- •Негіздері»
- •Тақырыбы:«Медициналық ұйымдарда емдеу қорғау тәртібін ұйымдастыру»
- •Тақырыбы:«Ауруханаішілік инфекция мәселелері және инфекциялық бақылау»
- •Тақырыбы: «Қалдық кластары»
- •Тақырыбы: «Дезинфекция»
- •Тақырыбы: «Ауыр халдегі науқастар күтімі»
- •Тақырыбы: «Қарапайым физиотерапия»
- •Тақырыбы: «Науқастың функционалдық жағдайын бағалау»
- •Тақырыбы: «Дәрілік заттарды енгізу жолдары»
- •Тақырыбы: «Дәрілік заттарды парентеральды енгізу әдістері»
- •Тақырыбы: «Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және жүзеге асыру»
- •Тақырыбы: «Тыныс алу жүйелері қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс»
- •Тақырыбы:«Жүрек қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс»
- •Тақырыбы: «Асқорыту жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс».
- •Тақырыбы: «Несеп шығару жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс»
- •Тақырыбы: «Ауыр халдегі және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау. Клиникалық өлім кезінде жасалатын реанимациялық шаралар»
- •Барлығы: 500 сұрақ
Тақырыбы: «Қалдық кластары»
1. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 127 бұйрығына сәйкес, медициналық қалдықтар қауіптілік деңгейіне қарай қанша сыныпқа бөлінеді:
а) 5
б) 2
в) 7
г) 3
2. Денсаулық сақтау объектілері денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қалдықтарға байланысты нені қамтамасыз етеді:
а) қалдықтарды аймақтағы контейнерлерде(А сыныбы) және арнайы бөлінген үй-жайларда (В, Б,Г,Д сыныптарда)уақытша сақтауды
б) контейнерлерді залалсыздандыру немесе қалдықтарды жоюды
в) қалдықтарды жинау және залалсыздандыруды
г) барлық жауаптары дұрыс
3. Медициналық қалдықтарды жинау үшін нені пайдаланады?
а) су өтпейтін қорап қаптар, пакеттерді
б) жинауға және қауіпсіз кәдеге жаратуға арналғанконтейнер (ЖҚКЖК)
в) металл және пластикалық сыйымдылықтарды
г) барлық жауаптары дұрыс
4. Қауіпсіз кәдеге жарайтын қораптардың көлемі қалай толтыруы керек?
а) 1/3 бөлігі
б) 1/2 бөлігі
в) 2/2 бөлігі
г) 2/3 бөлігі
5. Қауіпсіз кәдеге жарайтын қораптардың бөлімде сақталу мерзімі:
а) толтырылып, бірден шығарылады
б) 1 сағаттан артық емес
в) 1 тәуліктен артық емес
г) 3 тәуліктен артық емес
6. Б сыныбының қалдықтары жиналатын контейнер түсі:
а) сары
б) ақ
в) қызыл
г) қара
7. Б сыныбының қалдықтары қолданыстан кейін:
а) жойылады (утилизация)
б) зарарсыздандыруға жатпайды
в) залалсыздандырылады
г) зарарсыздандырылады
8. Медициналық ұйымдардағы Г сыныбының қалдықтарына жатады:
а) қолданылған люминисцеттік шамдар, құрамында сыныбы аспаптар және құрал-жабдықтар
б) рентген кабинетінің қалдықтары
в) сынған термометрлер
г) рентген пленкалары
9. А, Б және В сыныбының қалдықтары пайда болған орнында қанша уақыт сақталады?
а) 12 сағат
б) 3 тәуліктен кем емес
в) 1 тәуліктен асырылмай
г) 7 күн
10. Бір рет қолданылатын медициналық аспаптар қолданыстан соң жойылады:
а) барлық бөліктерін бөлшектеп болғаннан кейін
б) зарарсыздандырылғаннан кейін
в) бөлшектелмей және зарарсыздандырылмай
г) залалсыздандырып болғаннан кейін
11. А сыныбының қалдықтары қауіпсіз кәдеге жарайтын қораптарға жіберіледі:
а) полиэтиленді қапта
б) ашық күйінде
в) мұқият жабылған күйде
г) мата қапта
Тақырыбы: «Дезинфекция»
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің № 48 бұйрығымен бекітілген «Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары жөніндегі каулысы қашан қабылданды?
