- •1 Вариант
- •05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
- •1 Вариант
- •05_02_Каз_ Ішкі аурулар ждт
- •1 Вариант
- •05_04_ Хирургиялық аурулар ждт каз
- •C) Ішек қуысының ісікпен обтурациясы
- •1 Вариант
- •05_05_Каз_ Психиатрия және наркология (ждт)
- •1 Вариант
- •05_06_Неврология овп_каз
- •2 Вариант
- •05_07_Инфекционные болезни (овп)_каз
- •1 Вариант
- •05_08_Фтизиатрия (ждт)_каз
- •05_09_Акушерия және гинекология (ждт)_каз
- •1 Вариант
- •05_10_Онкология (ждт)_каз
1 Вариант
05_01_Каз_ Жалпы дәрігерлік тәжірибе
$$$001
13 жасар бала, В-12 тапшылықты анемия бойынша диспансерлі есепте тұрады. Цианокобаламинді бұлшықетке және фолий қышқылын ішке қабылдайды.
Анемияның осы түріне қандай ауру алып келеді?
A) Созылмалы пиелонефрит
B) Асқазанның ойық жара ауруы+
C) Созылмалы гломерулонефрит
D) Верльгоф ауруы
E) Гипотиреоз
$$$002
12 жасар қыз, қолбасы терісінде түйіндердің пайда болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде: Қолбасының сыртқы жағында көптеген анық шекарасы бар, тығыз ауыру сезімінсіз тері бетінен көтеріліп тұратын, диаметрі 5мм тегіс емес бұдыр беткейлі, лас сұр түсті қабынбаған түйіндер табылды.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Үшкір ұшты кондилома
B) Жай сүйелдер +
C) Қызыл жалпақ теміреткі
D) Жұқпалы моллюск
E) Папилломатоз
$$$003
Бала 4 айлық. Анасының айтуы бойынша бетінде және мойынында бөртпелер пайда болған. Бөртпелер аурудың өршуі нәтижесінде 1 ай бұрын пайда бола бастаған. Қарап тексергенде: беті мен мойынында қабығы бар лихеноидты полигональді және фолликулярлы бөртпелер, папуловезикулалар түйіншектер түрінде бөртпелер бар.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Атопиялық дерматит+
B) Қарапайым көпіршік
C) Беткей стрептодермия
D) Лейнер десквамативті эритродермиясы
E) Риттер десквамативті дерматиті
{Семестр} = 14
$$$004
13 жасар қыз. Таңертеңгілік құрысуға, буындардағы ауыры сезіміне шағымданады. 3 жастан бастап ауырады. Үнемі ибуфен 250 мг күніне 2 рет қабылдайды. Қарап тексергенде: Фалангаралық, кәрі жілік-білезік, шынтақ буындарының домбығуы, тізе және жамбас-сан буынында қозғалыстың шектелуі. Жалпы қан анализі: гемоглобин 110 г/л, эритроциттер 3,4х1012/л, лейкоциттер 8,2х109/л, ЭТЖ - 35 мм/сағат. Жалпы белок - 83 г/л, альбуминдер - 48%, глобулиндер: альфа1-5,8%, альфа2-7,2%, бета-15%, гамма-24%. Рентгенограммада: эпифизарлы остеопороз, буынаралық саңылаудың тарылуы.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Рейтер ауруы
B) Остеохондропатия
C)Вислер-Фанкони синдромы
D) Ювенильді ревматоидты артрит+
E) Анкилоздаушы спондилоартрит
$$$005
Бала, 10 жаста. Денесі мен аяқ-қолдағы қышынуға, көптеген айқын бөртпелерге шағымданады. Анамнезінен: 1 апта бұрын кеудесін жуып жатқанда, үлкен қызыл дақ байқағаннан бастап ауырды. Күн сайын жуынуын жалғастырған. Қарап тексергенде: Кеуде терісінде айқын ұсақ бөртпелер бар. Бөртпелер папирос парағы типті, ортасында қабыршақтанумен "медальонға" ұқсас жеке ірі дақты және көптеген көлемі үлкен емес ісінген эритематозды дақтар түрінде.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Псориаз
B) Қызғылт теміреткі+
C) Екіншілік мерез
D) Кебекті теміреткі
E) Тегіс тері микозы
$$$006
10 жасар кыз, әлсіздікке, бас айналуына, мұрынның қанануына, буындардағы ауыру сезеіміне шағымданады. Соңғы 2 ай ішінде әлсіздіктің үдеуін айтады. Қарап тексергенде: Дене температурасы 37,50С. Тері жабындылары және көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Кеуде терісінде, қолдың жазылу беткейінде әртүрлі пішінді қан құюлылар бар. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Курлов бойынша бауыр 9х8х7 см, ауыру сезімінсіз. Жалпы қан анализінде: гемоглобин 50 г/л, эритроциттер 1,3х1012/л, ТК 1,0, лейкоциттер 1,3х109/л, тромбоциттер 30х109/л, таяқшаядролы 1%, сегментядролы 26%, лимфоциттер 64%, моноциттер 7%, эозинофилдер 2%, ЭТЖ 60 мм/сағат.
