- •«Психиатрия және наркология» пәні бойынша 6 курс интерндерінің Жылдық аттестациясына (Қорытынды аттсетация) арналған «Апиынды абстиненті синдром» Клиникалық жағдай
- •Клиникалық жағдай атауы: «Апиындық (героинді) абстиненция»
- •Не күтуге болады:
- •Симптомдар мен мәселелер туралы түсінік
- •«Бағдарламаланған (келісілген) жауаптар» (егер қажет болса)
- •1. Сұрақ: маған қашан укол жасайды? Қашан емді бастайды?
- •«Апиынды (героинді) абстиненция синдромы» клиникалық жағдай
«Психиатрия және наркология» пәні бойынша 6 курс интерндерінің Жылдық аттестациясына (Қорытынды аттсетация) арналған «Апиынды абстиненті синдром» Клиникалық жағдай
Клиникалық есеп номері: №1
Жағдайлық есеп: Сіз – №7 қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің терапевт дәрігерісіз. Сізге
30 жастағы ер адам түсіп отыр.
Тапсырма:
Апиынды абстиненциямен сырқат науқасты қарап тексеру, сұрастыру және физикалды
тексеру жүргізу;
Науқастың психикалық жағдайына клиникалық баға (синдромалды) беру;
Клиникопсихопатологиялық мәліметтерге интерпретация жүргізу;
Синдром құрылымына сәйкес көмек көрсету тактикасы;
Апиынды абстиненция синдромы бар науқасты жүргізу тактикасы
Объективті:
Физикалық көрсеткіштері: Бойы 174 см, салмағы 63 кг.
Жалпы жағдайы интоксикацияға байланысты орташа ауырлықта. Тері жабындылары бозғылт. Денесінде бірен –саран бөртпелер бар. Шынтақ буынында инъекция іздері бар. Дене температурасы 37 о С. ТЖ 14 минутына. Жүрек тондары анық, ритмі дұрыс. АҚ 110/70 мм.с.б, пульс 82 с/мин. Перкуторлы төменгі бөліктерде тұйықталу. Іші жұмсақ, іші кебулі. Пальпация кезінде ішек бойымен аздаған ауыру сезімі бар. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұрады, ауыру сезімінсіз. Зәр шығару қалыпты. Үлкен дәреті сұйық.
Неврологиялық статус: көз қарашықтары кеңейген, жарыққа реакциясы әлсіз. Қол саусақтары треморы. Ромберг сынамасында тұрақсыз. Саусақ-мұрын сынамасын интенциямен орындайды.
Психикалық статусы: науқас сырт кейпі күтімсіз. Қозулы күйде, бір қалыпта отыра алмайды. Тізесін, маңдайын сипалайды, қолдарында салфетканы умаждайды, кейде онымен маңдайын сүртеді. Барлық қозғалыстары кенет, жиі қол саусақтарын біресе жазады, біресе жұмады. Шайнау бұлшықеттерін қатты қысып, «тістеніп» сөйлейді, бет әлпетінде ауыру сезімінің кейпін салады. Тітіркеніп, және талап ете отырып сөйлейді. Өзіне дереу көмек қажет екенін, «ұйықтататын және ауыру сезімін басатын дәріні» жиі сұрайды. «Барлық денем сынып барады .., ішімнен бұралып жатырмын», «мүмкін бүйректерім қабынған шығар немесе өзге бір нәрсе болған шығар», «жағдайым нашар, дереу көмектесіңдер» деп жиі қайталайды. «Қорқамын, үрей бар, өліп кетуім мүмкін, белгісіз бір жамандық немесе апат болуы мүмкін» деп жиі айтады. Нашар ұйқысы жайлы айтуда және дереу ұйықтататын дәрілерді тағайындауын өтінеді. Тез ашуланады, сол сәтте к/і дәрілерді егуді өтінеді, себебі осылай эффективті. Мәжбүрлі қалыпта, еңкейіп, ішін ұстап отыр. Кейде қаттты дыбыспен айқайлайды, жылдам орнынан тұырып кетіп, ашулы түрде көмек сұрайды. Коррекция қысқа уақытқа ғана әсер береді.
