- •1 Вариант
- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •1 Вариант
- •05_02_Каз_ Ішкі аурулар ждт
- •1 Вариант
- •05_04_ Хирургиялық аурулар ждт каз
- •C) Ішек қуысының ісікпен обтурациясы
- •1 Вариант
- •05_05_Каз_ Психиатрия және наркология (ждт)
- •1 Вариант
- •05_06_Неврология овп_каз
- •2 Вариант
- •05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
- •1 Вариант
- •05_08_Фтизиатрия (ждт)_каз
- •05_09_Акушерия және гинекология (ждт)_каз
- •1 Вариант
- •05_10_Онкология (ждт)_каз
1 Вариант
05_08_Фтизиатрия (ждт)_каз
$$$001
Қандай науқастар туберкулез микобактериясын анықтауға қақырық анализіне жіберіледі?
А) 1 аптадан аз жөтелген
В) 1 апта жөтелген
С) 2 апта жөтелген
D) 2 аптадан артық жөтелген+
Е) бронхөкпелік симптомдармен ұзақтығына байланыссыз
$$$002
Бала 5 жаста. Перзентханада екпе жасалған, БЦЖ тыртығы 5 мм. Кезекті туберкулиндиагностикада алғашқы оң Манту сынамасы анықталды, папула 13 мм. Фтизиатрда тексеруде интоксикация симптомдары анықталмаған. Гемограммада: эритроциттер 4,5х1012/л, гемоглобин 125 г/л, лейкоциттер 6,8х109/л, ЭТЖ 4 мм/сағатына. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпе алаңдары мөлдір, таза. Өкпенің түбіралды аймағының суреті күшейген. Өкпе түбірі құрылымды, кеудеішілік лимфа түйіндері ұлғаймаған.
Қандай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Латентті туберкулез кезеңі
B) Туберкулездің жиналуға дейінгі формасы
C) Туберкулин сынамасының виражы
D) Параспецификалық реакция +
E) Вакцинадан кейінгі аллергия
$$$003
Қыз, 8 жаста, туберкулезбен ауыратын ағасымен қарым-қатынаста болған. Қарап тексеруде: жалпы интоксикация белгілері, параспецификалық реакция, микрополиадения, алғашқы оң туберкулинді Манту сынамасы – папула 8 мм. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында: өкпе алаңдары мөлдір. Өкпе түбірі кеңейген, аз құрылымды.Түбіралды аймақта өкпе суретінің күшеюі. Кеудеішілік лимфа түйіндер көрінбейді.
Қандай зерттеу әдісі МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Фибробронхоскопия
B) Компьютерлі томография+
C) Полимераза тізбектік реакция
D) Иммуноферментті анализ
E) Қақырық бактериоскопиясы
$$$004
Ер адам, 45 жаста, жөтелге, кешкі уақытта дене температурасының 37,20С-ға дейін көтерілуіне, еңбекке қабілетінің және тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Флюрографиялық зерттеуде: оң өкпенің 1-2 сегменттерінде интенсивті диаметрі 10 мм болатын ошақ анықталды.
Қандай болжама диагноз МЕЙЛІНШЕ ықтимал?
A) Өкпе туберкуломасы
B) Өкпенің ошақты туберкулезі+
С) Біріншілік туберкулездік кешен
D) Өкпенің инфильтративті туберкулезі
E) Өкпенің диссеминирленген туберкулезі
$$$005
40 жасар ер адамда біріншілік рентгенологиялық зерттеуде оң өкпенің жоғарғы бөлігінде көлемі 12 сантиметр болатын контуры айқын, айналасында фиброзды ошақты өзгерістері бар дөңгелек көлеңке анықталды.
Төмендегі диагноздардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ ықтимал? A) Біріншілік туберкулездік кешен
B) Оң өкпенің ошақты туберкулезі
C) Өкпенің диссеминирленген туберкулезі
D) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкуломасы+
E) Оң өкпенің фиброзды-ошақты туберкулезі
$$$006
Ер адам, 32 жаста, кешкі уақытта дене температурасының 37,70С-ға дейін көтерілуіне, қақырықпен жөтелге, оң жақ кеуде қуысындағы ауыру сезіміне, әлсіздікке, шаршағыштыққа, салмақ жоғалтуына шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,50С. Өкпеде қатқыл тыныс, сырылдар жоқ. Тыныс жиілігі 24 рет минутына. Артериалды қан қысымы 110/70 ммс.бб., пульс минутына 100 рет. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,9х1012/л, гемоглобин 135 г/л, лейкоциттер 9,5 х10, ЭТЖ 20 мм/сағатына.
Төмендегі зерттеулердің қайсысы ЕҢ бірінші кезекті?
A) Спирография
B) Бронхография
С) Томография
D) Рентгенография+
E) Қақырықты ТМБ-ға зерттеу