а) 27 қаңтар 2015 жыл
б)5 қаңтар 2011 жыл
в) 3 шілде 2012 жыл
г) 15 қаңтар 2013 жыл
2. Зарарсыздандыру (дезинфекция) дегеніміз:
а) кеміргіштермен күресу шаралар кешені
б) микроорганизмдерді ұрықтарымен жою шаралар кешені
в) буынаяқтыларды жою шаралар кешені
г) инфекциялық және паразиттік аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені
3. Химиялық зарарсыздандыру әдісіне жатады:
а) зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану
б) тікелей күн сәулесін қолдану
в) булау әдісін қолдану
г) қайнату әдісін қолдану
4. Физикалық зарарсыздандыру әдісі:
а) жуу
б) зарарсыздандыру ерітінділерін қолдану
в) булау
г) шаң сүрту
5. Мейірбике ағзасына дезинфекциялық заттар қандай жолмен әсер етуі мүмкін?
а) тыныс алу жолымен
б) шырышты қабықтармен
в) тері жамылғысымен
г) барлық жауаптары дұрыс
6. Дезинфекциялық препараттармен жұмыс істегенде қажетті қорғаушы киімдер:
а) халат, қалпақ, бетперде (респиратор)
б) алжапқыш (фартук)
в) қолғап, көзілдірік
г) барлық жауаптары дұрыс
7. Теріге дезинфекциялық ерітінді тиген кезде немен жуылады?
а) ағынды сумен
б) 1% хлораминмен
в) 3% сутегі асқын тотығымен
г) калий перманганат ерітіндісімен
8. Зарарсыздандырудың түрлері:
а) ошақты, алдын алу
б) барлық жауаптары дұрыс
в) қорытынды
г) күнделікті
9.Күнделікті зарарсыздандырудың тәсілдеріне жатады:
а) механикалық, биологиялық
б) физикалық
в) химиялық
г) барлық жауаптары дұрыс
10. Кеміргіштерді жою жөніндегі іс-шаралар кешені:
а) дератизация
б) дезинсекция
в) дезинфекция
г)стерилизация
12. Жәндіктер мен буынаяқтыларды жоюіс-шаралар кешені:
а) дезинфекция
б) дератизация
в) дезинсекция
г) стерилизация
13. Инфекциялық аурулар ошақтарында ағындағы және қорытынды дезинфекциялау түрінде жүргізілетін дезинфекция:
а) орта деңгейдегі дезинфекция
б) қорытынды дезинфекция
в) алдын алу дезинфекция
г) ошақтық дезинфекция
14. Анықталған инфекция көзі болмаған кезде алдын алу мақсатында жүргізілетін іс-шаралар кешені:
а) алдын алу дезинфекция
б) қорытынды дезинфекция
в) ошақтық дезинфекция
г) орта деңгейдегі дезинфекция
15. Дезинфекцияның әдістері:
а) физикалық
б) химиялық
в) механикалық
г) барлық жауаптары дұрыс
16. Аурухана бөлімшесіндегі палаталар мен медициналық құралдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою не деп аталады?
а) стерилизация
б) дезинфекция
в) асептика
г) антисептика
17. Науқастың төсек жаймаларын (матрац, жастық, көрпе) дезинфекциялау немен жүргізіледі?
