- •2.Бейнелеу өнері бойынша білім беру мазмұны
- •3.Бейнелеу өнері тарихымен таныстыру сабағының әдістемесі
- •17Билет
- •1.Жазық және аумақты заттардың бетіне ою-өрнек кескіндеу тәсілдері
- •2.Әдістеме курс педагогикалық ғылым ретінде.
- •3.Сабақты ұйымдастырудың формалары
- •1.Пейзаж салу тәсілі
- •2.Бейнелеу өнерінің даму тарихы
- •3.Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
3.Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Бейнелеу өнер сабағы – оқушының тұлғалық қасиетерін дамытуға мәнді құралдың бірі болып табылады. Бейнелеу өнер оқушының қызығушылық қасиетін дамытуға, эстетикалық қажеттілікке тәрбиелеуге , ойлау және шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін дамытуға мүмкіндік жасайды. Тұлғаның күрделі құрылымындағы танымдық-шығармашылық белсенділігін айқындайды.
Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесінің міндеттері:
- Оқушының эстетикалық сезімін дамыту, әсемдікті түсінуге және өнерді сүюге, қызуғышылық қасиетін дамытуға ықпал беру;
- Оқушының алғашқы іскерлігі мен дағдысын бейнелі өнер түрлерін орындауға, әр түрлі жанрдағы бейне кескіндерін жасауға үйрету;
- Сурет салуға шығармашылық қатынастарын, көркемдік талғамын, қабілеттерін дамыту;
- Оқушыларды шығарма туындыларының түрлерімен, оны жазған танымал суретшілердмен таныстыру, сондай – ақ, бейнелеу өнердің даму тарихымен таныстыру.
Бейнелеу өнерін оқушыға үйрету әдістемесінің мақсаты – оқушының көркемдік-шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сезімін дамыту, дүниені бейнелі қабылдауға және жеке қабілеттерін дамыту.
Іс - әрекеттің әдісі – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған тәсіл. Дұрыс әдістерді қолдана отырып белгілеген нәтижеге жетеміз. Ғылым көптеген іс-әрекеттің әдістерін анықтаған. Бірақ, үздіксіз дамып отырған қоғамда мінеттердің күрт өзгеріп отыруы, сол әдістерді де жаңартып отыру қажеттіліктен туады. әрбір оқу пәндеріне арнайы әдістер мен оның әдістемлелері орын алады. Оның қоры да өте жиі өзгеріп те келеді. Ол әр түрлі құралдарды қолдану себеп болып отыр.
Оқытудың әдісі – оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеті.. ол оқытудың міндеттерін шешуге бағытталған. әдістеме мұғалімнің оқушымен жұмыстануын қарастрады. Мұнда оқытудың тәсілдері, оқу материалын дұрыс бөлу, оқытудың мақсаты, міндеттері, принциптері, жалпы оқу процессін қарастарды. Бұлар дидактиканың мәселелері болып табылады. әдістеме дегеніміз оқытудың тиңмді тәсілдер және приемдарының жиынтығы. Оқытудың әдісі дегеніміз оқытушының оқушымен біріккен жұмысындағы тәсілдер арқылы білім алушының оқу материалын жемісті игере, оның оқу үлгерімі артуы болып табылады. Оқытудың приемы дегеніміз оқыту әдісінің жеке элементі, сол элементер оқытудың әдісін құрайды. Олардың жиынтығы белгілі бір жүйе құрайды. Ол жүйе әрбір мұғалімде еркін жасалуы мүмкін. Ол жеке жүйелер оқытудың мақсатына, міндеттеріне, принциптеріне сәйкес тұрғызылуы тиіс.
Әдістеме пеадагогикалық ғылым ретінде оқытудың және тәрбиенің әдістерін жасауға бағыттала, оқу процессінің ережелері мен заңдарын анықтауға, оларды психологиялық, педагогикалық зерттеулердің әдістерімен жасап жаңа оқытудың мазмұнын көрсетеді.
Әдістемедегі ғылыми зерттеудің объектісі – бейнелеу өнерін оқыту процессі болады. Зерттеу предметі ретінде оқытудың мазмұны кіреді. Мақсаты бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері мен заңдылықтарын айқындау болып табылады. Оның міндетері төмендегідей:
- Бейнелеу өнерін оқыту әдістемелерінің заңдылықтарын ашу;
- Озат тәжірибе мен ғылым жетістіктерін қарастыра, олардың бейімді және ұтымды түрлерін қорытындылау;
- Оқытудың жаңа мазмұндарын жасау;
- Бейнелеу өнер сабағына оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
- Мектептегі бейнелеу өнерінің болашағын жорамалдау.
