- •Биохимиялық қан анализі:
- •Коагулограмма
- •Клиникалық жағдай атауы: «Ауыр ағымды тұмауға байланысты психикалық бұзылыс (делирий) диагностикасы»
- •Ӛмір анамнезі:
- •Стандартталған науқасты оқыту/ ойынның нструкциясы: Ойынның нструкциясы:
- •Симптомдар мен мәселелер туралы түсінік
- •«Бағдарламаланған (келісілген) жауаптар».
- •Бағалау парағы (check-list)
- •«Ауыр ағымды тұмаумен байланысты психикалық бұзылыс (делирия) диагностикасы» клиникалық жағдай
«Психиатрия және наркология» пәні бойынша 6 курс интерндерінің Жылдық аттестациясына (Қорытынды аттсетация) арналған «Ауыр ағымды тұмауға байланысты психикалық бұзылыс (делирий) диагностикасы»
Клиникалық жағдай
Клиникалық есеп №2
Жағдайлық есеп: Сіз – №7 қалалық аурухананың терапия бӛлімінің терапевт дәрігерісіз. 21 жастағы қыз дұрыс емес іс-әрекетіне байланысты, ауыр ағымдағы тұмау диагнозымен түсті.
Тапсырма:
Делириймен сырқат науқасты қарап тексеру, сұрастыру және физикалды тексеруді жүргізу;
Науқастың психикалық жағдайына клиникалық баға (синдромалды) беру;
Клиникопсихопатологиялық мәліметтерге интерпретация жүргізу;
Синдром құрылымына сәйкес кӛмек кӛрсету тактикасы;
Ауыр ағымды тұмаумен асқынған делириймен науқасты жүргізу тактикасы
Клиникалық мәліметтер: Сіз қабылдау бӛлімшесі терапия бӛлімінің терапевт дәрігерісіз. 21 жастағы қыз қабылдау бӛліміне түсіп отыр, бӛлмесінде тұратын кӛршісінің айтуы бойынша ауру әлсіздік, бас айналуы, ентігу,сыртқы қоздырғыштарға тітіркенгіштік, ұйқының бұзылысы, қорқынышты түстер кӛру, кешке пайда болатын белгісіз қорқыныш сезімі шағымдарымен басталған.
Негізгі шағымдары/кіріспе мәлімдеме: бӛлмесінде тұратын кӛршісінің айтуы бойынша ауру әлсіздік, бас айналуы, ентігу,сыртқы қоздырғыштарға тітіркенгіштік, ұйқының бұзылысы, қорқынышты түстер кӛру, кешке пайда болатын белгісіз қорқыныш сезімі шағымдарымен басталған.
Объективті: жалпы жағдайы интоксикацияға байланысты ауыр. Тері жабындылары бозғылт. Дене температурасы 40о С. ТЖ 14 минутына. Жүрек тондары тұйықталғын, ритмі дұрыс. АҚ 110/70 мм.с.б, пульс 100 с/мин. Перкуторлы тӛменгі бӛліктерде тұйықталу. Ӛкпеде әлсіз тыныс фонында тӛменгі бӛліктерде түрлкалиберлі ылғалды сырылдар естіледі. Тілі ақ жыбындымен жабылған. Іші жұмсақ, Ауыру сезімінсіз. Бауырқабырға доғасынан 1 см шығып тұрады. Ауыру сезімінсіз. Зәр шығару қалыпты. Үлкен дәреті қалыпты.
Неврологиялық статус: науқастың психикалық жағдайына байланысты неврологиялық тексеру жүргізу мүмкін емес.
Психикалық статус: Назарын аудару қиындық туғызады және «саған не болды», «атың кім», «сен не кӛресің», «сен не істейсің» деген қысқа сұрақтардан кейін ӛзінің тегін, атын айтады, бірақ қайда отқанын, бүгін қай күн екенін, кіммен сӛйлесіп отқанын түсінбейді. Содан кейін жалған, қорқынышты образдарға, жалған әңгімелесушілеріне қорқынышпен жауап бере бастайды. Қысқа жауаптарынан науқастың оған шабуыл жасайтын қорқынышты адамдар, аңдар кӛретінін түсінуге болады. Мазасыз, күшті қорқынышты сезді, үнемі қалпын ӛзгертеді, бірдеңеге ұмтылады, үстінен бірдеңелерді қағады, біреуді итергендей болады, қорғанады, тұруға тырысады, біресе отырады, біресе бетін жабады. Дәрігер сұрақтарына: «жылан», «адамдар», «аңдар», «тістемеңдер», «жақындамаңдар» деген жауаптар береді. Науқас тез шаршайды, қорқыныш абдыраумен алмасады, бірақ психомоторлық қозу тез жаңарады. Ӛз жағдайына сын кӛзқарас жоқ.
