Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9_opiynaya_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.22 Кб
Скачать

Не күтуге болады:

Нашар ұйқысы жайлы айтуда және дереу ұйықтататын дәрілерді тағайындауын өтінеді. Тез ашуланады, сол сәтте к/і дәрілерді егуді өтінеді, себебі осылай эффективті. Мәжбүрлі қалыпта, еңкейіп, ішін ұстап отыр.

Активті түрде көмек іздеуде: «ұйықтататын және ауыру сезімін басатын дәрілер керек» «Барлық денем сынып барады .., ішімнен бұралып жатырмын», «мүмкін бүйректерім қабынған шығар немесе өзге бір нәрсе болған шығар», «жағдайым нашар, дереу көмектесіңдер» деп жиі қайталайды. Бірнеше ай бұрын героин қабылдағанмын, қабылдауды тоқтатамын деп шештім.

Сезімдері/науқастың аурумен байланысты эмоционалды жағдайы:

Ашушаңдық, тітіркенгіштік,үмітсіздік, агрессивтілік, өзін сезінудің нашарлауына, ұйқысыздыққа байланысты туындаған эмоционалды лабильділік, қимылдық қозу.

Стандартталған науқасты оқыту/ ойынның нструкциясы:

Ойынның нструкциясы:

Киімі –күнделікті, ұқыпсыз, күтімсіз ; көңіл-күйі – ашушаңдық, ауыспалы көңіл, ұстамсыз, дөрекі. Бір уақытта дәрігерден қалаған затын алғысы келеді, бірақ кездейсоқ дөрекілік көрсетеді. Тітіркенгіш.

Эмоционалды тақырыптар мен сұрақтарға қалай жауап беру керек: Тітіркеніп және талап ете отырып сөйлейді. Шайнау бұлшықеттерін қатты қысады, «тістеніп» сөйлейді, бет әлпетінде ауыру сезімінің кейпін салады. Өзіне дереу көмек қажет екенін, «ұйықтататын және ауыру сезімін басатын дәріні» жиі сұрайды. Кейде қатты дыбыспен айқайлайды, жылдам орнынан тұрып кетіп, ашулы түрде көмек сұрайды. Коррекция қысқа уақытқа ғана әсер береді.

Қорқыныш, мазасыздық туралы сұрақтарға және науқастың өз ауруына қатысты тұжырымына қалай жауап беру керек: Өзіне дереу көмек қажет екенін, «ұйықтататын және ауыру сезімін басатын дәріні» жиі сұрайды. «Барлық денем сынып барады .., ішімнен бұралып жатырмын», «мүмкін бүйректерім қабынған шығар немесе өзге бір нәрсе болған шығар», «жағдайым нашар, дереу көмектесіңдер» деп жиі қайталайды. «Қорқамын, үрей бар, өліп кетуім мүмкін, белгісіз бір жамандық немесе апат болуы мүмкін» деп жиі айтады.

Ойнауға қажетті физикалды симптомдар – аталған жағдайда наркоманның рөлін ойнау керек, ол бірнеше рет героинді қолдануды тастап кеткісі келген. Шынына келгенде, ол тек препарат – яғни, ұйықтататын және ауыру сезімін басушы қатты әсері бар дәрі алуға құштар. Ол кез-келген жолмен дәрігерден шынайы көмек алуды емес, тек қатты әсер көрсететін затты алғысы келеді. Сонымен қатар, ол қатты физикалық дискомфортты сезеді. Сонымен қатар, оны активті әрі дереу демонстрациялайды.

Физикалық кӛрсеткіштер: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қарап тексеру кезінде дәрігер интоксикация белгілерін анықтауы тиіс: Тері жабындылары бозғылт. Денесінде бірен –саран бөртпелер бар. Дене температурасы 37 о С. ТЖ 14 минутына. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. АҚ 110/70 мм.с.б, ЖСЖ 92 с/мин. Шынтақ буынында инъекция іздері бар. Іші жұмсақ, іші кебулі. Пальпация кезінде ішек бойымен аздаған ауыру сезімі бар. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұрады, ауыру сезімінсіз. Үлкен дәреті сұйық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]