- •Тақырыбы: Құрылыс машиналар мен жабдықтарды бағалау
- •Жоспар:
- •Құрылыс машиналар мен жабдықтар бағалауын талдау
- •2. Классификация мен идентификация
- •3. Құрылыс машиналар мен жабдықтардың бағасын анықтау
- •Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiндегi қауiпсiздiк талаптары
- •Құрылыс машиналар, механизмдер, құрылғыларын бағалау мақсаты мен құн түрлері
- •Бағалау объектілері ретінде машиналар мен құрылғылар ерекшеліктері
- •Құрылыс машиналар мен құрылғылардың классификациясы мен идентификациясы
- •«Негізгі қордың типтік классификаторындағы» машиналар мен құрылғылар түрлерінің және негізгі топтарының классификация
- •Металл және ағаш өңдеу құрылғыларының классификатор құрылымы
- •Машиналар мен құрылғыларды бағалауға арналған мәліметтер базасы
- •Құрылыс жабдықтар мен машиналар құнын бағалаудың автоматтандырылған жүйесі
- •Базалық станок-аналогты таңдау.
- •Станоктың толық қалпына келтіру құнын анықтау Бағаланатын станоктың негізгі техникалық мінездемелері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Құрылыс машиналар, механизмдер, құрылғыларын бағалау мақсаты мен құн түрлері
Құрылыс машиналары мен жабдықтарды бағалау мына жағдайда жүргізіледі:
Табиғи, моральдық тозуға ұшырған, қажет емес объектілерді қайта қалпына келтіру кезінде;
Машиналардың ликвидациясы мен утилизациясы;
Несиелеу барысында мүлікті кепілдікке қою;
Мүлікті сақтандыруда;
Мүлікті жалға беру немесе лизинг;
Салықты есептеу үшін;
Инвестициялық жобаны жүзеге асыруда;
Кедендік құнның растауы;
Кәсіпорынның жарғылық капиталына салым салуда;
Кәсіпорын банкротқа ұшыраған кезде және өз жабдықтарын қарызды жабу үшін сатуға қою кезінде;
Серіктестіктің немесе корпорацияның тарап кетуіне байланысты мүлікті (жабдықты) бөлісу кезінде;
Кәсіпорынның активтерін жылдық қайта бағалау кезінде.
Бағалау мақсаты |
Құн түрлері мен оларды анықтау Ерекшеліктері |
Инвестірлеу |
Машиналар, механизмдер, құрылғыларды сатып алу мерзімінің лезде қысқартылуынан нарықтық құнды көтеретін инвестициялық құн есептеледі. Инвестициялық эффективті деп есептеледі, егер түскен құнның кезекті қосындысы жобалауды іске асыру кезіңдегі машиналар, механизмдер, құрылғылардың барлық шығындар құнынан жоғары болады, сондықтан инвестициялық жобалауға енетін жылжымалы мүлік құнын жобалау, құрылғыны жеткізу шығыны, оның монтажы және іске қосу жұмыстары көбінесе нені көтереді сонымен айналысады. |
Утилизациялау |
Егер құрылғы жарамсыздық пен кездейсоқ оқиғалар (авария, өрт, жарылыс және т.б.) салдарынан шекті күйге жеткен болса және оны жөндеудің мақсаты жоқ болса немесе құрылғы өзінің тиімділігін жоғалтқан болса, онда оған сатып алушы табу мүмкін емес, ал оны қайта құрудың мақсаты бар, берілген құрылғы бірлігі талданады, қандай да бір бөлшектері мен түйіндері өздерінің ресурстарын әлі шығармаған құрылғылар басқа машиналарды жөңдеуде қолданылады, құралдар түрінде сатылады немесе екінші рет қолдану табады, бірақ жаңадан құрылғаннан немесе жөнделгеннен кейін. |
Лизинг |
Құрылғының лизингті құны лизингке жазылған арызда, құрылғыны жеткізу тапсырысында, сату – сатып алу келісімдерінде финанстық лизингте көрсетіледі. Лизингтік келісімді рәсімдеуге алынған құрылғының алғашқы құнын бағалайды, өйткені финанстық лизинг объектісі болып тек қана жаңа құрылғы табылады. Лизингтік келісім орындау үрдісінде бағалаушы бөліну немесе келісім мерзімінің аяқталуы, лизинг алушының төлей алмау қабілеттілігі немесе құрылғыны қолдануда үлкен бұзылыстар келтіру, бұзу жағдайында лизингтік құрылғының қалған немесе ликвидациялы құнын анықтай алады. |
Машиналар, механизмдер, құрылғылардың нарықтық құны шығын, салыстырмалы және кіріс бағыттарынан бастап анықталуы мүмкін.
Кіріс бағытын бәсекелестікке сай, тез өтетін және кірістік өнімді өндіру бойынша технологиялық жүлге үшін қолдану мақсатқа лайықты. Машиналар, механизмдер, құрылғылардың құнын анықтау үшін параметрлік әдістері, модельдеу және тең эффектілі аналог әдістері қолданылады. Параметрлік әдісте есептеу айналысында өзгертулер қолданылады, олардың мәні объектінің өзіндік құны мен технико – экономикалық параметрлері мен сипаттамалары арасында тәуелділікті орнатуда жатыр. Негізгі параметрлердің біреуі бойынша құнды есептеу көбінесе үлесті құнды қолданумен жүргізіледі, яғни қандай да бір технико – экономикалық параметр шамасын құнға бөлудің бөлігі.
Құрылыс машиналар мен жабдықтардың құнын бағалау. Құрылыс машиналар мен жабдықтарын бағалаудың ерекшелігі бәрінен бұрын олардың үлкен саны мен әртүрлігімен байланысты. Бағалауда машиналар мен жабдықтардың келесі классификациялық белгілерін көрсетеді:
- материалдар мен өңдеу функциялары бойынша - металл кесетін, ағаш өңдеу құрылғылары;
- түрлері бойынша – технологиялық құрылғылар, тексеретін өлшеу құралдары, есептеу техникасы, ауыл – шаруашылық машиналар және т.б.;
- өңдеу үшін қолданылатын міндеті бойынша, өлшеу өндірісі, сақтау, транспортирлеу;
- специлизация бойынша - әмбебап стандартты, сериялы шығару мен арнайы құрылығы, әмбебап құрылғы базасында шығарылатын, арнайы құрылғы;
- жеке тапсырыстар бойынша – жүктелген, жеткіліксіз жүктелген және құрылғыны интенсивті қолдану;
- күйі бойынша – физикалық немесе моральді ескірген және прогрессивті