Қандай диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Жедел лейкоз
B) Агранулоцитоз
C) Фанкони анемиясы
D) Апластикалық анемия+
E) Гемолитикалық анемия
$$$007
13 жасар қыз, бас ауыруына, үнемі аштық сезіміне, салмақ қосуға, шөлдеуге, жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарап тексергенде: терісі құрғақ, бауыры ұлғайған, артық салмақ. Анамнезінен: қант диабеті 5 жасынан. Жыныстық жетілуі артта қалған. Тәуліктік инсулин дозасы - 1,2 Ед/кг. Жүктемемен глюкоза: ашқарынға 10,0 ммоль/л, жүктемемен 17,0 ммоль/л, жүктемеден 2 сағаттан кейін 11,5 ммоль/л.
Осы жағдайдың МЕЙЛІНШЕ мүмкін себебі?
A) Инсулин жеткіліксіздігі
B) Инсулиннің артық дозасы
C) Пубертаттық кезең
D) Инсулинге тұрақтылық +
E) Тойып жемеу
$$$008
14 жасар қыз, тоңғақтыққа, ұйқышылдыққа, тері құрғақтығына, бетінің ісінуіне, іш қатуына шағымданады. Анамнезінен: 4 жыл бұрын диффузды – токсикалық жемсауға байланысты струмэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін гормональді препараттарды уақытылы қабылдамады. Қарап тексергенде: Тері жабындылары бозарған. Беті ісінген. Сөйлеуі тежелген. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Жүрек соғу жиілігі 60 рет минутына. Артериальды қан қысымы 120/70 ммс.бб. Тиротропты гормон 5,5 мЕд/л, бос тироксин Т4 0,8 пмоль/л.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Гипотиреоз+
B) Пиквик синдромы
C) Тиреотоксикоз
D) Гипофиз аденомасы
E) Аутоиммундытиреоидит
$$$009
8 жасар бала, суықтап қалғаннан кейін құрғақ ауыру сезімімен жөтел, бас ауыру, дене температурасы 39,00С дейін көтерілуі пайда болды. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозарған, «мәрмәр» суретті. Тыныс жиілігі 42 рет минутына. Кеуде қуысы ісінген, жарты бөлігі тыныстан қалыңқы. Перкуторлы оң жақтан жауырыннан төмен перкуторлы дыбыс тұйықталуы анықталады. Аускультативті қатаң тыныс, тұйықталу аймағанда әлсіреген, сырылдар жоқ.
Көрсетілген рентген көріністерінің ішінде осы ауруға МЕЙЛІНШЕ тән?
