Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kazakh language.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.61 Кб
Скачать

Билет №1

1. Дауыссыз дыбыстар [1] (Kонсонантйзм) орыс. согласные звуки — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соктығысады. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п,р, с, т, һ, ф, х, ц, ч, ш, (у), Бұлардын ішінде һ дауыссызы кейбір шығыс сөздерінде, в, ф, х, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс тілі арқылы кірген халықаралық сөздерде, қалған 19 дауыссыз қазақтың байырғы сөздерінде қолданылады.[2]

Дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

Қатаң дауыссыздар (глухие согласные) — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш;

Ұяң дауыссыздар (звонкие согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б,в, г, ғ, д, ж, з;

Үнді дауыссыздар (сонорные согласные) — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң.

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар (огубленные согласные) деп аталады. Жіңішке дауыссыздар (мягкие согласные) — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз). Жуан дауыссыздар (твёрдые согласные)— тілдін орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) темен, қатаң айтылатын дауыссыздар.[3]

Дауыссыздардың жуандауы орыс. твёрдость согласных — көрші жуан дауысты дыбыстың әсерімен дауыссыздардың жуандап айтылуы. Мысалы: ар, он, тар, бар ср. ер, өн, тер, бер. Әр уақытта жуан айтылып, буын талғайтын дауыссыздар: қ, ғ. Мысалы: қар, ғана, сақ, доға.

Дауыссыздардың жіңішкеруі орыс. мягкость согласных — тілдің орта шені таңдайдын орта шеніне нық тиіп, сонан соң бірден ашылып кетуі арқылы жасалып, әрдайым жіңішке айтылатын дауыссыздар: к, г. Орыс сөздерінде кездесетін ч, щ дыбыстарының да жуан сыңары жоқ, ал қалған дауыссыздар буын ыңғайына қарай жуан, жіңішке болып айтыла береді. Мысалы: қазақ тілінде am — em, үн — үн, тор — тер, аз — әз.

Дауыссыздарды үш үлкен топқа бөледі:Қатаң п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш

Ұяң б, в, г, ғ, д, ж, з

Үнді Мұрын жолды м, л, н, ң

Ауыз жолды л, р, й, (у)

Дауысты дыбыстар (Вокализм) орыс. гласные звуки — дыбыстау мүшелерінің бірынғай толық қатысуынан, фонаииялык ауанын кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар. Дауысты дыбыстар фонациялык ауаның кемейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе адатындығында. Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 9 дыбыстан құралады: а, о, е, ы, і, о, ө, у, у. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық — қысан, еріндік — езулік, жуан — жінішке болып бөлінеді.[1]

Жуан дауыстылар орыс. твёрдые гласные — тілдің кейін жиырылуы аркылы жасалатын дауыстылар: а, о, у т.б.

Жінішке дауыстылар орыс. мягкие гласные — тілдін ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, ө, т.б.

Ашық дауыстылар (орыс. широкие гласные, гласные нижнего подъёма) — тілдің тандайға карай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кен ашылып, иек төмендейді. Қазақ тіліндегі ашык дауыстылар: а, ә, е, о, ө.

Қысан дауыстылар (орыс. узкие гласные, гласные верхнего подъёма) — жақтын кен ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар. Қазақ тіліндегі қысан дауыстылар: ы, і, у, у.

Еріндік дауыстылар (орыс. губные гласные) — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, у, у, (у). Бұлар орыс тіліндегі әдебиеттерде "Лабиализованные гласные" деп те айтылады.

Езулік дауыстылар (орыс. негубные гласные) — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудін жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, и. Орыс тіліндегі әдебиеттерде "Нелабиализованные гласные" терминімен де беріледі.

2. Қалау рай

Қалау райы сөйлеушінің белгілі бір амалды я әрекетті жүзеге асыруға бағытталған ниетін, ынта-тілегін, үміт-арманын білдіреді. Бұл райдың көрсеткіштері есебінде -ғы (+м, +ң) сы кел; -са игі еді; ғай еді; -са екен (аналитикалық) форманттары қызмет етеді.[2]Мысалы: Менің бар-ғы-м келеді Біздің бар-ғы-мыз келеді

Сенің бар-ғы-ң келеді Сендердің бар-ғы-лары-ң келеді

Сіздің бар-ғы-ңыз келеді Сіздердің бар-ғы-лары-ңыз келеді

Оның бар-ғы-сы келеді Олардың бар-ғы-лар-ы келеді

Бұл форма мазмұны жағынан жүзеге асу я аспауы неғайбыл келер шақ мәнінде жұмсалумен қатар, өткен шақ пен осы шақ түрлеріне де қолданыла береді. Бірақ олар нақтылы амалдың жүзеге асқан я асып жатқан шағын емес, тек өткен шақта я қазіргі шақта сөйлеушінің көкейінде болған арман-ынтаны ғана білдіреді.

