Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОСКЭ ГА каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.88 Кб
Скачать

Интерн-терапевттің Мемлекеттік аттестацияға арналған«Ішкі аурулар» бойынша объективтік құрылымдық клиникалық емтиханның аттестациялық парағы

Шифр____________Аты-жөні____________________________________

Топ _________________ Күні __________________________________

Бекет №

Бекеттердің аты

Макс балл

Тәуелсіз емтихан қабылдаушының қолы

1.

Тыныс жолдарының жіті өтімсіздігімен анафилактикалық шоктың диагностикасы және емі, коникотомияны жүргізу техникасы

2.

Жүрек ақаулары немесе жүрек ритмінің бұзылыстарындағы жүректің пальпациясы, аускультациясы

3.

Кенеттен жүрек өлімі кезіндегі көмек (өкпе-жүрек реанимациясы)

4.

Кардиогенді шоктың диагностикасы және емі (дефибриляция)

5.

Жіті коронарлы синдромын диагностикалау және емдеу алгоритмі (ЭКГ тіркеу)

6.

ЭКГ талдау

7.

Клиникалық жағдайды шешу

8.

Қант диабетінің диагностикасы (глюкозометрия)

9.

Бронхтык демікпе ұстамасының емі

10.

Бронхообструктивті синдромінің диагностикасы

Максимальдық балл-10.

9-10- «өте жақсы» 90-100 балл- өте жақсы Баллдар жиынтығы________

7-8- «жақсы» 75-89 балл- жақсы Жалпы бағасы_____________

4-6- «қанағаттанарлық» 60-74 балл- қанағаттанарлық

0-59 балл- қанағаттанарсыз

Интерн-терапевттердің балл-рейтингтікжүйесінің білім бағасы

Әріптік жүйесі бойынша баға

Баллдың сандық эквиваленті

Баллдың %-құрамы

Дәстүрлі жүйесі бойынша баға

А

4,0

57-60

Өте жақсы

А-

3,67

54-56

B+

3,33

51-53

Жақсы

B

3,0

48-50

B-

2,67

45-47

C+

2,33

42-44

Қанағаттанарлық

C

2,0

39-41

C-

1,67

36-38

D+

1,33

33-35

D

1,0

30-32

F

0

0-29

Қанағаттансыз

Бекет 1. Тыныс жолдарының жіті өтімсіздігімен анафилактикалық шоктың диагностикасы және емі, коникотомияны жүргізу техникасы (емтихан тапсырушыға арналған).

45 жастағы М. атты науқас қабылдау бөліміне ес-түссіз жеткізілді. Туысқанының айтуынша, пенициллинді бұлшық етке енгізгеннен 10 минуттан кейін жағдайы нашарлаған. Күрт әлсіздік, терісі бозарып, жөтел, дауысы қарлығып, ауа жетіспеушілік пайда болған, ал сонан кейін есін жоғалтқан. Науқастың жағдайына байланысты анамнезін, соның ішінде аллергологиялық анамнезді жинау мүмкін емес.Қараған кезде: жағдайы өте ауыр, ес-түссіз, тері жамылғылары айқын бозарған, тыныс алуы қиындаған (тұншығу), экспираторлық ентігу, цианоз.Артериалдық қан қысымыкүрт төмендеген:САҚ 40 ммс.б.б. шамасында, ДАҚ 0 ммс.б.б.. Тамыр соғысы дұрыс емес, жіңішкерген.Сіздің тактикаңыз.

Максимальдық балл – 10

Максимальдық уақыт – 10 мин

Қадамдық әрекеттер

Өте жақсы

Жақсы

Қанағат

Қанағат-сыз

1.

Науқастың шұғыл жағдайын анықтаңыз. Алғашқы диагнозды құрастырып және негіздеңіз (Пенициллинді парентералды енгізгеннен болған анафилактикалық шок, асфиксиялық варианты, IV ауырлық дәрежесі). Анафилактикалық шоктың осы ауырлық дәрежесіне тән белгілерді атап шығыңыз (жағдайы өте ауыр, ес-түссіз, тері жамылғылары айқын бозарған, тыныс алуы қиындаған (тұншығу), экспираторлық ентігу, цианоз.Артериалдық қан қысымыкүрт төмендеген:САҚ 40 ммс.б.б. шамасында, ДАҚ 0 ммс.б.б.. Тамыр соғысы дұрыс емес, жіңішкерген).

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

2.

