- •1 Билет
- •2.Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
- •3.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
- •2 Билет.
- •1.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
- •2.Бейнелеу өнері бойынша мектептегі мектептен және сабақтан тыс жұмыстар
- •1.Сурет салудың сатылары
- •2.Сабақты оқытудың әдістері
- •3.Сәулет өнерінің тарихын оқытудың әдістемесі
1 Билет
1.Бейнелеу өнерін оқыту барысында қолданылатын принциптің бірі-жүйелілік принципі. Бейнелеу өнерін оқыту белгілі бір жүйеге құрылады. Заттардың суретін салудың өзі бірінші — заттың өлшемдерінің қатынастарын айқындау, формаларына талдау, кеңістіктегі орнына сипаттама беру; екінші зат құрлысын қағаз бетінде жобалау, зат құрлысын салу, формасын шығару, кеңістіктегі қалпын көрсету сияқты үлкен екі жүйеден тұрады
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі болашақ мұғалімдерді, оқушыларға көркемдік білім беруге эстетикалық тәрбие беруге және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін қалыптастыруға дайындау мақсатын көздейді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері: бейнелеу өнерін оқыту үрдісі; бейнелеу өнерін оқыту заңдылықтарын ашу; көркемдік білімнің мазмұнын ашу; бейнелеу өнерін оқытудың формаларын айқындау; бейнелеу өнерін оқытудың тиімді әдістерін айқындау; бейнелеу өнерін оқытуды ұйымдастыру жолдарын айқындауды талап етеді.
Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты оқушыларға көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбие беру және олардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту болып табылады. Бейнелеу өнерін оқытудың негізгі категорияларына, бейнелеу өнерін оқыту процесі (үрдісі); оқу үрдісі; оқыту үрдісі; оқыту принциптері; көркемдік білім беру мазмұны, оқытуды ұйымдастыру формалары кіреді. Бейнелеу өнерін оқыту үрдісі осы пән мұғалімнің оқушыларға көркемдік білім мен бейнелеу іскерліктерін, дағдыларын меңгертуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады.
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларға көркемдік білім беріледі. Көркемдік білім берудің мазмұнын бейнелеу өнері негіздерін құрайтын білімдер мен бейнелеу дағдыларының жүйесінен құралады.
Бейнелеу өнерін оқыту принциптері – оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптардан құралады. Олар көрнекілік, ғылымилық, бірізділік, жүйелілік, өмірмен байланыстылық, лайықтылық, саналылық түрлеріне бөлінеді.
Бейнелеу өнерін оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың бейнелеу іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі. Оқыту әдісі арқылы оқушыларды көркемдік біліммен, бейнелеудің іскерліктері мен дағдыларымен қаруландырады. Оқыту әдісі -мұғалім мен оқушы арасындағы танымдық – педагогикалық әрекет болып табылады. Бұл оқушы үшін танымдық — бейнелеу іс-әрекет болса, мұғалім үшін, оқушының көркемдік білімді меңгеруіне басшылық жасау мақсатын көздейтін қызмет. Оқыту әдісі арқылы мұғалім оқушының танымдық практикалық іс-әрекетіне жетекшілік жасайды.
Бұл курс төмендегі міндеттерді тұтады:
· Бастауыш сынып сабақтарында, мектептен тыс және сабақтан тыс жұмыстарда бейнелеу өнеріне оқушыларды үйретудің ғылыми-теориялық негіздерін ашу;
· Бейнелеу өнері сабағында студенттерге бейнелеу өнер негіздері шығарма жұмыстарды эстетикалық қабылдауға үйрету;
· Бейнелеу өнер, оның түрлері мен жанрларымен таныстыру;
· Сурет, кескіндеме, копозиция жұмытарына бейнелі-мәнерлі құралдарды қолдану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру;
· Бейнелеу өнер сабақтарына қажетті оқу-әдістемелік құжаттарды құру мен оларды жасау іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру.
