Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лабораторная работа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.78 Mб
Скачать

Жұмыстың орындалу тәртібі мен мазмұны:

ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

Ауа саңылауындағы интерференция. Қалыңдығы бірдей жолақтар. Екі жазық параллель пластинка арасындағы жұқа ауа қабатынан өтетін толқын ұзындығы монохроматты жазықтық интерференциясын бақылау кезінде (1 сурет), 0 және 0 интерференцияланатын сәулелердің оптикалық жол айырмы мынадай:

,

мұндағы, d-қабаттың қалыңдығы, n-пластинканың сыну көрсеткіші, -шыны-ауа шекарасындағы сәулелердің түсу бұрышы, 1 - сыну бұрышы. қосымша жол айырымы С және Д нүктелерінде оптикалық тығыздығы көбірек ортадан шағылулардан шығады.

(Брюстер бұрышынан кіші бұрыштар кезінде әрбір шағылуда толқын фазасының -ге өзгеруі салдарынан ығысу болады)

(2)

. (3)

(2) мен (3)-ті (1)-ге қойсақ және Снеллиус заңын ескерсек, мынаны аламыз:

. (4)

Саңылаудың екі бетінен шағылған когеренттік толқындардан пайда болған интерференциялық бейнесі үшін максимумдар мен минимумдар шарты:

, (5)

мұндағы , m-бүтін сан минимумдар үшін және максимумдар үшін.

Егер монохроматты жарық шоғының енінде d-саңылау қалыңдығы әр түрлі жерлерде бірдей болса, онда өтетін жарықта пластина бетінде қараңғы және жарық интерференциялық жолақтарды бақылауға болады. Бұл жолақтар әрқайсысы d-мәні бірдей нүктеден өтетіндіктен бірдей қалыңдықтағы жолақтар деп аталады.

Ескерту: Осындай жолақтарды шағылған жарықта бақылауға болады. Ақ жарықта бірдей қалыңдықтағы түрлі-түсті интерференциялық жолақтар жүйесі бақыланады.

Мөлдір сынадағы интерференция кезінде қалыңдығы бірдей жолақтар сына қырына параллель болады. Интерференциялық жолақтар ені В (екі көрші минимумдар мен максимумдардың ара қашықтығы түсу бұрышы нольге жақын болған кезде ( ) мынадай болады:

, (6)

мұндағы -сынаның төбесіндегі бұрыш .

2-сурет

Интерференциялық объектінің қондырғысы 2-суретте көрсетілген. Объект 1 және 2 екі шыны пластинкадан тұрады, олар 3 және 4 оправалар көмегімен бір-біріне жапсырылған. Пластинканың түйісетін беттерінде шағылдыратын жартылай мөлдір жабумен тозаңдатылған, бұл бақылайтын интерференцияның анықтығын арттырады. Оправалар 6 үш винттен 5 оправаға тығыздалады. Ауа сынасы оправалардың бір-біріне бір қалыпты емес тығыздалуы кезінде пайда болады (2 винт босату болуы керек).

3-сурет

1 жартылай өткізгішті лазер шығаратын сәулелер шоғы 2 саңылауы бар экрандағы магнит оправада бекітілген 2 микрообъектив көмегімен кеңейтіледі, және 4 интерференциялық объектіні жарықтандырады. Интерференция бейнесі объектіден 500 м қашықтықтағы 5 экранда бақыланады. Бұл жағдайда экранның орталық зонасына жиналған өлшемі 20-30мм жолақтар үшін интерференцияланатын сәулелер шашырауы 3-40-ты құрайды, демек, оны ескермей, жоғарыда келтірілген модельдерді пайдалануға болады. Экранды интерференциялық жолақ ені В' экрандағы масштабты тор көмегімен мм-мен өлшенеді. Қажетті жағдайда объектіден экранға дейін қашықтықтағы объектіден экранға дейін 2 есе арттыруға болады, ол үшін 5 экран онына 5' айна (4-сурет) орналастырып, интерференциялық жолақты 3 саңылауы бар экранда бақылау қажет. Саңылауда жинақталған В интерференциялық жолақ периодын мына формуламен есептеу қажет.

, (7)

L-объектіден экранға дейінгі қашықтық (4-суретті қараңыз): L=484 мм немесе L=484+584=1068 мм, жиналған сызбаға байланысты, -объективтен кейінгі сәуленің бұрыштық шашырауы РМЗ-те қолданатын объектив үшін =3,40.

4 - сурет