Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-12-17-20-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.12 Кб
Скачать

1.Пейзаж салу тәсілі

Пейзаж - француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж өнері әр алуан. Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде бар нақты көрінісін бейнелесе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады. Ондай шығармалардың бәрінде де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беруге тырысады.

XVIІ ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрінісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады. Әсіресе XІX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрында көркем шығармалар орындауда зор табысқа жетті. Ф. Васильевтің "Жаңбыр алдында", К. Юонның "Қыс соңы", С. Герасимовтың "Жаз өтті", К. Коровиннің "Көктем", И. Айвазовскийдің "Тоғызыншы балл", т.б. көркем шығармаларында табиғат көрінісінің алуан ерекшеліктері шынайы бейнеленген.

Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Г. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасскийдің "Көктем", Ә. Қастеевтің "Шалкөде жайлауы", Ү. Әжиевтің "Асы жайлауы", Ә. Ысмайыловтың "Хантәңірі", Ж. Шарденовтың "Қыс", т. б. көркем шығармалары Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етті.

Пейзажды салу үшін перспективаның заңдарына тоқталамыз. Перспектива бейнелеу өнерінде кеңістіктегі нәсресенің біздің көру нүсктемізден алыстаған сайын кішіреюімен түсіндіріледі. Бұл – табиғи заңдылық. Яғни күнде өзіміз күнделікті өмірде көріп жүрміз.

Ал бейнелеу кезінде өте ұқыптылықты қажет етеді. Үлкен жол алыстаған сайын жіңішке сызыққа айналады. Үлкен таулардың ағаштан кішірейіп салынған себебі, олар алыста тұр, ал ағаш бергі жағында тұр.

Сурет салу 3 кезеңге бөлінеді.

1 — кезең. Ең әуелі көкжиек сызығын көлденең жүргізген соң, төменгі бөлігі жер беті болып есептеледі. Көз ұшындағы көкжиекпен астасқан ормандарды сызықтармен торлап қарындашпен салу керек. Ал жолды төмендеген сайын кеңейте түсеміз. Жақын тұрған ағаштың бұталары, жапырақтары көрсетілуі қажет.

Қосымша: Адамның бейнесі салынған. Кеңістікте салыстырмалы түрде бері орналасқасын анық, көлемі үлкен болып салынады.

2- кезең. Ағаш бұталардың көлеңкелерін де кеңістікте бейнелеп көрсету керек. Алыстағы көріністердің бояулары сұйық және көмескілеу, кейбір жерлері қоюлау болып боялады.

3 — кезең. Қалған боялмаған көріністерді толығымен бояп, пейзаждың толық көрінісін аяқтаймыз.

2.Бейнелеу өнерінің даму тарихы

Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған. Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар (куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен танымал. Қыш құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. 19 ғ-да француз Б. ө-нде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, Б. ө-нің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. 20 ғ-да адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910—13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды.

Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде “Стиль” және “Баухауз” тобы, Н.Габоның скульптуралық композициясы, О. Цадкин шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы, америкалық абстракты экспроссионизм мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын мүсіншісі Г. Мура, неміс хеппингін қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы И. Ногуги, т.б. танымал болды.

20 ғ-дың 2-жартысы мен соңында Б. ө-нде концептуалдылық, кинотекалық өнер, перформанс өнері, трансаванград ағымы, т.б. пайда болды. Осындай түрлі бағыттар арнасында Д. Джадд, Дан Асаль — Рози, К. Андре, Д. Смит, А. Лоран, Э. Уорхолл, Христо, Д. Боровский, Я. Куосама, А. Кифер, Ф. Клементе, Нам Джун Пэйк және т.б. ірі өнер шеберлерінің шығармалары өмірге келді.