А) Өкпе суретінің деформациясы
В) Өкпе тінінің торлылығы
С) Көптеген шашыранды инфильтраттар
D) Гомогенді ошақты қараю+
Е) Өкпе суретінің күшеюі
$$$010
11 жасар бала, кіндік тұсындағы толғақ тәрізді ауыру сезіміне шағымданды. Бірнеше сағаттан кейін тұрақты ауыру сезімі іштің төменгі оң жақ бөлігінде пайда болды. Бірнеше рет құсу болған. Аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Қарап тексергенде: тілі ақ жабындымен көмкерілген. Іші қатты. Пальпацияда: оң жақ мықын аймағында ауыру сезімі. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында өзгерістер жоқ. Жалпы қан анализі: гемоглобин 120 г/л, эритроциттер 3,7х1012/л, лейкоциттер 9,8х109/л, ЭТЖ 20 мм/сағ.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Аппендицит+
В) Дивертикулит
С) Қысылған жарық
D) Ішек өтімсіздігі
Е) Перитонит
$$$0011
Бала 2 айлық, анасының айтуы бойынша баласында ұстамалар болған. Клонико-тоникалық ұстамалар ЖРВИ фонында, жоғары температурада болған. Анамнезінде: бала 1 жүктіліктен, мерзімінен ерте босану. Жүктілік анемия, нефропатиямен және жүктіліктің үзілу қаупімен өткен. Туылғандағы салмағы 1900г. Апгар шкаласы бойынша 3-4 балл, айқайы бірден емес, қағанақ суы жасыл. Туылғаннан кейін 2 тәулікте айқын сарғаю пайда болып,4 тәулік сақталған. Қарап тексергенде: бас сүйек тігісінің ажырауы және еңбегінің томпаюы мен қатаюы анықталды. Психомоторлы дамудың артта қалуы. Бас миының КТ: перивентрикулярлы кальцификаттар, маңдай-самай бөлігінің атрофиясы, сүйелді дененің агенезиясы.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Эпилептикалық синдром
B) Цитомегаловирусты энцефалит+
C) Герпетикалық энцефалит
D) Гидроцефалды синдром
E)Пелициус-Мерцбахерлейкоэнцефалиті
$$$0012
Бала, 8 жаста, анамнезінде дерматореспираторлы синдром. Экспираторлы тұншығу ұстамалары ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін 3-ші күні пайда болды. Жиі құрғақ жөтел мазалайды, мәжбүрлі қалыпта. Бозарған. Қосымша бұлшықеттерінің қатысуымен ентігу. Тынысы спазмдалған, өкпе алаңында құрғақ, ысқырықты сырыл естіліді. Тахикардия 120 рет минутына. Ұстамадан кейін спирография көрсеткіштері: ӨТС 86%, Тиффно сынамасы 60%, ФТШК1 51%.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Жедел бронхит B) Бронхиалды астма+ C) Обструктивті бронхит D) Рецидивирлеуші бронхит E) Созылмалы бронхит
$$$013
Ер адам, 38 жаста, әлсіздікке, тамағының ауыруына, шаршағыштыққа шағымданады. 3 апта стоматитке қарсы ем қабылдаған, емнің әсері болмаған. Әлсіздік, тершеңдігі артқан. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,80С. Тері және шырышты қабаты бозарған. Кеудесінде бірен-саран петехиялар. Қызыл иегі борпылдақ, гиперплазия, жаралы-некротикалық стоматит. Жақасты лимфа түйіндері ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 98 рет минутына. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,0х1012/л, гемоглобин 86 г/л, ТК 0,86, тромбоциттер 50,0х109/л, лейкоциттер 20,9х109/л, бласттар 32%, таяқша ядролы 1%, сегментті ядролы 39%, лимфоциттер 20%, моноциттер 8%, ЭТЖ 44 мм/САҒ.
Зерттеу әдістерінің қайсысы МЕЙЛІНШЕ бірінші кезекте орындалады?
А) Миелограмма+ В) Цитохимиялық зерттеу С) Жасушаны иммунофенотиптеу
D) Цитогенетикалық зерттеу Е) Молекулярлы-генетикалық зерттеу
$$$014
Әйел, 65 жаста, мойын және қолтықасты аймағындағы жаңа түзіліске, арықтауға шағымданды. Анамнезінде: 3 ай бұрын 8 килограмға арықтаған, мойын аймағында ісіктәрізді үлкен емес түзілісті анықтаған, дене температурасы 37,00С дейін көтерілген. Қарап тексергенде: мойын, жақасты, бұғанаүсті, қолтықасты, шап лимфа түйіндерінің 3-4 сантиметрге дейін ұлғаюы, эластикалық, қозғалмалы, ауырсынусыз. Көкбауыры 5 сантиметрге дейін ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,2х1012/л, гемоглобин 91 г/л, ТК 0,89, тромбоциттер 275,0х109/л, лейкоциттер 88,0х109/л, сегменті ядролы 12%, лимфоциттер 78%, моноциттер 10%, Тени Боткина-Гумпрехта ++, ЭТЖ 46 мм/ч. Миелограмма: лимфоидты пролиферация (лимфоциттер 48%), гранулоцитті қатар жасушаларының азаюы. Мойын лимфа түйінінің биопсиясы: пунктат жетілген кіші В-лимфоциттерден тұрады.