СТАНДАРТТАЛҒАН НАУҚАСҚА (СН) АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ МӘТІНІ
Клиникалық есеп номері: №1
Клиникалық жағдай атауы: «Апиындық (героинді) абстиненция»
Есімі: Сергей Кривошеев
Жасы: 30 жас Негізгі оқу мақсаттары / міндеттері:
Апиындық абстиненция кезінде науқасты жүргізу тактикасын анықтау және диагностикалау.
Апиындық абстиненцияны диагностикалау және емдеу жөніндегі ақпараттық рұқсатын алу.
Бағалау және оқыту әдістері: СН кері байланысты береді, емтихан алушы бағалау және чек парақтарға ескертулер, видеожазба жазады. Қоршаған орта: қабылдау бөлімінің палатасы.
Емтихан тапсыратын бӛлме жағдайы: үстел, 2 орындық, кереует, компьютер, медициналық шкаф, фонендоскоп, тонометр, секундомеры бар сағат, дәрілер бар шкаф (нейролептиктер, транквилизаторлар, антиконвульсанттар)
Симуляцияның жабдықталуы:
Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмасы бар парақ.
Волонтерға арналған сценарий: науқас.
Бағалау және чек парақтары әрбір емтихан алушыға.
Үстел – 1.
Орындықтар – 2.
Клиникалық мәліметтер:
Мен - Сергей Кривошеев, мен 30 жастамын, бірнеше жыл бұрын героин қолданғанмын, бірақ соңғы жыл бойы тастауға тырысып жатырмын. Екі күн бұрын менің жағдайым нашарлады, "денем сынып барады", дозаға қажетті ақша жоқ. Қатты ауыру сезімі басталды, «бұрамалы» ауыру сезімі омыртқамда, буындарымда, шайнау бұлшыққеттерінде пайда болды. Таңертеңнен бастап ішім ауыра бастады, 5 рет құстым, жүрегім айныды. Температура көтеріліп келе жатқанын сеземін, қалтыраймын. Қолдарым дірілдейді, саусақтарыммен ешнәрсені ұстап тұра алмаймын. Жүрегім тоқтап қалады ма деп ойлаймын. Мұрынымнан су ағады. Өздігімнен мүлде ұйықтай алмаймын, бірнеше сағат бойы ұйықтай алмай мазасызданып жатамын. Көңіл –күйім мүлде жоқ, үмітсіздік сезімі бар. Өз күшіммен ем алдым, парацетомол 5 таблеткасын қабылдадым, көмектеспеді. Кейін достарым трамадолдың бірнеше таблеткасын ұсынды. Аздап жеңілденіп қалдым. Содан кейін тағы да бәрі басталды. Кейін жедел жәрдем шақырдым.
Қазір кешкі сағат 9. Ішімнен селкілдеп барамын, бір қалыпта, бір орында отыра алмаймын, қозулымын. Тіземді, маңдайымды сипалаймын, қол саусақтарымен салфетканы умаждаймын, кейде онымен маңдайымды сүртемін. Барлық қозғалыстарым кенет, жиі қол саусақтарымды біресе жазамын, біресе жұмамын. Шайнау бұлшықеттерімді қатты қысамын, «тістерімнен дыбыс шығарамын», бет әлпетімде ауыру сезімінің кейпі пайда болады. Тітіркеніп және талап ете отырып сөйлеймін. Өзіме дереу көмек қажет екенін, «ұйықтататын және ауыру сезімін басатын дәріні» жиі сұраймын. «Барлық денем сынып барады .., ішімнен бұралып жатырмын», «мүмкін бүйректерім қабынған шығар немесе өзге бір нәрсе болған шығар», «жағдайым нашар, дереу көмектесіңдер» деп жиі қайталадым. «Қорқамын, үрей бар, өліп кетуім мүмкін, белгісіз бір жамандық немесе апат болуы мүмкін» деп жиі айтамын. Нашар ұйқым жайлы айтудамын және дереу ұйықтатаын дәрілерді тағайындауын өтінемін. Тез ашуланамын, сол сәтте к/і дәрілерді егуді өтінемін, себебі осылай тез ұйықап кетемін. Өзіңізді ұстаңыз деген көндіру сөздерге тек уақытша ғана көне аламын. Талап ете отырып көмек сұраймын.
