Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8_deliriy-kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.21 Кб
Скачать

Ӛмір анамнезі:

Сіз университеттің үшінші курсында оқисыз.

Сіз ӛз жасыңызға сай ӛсіп, дамыдыңыз.Материалды-тұрмыстық жағдайыңыз қанғаттанарлықтан тӛмен. Жатақханада бір бӛлмеде тӛрт адам болып тұрасыз. Менструалды функция 13 жастан бастап, 4-5 күннен, 28 күн сайын, аздап, ауыру сезімінсіз келеді. Жыныстық ӛміріңіз 20 жастан бастап.

АИТВ, гепатитпен ауырмадыңыз.

Ӛткізген аурулар/операциялар: балалық шақта инфекциялар болған.

Аллергия: пенициллин тобындағы антибиотиктерге, аспирин, балға, жусанға.

Медикаменттер: 3 күн бойы:

Парацетомол 0,5 г-1 таблетка-2 рет 2 таблеткадан

Ремантадин 100 мг - 1 таблетка- күніне 3 рет қабылдадыңыз.

Отбасылық анамнез:

 Әжеңіз қант диабетінің 2 типімен ауырады  Анаңыз вегето-қан тамырлық дистониямен ауырады.

Науқас жағдайы:

Бӛлменің ішінде қашасыз. бірдеңеге ұмтыласыз. Назарыңызды аудару қиындық туғызады және «саған не болды», «атың кім», «сен не кӛресің», «сен не істейсің» деген қысқа сұрақтардан кейін ӛзінің тегін,атын айтады, бірақ қайда отырғанын, бүгін қай күн екенін, кіммен сӛйлесіп отырғанына түсінбейсіз.

Идеялар мен ойлар: науқастың ӛз ауруы туралы уайымдауларын білу үшін продуктивті қатынасқа түсу мүмкін емес.

Мазасыздық: эмоциялар ағымдағы ситуацияға байланысты емес. Науқас жалған қорқынышты образдарға, шын мәнінде жоқ әңгімелесушісіне қорқынышпен реакция бере бастайды. Қысқа жауаптарынан науқастың оған шабуыл жасайтын қорқынышты адамдар, аңдар кӛретінін түсінуге болады.

Не күтуге болады: науқастың аталған жағдайына байланысты нақты болжамын айту мүмкін емес. Науқастың іс-әрекеті субъективті күйзелістеріне сәйкес және олардан құтылғысы келеді.

Сезімдері: қорқынышты кӛріністерден қорқу сезімі, үрей, мазасыздық пайда болады. Бірдеңеге ұмтылады, ӛзіне қауіп тӛнетініне сенімді.

Стандартталған науқасты оқыту/ ойынның нструкциясы: Ойынның нструкциясы:

Киімі – пижама немесе үй халаты; көңіл-күйіішкі күйзелістеріне байланысты шошынған, қорқынышты галлюцинациялар.

Эмоционалды тақырыптар мен сұрақтарға қалай жауап беру керек: назар аудару қиындық туғызады және науқас қысқа әрі табанды қойылған сұрақтардан кейін: «саған не болды», «есімің кім», «не кӛріп тұрсың», «не естисің», ӛз фамилиясын, есімін айтады, бірақ, қай жерде орналасқанын, ағымдағы күнді және онымен сӛйлесіп отырған адамды айта алмайды.

Қорқыныш, мазасыздық туралы сұрақтарға және науқастың ӛз ауруына қатысты тұжырымына қалай жауап беру керек: жоқ қорқынышты образдарға мән береді, жоқ әңгімелесушілерге қорқынышпен жауап қайтарады. Қысқа жауаптардан науқастың оған шабуыл жасайтын қорқынышты адамдар, аңдар кӛретінін түсінуге болады.

Физикалық кӛрсеткіштер: жағдайы ауыр. Қарап тексеру кезінде дәрігер науқастың ӛкпесінде кӛптеген сырылдарды, қақырықпен жӛтелді анықтайды. Артериалды қысым 110/70 мм.рт.ст., пульс 100 соққы минутына. Науқас мазасыз.орнынан тұруға тырысады, қашады. Ауадан бірнәрсені аулайды,кенеттен кездейсоқ ізіне түсушіден оның не қалайтыны туралы сұрайды. Қай жерде орналасқанын білмейді, құрбысын танымайды, ақ халат киген адамдар кімдер екенін айта алмайды, "білмеймін, мүмкін студентер шығар". Ӛзін сау деп есептейді, кейбір сұрақтарға жауап бермейді, ӛз үйінде орналасқанмын деп есептейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]