Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-12-17-20-21.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
48.12 Кб
Скачать

2.Әдістеме курс педагогикалық ғылым ретінде.

Әдістеме пеадагогикалық ғылым ретінде оқытудың және тәрбиенің әдістерін жасауға бағыттала, оқу процессінің ережелері мен заңдарын анықтауға, оларды психологиялық, педагогикалық зерттеулердің әдістерімен жасап жаңа оқытудың мазмұнын көрсетеді.

Әдістемедегі ғылыми зерттеудің объектісі – бейнелеу өнерін оқыту процессі болады. Зерттеу предметі ретінде оқытудың мазмұны кіреді. Мақсаты бейнелеу өнерін оқытудың ерекшеліктері мен заңдылықтарын айқындау болып табылады. Оның міндетері төмендегідей:

- Бейнелеу өнерін оқыту әдістемелерінің заңдылықтарын ашу;

- Озат тәжірибе мен ғылым жетістіктерін қарастыра, олардың бейімді және ұтымды түрлерін қорытындылау;

- Оқытудың жаңа мазмұндарын жасау;

- Бейнелеу өнер сабағына оқытудың жаңа технологияларын енгізу;

- Мектептегі бейнелеу өнерінің болашағын жорамалдау.

Бейнелеу өнерін оқытудың әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде практикалық тәжірибелерді қоытындылай келіп, мектептегі бейнелеу өнер сабағына ұтымды әдістерді ұсынады. Ол әдістер сабақтың жағымды нәтижесін беруге ықпал етеді. Оқытудың әдістемесі мұғалімнен эмоциональды, шығармашылық жолдарды талап етеді.

Оқытудың жаңа технологияларын жасауға зерттеу жұмыстарымен жүзеге асады. Ол зерттеу жұмысының әдіснамасына негізделеді. Зерттеудің әдіснамасы зерттеу жұмыстарының әдістер жиынтығынан құралады. Зерттеудің әдістері сол жұмытсрдың логикалық құралымын ұйымдастырады. Сондықтан олар әдіснаманың үлкен бір бөлімі болып отыр. Зерттеу әдістері эмпирикалық және теориялық болып бөлінеді. Бірінші әдістерге: бақылау, сауалнама, тестілеу, мониторинг, эксперимент, тәжірибені қорытындылау, жатса, екінші әдістерге талдау, жинақтау, салыстыру, нақтылау, пайымдау, ұқсастық, индукция, дедукция, моделдеу және т.б. әдістер жатады.

3.Сабақты ұйымдастырудың формалары

Оқытуды жүзеге асыруда білім мен оқытуды ұйымдастыруда оны модернизациялау көзделеді. «Түрлері» деген ұғым латын тілінен аударғанда «fоrmа» сырқы көрініс дегенді білдіреді, сыртқы сызық-белгілі орныққан тәртіп. Философия пәнінде «түрлері» ішкі мазмұнды ұйымдастыру деген ұғыммен анықталады.Яғни «түрлері» ішкі байланысты білдіреді және ұйымдастыру тәсілдері, өзара құбылыс, сыртқы жағдайлармен де сабақтастықта. Былайша айтқанда, оқытудың түрі-оқу материалын меңгерудегі оқушылардың өзара әрекеті. Оқыту түрі: әдіспен, амалдарға, құралдарга оқушылардың іс-әрекетіне тәуелді болады. Педагогтік іс-әрекет бір-бірімен, өзара байланысты ықпалдастық, әсер етушілік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі оқушылармен мұғалімнің қарым-қатынасыі (Чередов И.М.). Оқытудың түрі оқыту үрдісінің құрылымы-мұғалім қызметі: белгілі бір оқу материалын игеру барысындағы оқушының оқу іс-эрекетін басқару жэне оқу тәсілдерін меңгерумен сабақтас. Сабақтың сыртқы көрінісі оку материалының ішкі бөліктерінің басын біріктіріп және дидактикалық категория ретінде оқу үрдісін ұйымдастырудын сыртқы пішінін белгілейді, мұның өзі оқушылардың білім сапасының көрсеткіші мен өтетін уақыты және орны, оның жүзеге асырылу тәртібі секілді жағдайлармен байланысты.

Педагогика тарихында ұлы педагогтардың тұжырымдары және оқуды ұйымдастырудың әртүрлі тәсілдері белгілі. Оның дамып, жетілуі қоғамның қажеттілігі мен сұранысының талап-мүддесіне қатысты. Оқытуды ұйымдастырудың түрлері негізінен былай жіктеледі. Оқушының саны мен құрамы,жұмыс орны, оқу жұмысының ұзақтығы.

Осыған қарап оқытудың түрі былайша бөлінеді:

1.жеке ( бір ғана оқушымен жұмыс істейді);

2.жеке-жұптық ( оқушы – оқушы, мұғалімнің оқушымен қарым- катынасы, қазіргі жағдайда оқушымен қарым-қатынасы жеке оқушының әзірлік үрдісіндегі қызметі мен айқындалады);

3.жеке-топтық топ мектепте жұмыс істейді, бірақ бір мектепте оқытылатын оқушылардың жасы әр шаманы құрайтын топ болады (оқытудың бұл түрі орта ғасыр мектептерінде қолданылған).

