- •Дипломға дейінгі тәжірибенің бағдарламасы
- •«Стоматология» мамандығы бойынша дипломға дейінгі тәжірибе кестесі
- •Мазмұны
- •Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасының түсініктемесі
- •II. Дипломға дейінгі тәжірибенің бағдарламасын игеру нәтижелері
- •III. Дипломға дейінгі тәжірибенің құрылымы мен мазмұны
- •IV. Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері Білімгерлердің дипломға дейінгі тәжірибеге рұқсат алу талаптары:
- •V. Аралық аттестаттау нысандары
- •VI. Дипломға дейінгі тәжірибенің өту нәтижелерін бақылау мен бағалау
- •Қосымшалар
- •0304000 «Стоматология» мамандығының ______________________________ тобының білімгері
- •Дипломға дейінгі тәжірибе күнделігі
- •Дифференциалды сынаққа берілетін манипуляциялар тізімі
- •Дипломға дейінгі тәжірибе бойынша есеп
- •«Тіс пен ауыз қуысы ауруларының алдын алу және емдеу» бөлімі бойынша орындалған манипуляциялардың сандық есебі
- •«Тіс хирургиясы және жақ-бет травматологиясы» бөлімі бойынша орындалған манипуляциялардың сандық есебі
- •Алынбалы протез жасау бойынша орындалған манипуляциялардың сандық есебі
- •Алынбайтын протез жасау бойынша орындалған манипуляциялардың сандық есебі
- •Доғалы протез және ортодонтиялық аппараттарды дайындау бойынша орындалған манипуляциялардың сандық есебі
- •Мінездеме
IV. Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері Білімгерлердің дипломға дейінгі тәжірибеге рұқсат алу талаптары:
Дипломға дейінгі тәжірибеге АП.00-АП12 арнайы пәндер бойынша тақырыптарды игерген білімгерлер жіберіледі:
01 АП – Тіс пен ауыз қуысы аурулары кезіндегі физиотерапия
02 АП – Жақ пен тіс ренгенографиясы
03 АП – Тіс патологиясымен жалпы патология негіздері
04 АП – Тіс техникалық материалтану
05 АП – Бюгелді протез дайындау техникасы
06 АП – Ортодонттық конструкцияларды дайындау техникасы
07 АП – Бет-жақ протездерін дайындау техникасы
08 АП – Тіс пен ауыз қуысы ауруларының профилактикасы және емдеу
09 АП – Тіс хирургиясы және жақ-бет травматологиясы
10 АП – Алынатын протез жасау техникасы
11 АП – Алынбайтын протез жасау техникасы
12 АП – Ортопедиялық стоматология мен ортодонтияның негіздері
Тәжірибеге шығар алдында білімгер оқып игерген пәндерге сәйкес:
Істей білуі керек:
жақ-бет аймағы мен ауыз қуысының ағзаларына тексеру жүргізуді;
жақ-бет аймағы мен ауыз қуысы ағзаларының ауруларын анықтап, емдеу жүргізуді;
алынбалы, алынбайтын, доғалы және жақ-бет протездерін, ортодонтиялық конструкцияларды жасауды;
бекітілген медициналық құжаттарды жүргізуді.
Білуі керек:
науқастың ауруының себебін, клиникалық көрінісін, асқыну түрлерін, диагностикалау тәсілдерін, стоматологиялық көмекті көрсету мен ұйымдастыруды;
алынбалы, алынбайтын, доғалы және жақ-бет протездерін, ортодонтиялық конструкцияларды жасаудың клиникалық-зертханалық кезеңдерін;
медицинада пайдаланатын заттарды, инструменттер мен аппаратураларды, құрал-жабдықтарды қолдану ережелерін.
Алдын ала және периодты түрде жүргізілетін қолданыстағы заңнамамен бекітілген медициналық тексеруден ойдағыдай өткен білімгерлер дипломға дейінгі тәжірибеге жіберіледі.
V. Аралық аттестаттау нысандары
Есепті қорғау 6 сағат.
1-кезең: дипломға дейінгі тәжірибенің сандық және жазба есептерін, күнделіктің жүргізілуін экспертті бағалау.
2-кезең: тәжірибелік дағдыларды экспертті бағалау.
VI. Дипломға дейінгі тәжірибенің өту нәтижелерін бақылау мен бағалау
Нәтижелер (игерілген арнайы құзыреттіліктер) |
Нәтижелерді бағалаудың негізгі көрсеткіштері |
Бақылау мен бағалаудың формалары мен тәсілдері |
АҚ-3: ауыз қуысы ауруларының профилакти-касы мен ауыз қуысының гигиенасын сақтау үшін стоматологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі бойынша білім мен дағдыларын білуі тиіс; |
|
- ДТ-де орындалған жұмыстың тәжірибелік іс-қимылын эксперттік бақылау және бағалау; - ДТ-ден мінездеме; - сынақ нәтижесінің бағасы. |
АҚ-4: алынбалы, алынбай-тын және бюгельді протездерді дайындау бойынша білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс; |
|
- ДТ-де орындалған жұмыстың тәжірибелік іс-қимылын эксперттік бақылау және бағалау; - ДТ-ден мінездеме; - сынақ нәтижесінің бағасы. |
АҚ-5: стоматологиялық ұйымдарда медбикелік жұмыс жүйесі бойынша білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс; |
|
- ДТ-де орындалған жұмыстың тәжірибелік іс-қимылын эксперттік бақылау және бағалау; - ДТ-ден мінездеме; - сынақ нәтижесінің бағасы. |
АҚ-6: стоматологиялық ұйымдарда терапиялық, хирургиялық және ортопедиялық салалар бойынша білім мен дағдыларды меңгеруі тиіс;
|
|
- ДТ-де орындалған жұмыстың тәжірибелік іс-қимылын эксперттік бақылау және бағалау; - ДТ-ден мінездеме; - сынақ нәтижесінің бағасы. |
АҚ-7: рецепт жазу, грек-латын тіліндегі терминдер-дің мағынасын түсіндіру, дәрілік заттардың фарма-кокинетикасы мен фарма-кодинамикасының жалпы заңдылықтарын білу. |
|
- ДТ-де орындалған жұмыстың тәжірибелік іс-қимылын эксперттік бақылау және бағалау; - ДТ-ден мінездеме; - сынақ нәтижесінің бағасы. |