Қажетті емдік (шокқа қарсы) іс-шараларды құрастырыңыз

Тамырды тарылтатын терапия: 

• 1 мл 0,1% адреналин гидрохлорид ерітіндісін 10 мл 0,9% натрий хлоридіне ерітіп 5-10 минут бойы, бөлшектеп, к/т енгізу (таңдаулы препарат болып табылады); Гормоналдық терапия: алғашқы мөлшері:

• преднизолон 90-120 мг к/т енгізу;

Инфузиондық терапия (гиповолемияны жою мақсатымен) (коллоидтық және кристаллоидтық ерітінділер):

• декстран, орташа молекулярлық салмағы 35000-45000 Дальтон;

• 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі, 1-2 литр (алғашқы 5-10 минут 5-10 мл/кг).

Бронхолитикалық терапия Таңдау препараты:

• клемастин 0,1%-2 мл (2 мг), көктамырға немесе бұлшық етке;

Адреналинді енгізсе де бронхообструктивті синдром басылмаса:

• аминофиллин

- көктамырға 2,4% ерітіндіні 5-6 мг/кг 20 минут бойы жәй енгізу; - көктамырға тамшылатып сағатына 0,2-0,9 мг/кг енгізу (брохоспазм жойылғанша).

Кислородотерапия - ылғалды оттегі ( SpO2 бақылауымен);

АҚ, тамыр соғысын, тыныс алу жиілігін бақылау.

1,2-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

3.

Егер тыныс алуы күрт тоқтап қалса хирургиялық араласу:

• коникотомия (қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектердің арасындағы пердені шұғыл кесу) жүргізіңіз. Қажетті аспаптарды дайындаңыз: бір рет қолданылатын қолғап; 70% спирт ерітіндісі; Труссо кеңейткіші; трахеостомиялық канюля (коникотомиялық түтік); скальпель; қайшылар; таңғыш (орташа); медициналықмақта; лейкопластырь; фонендоскоп.

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

4.

Стерильді қолғаптарды кию техникасын сақтап киіңіз:

  • стерильді қаптағы қолғаптарды алып, қапты ашыңыз;

  • оң қолға арналған қолғапты алып, саусақтары ішкі жағына тиіп кетпес үшін сырт жағынан ұстаңыз;

  • оң қолының саусақтарын жинап қолғапқа енгізіңіз, саусақтарын ұштарына жеткізіңіз;

  • сол қолға арналған қолғапты, қолғап киілген оң қолының екінші, үшінші және төртінші саусақтарымен ішкі жағына тиіп кетпес үшін сырт жағынан ұстаңыз;

  • сол қолының саусақтарын жинап қолғапқа енгізіңіз, саусақтарын ұштарына жеткізіңіз.

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

5.

Науқасты горизонталды жатқызыңыз, жауырнның астынавалик қойыңыз басын барынша артқа шалқайтыңыз

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

6.

Мойынның алдыңғы бетін 70% спирт ерітіндісімен сүрттіп және қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектердің арасындағы коникалық байлам-пердені сипаңыз, себебі оның үстіңгі жағынан теріні кесу керек.Ол үшін қалқанша шеміршегін сипап (ер адамдарда – «адамов алмасы»), саусағын орта сызық бойымен төмен сырғытыңыз.Келесі шығыңқы жері – неке сақинасына ұқсас жүзіктәрізді шеміршек.

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

7.

Бір қолының саусақтарымен трахеяның артқы қабырғасын тесіп алмау үшін скальпельдің өткір қырынан екі сантиметр жоғары ұстап, мойынның ортаңғы сызығының бойымен тері және тері асты май қабатын көлдеңен кесіңіз (1см). Коникалық байламмен жабылған қалқанша және жүзіктәрізді шеміршектердің арасындағы шұңқырды сипалаңыз және скальпельдің ұшымен оны кесіңіз.

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

8

Труссо кеңейткішімен жара шеттерін ашып, трахеостомиялық канюляны енгізіңіз. Канюляның орналасуын бағалаңыз. Канюляның тұрақты орналасуы іс-шараның дұрыс жүргізілгенін дәлелдейді.

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

9

Өкпелердің дұрыс вентиляциясын бағалаңызТыныс алу қозғалыстары кезінде ауаның ысқырықты кіріп және шығуы іс-шараның дұрыс жүргізілгенін дәлелдейді, муляжда – «бос кеңістік» сезімі. Канюляны бекітіңіз. Асептикалық таңғышпен таңдаңыз.

1,1-1,0

0,98-0,83

0,82-0,55

0,54-0

Итого:

10-9

8,9-7,5

7,4-5

4,9-0