- •3.1 Полипропилен қасиеттері және қолданылуы
- •3.2 Полипропиленнің негізгі қасиеттері
- •1.Шикізатты даярлау.
- •Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
- •Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
- •Балқыманы пішінге үрлеу
- •Бұйымды салқындату
- •Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
- •Бөлшектерді өңдеу
- •1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
- •2. Толқынды беткей
- •3. Күмісті жолақтар
- •4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
- •5. Күйдірулер
- •7. Бұйымның артық салмағы
- •8. Бұйым салмағының ауытқулары
- •9. Бұйымды нашар шешу
- •10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі
- •Жеткіліксіз толтырылу
- •12. Бойлық иілу
- •13. Қуыстар
- •14. Бос саңылаулар
- •15. Саңылаулар
- •Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті
- •Бақылау әдістері
- •Тасымалдау және сақтау
- •5. Термопласт-автомат операторы еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау.
- •6 Термоласт-автомат операторының қызметтік қолдану көрсеткіштері
3. Күмісті жолақтар
Гигроскопиялық полимерлердің ағуы кезінде, егер олар жеткілікті жақсы кептірілмеген болса, ағым фронтының беткейінде немесе оның ішкі беткейі маңында ылғал көпіршіктері орналасады.
Ылғал көпіршіктері ағым фронтына жеткеннен кейін, олар фронтпен бірге ағымның негізгі ағымына перпендикулярлы қозғала бастайды және пішін қабырғаларына дейін жетеді («Материалдың пішін бойынша ағуы» бөлімін қараңыз). Пішін қабырғаларында ылғал көпіршіктері ісінеді және материал ағымы бағытында созылады. Бұйым беткейінде ылғалдан сипатты жылтыраулар қалыптасады – күмісті жолақтар.
Бұйым беткейіндегі күмісті жолақтарды жою үшін материалды қайта өңдеу алдында ондағы ылғалдың азаюы үшін мұқият кептіру қажет. Бұйым беткейіндегі «күмісті» азайтуға материал температурасының төмендеуі Тл және пішінді толтыру жылдамдығының төмендеуі Q ықпал етеді. .
4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
Үстеменің қалыптасу себептері түрлі болулары мүмкін.
Себіптерінің бірі пішіндеу үрдісінде (толтыру немесе қысымның өсуі кезеңінде) пішінде жоғары қысымдар туындайды. Бұл әсіресе жұқа қабырғалы бұйымдар мен ұзақ жолды ағымды бұйымдарға тән. Пішінде туындайтын күштер пішінді тіреу күшінен асып түсуілері мүмкін.
Бұл жағдайда пішіннің жартысы жартылай ашылады және қалыпасқан саңылауға материал ағады. Бұйымда үстемелер қалыптасады. Оны сондай-ақ грант деп те атайды.
Жарамсыздықтың осындай түрі бұйымды қосымша өңдеуге және материалды көп шығындауға алып келеді.
Үстемелерді жоюдың тиімді әдісі қысымды түсірумен пішіндеу тәртібін ұйымдастыру («Қысымды түсірумен тәртіп» бөлімін қараңыз). Бұл тәртіп пішінде шамадан тыс қысымның дамуының алдын алады. Егер де оны жүзеге асыру мүмкін болмаса, пішінді итеру күші жоғары машинаны таңдап алу, құю қысымы Рл және қысым астында ұстау уақытын tВПД төмендету қажет.
Үстеменің қалыптасуының себебі полимердің аса төмен созылғыштығы болуы мүмкін, мысалы қысым астында полиамидті құюда. Осының нәтижесінде құю қысымының ықпалымен полимер пішін жартыларының саңылауларына өтеді. Бұл полиэтилентерефталар, полиамидтер тәрізді төмен созылғыштықты материалдарға сипатты (әсіресе полиамид 66).
Бұл жағдайда үстемені жою үшін пішіндегі материал аққыштығын азайту қажет. Бұл үшін материал температурасын ТЛ және пішін температурасын Тф төмендетуге болады. Үстемені жою құю қысымының төмендеуіне Рл және үрлеу жылдамдығы көлемінің азаюына Q ықпал етеді.
5. Күйдірулер
Күю - жарамсыз өнім түрі, бұл жағдайда бұйымның құю аймақтарынан алшақта дөңгеленген нүктелер немесе аймақтар түзіледі.
Жарамсыздықтың бұл түрі, үрлеу кезінде пішін соңында, пішінге ағатын материал ауаны жабатын, тұйық ауалы қуыстар қалыптасуларымен байланысты.
Жылдам ағуда (үрлеу жылдамдығы жоғары) ауаны қысу бірсәтте жүзеге асырылады. Осының нәтижесінде ауа 400 - 600°С-қа дейін қыздырылады. Бұл қыздырылған ауа материалдың алдыңғы қабаттарын күйдіреді. Бұйымдарда қара дөңгеленген аймақтар пайда болады.
Бұл ақауды жою үшін пішінді жобалауда ауа шығуына арналған арналарды қарастыру қажет.
Бұл ақаудың туындауы жағдайында дайын пішіндерде үрлеудің Q көлемдік жылдамдығын азайту қажет. Күйдірулердің азаюларына құю қысымының Рл төмендеуі де ықпал етеді.
6. Бұйым қалыңдығының ұлғаюы
Бұйым қалыңдығының ұлғаюының себебі көрсетілгенермен салыстырғанда біршама көп болулары мүмкін.
Бұйым қалыңдығының ұлғаюының себебі үстеменің түзілуі болуы мүмкін. Егер де үстеме түзілген болса, пішін жартылары қас үстіліктеріне тіреледі де пішін қуысы қалыңырақ болады. Бұйым қалыңдығы арта түседі. Бұйым салмағы артады.
Бұйым қалыңдығының ұлғаюының себебі пішінді жобалауда оның тереңдігін есептеудегі қателіктер. Бұл ақау құю материалына тәуелсіз туындайды, бірақ полиамид, ПЭ, ПП, ПС және басқа да полимерлерді қысым астында құю кезінде туындауы мүмкін.
Бұйым қалыңдығының ұлғаюының себебі, сондай-ақ, пішіндеу кезінде пішін мөлшерінің айтарлықтай ұлғаюы болуы мүмкін. Бұл машина қаттылығының жеткіліксіздігі, пішін қаттылығының жоғары болуы және пішіндеуші пішінде туындайтын жоғары қысым нәтижесінде жүзеге асады. Бұл ақауды жою үшін пішінді жобалауда пішін қаттылығын дұрыс белгілеу қажет.
Бұйым мөлшерлерінің өзгеруі әсерін азайту үшін құю кезінде қысымды жинақтаумен пішіндеу тәртібін пайдалану мақсатты. Егер де осыны жүзеге асыру мүмкін болса, құю қысымын төмендетеді Рл .
