Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
DOC-20170619-WA0003.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
77.1 Кб
Скачать

9 Бекет

Гипогликемиялық кома кезінде шұғыл көмек көрсету

ОКҚЕ бағалау парағы _______________

Интерннің коді________________

Емтихан алушы_________________________________________________________

Тапсырма қадамдарының критерийлері

Орындалмады

Жартылай орындалды

Орындалды

0-0,1

0,2-0,3

0,4-0,5

1

Гипогликемиялық кома – бұл, бас ми клеткаларын, бұлшық ет және организмнің басқа да тіндерін қоректендіру үшін қажет глюкозаның кандағы жедел жетіспеуімен туындайтын, нерв жүйесінің патологиялық жағдайы

2

Гипогликемиялық жағдайлардың клиникалық көрінісі: əлсіздік, бас айналу, зейіннің төмендеуі, бас ауру, ұйқышылдық, сананың күңгірттенуі, түсініксіз сөйлеу, құрысулар, тремор, салқын тер, тері жамылғысының бозғылттығы, тахикардия, қорқыныш пен үрей сезімі.

3

Гипогликемиялық жағдайлардың ауырлық дəрежелері: Жеңіл: тершеңдік, қалтырау, жүрек қағу, мазасыздық, көздің бұлдырлануы, ашығу сезімі, шаршағыштық, бас ауру, координацияның бұзылуы, түсініксіз сөйлеу, ұйқышылдық, тежелу, ашушаңдық. Ауыр: құрысулар, кома.

4

Диабеттік комада: басталуы баяу, іс-əрекеті пассивті, пульсі жиі жұмсақ, АҚҚ төмендеген. Гипогликемиялық комада: басталуы жедел, іс-əрекеті қозғыш, пульс жиі кернелген, АҚҚ алғашқыда жоғары, кейін төмендейді.

5

Диабеттік комада: тері жамылғысының айқын құрғауы, бұлшық ет тонусы төмендеген, ацетон иісі шығуы. Гипогликемиялық комада: тері жамылғысы ылғал, бұлшық ет тонусы алғашқыда жоғары, кейін төмендейді, ацетон иісі болмайды.

6

Пациентті бір қырымен жатқызу, ауыз қуысын тамақ қалдықтарынан тазалау. Санасын жоғалту кезінде ауыз қуысына тəтті ерітінділер құюға болмайды (асфиксия қаупі!). Тамыр ішіне ағынды түрде 40-100мл 40% декстроза (глюкоза) ерітіндісін енгізу, санасы қалпына келгенше.

7

Альтернативті ем- 1мг (кішкентай балаларға 0,5мг) глюкагон бұлшық етке немесе тері астына енгізу (науқас туыстарымен енгізіледі).

8

Егер тамыр ішіне 100мл 40% декстроза (глюкоза) ерітіндісін енгізгеннен кейін санасы қалпына келмесе, ол мидың ісінуін көрсетеді. Пациенттерді ауруханаға жатқызып, тамыр ішіне коллоидты ерітінділер 10мл/кг/тәулігіне есебімен маннитол, маннит, реополигюкин, рефортен енгізу қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]