Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakh language.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.61 Кб
Скачать

1. Сұраулы сөйлемдердің стилистикалық ерекшеліктері

Тіліміздегі қай стильдің болса да негізгі арқауы – сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары, бұл формалар тілдік бірліктердің сұрыпталып қолдану нәтижесінде дамып жетіледі.

Адамдар өзара қарым-қатынас жасауда біріне-бірі әр алуан өмір әрекетінің жайын сөз қылады. Ондайда олар айтпақ пікірін алдын-ала ойланбай-ақ сөйлей береді. Ауызекі сөйлеу тілінде ең көп қолданылатын сөйлемнің түрі – сұраулы сөйлем болып табылады.

Енді осы сұраулы сөйлемнің стилистикалық ерекшеліктері қандай болатынын біз көркем әдебиеттегі қолданыстар арқылы білдірмекшіміз.

Адам өз ойын басқа біреуге жай хабар ретінде де, әсер ететіндей мәнерлі етіп те білдіріп отырады. Сөйлемнің экспрессивтік мағынасы басқа сөйлем түрлеріне қарағанда сұраулы сөйлемде жиі кездеседі. Оған сұраулы сөйлемге қойылатын сұрақтардың түрлері әр алуан – ашық, альтернативті, қарсы, риторикалық т.б. болып келуі көп әсерін тигізеді.

Жеке сөздерді, сөз тіркестерін әр түрлі экспрессивті бояуды жұмсау – ақын-жазушылардың стиліне байланысты.

Әр түрлі эмоцияны білдіруде кейде жеке дыбыстар қайталана айтылады: «Мені ме, а... мені...а деймін?» Осындағы «а...а?»деген сөздер арқылы кейіпкердің қорқып, үрейленіп тұрғанын анық көрсету үшін қолданғанын байқаймыз.

Сөйлеу тілінде одағай сөздердің қолданылуы арқылы да сұраулы сөйлем эмоциялық мағынаға ие болады:

- Нағашы, мені таныдың ба?-деді.

- Ойбай-ау, Сейітпісің?..Туу...апырмау, осы боранда жүргенің? – деп Жақия оның киіміне жармасты./Б.Майлин/. Мұндағы одағай сөздер адамның таңқалғандығын білдіріп, эмоциялық реңк беріп тұр.

Сұраулы сөйлемге қойылатын сұрақтың түрлеріне келетін болсақ, қазақ тілінде олардың жиі кездесетіндері төмендегілер болып келеді: ашық, альтернативті, анықтауыш, жетек, түрткі, қарсы, риторикалық т.б. сұрақтар. Әр түрлі авторлардың пікірлерін жинақтағанда, сұрақтың басқа да күмәнді, таңқалу, шүбәләну мәнді түрлерін кездестіре аламыз. Сонымен сұрақтың алуан түрлілігі әдеби-көркем шығармаларда жиі кездеседі.

Қазақ тілінде сұрау есімдігі мен сұрау шылауы арқылы жасалып, міндетті түрде жауап керек ететін түрлері жалпы сұраулы сөйлем деп аталып жүр. Ал орыс тілінде осы сұрау есімдігі мен сұрау шылауының қатысуы арқылы жасалған сөйлем екі түрлі болып аталады, яғни сұрау есімдікті және сұрау есімдіксіз.

Енді осы сұрақтың әрқайсысына қысқаша жеке-жеке тоқталатын болсақ, олардың әрқайсысы да сөйлем мазмұнына стилистикалық реңк беріп отырады.

Сұрау есімдікті сұраулы сөйлем мәселесін сөз еткенде, сөйлемнің құрылысын зерттеудің маңызын атап өту орынды. Өйткені бұл зерттеу сұрау есімдіктерінің сөйлемдегі өзіндік орнын, позициясын айқын таныта алады.

Зерттеу барысында сұрау есімдіктері арқылы жасалған сұраулы сөйлемнің құрылысына қарай алуан түрлі болып келетіндігі байқалады. Тілдік фактілерге сүйенсек, сұрау есімдіктерін жалаң және жайылма, жақты және жақсыз толымды және толымсыз сөйлемдерді сұраулыға айналдыратын қасиетін танимыз. Осы сөйлемдердің әрқайсысында белгілі бір сөйлем мүшесі функциясында жұмсала келіп, сұрау есімдіктері бүкіл сөйлемге сұраулық мағына телиді. Мұндағы баса назар аударатын жайт – сұрау есімдіктерінің осы сұраулы сөйлемдерде қандай орын алатындығында. Сұраулық мағына үстеуші сұрау есімдіктерінің қандай сұраулы сөйлемде жұмсалатынына қарамастан, тұрлаулы да, тұрлаусыз мүше ретінде сөйлемнің кез-келген жерінде қолданылатындығын көруге болады.

Сұраулы сөйлемдерді функционалды стиль турасынан қарастыратын болсақ, онда стилистикалық талдау әдістерінің негізі – тіл мен ойлау, тіл мен қоғам, тілдің әлеуметтік мәні мен қызметі екенін ескергеніміз жөн. Жалпы функционалды стиль ұғымы қазіргі стилистикадағы негізгі категория. Функционалды стильдер тілдің қолданысымен, қызмет етуімен тікелей байланысты, яғни шынайы сөйлеуде, мәтін көрінеді. Функционалды стильдерде әр түрлі тілдік деңгейлердің тұлғалары мен бірліктері және олардың стильдік бояуға ие түрлері белгілі бір қатынас саласында қызмет ету міндеттеріне сәйкесті түрде бірігеді. Сұраулы сөйлемдерді жоғарыда аталған стильдердің аясында қарастырып көрейік.

Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік құрылымы толық, сөйлемдері күрделі болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағынасы жалпылама, абстракт сөздер басым қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады. Ғылыми стильде абстракт сөздер, етістіктің уақыттан тыс осы шақтық тұлғасы, есімдіктің көпше түрі (мен емес, біз түрінде қолдану) және оған сәйкес баяндауыш тұлғасы т.б. келеді. Ғылым тілінде сұраулы сөйлем конструкциялары ашық сұрақ, нақты сұрақ ретінде көп кездеседі. Мысалы, Ш.Құрманбайұлының «Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері» еңбегінде қазіргі термин жасау, терминологиялық сөздіктер түзу барысында орын алып жүрген көптеген кемшіліктерді атай отырып, салалық мамандарға лингвистикалық тұрғыдан бағдар беретін әдістемелік құрал екенін көруге болады. Және төмендегі кестеден (Кесте 1) байқағандарыңыздай ғалым әр тарауын ашық сұрақ үлгісінде бірнеше тараушаларға бөліп тастаған. Сұрақ қоя отырып ғылыми еңбегін тереңдете түскен. Біріншіден, оқырманның назарын өзіне аударып, екіншіден термин саласындағы көкейтесті сұрақтардың жауабын ашып, талдап береді. Бұл жердегі прагматика – мәселенің өзегін көрсету, назар аударту, өз бетінше іздендіру, ойландыру, толғандыру болып келеді.

2. Еліктеу сөздер — табиғат құбылыстары мен жан-жануарларда болатын әр алуан дыбыстарға және олардың сын-сипат, қимыл-әрекеттеріне еліктеуден туған сөздер. Қазақ тілінде еліктеу сөздердің екі түрі бар:

1) еліктеу есту қабілеті арқылы пайда болған еліктеуіш сөздер: тарс-тарс, салдыр-гүлдір, дыр-дыр, гүрс, шолп[1];

2) еліктеу көру қабілеті арқылы пайда болған бейнелеуіш сөздер: жалт, жарқ, лып, маймақ, көлбең. ербең-ербең.

Олар көмекші етістікпен (ет-)тіркесіп күрделі мүшенің құрамына кіреді. Жеке тұрып сөйлемде көбінесе пысықтауыш, анықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Мырс етіп күлді. Бүлк-бүлк желіс. Ол күрт бұрылды. Интонацияның елеулі мәні бар. Мысалы: Рақмет үндемей отырып қалды (С. Ерубаев). Жаз. Шаңқай түс мезгілі (М. Әуезов).[2] Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда

біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын әр қилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе,

екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы көрінінстерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді.

Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ, шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір, қайқаң-құйқаң, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-тыржың т. б.

Анықтамасына қарай бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді:

еліктеуіш (еліктеме) сөздер және

бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер.

3. Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері. Мемлекеттік Рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді (бұл Мемлекеттік Рәміздерге биік мәртебе береді) және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.

Мемлекеттік рәміздер көне замандардағы ру-тайпаны қорғаушы болып есептелетін тотемдік аң-құстың бейнелерінен, рудың, әулеттің мал-мүлкіне салынған ен-таңбаларынан шыққан. Мыңдаған әскерлер соғыс майданында жаудан өз сарбаздарын ажырату үшін айырым белгілерін пайдаланды. Ортағасырлық Батыс Еуропада бет-жүзіне дейін темір сауытпен қымталған рыцарьлардың кім екенін айыру қажеттілігінен ақсүйектердің әулеттік таңбасы пайда болды. Одан бұрын көптеген көне қалалардың, қала-мемлекеттердің өз таңбалары болғаны тарихтан белгілі. Б.з.б. 3-мыңжылдықта Шумер мемлекеттерінің арыстан басты қыран бейнеленген таңбалары болған. Грекиядағы Афины үкісі, Коринфтің қанатты пырағы, Родостың раушаны, Самостың тауыс құсы , Византияның екі басты қыраны мемлекеттік рәміздерге жатады. Өзін көк бөрінің ұрпағымыз деп санайтын түркі жұрты бөрінің басы бейнеленген көк байрақ ұстаған.

Қазақ халқында әрбір рудың мал-мүлікке салатын өз таңбасы болды. Соғыс жағдайында межелі жерге әрбір рудың жасағы өз руының таңбасы салынған байрақ ұстап, хан туының астына жиналатын болған. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді;

Билет№18

1. Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Қосымшалар [өңдеу]

Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:Жақ Соңғы дыбыс

Дауысты Дауыссыз

Жуан

буын Жіңішке

буын Жуан

буын Жіңішке

буын

1. I жақ -м -м -ым -ім

2. II жақ -ң -ң -ың -ің

3. II жақ -ңыз -ңіз -ыңыз -іңіз

3. III жақ -сы -сі -ы -і

Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі [өңдеу]

Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.

Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өз ара үйлеспей, қисындаспай тұрады.

Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай: Жекеше Көпше

менің ата-м, қалам-ым ата-лар-ым, қалам-дар-ым

сенің ата-ң, қалам-ың ата-лар-ың, қалам-дар-ың

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]