а) дезинфекциялық камерамен
б) күнге кептірумен
в) 2% хлорамин ерітіндісінде жуылады
г) кварцтау әдісімен
18. Дезинсекция -
а) зиянды шыбын-шіркейлерді жою
б) инфекцияларды жою
в) буынаяқтыларды жою
г) кеміргіштерді жою
19. Аурухана бөлмесін күніне ылғалды жинау реті:
а) 5 рет
б) 1рет
в) 4 рет
г)2-3 рет
20. Егу бөлмесінде қорытынды тазалау жиілігі:
а) аптасына 1 рет
б) айына 1 рет
в) аптасына 2 рет
г) аптасына 3 рет
21. "Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушысыныңбекіткен санитариялық қағидаларын сақтау үшін қолданылатын бұйрық: а) № 702 бұйрық
б) № 330 бұйрық
в) № 127 бұйрық
г)№ 111 бұйрық
22. Зарарсыздандыру жүргізіледі:
а) транспорт,жиһаз,ыдыстар,іш киім, қолданылатын сулар
б) ойыншықтар, медициналық аспаптар,тамақ қалдықтары
в) санитарлық-техникалық құралдар, қолданылған ыдыстар, төсек жаймалары
г) барлық жауаптары дұрыс
23. Жоғарғы деңгейдегі дезинфекция:
а) барлық патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою
б) буынаяқтыларды жою
в) жәндіктерді жою
г) кеміргіштерді жою
24. Орта деңгейдегі дезинфекция:
а)кеміргіштерді жою
б) барлық патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою
в) жәндіктер мен буынаяқтыларды жою
г) бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды жоятын, бірақ спораларды жоймайтын
дезинфекция түрі
25.Бактерияларды, кейбір саңырауқұлақтарды жоятын, бірақ туберкулез микобактериялары сияқты төзімді бактерияларғы қатысты тиімсіз дезинфекция:
а) төменгі деңгейдегі дезинфекция
б) орта деңгейдегі дезинфекция
в) стерилизация
г) алдын алу дезинфекция
Тақырыбы: «Медициналық құралдарды тазарту кезеңдері. Стерилизация»
1. Залалсыздандыру (стерилизация) дегеніміз -
а) қоздырғыштардың барлық түрін, оның ішінде спораларды физикалық, химиялық, термиялық немесе аралас әдістермен оларға әсер ету арқылы толық жою
б) микроорганизмдерді жартылай жою
в) қоздырғыштардыжартылай жою
г) спораларды жартылай жою
2. Залалсыздандырудың сапасын бақылау үшін:
а) залалсыздандыруға арналған индикатор лентасы қолданылады
б) амидопирин сынамасы қолданылады
в) құрал саймандардан жағынды алады
г) фенолфталеин сынамасы жүргізіледі
3. Автоклавтың залалсыздандыру режимін бақылайды:
а) химиялық (термохимиялық индикаторлар қолдану) әдісімен
б) физикалық аспаптармен
в) физикалық, химиялық тесттермен
г) биологиялық тесттермен
4. Залалсыздандырылған материалдар бөлімшеге қалай жеткізіледі?
а) ашық күйінде
б) жабық көлік контейнерлерінде, арнаулы қаптарда
в) қаптарда
г) бикстерде
5. Орталықтандырылған залалсыздандыру бөлімінде жұмысқа кімдер жіберіледі?
а) кез келген мамандар
б) 18 жасқа толғанадамдар
в) 18 жасқа толған, медициналық тексеріп-қараудан, курстық оқудан өткен адамдар
г) медициналық тексеруден өткен адамдар
6. Құрал – саймандарды стерилизациялау үшін қандай химиялық ерітінді қолданылады?
а) 6% сутегінің асқын тотығы
б) 3% сутегінің асқын тотығы
в) 1:5000 фурациллин ертіндісі
г) 70% спирт ертіндісі
7. 120ºСтемпература, 1,1 атм қысымында автоклавтың жұмыс істеу уақыты:
а) 20 минут
б) 60 минут
в) 45 минут
г) 30 минут
8. 132ºСтемпература, 2 атм қысымында автоклавтың жұмыс істеу уақыты:
а) 30 минут
б) 60 минут
в) 45 минут
г) 20 минут
9. Азопирамды сынаманың қызғылт түске боялуы нені білдіреді?