Күрделі -ғай еді форманты арқылы сөйлеуші басқа(II, III жақ) субъектінің бегілі бір амалды жасағанын я орындағанын аңсайды, іздейді, бірақ одан амалдың қалай тынғаны көрінбейді де, білінбейді.

Мысалы: сен барғай едің; ол барғай еді т. б.

Күрделі -са игі еді форманты арқылы да сөйлеуші басқа (II, III жақ) субъектінің амалды орындауын тек тілек ретінде атайды. Бірақ амалдың нақтылы орындалатыны я орындалғаны аңғарылмайды.

Мысалы: сендер барсаңдар игі еді; олар барса игі еді т. т.

Бірақ сендер барса игі едіңдер дегеннен тілек я қалаудан гөрі күдік я күмән мағынасы күштірек білінеді.

Күрделі -са еді форманты амалға тек арман мәнін үстейді, бірақ оның орындалуы я орындалмауы жөнінде ешқандай мәлімет білдірмейді.

Мысалы: ол келсе еді; сіз барсаңыз еді т. т.

Күрделі -са екен форманты да болашақта істелінетін амалды тек аңсап тілейді, бірақ оның жүзеге асу я аспауы тіпті ескерілмейді я ілтипатқа алынбайды.

Мысалы: сен ертең жүрсең екен; ол пікірін айтса екен т. т.

3. Туған жер - қасиетті ұғым

Сәрсенбінің сәтті күні, осы жылғы 27 наурызда Әйтеке би кентінің «Асыл Ғани» ЖШС мен бұрынғы күріш зауыты маңындағы көшенің екі бетіне өткізілген сенбілікке 200-ден астам жастар қатысты. Көктемгі санитарлық тазалық, көркейту және көгалдандыру үш айлығы аясындағы игілікті іске қатысқан аудандағы үш колледж бен мектеп ұжымдары өздеріне бөлініп берілген аумақтарда тазалық жұмыстарын қызу жүргізді.

Жаппай жұртшылық жұмылған аталмыш шарада Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері белсенділік танытты. Колледждің бөлім меңгерушісі Ғабит Сағидуллаев бастаған оқу орнының 60 шәкірті ауа райының қолайсыздығына қарамастан белгіленген аумақты қоқыстан арылтты. Сондай-ақ, Қазалы көлік-техникалық колледжі мен Қазалы гуманитарлық-индустриялық колледж ұжымы мен студенттері де санитарлық тазалық айлығына өз үлестерін қосып, өздеріне тиісті аймақты тазалауды қолға алды.

Жастық жігермен жалындап, үлгілі ісімен көзге түскен Қазалы гуманитарлық-техникалық колледжінің 3 курс студенті Жадырасын Бердібайды әңгімеге тартқанымызда:

- Біз өз колледжіміздің айналасын таза ұстауға, кентіміздің табиғатын аялауға және көгалдандыруға жаппай кірістік. Туған жердің гүлденуіне, табиғат-ананың тазалығына жастық жігермен күш саламыз»,–деп ағынан жарылды.

Сенбілікте мектеп мұғалімдері де серпінділік танытты. Б.Мерген-баев атындағы №226 гимназия ұжымы Т.Бөріқұлақов көшесіндегі «Таға» маңындағы көше бойындағы тұрмыстық қалдықтарды тазаласа, №165, 234, 204, 216 және №170 мектеп ұжымы Т.Бөріқұлақов көшесінің аяғы мен теміржол өткеліне дейінгі айналма жолдың екі жағындағы кездескен полиэтелен пакеттер мен қоқыстарды жинап, арнаулы орынға апарып өртеді.

Сенбілікке қатысушылар тұрақты тазалық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, көркейту-көгалдандыруды көп болып қолға алу мақсатында бүкіл аудан жастарына арнап Үндеу қабылдады.

Ж.АЙЫМҚҰЛОВ.

Билет№2

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]