- •Тақырыбы: Құрылыс машиналар мен жабдықтарды бағалау
- •Жоспар:
- •Құрылыс машиналар мен жабдықтар бағалауын талдау
- •2. Классификация мен идентификация
- •3. Құрылыс машиналар мен жабдықтардың бағасын анықтау
- •Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •Құрылыс машиналар, механизмдер, құрылғыларын бағалау мақсаты мен құн түрлері
- •Бағалау объектілері ретінде машиналар мен құрылғылар ерекшеліктері
- •Құрылыс машиналар мен құрылғылардың классификациясы мен идентификациясы
- •«Негізгі қордың типтік классификаторындағы» машиналар мен құрылғылар түрлерінің және негізгі топтарының классификация
- •Металл және ағаш өңдеу құрылғыларының классификатор құрылымы
- •Машиналар мен құрылғыларды бағалауға арналған мәліметтер базасы
- •Құрылыс жабдықтар мен машиналар құнын бағалаудың автоматтандырылған жүйесі
- •Базалық станок-аналогты таңдау.
- •Станоктың толық қалпына келтіру құнын анықтау Бағаланатын станоктың негізгі техникалық мінездемелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Машиналар мен құрылғыларды бағалауға арналған мәліметтер базасы
Бұл мамандандырылған мәліметтер базасының негізгі мәні – бағалаушыға машина-аналог жөніндегі барлық ақпараттарды іздеуге тез, әрі жеңіл. Бізге белгілі, аналог міндетті түрде бағаланушы обьектінің функционалдық мәні және классификациясы бірдей болуы қажет (топтасудың бір ұяшығына тап келуі керек).
Машиналардың мәліметтер базасы олардың қандай да бір класы туралы белгілі бір түрде ұйымдасқан ақпараттар жинағы болғандықтан, олардың құрылымы мен мазмұны бұл машиналардың классификациясымен сәйкес келуі тиіс. Машиналар мен құрылғылардың мәліметтер базасының құрылымын жасап шығарудың негізі болып көп жағдайда әдетте тұтынушылық қасиеттері мен бағасын анықтайтын, олардың параметрлері мен мінездемелері жақсы көрініс табатын машинаның салалық классификаторы табылады.
Мысалға станоктар бойынша мәліметтер базасының ұйымдастырылуын қарастырайық. Оның құрылу негізінде ЭНИМС-да жасап шығарылған темір кесетін станоктар классификаторы жатыр. Осы классификаторға сәйкес барлық әмбебап станоктар, оның технологиялық операциялар түрлеріне байланысты 9 топқа бөлінеді. Станоктардың әрбір тобы станоктың қалай қызмет ететінін немесе автоматтандырылу деңгейі мен қолданылатын құралдардың түрлеріне қарай 9 типқа бөлінеді. Сонымен қатар, мәліметтер базасы аналог пен бағаланушы обьектінің барлық мүмкін параметрлік ерекшеліктерін көрсетуі тиіс. Ең алдымен бұл машиналардың тұтынушылық қасиеттерін анықтайтын параметрлер мен мінездемелерге тиісті.
Станоктың тұтынушылық қасиеттері – бұл өңделіп жатқан бұйымдардың көлем диапозоны, нақтылығы немесе өндірістілігі. Берілген станок өңдей алатын бұйымдардың максималды көлемі оның негізгі басты параметрі Р-мен анықталады. Станоктардың әртүрлі типіне байланысты бұл параметр әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы:
токарлық, дөңгелекшлифрвальді станоктар - өңделетін бұйымның максималды өлшемі(диаметр, ұзындық);
сверлильді – өңделетін шеңбердің максималды диаметрі;
жазықшлифовальді, электроаэрозионды, фрезерлік, көпмақсаттық – столдың көлемі (мысалы, ені);
тістіөңдеуші - өңделетін дөңгелектің модульі мен максималды диаметрі;
тартылатын – максималды тартылыс күші;
кесуші – диск т.б. максималды диаметрі.
Станоктың екінші тұтынушылық қасиеті – дәлдік. Оның дәлдік классы Т-мен анықталады. В станогында дәлдіктің 5 классы бар: Н (орташа дәлдік), П (жоғарырақ дәлдік), В (жоғары дәлдік), А ( өте жоғары дәлдік), С (өте дәлдік). Станоктардың дәлдік класстарының әріппен белгіленуі оның салалық кодына қатысты.