Осы науқаста диспансерлік бақылауда стерналді пункция жылына неше рет жасалады?
А) 1
В) 2
С) 3
D) 4+
Е) 5
$$$015
Әйел, 25 жаста, қабылдауға әлсіздікке, жүрек айнуға , құсуға, бас ауыруға, көру қабілетінің нашарлауына шағымданып келді. Жақында бетінде аяғында ісінулер пайда болып, дене температурасы 380С дейін көтерілген. Қарап тексеруде қозған. Қабақтары және тері асты май қабаттары ісінген. Өкпеде сырылдар жоқ. Пульс 60 рет минутына, ритмі дұрыс. Артериалды қан қысымы 180/100 ммс.бб. Жүрек тондары қатты. Зәр шығаруы азайған.
Қандай алдын-ала диагноз МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Зәр-тас ауруы
B) Жедел гломерулонефрит+
C) Жедел пиелонефрит
D) Созылмалыгломерулонефрит
E) Бүйрек амилоидозы
$$$016
Ер адам, 76 жаста, 5 жыл бойы Созылмалы обструктивті бронхит бойынша диспансерлік есепте тұрады. Соңғы жылы артериалды қан қысымы 170/100 ммс.б. дейін көтерілген. Электрокардиограммада: синусты ритм, жүректің соғу жиілігі минутына 88 рет, жүректің электрлі өсі солға ығысқан, RV5-6-25 мм, SV1-20 мм.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Бисопролол
B) Лизиноприл
C) Индапамид
D) Никардипин+
E) Валсартан
$$$017
Ер адам, 49 жаста, аз қақырықты ұстама тәрізді жөтелге, айқын экспираторлы ентігуге шағымданады. 20 жыл бойы темекі шегеді. Қарап тексергенде: бөшкетәрізді кеуде қуысы, перкуторлы өкпеде қораптық дыбыс, аускультацияды әлсіреген везикулярлы тыныс, сирек құрғақ сырылдар.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
А) Ипратропиум бромиді +
B) Натрийкромогликаты
C) Бекламетазон
D) Будесонид
E) Эуфиллин
$$$018
Әйел, 41 жаста, майлы тамақ жегеннен кейін болатын оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы жоғары, палпацияда өт қабы проекциясы аймағында аздаған ауырсыну бар. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 4,2х1012/л, гемоглобин 121 г/л, тромбоциттер 275,0х109/л, лейкоциттер 6,9х109/л, ЭТЖ 12 мм/сағ, холестерин 7,3 ммоль/л. Құрсақ қуысы ағзаларының ультра дыбыстық зерттеуінде: өт қабында диаметрі 0,8 сантиметр конкремент анықталды.
Төмендегі препараттардың қайсысы МЕЙЛІНШЕ тиімді?
A) Фламин
B) Холагол
C) Ампициллин
D) Платифиллин
E) Хенодезоксихольқышқылы+
$$$019
Гемограммада түсті көрсеткіштің төмендеуі анемияның қай түріне МЕЙЛІНШЕ тән:
A) Аутоиммунды
B) Апластикалық
C) В12-тапшылықты
D) Темір тапшылықты+
E) Фолий тапшылықты
{Дұрысжауап} = D
$$$020
Ер адам, 24 жаста, кеуде қуысындағы, омыртқаның бел бөліміндегі, сол жамбас-сан буынындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: омыртқа бойымен ауыру сезімі. Ауыру сезіміне байланысты сол жамбас-сан буынында және омыртқада бүгілу қиындағын. Сол төс-бұғана бірігу аймағында деформация анықталады. Рентгенограммада: екі жақты сакроилеит симптомы, синдесмофиттер, костовертебральді буындардың зақымдануы бар.