4.Өзара бірлесіп оқыту, (аталған оқыту жүйесі Англияда пайда болған, атауы-беланкастер жүйесі);

5.Саралап оқыту, оқытудың бұл түрі оқушылардың қабілетіне карай өтіледі (Мангейм жүйесі);

6.Бригадалық оқыту,тапсырманы бригада алады: бір сыныпта 5-6 оқушы ұйымдасады, есеп беруші-бригадир оқытудың бұл түрі XX ғасырдың 20-жылдарына тән);

7.Американдык «Винетка-жоспар», «Трампа-жоспар» және т.б.

8.Оқытудың микротоптық жүйесі (фронтальді, ұжымдық жұмыс

және т.б.).

рмалары өмірге келді.

20-билет.

1. Натюрморт салуға үйрену бейнелеу өнерінде сауатты сурет салуға бейімделудің алғашқы қадамы болып табылады. Натюрморт дегеніміз жансыз заттар мен бұйымдардан бейнелеу үшін үйлестіріп қойылған көрініс. Натюрмортқа қойылған заттар мен бұйымдар кейде белгілі бір тақырыпқа байланысты іріктеледі. Мысалы, жемістерден, тұрмыстық бұйымдардан т.б. Сондықтан натюрморт салғанда басты нәрселердің өзара дұрыс орналасуын белгілеу керек. Акварельмен жұмыс істегенде ең алдымен салатын заттың өңіне ұқсас бояумен бастаған орынды. Бояу үйлесімділігін мұқият здеп табуды естен шығармау керек

2. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған. Ортағасырлық Үндістан, Индонезия, Қытай, Камбоджа ғибадатханалары, Түркия мен Орта Шығыстың мешіттері еуропалық ғибадатханалардан кем түспейді. Айтылмыш кезеңде МесопатамияИранҮндістанОрта АзияӘзірбайжанТүркияда миниатюра жанры қарқынды дамыды, хұснихат жазу өнері шеберліктің биігіне жетті. Шығыстық миниатюраға нәзік те ашық бояу, ою-өрнектің әсемдігі, өмірлік тәжірибеден туған пайымдаулардың айқындылығы, терең діни-философиялық тұспалдау тән. Түрік миниатюрасының өзіндік стилін Сефи, Жәми, Нақши Ахмед, Мұстафа Шелеби секілді шеберлер қалыптастырды. Классикалық жапон гравюра өнерінің майталман шеберлері — Китагава Утамаро, Кацусика Хокусай, Андо Хиросигэ, Сидзуки Харунобу және басқалар.Қазақстанның көрнекті суретшілері. Ә. Қастеевтің өмірі мен шығармалары. А. Ғалымбаеваның өмірі мен шығармалары.Қ. Телжановтың өмірі мен шығармалары.Ә.Қастеевтің өмірі мен шығармалары.Ол 1924 жылы Жаркент қаласының жанындағы ауылда шаруа отбасында дүниеге келді. Ә. Қастеев әкесінен жастай қалып, іні қарындастарын өсіруге апасына көмек көрсетті. Ә. Қастеевтің апасы бау, басқұр тоқитын шебер адам болған. Қастеевтің суретші болуына және халықтың сәндік қол өнеріне қызығуына өзінің туған апасының ықпалы зор болды. Ә, Қастеевтің таланты Қазан революциясынан кейін бағаланып, ол Алматы қаласына суретші Н. Т. Хлудовтың шеберханасына оқуға жіберілді. Шығармалары;«Топтық портрет», «Көгілдір киім киген қыз», «Тігінші», «Тоқымашы», «Қарындас портреті», «Автопортрет» «Тау пейзажы», «Медеу келбеті», «Бие сауу», «Құдықтың басындағы бай мен жарлы», «Қалың малға сатылған қыз», «Шөп шабу», «Колхоздың сүт фермасы», «Колхоз тойы», «Колхоз қырманы». т. бАйша Ғалымбаеваның өмірі мен шығармалары.Айша Ғалымбаева 1917 жылы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Ол 1943 жылы Алматы көркемсурет училищесін, онан соң 1949 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік киноматография институтының көркемдік - сәндік бөлімін бітірді.

3. Бейнелеу өнері – жалпы өнердің бір бөлігі. Негізінде жалпы өнер атаулыға ауыз әдебиеті мен көркем әдебиетті, ән – күйді, театр мен киноны, бейнелеу өнері мен сәулет өнерін, тағы басқа өнер түрлерін жатқызамыз.Өнердің өзіне тән ерекшелігі - өмір шындығына байланысты адамның эстетикалық қарым – қатынасын анықтау. Өнер үшін ең басты мақсат – дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеу болып табылады. Өмір шындығын бейнелеген әр алуан өнеріміз адамдардың әсемдік сезімдерін оятып, көркемдік заңдылықтар арқылы өнер туындыларын жасайды.Біздің қабылдауымызға байланысты өнердің осы аталған түрлерін үш негізгі топқа бөлуге болады. Олар:-белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көзбен көріп, құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрлері. Оларға театр, кино, цирк, би, т. б. өнер жатады;-белгілі бір уақыт мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін, тек қана құлақпен тыңдап, елестетіп қабылдайтын өнер түрлері. Оларға ән – күй, симфония, т. б. әуендер мен көркем әдебиет, поэзия жатады;-уақыт мерзіміне байланысты емес, кеңістікте тұрақты болып, көзбен қабылданатын өнер түрлері. Оларға бейнелеу өнері, сәулет өнері, қолөнері, т. б. өнерлер жатады.

21-билет