Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20170619-WA0003.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.1 Кб
Скачать

№1 Сценарий. Нәрестенің неонаталды сарғаюы

Тапсырма қадамдарының бағалау шектері

Орындал-ған жоқ

Жартылай орындалды

Орындалды

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Сәлемдесу:

-науқаспен сәлемдесті

-дәрігердің өзін таныстырды

-бала және анасымен танысты

-баланың анасына отыруын ұсынды

-пациенттің ыңғайлы отыруына қамқорлық көрсетті «Отырыңыз. Сізге ыңғайлыма?» деп сұрады

2

Сұхбатты басқару:

-бірқатар ашық сұрақтарды қойды:

-сарғаю қаншалқты ұақ сақталды?

-нәрестені осыған дейін қараған кім?

-қандай ем қабылдады?

-Осы уақытқа дейін сарғаю қалай өзгерді? Күшейді ма, азайды ма?

-анасының көзқарасын анықтау. «Сізді не мазалайды?»

3

Пациенттің ойын анықтау:

-сіздің ойыңызша бұл не болуы мүмкін?

-сіздің ойыңызша сарғаюдың себебі не болуы мүмкін?

-науқастың қорқынышын анықтау: интернеттен ақпаратты іздедеңіз бе?

-бұл сарғаюдың неден басталғаны сізді ойландырды ма?

-науқастың болжамын анықтау. Сіз менен қандай көмек күтесіз?

-бүгін қандай көмек алғыңыз келеді?

4

Эмпатияны қолдану:

- «Сіз мазасыз көрінесіз ғой» деп дәрігер науқасқа жанашырлық көрсетті.

-«Әрине сіздің балаңызда сарғаюдың бар екенін білу сіз үшін үлкен стресс» деп түсіністік көрсетті

-«бүгін сіздің қабылдауыма келгеніңіз жақсы болды» деп дәрігер сыйластықты көрсетті

-« жарайсыз: біз сізбен бірігіп жұмыс жасайтын боламыз, сіздің дер кезінде көрінгеніңіз жақсы болды» деп дәрігер науқасты қолдады

5

Науқасты клиникалық қарау, түсіндіру (комментирование)

-баланың анасына жүргізілетін процедуралардың қауіпсіз екенін сабырлы дауыспен түсіндіріп және ыңғайсыздықтарына шыдамдылықпен қарауын өтінді

-фонендоскоптың тыңдайтын бетін өңдеп дайындады

-тері кілегей қабатын қарап , мен сізді жақсылап қараймын тері қабаты сарғыш, бетінізде, кеуденізде, алақанынызда, табанынызда, көздің кілегей қабатында сарғыштық бар деп айтты

- кеуде клеткасын перкуссиялау ды және жүректі тыңдау әдісін қолданды

- ішті палпациялау әдісін қолданды. Нәтижесін дауыстап айтты

6

Ақпараттындыру және жоспарлау

-диагнозын айтып, анасы сарғаю туралы біле ме және бұл патология туралы білгісі келе ме соны сұрады

- бұл патология туралы айтып берді

- анасының емдеу жоспарымен келісімін сұрады

7

Ынталандыру және түйіндеу

-угу...» , «бұл қызық екен...», «иә, жалғастыра беріңіз»

-түйіндеу техникасын қолданды, мен сізді түсінгенім бойынша баланыз үш күндіктен бері сарғыш. Учаскелік дәрігер сізді қараған. Смекта және глюкоза тағайындалған, бірақ сарғаюы басылмаған, сіз одан әрі неонатологтың емдеуіне бардыңыз. Мен сізді дұрыс түсіндім ба? Ештенені ұмытқан жоқпын ба?

8

Қорытынды және кері байланысты жинау

-баланың анасының дәрігердің ұсынысын түсінгенін тексерді

-келесі кеңестің уақытын баланың анасымен келісті

-пациентпен қоштасып, рахмет айтты

-қысқаша кеңес түйіндемесі және ңұсқауды түсіндіру «Сонымен сізбен ертең келіп сараптаманы тапсыратынызға келістік» , «Жақсы, тағы да сұрақтарыңыз бар ма?».

