Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2-3-4-9.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.74 Кб
Скачать

2 Билет.

1.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары

.Бейнелеу өнерінің әрбір түрі өмірдің сан белесін көрсете отырып дамыды.Бейнелеу өнерінің түрлері шындықты қабылдауымен, көркемдік міндеттерімен, сонымен қатар бейнені сомдағанда қолданылатын материалдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді.

Алдымен, сәулет өнері, мүсін өнері және жанды бейне бейнелеу өнерінің басты үш түрі болып есептеледі. Содан кейін өнердің бір түрі графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түріне айналады.Сонымен қатар сәндік қолданбалы өнер түрі де ерекше сипатта бағыт алды.

Бейнелеу өнері сан ғасырлық даму тарихына байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Олар: живопись, графика, мүсін, сәулет өнері және сәндік-қолданбалы өнер.

Графика сөзі гректің "графо" – жазамын, сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Ал жалпы графика дегеніміз – ақ және қара түстердің негізінде, қатаң сызықтармен салынағн сурет. Ақ түс ретінде қағаз, қара түс ретінде қарандаш, көмір және т,б. Материалдар қолданылады. Сонымен қатар жұмыстың тоүріне қарай түстердің шектеулі түрлерін де пайдаланады. / Плакат, безендіру, дол белгілері т. Б.. /

Графиканы екі түрге бөлуге болады: қағазға тікелей салынған сурет және баспа графика.

Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

Гравюра- тақта, ағаш ,линолиум бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелетін сурет салу өнері

Ксилография – ағаш бетінде орындалған сурет.

Литография – тегіс орындалатын гравюра

Иллюстрация – кітап мазмұнына, ертегілерге арналып салынған сурет.

Живопись- қағаз, тақтай, картон, кенеп бетіне әр түрлі бояумен орындалатын шығарма.

Живопись бейнелеу өнерінің кең дамыған түрі болып саналады.Живопись орындалу тәсіліне, бояу түрлеріне байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

Станокты живопись – белгілі қағазда, картонда, кенепте, тұғыр (станок) үстінде орындалатын живопись

Монументальды живопись – белгілі сарай, ғимараттардың іші- сыртын безендіру үшін қолданылатын живопись. Роспись,мозаика, фреска, т.б.

Минитюралық живопись – кітап мазмұнына байланысты шағын көлемді материалда орындалатын сурет. Негізінен кітап көркемдеуде басты орын алады.

Мүсін, яғни «скульптура» латынша /sculptura/ сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды, шекуді мүсін жасауды білдірген.Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған щығармалар да осы ұғымен білдірген.

Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол,онйһың басты әсерлік құралы аймақтық форма.Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш металл тас сияқты ұзақ сақталатын иатериалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Мүсін жұмыр / оны барлық жағынан қарауға болады/ және бедерлі болып келеді.Жұмыр мүсінде адамды бейнелеи отырып тек маскамен, яғни бетпен,баспен ғана шектеліп қала алады.Басты иықпен бірге кеудеге дейіе мүсіндеу кеуіт болып табылады.Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше деп аталады.Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады.

Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументі –сәндік болып ,-бөлінеді.Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайлада қоюға болады. Монументі-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе саябақтың сәулет композициясының құрамдас бөлігі болып табылады.

Сәулет өнері – үйлер, ғимараттар, көшелерді жобалау және оны жасау өнері.

Сәулет негізі үш түрге бөлінеді.Бірінші-көлемді құрылыстар сәулеті.Бұған тұрғызылған үйлер,қоғамдық орындар жатады.

Екінші түрі- ландшафты сәулет.Ол негізінен демалыс орындарының құрылыстарымен байланысты.Бұған скверлер,сонымен қатар сәнді орындықтар, фонтандары бар саябақтар жатады. Сәулеттің үшінші түрі –қала құрылысы.Бұларға жаңадан қалалар мен ауылдар салу немесе қала аудандарын өзгерту жұмыстары жатады.

Сәндік-қолданбалы өнер – халық тұрмысында кеңінен қолданылатын көп салалы өнер. Әрбір халықтың шығармашылығымен байланысты өнер. Бұл өнер түріне қазақтың ұлттық қолөнері жатады.

6. Бейнелеу өнерінің жанрлары.

Жанр ( француздың Qеnre – түр

немесе тек сөзінен шыққан ) – бұл көркем шығарманы бейнелі композициялық ұйымдастыру формасы болып табылады. Жанрларға бөлу барлық бейнелеу өнері түрлерінде дерлік кездеседі. Бірақ әрқайсысында әр түрлі. Әсіресе жанды бейнеде барлық жанрлар айқын көрінеді деп айтуымызға болады.

Жанр негізінен бейнеленген бейнеге байланысты ажыратылады. Бейнелеу өнері бірнеше жанрларға бөлінеді: пейзаж, натюрморт, портрет, тақырыптық картина, тарихи, батальдық, тұрмыстық анималистік, интерьер. Пейзаж – табиғатты бейнелеу, ол ауылдық, сәулеттік, қалалық, индустриялды, маринистік болуы мүмкін. Натюрморт – заттарды бейнелеу,

ол суреті, тұрмыстық, тақырып бойынша болуы мүмкін. Портрет – адам бейнесі, ол жекеленген немесе топтық болып келеді.

Тақырыптық картина - өмір белестері көрсетілген шығарма. Тарихи, батальдық, тұрмыстық, анималистік, интерьер жанрлары тақырыптық картинаның салалары болып табылады. Батальдық – соғыс көріністерін бейнелейтін шығарма. Француздың ″ батай ″ сөзі шайқас деген мағынаны білдіреді. Анималистік жанр – жануарлардың бейнесі. Бұл латынның ″ анима ″ - жануарлар деген сөзінен шыққан. Ал пейзажға қатысты маринистік жанрда теңіз көріеістері суреттеледі.