Келісім
Сіз тәжірибесі көп наркомансыз. Героинді тастау мақсатымен бірнеше рет ауруханаға түсіп емделгенсіз. Шынына келгенде, сізде тек препарат – яғни, ұйықтататын және ауыру сезімін басушы қатты әсері бар дәрі алуға құштарлығыңыз бар. Сіз кез келген жолмен дәрігерден шынайы көмек алуды емес, тек қатты әсер көрсететін затты алғыңыз келеді. Сонымен қатар, сіз қатты физикалық дискомфортты сезесіз.
Ӛмір анамнезі:
Жұмыс істемейсіз. Кейде сіз құрылыста немесе жүк тасушы болып ақша табасыз. Сіздің аяқталмаған жоғары біліміңіз бар.
Сіз өз жасыңызға сай өстіңіз және дамыдыңыз. Материалды-тұрмыстық жағдайыңыз қанғаттанарлық. Өзіңіздің қария анаңызбен бірге оның зейнетақысына күн көріп өмір сүресіз. Отбасыңыздың материалды жағдайы өте төмен. АИТВ, гепатитпен ауырмадыңыз.
Басыңыздан ӛткізген ауруларыңыз/операциялар: "аппендицит" 1998 ж, бас миы шайқалуы 2013ж, болған. Наркоманияға қатысты ауруханаларда 2011, 2014жж.емделгенсіз.
Темекіні сирек қолданасыз, наркотиктар жоқ кезде күніне бір пачкаға дейін қолданасыз. Алкогольді "дәрі секілді" «ломка» кезінде күніне 1 литрге дейін ішесіз. Героин бар кезде ішімдікті қолданбайсыз. Героинді 10 жыл бойы көктамыр ішіне қолданасыз, героин болмаған сәтте "дәріханалық препараттарды" (трамадол, димедрол және т.б.) қолданасыз.
Рецептсіз шығарылатын дәрілер: (екі күн бойы) парацетомол (5 таблетка), трамадол (10 таблетка)
Науқас жағдайы:
Әрекеті: Қозулы. Бір қалыпта отыра алмайды. Тізесін, маңдайын сипалайды, қол саусақтарымен салфетканы умаждайды, кейде онымен маңдайын сүртеді. Барлық қозғалыстары кенет, жиі қол саусақтарын біресе ашады, біресе жұмады.. Кейде қаттты дыбыспен айқайлайды, жылдам орнынан тұрып кетіп, ашулы түрде көмек сұрайды. Коррекция қысқа уақытқа ғана әсер береді.
Идеялар мен ойлар:
Дәрігермен кездесу кезінде сұрақтарға ашуланып жауап береді, тез ашуланады және ескертулерге негативті түрде реакция береді.Өзіне дереу көмек қажет екенін, «ұйықтататын және ауыру сезімін басатын дәріні» жиі сұрайды. «Барлық денем сынып барады .., ішімнен бұралып жатырмын», «мүмкін бүйректерім қабынған шығар немесе өзге бір нәрсе болған шығар», «жағдайым нашар, дереу көмектесіңдер» деп жиі қайталайды. Нашар ұйқысы жайлы айтуда және дереу ұйықтататын дәрілерді тағайындауын өтінеді.
Мазасыздық:
«Қорқамын, үрей бар, өліп кетуім мүмкін, белгісіз бір жамандық немесе апат болуы мүмкін» деп жиі айтады.
