- •«Жалпы медицина» - 5в130100 мамандығы бойынша Мемлекеттік емтиханға арналған объективтік құрылымдық клиникалық емтиханын жүргізу әдісі Әдістемелік ұсыныс Шымкент, 2017 ж
- •Бекеттер мен дағдылар тізімі
- •Интерн-терапевттің Мемлекеттік аттестацияға арналған«Ішкі аурулар» бойынша объективтік құрылымдық клиникалық емтиханның аттестациялық парағы
- •Интерн-терапевттердің балл-рейтингтікжүйесінің білім бағасы
- •Бекет 2. Жүрек ақаулары немесе жүрек ритмінің бұзылыстарындағы жүректің пальпациясы, аускультациясы(емтихан тапсырушыға арналған).
- •Әдебиеттер:
|
|
Терапиялық пәндер кафедрасы |
044/51-18-( ) 64 беттің |
051301-«Терапия» мамандығы бойынша Мемлекеттік емтиханға арналған объективтік құрылымдық клиникалық емтиханын жүргізу әдісі |
|
БЕКІТЕМІН
Оқу-әдістемелік ісі жөніндегі
проректор м.ғ.д., Анартаева М.Ұ.
__________________________
« ____»_________ 2017 ж.
«Жалпы медицина» - 5в130100 мамандығы бойынша Мемлекеттік емтиханға арналған объективтік құрылымдық клиникалық емтиханын жүргізу әдісі Әдістемелік ұсыныс Шымкент, 2017 ж
Әдістемелік ұсыныс кафедра мәжілісінде талқыланған
Хаттама № ________ «____» _______2017 ж.
Каф. меңгерушісі, проф.м.а. _________________ Туртаева А.Е.
Клиникалық пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясымен мақұлданған
Хаттама № ______ «____» ________2017 ж.
ЦӘК төрайымы, доцент ____________________ Сейдахметова А.А.
Мемлекеттік қорытынды аттестациясының әдістемелік ұсынысыинтернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру бөлімінің Кеңесі мәжілісінде талқыланды
« ___ » ________ 2017ж., Хаттама № ____
Төрағасы, м.ғ.к., доцент __________________________ Б .Қ.Досыбаев
ОҚМФА Әдістемелік кеңесімен бекітілді
Протокол № ______ «___»________ 2017 г.
Төрайымы, м.ғ.д. ___________________________ М.У.Анартаева
Кіріспе
Әлемдік деңгейде дәрігерлердің компетентілігі объективті құрылымдық клиникасың емтиханмен бағаланады – ол инновациялық әдіспен, жоғары дәрежелі сенімділік пен қолайлық. Осы мамандыққа сәйкес жиі кездесетін паталогия бойынша ОҚКЕ өткізіледі.
Диплом алған дәрігерлер медициналық жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін он айлық интернатураны өтеді. Оқу соңында жылдық аттестация тапсырады. Аттестация кезінде дәрігер-интерн-терапевттердің тәжірибелік дағдыларының деңгейін объективті қурылымдық клиникалық емтиханның нәтижелерінен бағалайды. Аттестация ОҚКЕ технологиясы бойынша 10 бекетте өткізіледі:
бірінші бекет – Тыныс жолдарының жіті өтімсіздігімен анафилактикалық шоктың диагностикасы және емі, коникотомияны жүргізу техникасы;
екінші бекет – Жүрек ақаулары немесе жүрек ритмінің бұзылыстарындағы жүректің пальпациясы, аускультациясы;
үшінші бекет – Кенеттен жүрек өлімі кезіндегі көмек (өкпе-жүрек реанимациясы);
төртінші бекет – Кардиогенді шоктың диагностикасы және емі (дефибриляция);
бесінші бекет – Жіті коронарлы синдромын диагностикалау және емдеу алгоритмі (ЭКГ тіркеу);
алтыншы бекет – ЭКГ талдау ;
жетінші бекет – Клиникалық жағдайды шешу;
сегізінші бекет – Қант диабетінің диагностикасы (глюкозометрия);
тоғызыншы бекет – Бронхтык демікпе ұстамасының емі;
оныншы бекет - Бронхообструктивті синдромінің диагностикасы.
Дәрігер-интерн-терапевт келесі құралдар мен муляждарда тәжірибелік дағдыларын көрсету керек ол: К-plus, өкпе аускультациясына - торс, дефибриллятор, ларингоскоп, ЭКГ (аксион аппарат), глюкозометр, пикфлуометр, небулайзер.
ОҚКЕ кезінде әр бекетте орындалатын қызмет нақты және әрқадамдық әрекеттері жазылған.
Әр бекет максималды 10 баллмен бағаланып, 10 минут аралықтарында жүргізіледі.
Емтихан тапсырушының манипуляцияларды өткізу қабілетіне байланысты 0 ден 3-ке дейінгі баллмен бағаланады.
Мақсаты: ОҚКЕ технологиясы бойынша тәжірибелік дағдыларды бағалау және жетекшілік ету.