1

Сәлемдесу:

-науқаспен сәлемдесті

-дәрігердің өзін таныстырды

-бала және анасымен танысты

-баланың анасына отыруын ұсынды

-пациенттің ыңғайлы отыруына қамқорлық көрсетті «Отырыңыз. Сізге ыңғайлыма?» деп сұрады

2

Сұрастыру: (науқасты не мазалайтынын сұрау)

-екпе туралы

-Сіз екпеге уайымдайсыз ба? Мүмкін сізді не мазалайтынын айтып берерсіз?

-екпеден нені уайымдайтыңынызды айтынызшы?

-екпеден не себептен қорқатыныңызды түсіндірсеңіз

-егеді деп уайымдайсыз ба?

3

Науқастың ойын анықтай:

-балаңыздың денсаулығы туралы айтасыз ба?

-екпеден кейінгі асқыну мен кері әсерінен қорқасызба?

-сіздің балаңыздың екпеге әсері болады деп ойлайсызба

4

Эмпатияны қолдану:

-бүгін маған екпе туралы сөйлесуге келгеніңіз үшін алғыс айтамын

-барлығын маған айтқаныңыз үшін рахмет

-мұның барлығы сіз үшін оңай болмағанын түсінемін

5

Рефлексивті тыңдау:

-науқастың өтініш сезімі және түсініксіз мағыналарды анықтау, бекітулерді қайта қарау

-сіз балаңызға екпе жасатқыңыз келмейді, себебі «балаңызда екпеге әсер болады және жиі ауырып қалады деп қорқасыз?»

-«Сіздің балаңыз екпеден кейін ауырмайтынына 100% кепілдік бергенімді қалайсыз ба?»

-балаңыз екпе алмаған жағдайда, болашақта сіздің балаңызға не болатынын сізді алаңдата ма?

-Сіздің балаңыз өсіп келе жатқанын, мектепке баратынын сіз түсінесіз. Институтта оқиды, шетелге шығуы мүмкін? Сіздің балаңыз инфекциямен кездеспейтініне сізге ешкім кепіл бермейді. Меккеге барар алдында адамдар ауырып қалмау үшін, ауыр инфекциялар эпидемиясы болмау үшін екпе алатынын сіз жақсы түсінесіз.

-енді сіз балаларыңызға екпе алу туралы ойландыңыз ба?

6

Теріске шығару және қарсылық білдіру: (Бұл науқастың қорғаныс реакциясы. Егер оған бұйырса, екпені жасауды мәжбүрлесе, ол қарсыласуды бастайды)

-менің түсінгенім бойынша сіз екпеге теріс көзқарастасыз?

-сіз егер полиомиелиет, қызылша, көкжөтелдің эпидемиясы басталса, сіздің екпе алмаған балаларыңыз бұл қауіпті инфекцияны жұқтырып алмай, дені сау болады дейсіз бе? Сіз осыған сенімдісіз бе?

7

Екпенің оң жақтары

-екпеде сізге не ұнайды?

-екпенің қандай жақсы әсері бар деп ойлайсыз?

-егер баланы екпейтін болсаңыз, ол қалай әсер етуі мүмкін деп ойлайсыз?

-екпе балаңыздың көкжөтел, полиомиелит, қызылша, күл, эпидпаротит сияқты аурулардың өршуі кезінде ауырмауына көмектесе ма?

-Сіз өзіңіз екпе алғансыз ба?

-Сіз екпеден кейін ауырып қалған жоқсыз ба?

Теріс жақтары:

-екпеде сізге не ұнамайды

-екпенің қандай жағымсыз әсері бар

-сіз екпеге неге қарсысыз

-екпе несімен ұнамайды?

8

Жинақтау:

-егер бұл қалыпты болса, біздің осыған дейін талқылағанымызды, менің бәрін түсінгенімді маған жай ғана тексеруге мүмкіндік беріңіз

-сіз балаларыңызға екпе жасатуға қорықтыңыз, солай емес пе?

-балаңызда екпеге теріс әсер болады деп ойладыңыз?

-сіз балаңыз болашақта екпеден кейін жиі ауырады деп қорықтыңыз , солай ғой?

-сізге дәрігердің екпе алдында балаңызды мұқият және дұрыс қарамағаны ұнамады ғой?

-сіз өз дәрігеріңізге сенбейсіз ба?

-олардың білікті екеніне күмәндандыңыз емес пе?

-сіз екпеге қарсы емессіз, бірақ балаңызға мұқият қарағанын қалайсыз ба?

-мен сізді дұрыс түсіндім ба?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]