Қай препаратты тағайындаған МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Солумедрол
B) Метотрексат
C) Купренил
D) Диклофенак+
E) Циклофосфамид
$$$021
Әйел, 53 жаста, шөлдеуге, полиурияға, соңғы 3-4 айда әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: дене салмағы 108 кг, бойы 165 см, терісі құрғақ, қасыну іздері анықталады. Артериальды қан қысымы -140/85 мм с.б. Зәр шығаруы жиілеген, ауыру сезімінсіз. Гликемиялық профиль: 8,7-13,9-11,3 ммоль/л. Гликирленген гемоглобин 6,7%.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Метформин+
B) Глибенкламид
C) Орта әсерлі инсулин
D) Қысқа әсерлі инсулин
E) Ұзақ әсерлі инсулин
$$$022
Қыз, 24 жаста, өткерген нейроинфекциядан кейін артық салмақ қосуына, бас ауруына, менструальді циклдың бұзылысына, бұлшықеттік әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы жоғары, иық белдеуінде, ішінде май жиналуы. Ай тәрізді бет, денесінде қанық-қызыл стриялар, кеудесінде еркек типті түктену. Артериальды қан қысымы –210/130 ммс.бб. Омыртқа бағаны рентгенографиясында: «балық» омыртқасы. Гликемия–8,3 ммоль/л.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Аминалон
В) Фуросемид
С) Метформин
D) Бромокриптин+
Е) Церебролизин
$$$023
Әйел, 47 жаста, салмақ қосуына, тері құрғақтығына, сөйлеуінің қиындауына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 164 см, салмағы 98 кг. Анық гиперкератоз. Беті ісіңкі, тілінің шеттерінде тіс іздері анықталады. Жүрек тондары тұйықталған, брадикардия. Артериальды қан қысымы 130/80 ммс.б. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин 89 г/л, лейкоциттер 4,5х109/л, ЭТЖ13 мм/сағ, глюкоза 3,5 ммоль/л. Сарысу белоктарымен байланысқан йод 300 ммоль/л.
Қандай дәрілік препарат тобын тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Йод препараттары
В) Тиреоидты препараттар+
С) Зәр айдағыш препараттар
D) Глюкокортикостероидтар
Е) Қабынуға қарсы препараттар
$$$024
Әйел, 48 жаста, шүйде аймағындағы бас ауыру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табандарының ісінуіне шағымданады. 4 жыл ішінде артериальды қысымы 170/110 мм с.бб. дейін жоғарылауын айтады. Қарап тексергенде: салыстырмалы жүрек тұйықтығы аймағының шекарасы солға кеңейген. Жүрек тондары тұйықталған. Жүрек жиырылу жиілігі 85 рет минутына. Артериальды қан қысымы 160/100 мм с.бб. Қан анализі: ренин деңгейінің төмендеуі.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
A) Периндоприл
B) Бисопролол
C) Амлодипин
D) Индапамид+
E) Лозартан
$$$025
Әйел, 35 жаста, тамағында «кесек» тұрғандай сезіміне, қатты тағамды жұтынудың қиындауына, сұйық тағам қабылдағанда шашалуға, аяқ-қолдарының салқындауына, кешкі уақыттарда кезеңді дене температурасының 37,50С дейін жоғарылауына шағымданады. Қарап тексергенде: қол басы тері жабындыларының тығыздануы, ауызы толық жабылмаған қалта тәрізді. Жалпы қан анализі: эритроциттер 3,4х1012 /л, Hb 85 г/л, лейкоциттер 6,2х109/л, ЭТЖ 32 мм/час. Өңеш рентгеноскопиясында–төменгі бөлігінің гипотониясы.
Қандай препаратты тағайындау МЕЙЛІНШЕ дұрыс?
А) Купренил+
В) Месалазин
С) Метотрексат
D) Преднизолон
Е) Инфликсимаб
