Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа Преддипломной ПП - 4курс, 2017ж. (каз)-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
354.82 Кб
Скачать

ШЖҚ «Талдықорған медицина колледжі» МКК

ГКП на ПХВ «Талдыкорганский медицинский колледж»

САПА ФОРМАСЫ

ФОРМА КАЧЕСТВА

Дипломға дейінгі тәжірибенің жұмыс бағдарламасы

Рабочая программа ПП

F-09-13

Рев. 01 Ревизияның басталу мерзімі 10.04.2015

01.Рев. Дата ввода ревизии 10.04.2015

Бет 1 - 14

Страница 1 из 14

«Келісемін»

Мемлекеттік емтиханның

председателі, ШЖҚ «Облыстық стоматологиялық емхана» МКК

директоры

_____________ Сырғабаев Т.Б.

«_______»_____________2017ж.

«Бекітемін»

Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

________ Кумарова А.Б.

«______»________2017ж.

Дипломға дейінгі тәжірибенің бағдарламасы

Курс - 4

Семестр - 8

Мамандығы 0304000 «Стоматология» 0304023 «Дантист» біліктілігімен

№3 ЦӘК отырысында

қаралып талқыланды

«_____»_______ 2017ж.

№3 ЦӘК төрайымы ____

ПК отырысында

қаралып талқыланды

«_____»________ 2017ж.

ПК төрайымы _________

Құрастырған / Разработал

ТОО «Медеу Консалтинг»

Келісті / Согласовал

Қолы

Подпись

Бекітті / Утвердил

Қолы

Подпись

«Стоматология» мамандығы бойынша дипломға дейінгі тәжірибе кестесі

Пән атаулары

Семестр

Ұзақтығы

1

Алынатын протез жасау техникасы

8

1 апта (36 сағ)

2

Алынбайтын протез жасау техникасы

8

1 апта (36 сағ)

3

Тіс пен ауыз қуысы ауруларының профилактикасы және емдеу

8

2 апта (72 сағ)

4

Тіс хирургиясы және жақ-бет травматологиясы

8

2 апта (72 сағ)

5

Ортодонттық конструкцияларды дайындау техникасы

8

1 апта (36 сағ)

6

Бюгелді протез дайындау техникасы

8

1 апта (36 сағ)

Барлығы:

8 апта

(288 сағ)

Мазмұны

  1. Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасының түсініктемесі ....................……..… 4 бет

  2. Игеру нәтижелері......………………………………………………....………………. 4 бет

  3. Дипломға дейінгі тәжірибенің құрылымы мен мазмұны .........…...………………. 7 бет

  4. Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасын іске асыру мүмкіндіктері……...……. 8 бет

  5. Аралық аттестаттау нысандары (тәжірибе нәтижесі бойынша).................................9 бет

  6. Дипломға дейінгі тәжірибе өту нәтижелерін бақылау мен бағалау........………......9 бет

  7. Қосымшалар………..…………………..……….……………………………………. 10 бет

  1. Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасының түсініктемесі

Мақсаты: мамандық бойынша тәжірибелік дағдылар мен іскерліктерін жетілдіру және қалыптастыру.

Міндеттері:

  • стоматологиялық ұйымдарда медбикелік жұмыс жүйесі бойынша білім мен дағдыны меңгеру;

  • стоматологиялық ұйымдарда терапиялық, хирургиялық және ортопедиялық салалар бойынша білім мен дағдыны меңгеру;

  • тіс аурулары профилактикасы мен ауыз қуысы ауруларына алғашқы стоматологиялық көмекті ұйымдастыра білу;

  • алынбалы, алынбайтын және бюгельді протездерді дайындау бойынша білім мен дағдыны меңгеру;

  • рецепт жазу, грек-латын тіліндегі терминдердің мағынасын түсіндіру, дәрілік заттардың фармококинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын білу.

Дипломға дейінгі тәжірибе бағдарламасын игеруге бөлінген сағат саны - 288 сағат.

Өтетін орны: диплом алды тәжірибені стоматологиялық профилі бар медициналық ұйымдар базасында «Тіс пен ауыз қуысы ауруларының алдын алу және емдеу», «Тіс хирургиясы және жақ-бет травматологиясы», «Алынатын протездерді дайындау техникасы», «Алынбайтын протездерді дайындау техникасы», «Доғалы протез жасау техникасы» және «Ортодонтия конструкциясын дайындау техникасы» пәндерін оқып біткеннен кейін өтеді.

Өту уақыты: Дипломға дейінгі тәжірибені өту уақыты оқу үрдісі мен сабақ кестесіне байланысты анықталады. Жұмыс күнінің ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспайды. Дипломға дейінгі тәжірибе өтуші білімгер тәжірибе өту орнының еңбекті қорғау ережелері мен ішкі еңбек тәртібіне бағынады.

Тәжірибені өту реті: тәжірибені бастамас бұрын білімгерлер қауіпсіздік техникасы бойынша инструктаж өтулері қажет. Тәжірибе өту кезінде білімгерлер өздері науқасты қабылдап, медициналық құжаттарды толтырады, сонымен қатар күнделік арнап, күнделікті жасаған жұмыстарын жазып отырады. Тәжірибе біткеннен кейін білімгерлер әдістемелік жетекшісіне үйренген тәжірибелік машықтары мен іскерліктері бойынша сынақ тапсырады.

Тәжірибенің аяқталуы: тәжірибе аяқталғаннан кейін білімгерлер колледждің оқу бөліміне тәжірибе өткені туралы құжаттамаларды тапсырады:

  • Жолдама;

  • Дипломға дейінгі тәжірибе күнделігі (1-қосымша);

  • Дифференциалды сынаққа берілетін манипуляциялар тізімі (2-қосымша);

  • Дипломға дейінгі тәжірибе бойынша есеп (3-қосымша);

  • Мінездеме (4-қосымша).

Барлық құжаттарға тәжірибе өткен медициналық ұйымның мөрі мен нақты тәжірибе жетекшісінің қолы қойылуы қажет.