Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Nurlan.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.06 Кб
Скачать

Тақырыбы: Құрылыс машиналар мен жабдықтарды бағалау

Орындаған: Алдабергенов.Н

Тексерген:Абеева.Н.А

Жоспар:

І. КІРІСПЕ

1. Машиналар мен жабдықтарды бағалау.....................................................3

2. Машиналар мен жабдықтар өндiрiсi кезiндегi 

қауiпсiздiк талаптары......................................................................................5

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

  1. Құрылыс машиналар мен жабдықтар бағалауын талдау

1.1. Құрылыс машиналар, механизмдер, құрылғыларын

бағалау мақсаты мен құн түрлері...................................................................7

1.2. Бағалау объектілері ретінде машиналар мен

құрылғылар ерекшеліктері..............................................................................9

2. Классификация мен идентификация

2.1. Құрылыс машиналар мен құрылғылардың

классификациясы мен идентификациясы.....................................................13

2.2. «Негізгі қордың типтік классификаторындағы» машиналар мен құрылғылар түрлерінің және негізгі топтарының классификация.............15

2.3. Металл және ағаш өңдеу құрылғыларының классификатор құрылымы.........................................................................................................16

3. Құрылыс машиналар мен жабдықтардың бағасын анықтау

3.1. Машиналар мен құрылғыларды бағалауға арналған

мәліметтер базасы............................................................................................19

3.2. Құрылыс жабдықтар мен машиналар құнын бағалаудың автоматтандырылған жүйесі..........................................................................21

3.3. Станоктың толық қалпына келтіру құнын анықтау..............................27

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................31

КІРІСПЕ

Жабдықтарды бағалауға әр түрлі жылжымалы мүлікті, станоктан бастап, тұрмыстық құралдарды қосқанда бағалауды жатқызамыз.

Жабдықтардың нарықтық құны әрдайым өзгерісте жүреді. Оның негізгі себебі, техникалық прогресс, нарық коньюктурасы, инновациялық енгізулер. Сондай-ақ, инфляция мен дефляция процестері жабдықтардың нарықтық құнына өз әсерін тигізеді. Бұл факторлар жабдықтар мен машиналарды қазіргі уақытқа сәйкес қайта бағалауды қажет ететінін көрсетеді.

Жабдықтарды бағалау – бағалау қызметіндегі ең көп деңгейлі түрі. Ол өзінің құрамына барлық дерлік жылжымалы мүлік объектілерін кіргізеді: станоктар, құрылғылар, компьютерлер, автомобильдер, технологиялық кешендер, оргтехника және т.б.

Машиналар, механизмдер, құрылғылар ұзақ уақыт көлемінде қолданылатын материалды – заттық қымбаттылықты көрсетеді.(Натуралды түрде еңбек құралдар ретінде)

Олар мекеменің өндірістік және өндірістік емес қорлардың активті негізгі бөлігіне жатады. Өндірістік машиналар, механизмдер, құрылғылар өз кезегінде негізгі өнімде немесе қызмет көрсетуді орындау және көмекші, яғни көмекші және қызмет ету жұмыстарында қолданылатын өндірісте шұғылдану негізінде бөлінеді. Машиналар, механизмдер, құрылғылар қозғалмалы мүлік объектілері ретінде шаруашылық айналымға шығады және олармен әртүрлі амалдар орындалады. Машиналар мен құрылғылар өзгертулерді енгізумен, заттай құқықты тоқтатумен байланысты келісімдер объектілері болуы мүмкін, осылайша бағалау объектісі болады.

Станоктарды, машиналарды, жабдықтарды бағалау – жарғылық капиталға үлес қосу үшін, сондай-ақ берілген жабдықтың тиімділігін анықтау үшін қажет.

Құрылыс және жөндеу құрылғыларын бағалау – бұл да бағалаудың жеке категориясы. Мұнда ертіндіні араластыруға және орнату жабдығын, пневмонагнетательдерді, бетонды жылыту трансформаторларын, ерітіндісорғыштарды, стационарлық бетон сорғыштарын жатқызса болады.