а) қанның қалдығын
б) жуғыш зат қалдығын
в) тоттануды
г) хлорлы тотықтырғышты
10. Құрал-саймандағы жуғыш зат қалдығы қалай анықталады?
а) амидопирин сынамасымен
б) бактериологиялық анализбен
в) фенолфталеин сынамасымен
г) индикатормен
11. Манипуляциядан кейінгі құрал-саймандарды өңдеудің алғашқы кезеңі:
а) зарарсыздандыру ерітіндісінде шаю
б) ағынды сумен жуу
в) «Биолот» ерітіндісіне салу
г) 1% хлорамин ерітіндісіне салу
12. Азопирамды сынамасын жүргізгеннен соң көк-күлгін түске боялуы нені білдіреді?
а) тұз қалдығын
б) қан қалдығын
в) жуғыш зат қалдығын
г) тоттанудың
13. Құрғақ ауалы шкафта залалсыздандыру (стерилизация) қандай температурада жүргізіледі?
а) 180ºС 60 минут
б) 160ºС 15 минут
в) 132ºС 20 минут
г) 120ºС 25 минут
14. Стерилизацияны бақылау қандай сынаманың көмегімен жүргізіледі?
а) бензидинді сынаманың
б) индикатордың
в) фенолфталеин сынамасының
г) азопирамин сынамасының
15. Ауалық стерилизациядан өткен заттар қорапсыз қанша уақытта қолданылу керек?
а) 3 тәулік ішінде
б) 1 сағат ішінде
в) тез арада
г) 6 тәулік ішінде
16. Бу стерилизатор ішінде резеңкеден жасалынған аспаптардыстерилизациялау тәртібі:
а) 1,1 атм қысымында – 120ºС – 45 мин
б) 2,0 атм қысымында – 180ºС – 45 мин
в) 2,0 атм қысымында – 132ºС – 20 мин
г) 0,5 атм қысымында - 110ºС – 20 мин
17. Залалсыздандырылған барлық аспаптардың қанша пайызын тексереді?
а) 15%
б) 2%
в) 1%
г) 10%
18. Егер залалсыздандырылған фильтрсіз бикс ашылмаған жағдайда, қанша уақыт стерильдігін сақтай алады?
а) 3 тәулікке дейін
б) 7 тәулікке дейін
в) 1 тәулікке дейін
г) 20 сағатқа дейін
19. Егер залалсыздандырылған фильтрлі бикстер ашылмаған жағдайда, қанша уақыт стирильдігін сақтай алады?
а) 7 тәулікке дейін
б) 1 тәулікке дейін
в) 20 тәулікке дейін
г) 3 тәулікке дейін
20. Бикстегі залалсыздандырылған аспаптардың жарамдылық уақыты, егер бикс ашылса?
а) 20 тәулікке дейін
б) 6 сағатқа дейін
в) 3 тәулікке дейін
г) 7 тәулікке дейін
21. Медициналық құрал жабдықтар дезинфекциядан кейін ағынды суда қанша уақыт жуылады?
а) 1 минут
б) 30 секунд
в) 3 минут
г) 5 минут
22. Сабынды судың температурасы қандай болуы керек?
а) 60°С
б) 90°С
в)100°С
г) 20 – 25°С
23. Бикске байланатын заттаңбаға (бирка) не жазылады?
а) стерилизация уақыты
б) жинастыру түрі
в) мейірбикенің қолы
г) барлық жауаптары дұрыс
24. Құрғақ ауалы шкафташыныдан және металдан жасалған аспаптардың залалсыздандыру тәртібі?
а) 180°С – 60 минут
б) 180°С – 120 минут
в) 120°С – 45 минут
г) 160°С – 60 минут
25. Орталық залалсыздандыру бөлімінің құрамына кіреді, тек біреуінен басқасы:
а) залалсыздандырылған аймақ
б) лас аймақ
в) таза аймақ
г) дәрігердің бөлмесі