Лабораторлы-инструменталды кӛрсеткіштер:
Бағаланатын параметр |
Нәтиже |
Қалыпты/ Референтті кӛрсеткіштер |
Гемоглобин, г/дл |
126 |
120-140 г/л |
Эритроциттер х1012/л |
3,3 |
3-4 x1012 |
ТК |
0,9 |
0.9-1.1 |
Лейкоциттер, х109/л |
11,0 |
3,9-10,6 |
Тромбоциттер, х109/л |
260 |
180-320 |
Нейтрофилдер % |
|
|
с\я % |
53 |
47-72 |
т\я % |
4 |
1-6 |
Эозинофилдер |
1 |
До 5% |
Базофилдер |
|
|
Моноциттер% |
3 |
3-11 |
Лимфоциттер % |
38 |
27-30 |
ЭТЖ мм/сағ |
20 |
6-9 |
ЖЗА:
Бағаланатын параметр |
Нәтиже |
Қалыпты/ Референтті кӛрсеткіштер |
Түсі |
Сары |
Сары |
Реакция |
Қышқыл |
Нейтралды |
Салыстырмалы тығыздығы |
1012 |
1003-1030 |
Жалпақ эпителий |
2-3 к/а |
1-2 к/а |
Лейкоциттер |
10 к/а |
5 дейін к/а |
Эритроциттер |
3 к/а |
- |
Шырыш |
+ |
+ |
Белок |
0,033г/л |
- |
Биохимиялық қан анализі:
Бағаланатын параметр |
Нәтиже |
Қалыпты/ Референтті кӛрсеткіштер |
Жалпы белок, г/л |
65 |
64-83 г/л |
Глюкоза, ммоль/л |
3 |
4,0-6,1 ммоль/л |
Жалпы билирубин, мкмоль/л |
20 |
5,0-21,0 мкмоль/л |
Жалпы холестерин, ммоль/л |
3,4 |
2,8-5,9 ммоль/л |
Натрий, ммоль/л |
130 |
134-150 ммоль/л |
Калий, ммоль/л |
3 |
3,6-5,3 ммоль/л |
Мочевина, ммоль/л |
5,1 |
2,8-7,5 ммоль/л |
Креатинин, мкмоль/л |
97 |
53-96 мкмоль/л |
АСТ, Ед/л |
40 |
До 35 Ед/л |
АЛТ, Ед/л |
45 |
До 35 Ед/л |
Коагулограмма
Бағаланатын параметр |
Нәтиже |
Қалыпты/ Референтті кӛрсеткіштер |
Ұю уақыты, мин |
4 |
5-10 |
Фибриноген, г/л |
5,1 |
2,0-4,0 |
Тромбин уақыты, сек |
21 |
14-17 |
АЧТВ (Активирленген бӛліктік тромбопластиндік уақыт) – сек |
22 |
24-35 |
МНО |
2.0 |
2,0-3,0 |
Куде қуысы рентгенографиясы қорытындысы: Куде қуысы рентгенограммасында екіжақты тӛменгі бӛліктік пневмонияның рентгенологиялық кӛрінісі.
СТАНДАРТТАЛҒАН НАУҚАСҚА (СН) АРНАЛҒАН КЛИНИКАЛЫҚ СЦЕНАРИЙ МӘТІНІ
Клиникалық есеп нӛмірі: №2
Клиникалық жағдай атауы: «Ауыр ағымды тұмауға байланысты психикалық бұзылыс (делирий) диагностикасы»
Есімі:Айгуль Асланова (науқастың соңына еретін тұлға қажет "бӛлмесіндегі кӛршісі", ол науқастың жағдайына байланысты объективті ақпаратты береді)
Жасы: 21
Жынысы: әйел
Ұлты: қазақ
Негізгі оқу мақсаттары / міндеттері:
Делирий кезінде науқасты жүргізу тактикасын анықтау және диагностикалау.
