сахароза: 0,5 г субстанцияны 2 мл хлорсутек қышқылы және 10 мл су ерітіндісі қоспасында ерітті. 5 минуттай қайнатамыз. Сосын суытып, 10 мл натрий карбонат ерітіндісін қосып, ұстау. Сосын суды 25 мл-ге дейін жеткізіп құяды және сүзгілейді. 5 мл сүзілген ерітіндіге 2 мл мысты-тартратты ерітінді қосып 1 минуттай қайнатады, қызыл тұнба түзбеу керек.

  2. Кальций глюконатты сандық анықтау әдісін көрсетті – комплексонометрия. 0.05 М титрант ерітіндісін натрий эдетатын, индикаторын алды. Алынған өлшенген 0,4 г затты қыздыра отырып ерітті. Әдіс бойынша реактивтерді қосу ретін қатаң сақтау керек: нақты өлшемді 25 мл тазартылған суда ерітеді және 5 мл аммиакты буфер ерітіндісі қосылады, 7 тамшы қара көк қышқылды хром қосып, 0,05 М натрий эдедат ерітіндісімен көк күлгін түске дейін титрленеді.

Ерітіндіні қара көк түске дейін титрленетінін көрсетті. Препараттың мөлшері кем дегенде 98.5 % және 102.0 % аспау керек.

  1. Аммиакты-буферлі ерітіндіні қосты. Титрленетін ерітінді рН 9.5-10 көрсеттім.

  2. рН 7.0-11.0 арнайы сілтілі ерітіндіде металлдың эриохром қарамен комплекс түзуін көрсеттім.

  3. Белгілі бір уақытта индикатор ерітіндісі аздап тұрақты болатынын көрсетті.

Дұрыс жауаптар эталоны

  1. Э=М.М.

  2. Т= 0.02242 г/мл

  3. Препараттағы дәрілік заттың пайыздық мөлшері

(Х):

Х(%)= V*Т*100* Kn / а=100,89 %

мұнда V – дәрілік затты титрлеуге кеткен титрленген ерітінді саны, мл;

Т - титр, еріген заттың мөлшері, 1 мл титрленген ерітіндіге сәйкес, г/мл;

а – талдауға алынған өлшенген ұнтақ, г;

Kn - түзету коэффициенті.

  1. Инъекцияға арналған ерітіндідегі дәрілік заттың мөлшері, (Х) 1 мл-ге сәйкес.

Х (г)= V*Т*Kn*1 / а,

мұнда а – зерттелетін ерітінді көлемі, мл;

V – затты титрлеуге кеткен титрленген ерітінді мөлшері, мл;

Т- титр, еріген заттың мөлшері, 1 мл титрленген ерітіндіге сәйкес, г/мл.

Kn - түзету коэффициенті.

  1. 10 % инъекцияға арналған 1 мл ерітіндегі кальций глюконаттың шекті мөлшері 0,0106-0,0112 г.

Дұрыс жауаптар эталоны

  1. 10 ампуланы картоннан жасалған ГОСТ 7933-75 бойынша А маркалы қорапқа салынады. Қораптарға ТУ 64-1-994-80 бойынша ампулалы скарификатор немесе ТУ 400-6-169-85 бойынша ампулалы пышақ салынады.

  2. Әр ампулаға бояумен ТУ 788-86 бойынша тез бекітілетін терең мөрлеу әдісімен препараттың мемлекеттік және орыс тіліндегі атауы, ерітінді концентрациясы %-бен, көлемі мл-мен, серия нөмірі және жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  3. Тасымалдау ОСТ 64-034-87 және ГОСТ 17768-80 бойынша жүргізіледі.

  4. 5 және 10 мл ерітінді, жарамдылық мерзімі жарықтан қорғалған жерде 2 жыл.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]