Станоктардың үшінші тұтынушылық қасиеті - өндірістілігі - өңдеу уақытымен және көмекші уақытпен анықталады. Өңдеу уақыты станоктың бас приводының элетрқозғауышы қуаттылығына және шпиндельдің айналуының максималды жиілігіне байланысты.
Көмекші уақыт станоктың автоматтану деңгейімен анықталады. Автоматтану деңгейіне қарай станоктарды былай бөлуге болады:
қолмен басқарылатын станоктар;
қатты циклды жартылай автоматтар;
қатты циклды автоматтар;
сандық бағдарламалы басқарылатын (ЧПУ) станоктар;
көпмақсатт қолданылатын станоктар.
Бастапқы үш типі салалық классификация қатарында көрсетілген, соңғы екеуі – станокта кодпен белгіленген арнайы символдары бар ( Ф әріпі мен сан).
Салалық классификаторы бойынша станок моделінің кодтық белгіленуі бағалаушыға көптеген пайдалы ақпараттар береді. Белгілену әріп пен саннан тұрады. Мысалы, 1Е325П, 16А20Ф3, 6В12 т.с.с.
Бірінші сан әрқашан ЭНИМС классификациялық кестесі бойынша топтың нөмірін білдіреді, екінші – станоктың типін. Соңғы екінші немесе үшінші сандар станоктың бірден-бір маңызды көлемін көрсетеді. Бірінші немесе екінші саннан кейінгі әріп, станоктың негізгі базалық моделінің модификациясын көрсетеді. Соңғы әріп дәлдік класын (лоташадан басқасы) немесе ЧПУ жүйесін білдіреді (Ф-1 – Ф-4). Мысалы, 16К20П моделі – токарьлық-винторездік станок (модификациясы К), жоғары дәлдікті (П), өңделетін бұйымның максималды диаметрі 400 мм-лік; 16К20Ф3 – дәлосындай, бірақ ЧПУ жүйелі, орташа дәлдікте. Мәліметтер базасы құрылатын обьектінің классификациясы туралы хабардар болғаннан кейін, енді оны жасап шығау үшін, мысалы кеңінен таралған Microsoft Access бағдарламасын қолдануға болады. Бұл пакеттің құрамына мәліметтер базасын құруға болатын әртүрлі кестелерді тез және тиімді құруға мүмкіндік беретін арнайы бағдарлама кіреді. Жұмыс жасаушы қандай мәліметтерді базаға сақтау керек екендігің нақты анықтауы керек. Мастер бұл мәліметтер туралы кілт сұрақтарын қояды және 90%-ға дейін техникалық өндіру жақтарын қамтамасыз етеді.
Әдетте обьект туралы мәліметтер сақталатын кестелер арасындағы қатынастарға негізделегн реляциондық мәліметтер базасын қолданады.
Кесте жолдары обьект туралы барлық қажетті мағлұматтарды сақтайды, әрбір ақпарат арнайы орын алып тұр. Аталған өндіруге мысал ретінде МГТУ Станкинда құрылған «Темір кесуші станоктар» мәліметтер базасын атап айтуға болады.
Мәліметтер базасы файлын ашқанда компьютердің экранында «Просмотр данных» (Мәліметтерді қарап шығу) терезесі ашылады. Станоктарды идентификациялауға және оның аналогтарын іздеуге мүмкіндік болады. Іздеуді жүзеге асыру оның классификациясы және үлгілері бойынша жүргізіледі.
Мәліметтерді іздеудің бірінші тәсілінде станоктың классияикациясы қолданылады. «Группа», «Подгруппа» және «Тип» менюлерін де қолдануға болады. Егер осыннан сәйкес келетін классификацияны таңдап алатын болсақ, онда қойылған шарттарды қанағаттандыратын базадағы барлық станоктар тізімі пайда болады. Тышқанның пернесін басу арқылы керекті станокты белгілей отырып, төменде орналасқан кестеден барлық қатысты ақпараттарды, сонымен қатар прейскурант туралы немесе станоктарға тән қасиеттеріне байланысты сатылу бағалары туралы ақпараттарды ала аламыз.
Іздеудің екінші тәсілінде алдымен курсорды іздеу жүретін жерге қойып ( станок моделі, аты және т.б), сосын «Найти» (табу) пернесін басамыз. Осы терезенің «Образец поиска» алаңында, мысалға станок моделін енгізуге болады. Одан ары «Первое вхождение», «Поиск далее» пернелерін қолдануға болады.