Интоксикациямен шақырылған делирийді диагностикалау және емдеуге науқастың ақпараттық рұқсатын алу.
Бағалау және оқыту әдістері: СН кері байланысты береді, емтихан алушы бағалау және чек парақтарға ескертулер, видеожазба жазады. Қоршаған орта: қабылдау бӛлімінің палатасы.
Емтихан тапсыратын бӛлме жағдайы: үстел, 2 орындық, кереует, компьютер, медициналық шкаф, фонендоскоп, тонометр, секундомеры бар сағат, дәрілер бар шкаф (антибиотиктер, ыстық түсіретін дәрілер , қабынуға қарсы препараттар, нейролептиктер, транквилизаторлар, антиконвульсанттар)
Симуляцияның жабдықталуы:
Емтихан тапсырушыға арналған тапсырмасы бар парақ.
Волонтерға арналған сценарий: науқас.
Бағалау және чек парақтары әрбір емтихан алушыға.
Үстел – 1.
Орындықтар – 2.
Кереует – 1.
Клиникалық мәліметтер:
Мен - Айгуль Асланова, мен 21 жастамын, студентпін. Бірнеше күн бұрын ЖРВИ ауырып қалдым. Оны емханадағы дәрігер айтты. Мен бір дәрілерді қабылдадым. Менің ойымша, мен ӛзімді сау деп есептеймін, мені тек жӛтел ғана мазалайды. Менімен болып жатқан жағдайлар (мен қатты қорқып тұрмын, белгісіз жамандықтың болатынын сезіп тұрмын, және т.б.) болмаса сырқатым мені ешбір мазаламайды.
Қазір кешкі сағат 10.00. Мен қорқып тұрмын, айналамда болып жатқан ешнарсені түсінбеймін. Қорқынышты кейіптегі, мен ешқашан кӛрмеген құбыжықтардың, жануарлардың кӛрінісі кӛз алдыма келеді. Қауіптің жақындағанын сеземін. Мен ешқайда қаша алмаймын. Қатты қорқамын. Бірнеше сағат бұрын қара түсті адамның қорқынышты кейпі кӛрінді, оның менен не қалайтыны білмеймін. Мүмкін ол менің ізіме түскен шығар. Менің айналамда сонымен қатар адамдар да бар, бірақ мен ешкімді тани алар емеспін. Ешкіммен сӛйлескім келмейді. Қара түсті адам маған жауап бермейді, мен оның кім екенін бірнеше рет сұрадым. Мені алып келген жер (аурухана) маған таныс емес, бірақ ӛзім ӛскен менің анамның үйіне ұқсайды. Ол жерде кӛп адам болатын. Мен бӛлменің ішінде құбыжықтардан қашып жүремін. Олар маған жан –жақтан жақындап келеді. Менің кӛз алдымда қара түсті адамның сұлбасы кӛрінеді.
Келісім: сізді 7-ші қалалық аурухананың қабылдау бӛлімшесіне жедел жәрдеммен, жатақханада бірге тұратын құрбыңыздың ертуімен жеткізді. Алайда сіз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды түсіне алмайсыз, себебі сіз ӛз күйзелістеріңізді бастан кешудесіз. Сіздің ізіңізге бір қара сұлба, құбыжық түсуде, сол себепті сіз қатты қорқудасыз, ӛзіңізді мазасыз ұстайсыз. Айналаңызда болып жатқан оқиғаларға концентрацияның ӛте аз: дәріер қарап тексеруі. Сізбен сӛйлесіп жатқан адамның кім екенін түсінбейсіз. Ӛз құрбыңызды танымайсыз. Сіздің ізіңізге түсушілерден құтылғыңыз келеді. Ӛз жағдайыңызды сырқат деп қабылдамайсыз. Ӛзіңіз жайлы толығымен саумын, тек жӛтел ғана бар екендігін айтасыз.
