- •«Психиатрия және наркология» пәні бойынша 6 курс интерндерінің Жылдық аттестациясына (Қорытынды аттсетация) арналған «Апиынды абстиненті синдром» Клиникалық жағдай
- •Клиникалық жағдай атауы: «Апиындық (героинді) абстиненция»
- •Не күтуге болады:
- •Симптомдар мен мәселелер туралы түсінік
- •«Бағдарламаланған (келісілген) жауаптар» (егер қажет болса)
- •1. Сұрақ: маған қашан укол жасайды? Қашан емді бастайды?
- •«Апиынды (героинді) абстиненция синдромы» клиникалық жағдай
Симптомдар мен мәселелер туралы түсінік
Интерн сізден сұрайды : «сізді қандай шағымдар мазалайды немесе қандай проблемаңыз бар?» Жауап: «Барлық денем сынып барады .., ішімнен бұралып жатырмын», «мүмкін бүйректерім қабынған шығар немесе өзге бір нәрсе болған шығар», «жағдайым нашар, дереу көмектесіңдер». Дәрігер! «Ломкадан» өліп кетуім мүмкін. Мүлде ұйықтамаймын, ұықтай алмаймын .мүмкін маған димедрол немесе диазепамды енгізу керек шығар.
немесе Жауап: «омыртқамда тартатын, "бұрамалы" ауыру сезімі бар».
Егер студент сұрастырмаған кезде, оған барлық симптомдарды бір мезетте айтпаңыз: сіз үшін маңызды болып есептелетін бір немесе екі симптомдарды айтыңыз. Басыңыздан өткерген аурулардың барлығын бір мезетте айтпаңыз.
Егер дәрігер-интерн сұрастырмаса, қабылдау бөлімшесіне қалай түскеніңіз жайлы толығымен айтып беріңіз.
Қойылуы мүмкін сұрақтар: (науқас кездесу барысында сұрауы мүмкін сұрақтар тізімі):
Тез ұйықтап қалу үшін ине жасауға болады ма?
Ауруханаға қанша күнге жатқызасыздар?
Наркотиктерді тастап кете аламын ба?
«Бағдарламаланған (келісілген) жауаптар» (егер қажет болса)
Сұрақтың мәні |
Жауап |
Қандай шағымдарыңыз бар? |
Мені әлсіздік мазалайды, себебі мен 2 күн ұйықтамадым. Қатты үрей және мазасыздық пайда болды. Ұйықтай алмаймын. Маған күшті ұйықтатқыш дәрі керек. Аяқ-қолым бұрайды, «барлығы қақсайды», ішім ауырады. Терең демала алмаймын, ауа жетпейді, жүрегім қатты соғады. "Үрей", іште ауру сезімімен, барлық денем, қолым дірілдейді. |
Осы шағымдар қашаннан бері мазалайды? |
Бірнеше күн болды өзімді нашар сезінем, бүгін жағдайым нашарлап кетті, ішім ауыра бастады. |
Жағдайыңыздың нашарлауын немен байланыстырасыз? |
Ештеңемен байланыстырмаймын. Мүмкін суық тигізіп алдым, бірақ үнемі үйде отырдым. Содан кейін үрейлене бастадым және ұйқым жоғалып кетті. |
Қандай да бір дәрілер қабылдадыңыз ба? |
Парацетомол (5 таблетка), трамадол (10 таблетка). Барлығы нәтижесіз. |
Есірткі қолданасыз ба? |
10 жыл бұрын героин қабылдадым, қолданбаймын деп шештім. |
Науқас қоюы қажет сұрақтар:
1. Сұрақ: маған қашан укол жасайды? Қашан емді бастайды?
Интерн жауабы: мен сізде қатты ауыру сезімі бар екендігін және сіз көмек алғыңыз келетінін түсінемін, бірақ алғашында мен сізде бар симптомдарды анықтап алуым керек.
Бағалау парағы (check-list)
«Апиынды (героинді) абстиненция синдромы» клиникалық жағдай
Емтихан тапсырушының коды _________________________ Емтихан күні
__________________________
Емтихан алушы _______________________________________________________________________
№ |
Қадамдарды бағалау критерийі
|
Баға балл бойынша |
||
|
|
|
||
1 |
Науқастың жүріс-тұрысын бағалау Аурудың басталуын нақтылау Науқастың жүріс-тұрысын нақтылау Дәрігердің науқаспен сөздік байланысқа түсуге әрекеттенуін бағалау |
10 |
5 |
0 |
2 |
АҚ, тамыр соғысын, тыныс жиілігін, дене қызуын өлшеу және интерпретациялау |
10 |
5 |
0 |
3 |
Науқастың жүріс-тұрысын бақылау және қойынған сұрақтарға реакциясын бағалау, спонтанды баяндауларды, орынға, уақытқа және тұлғалық бағдарын есепке алу |
10 |
5 |
0 |
4 |
Спонтанды баяндауларды интерпретациялау Психикалық жағдайды синдромалды бағалау |
10 |
5 |
0 |
5 |
Ауыр ағымды тұмаумен негізделген инфекционды (делирий) психоз диагнозын негіздеу |
10 |
5 |
0 |
6 |
Ажырату диагностикасы Мүмкін болатын асқынулар |
10 |
5 |
0 |
7 |
Психотикалық жағдайды жоюға арналған препараттар тағайындау Психотикалық жағдайды жою үшін тағайындалған препараттарды негіздеу |
10 |
5 |
0 |
8 |
Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау |
10 |
5 |
0 |
9 |
Науқасты кейінгі емдеу және жүргізу дұрыстығы |
10 |
5 |
0 |
БАРЛЫҒЫ БАЛЛ |
90 |
45 |
0 |
|