Құрылыс жабдықтарын бағалауға керекті ақпараттар:

  1. Маркасы, үлгісі (модель), қарастырылып отырған объектінің шығарылу сериясы

  2. Шығарушы зауыт

  3. Шығарылған жылы

  4. Техникалық сипаттамасы – эксплуатациялық, өндірістік, эргономикалық, эстетикалық.

Құрылыс жабдықтарын бағалау құнына әсер ететін факторлар:

  1. Құрылыс жабдықтарының функционалдық сипаттамасы – оның өнімділігі, қуаттылығы, жүк көтергіштігі, нақтылық классы.

  2. Эксплуатациялық сипаттамасы – беріктігі, жөнделуге мүмкіндігі.

  3. Конструктивті көрсеткіші – салмағы, материалдың құрамы, жабдық неден жасалғаны.

  4. Үнемділігі – отынның немесе өзге де материалға кететін қажеттіліктердің уақыт бірлігіне немесе жұмысына қарай шығындалуы

  5. Эстетикалық – дизайн, сыртқы түрі

  6. Эргономикалық көрсеткіші – жабдықпен жұмыс жасауының қолайлығы.

Сонымен қатар құрылыс машиналары мен құрылғыларды бағалау талабы заң шығарушылар әрекетімен қарастырылған, заттай құқық өзгерістерімен байланысты емес басқа да себептерден тууы мүмкін. Машиналар, механизмдер, құрылғыларды бағалаудың ұйымдастыру негізі олардың құны мен бағалау үрдісін нақты ұйымдастырумен байланысты. Мұндай бағалауды ұйымдастыру құрамына:

1) Машиналар, механизмдер, құрылғылардың түрлері, модельдері, сипаттамалары және салалық керек – жарақтардың, меншіктің және т.б. конструктивті орындалуы бойынша классификациясы;

2) Бағалаудың негізгі объектілерін анықтау, олар:

а)функционалды өзіндік машиналар, агрегаттар және орнатулар, көлік құралдары;

б) бірнеше өзара байланысты технологиялық машиналар мен көмекші құралдарды біріктіретін технологиялық комплекстер;

в) мекеменің машиналық және станоктар паркі;

3) Бағалау және объектілерінің инвентаризациясы мен идентификациясы.

Инвентарлы объект депберілетін құрылғылар бойынша, ғимарат құрылысының құрамды бөлігі емес, әрбір өзіндік құрылғы; күшті машиналар мен құрылғылар бойынша – керек – жарақ, шектеулер, және де инвентарлы объект жөңделген іргетас кіретін әрбір станок немесе аппарат, олардың құрамына, шектеулер және іргетас кіреді; құралдар мен инвентарь бойынша - өзіндік мақсаты бар және қандай да бір инвентарлы объектінің құрамды бөлігі болмайтын әрбір зат.

4) Машиналар, механизмдер, құрылғылардың түрін, атын, моделін, маркасын, шыққан және эксплуатацияға енген жылы, мекеменің техникалық күшін анықтаумен бірге техникалық экспертизалау. Бұл этапта бағалаушы машиналар мен құрылғылардың сыртын көруді жүргізеді. Сыртқы көріністе объектінің жалпы физикалық күйі, қоршаған орта күйі және жұмыс орны күйі, құрылғының эксплуатациялық дайындығы, эксплуатация интенсивтілігі және нақты өндіріс анықталады.

5) Машиналар, механизмдер, құрылғыларын бағалаудың базистік сипаттамасы мен спецификалық ерекшеліктерінің анализі;

6) Машиналар, механизмдер, құрылғылардың құны туралы есеп дайындау. Машиналар, механизмдер, құрылғыларды бағалаудың методологиялық негізіне нақты методикалық бағыттар, әдістер, принциптер, бағалау этаптары жатады. Мекеменің жылжымалы мүлігін бағалау методикасын таңдау бағалау мақсатын, анықталған құнның түрінен және бағалау объектісінің спецификациясынан тәуелді болады. Машиналар, механизмдер, құрылғыларды бағалау мақсаты олардың құн түрі сияқты әртүрлі болуы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]