- •3.1 Полипропилен қасиеттері және қолданылуы
- •3.2 Полипропиленнің негізгі қасиеттері
- •1.Шикізатты даярлау.
- •Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
- •Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
- •Балқыманы пішінге үрлеу
- •Бұйымды салқындату
- •Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
- •Бөлшектерді өңдеу
- •1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
- •2. Толқынды беткей
- •3. Күмісті жолақтар
- •4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
- •5. Күйдірулер
- •7. Бұйымның артық салмағы
- •8. Бұйым салмағының ауытқулары
- •9. Бұйымды нашар шешу
- •10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі
- •Жеткіліксіз толтырылу
- •12. Бойлық иілу
- •13. Қуыстар
- •14. Бос саңылаулар
- •15. Саңылаулар
- •Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті
- •Бақылау әдістері
- •Тасымалдау және сақтау
- •5. Термопласт-автомат операторы еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау.
- •6 Термоласт-автомат операторының қызметтік қолдану көрсеткіштері
Бұйымды салқындату
Әдетте, салқындату операциясы балқыманы мөлшерлеумен біріктірілген және қысқа уақыт аралығында балқыманың белгіленген мөлшері жинақталып үлгермейді, құюдың технологиялық айналымы жүзеге асырылады, балқыманың гомогенизациясын нашарлататын шнектің айналу жиілігін жоғарылатады, сондықтан үлкен кесінділі құю жүйелерін пайдалану ұсынылмайды. Ұстау кезіндегі қысым үрдістің барлық технологиялық көрсеткіштерін ескерумен есептеледі, сондай-ақ, құю жүйелерінің мөлшерлері де ескеріледі. Қысым дұрыс таңдалған жағдайда салқындатудан кейін пішіндеуші қуыста біршама қалдықты қысым сақталады. Қалдықты қысым ықпалымен полимер пішіндеуші қуыстың қабырғасына тығыз жанасады, үйкелу күші ұлғаяды, және пішіннен бұйымды алып шығу қиындайды, ал итеру жағдайында олардың бұзылысқа ұшыраулары орын алуы мүмкін.
Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
Салқындату операциясын аяқтағаннан кейін пішінді ашу орындалады. Түйісу түйінінің плитасына бекітілген пішіннің қозғалмалы бөлігі ашылады, осы кезде бұйым онымен бірге кетеді. Итергіштердің шығып тұрған бөлігі шектеушіге тіреледі, және итергіштер бұйыммен бірге тоқтатылады, ал пішіннің қозғалмалы бөлігі ары қарай ашылады, осының есебінен бұйымды матрицадан алып шығу орындалады.
Бұйыммен бірге құю ыдысынан құю жүйелері де алынып шығарылады. Балқыма орталық құю жүйесінен ағуында плита саңылауына ағып өтеді, ол кері конус пішініне ие, және осы конуста қатады. Нәтижесінде пішіннің қозғалмалы бөлігінде құлып қалыптасады, оның көмегімен пішінді ашу кезінде құю құрылғысынан құю жүйелерін алу жүзеге асырылады.
Күшті адгезияға ие полимерлерден бұйымдар дайындауда, пішіндеуші қуыс беткейіне полимердің жабысуын төмендету үшін, оған бұйымды алып шыққаннан кейін арнайы жақпа жағылады. Әдетте жақпаны құюдың бірнеше айналымынан кейін жағады.
Бөлшектерді өңдеу
Механикалық өңдеу.
Пресстеуші пішіннің құрылымы мен алу әдісіне байланысты дайын бұйымдар оларға тұтынушылық қасиеттерді соңына дейін беру үшін толық өңдеуді талап етулері мүмкін. Қысым астында құю арқылы алынған бөлшектер механикалық жолмен өңделеді (кесу, құю жүйелерін, престеуші пішіннің элементтерінің жанасуларының тығыз еместігінен балқымалардың ағып кетулері нәтижесінде түзілетін пішіннің ажырау сызығы бойынша материалдар артықтарын кесу).
Түрлі конфигурациялы бұйымдарды дайындау үшін пресстеуші пішіндер қолданылады. Пресс-пішіндер өнеркәсіптерде дайындалады.
Термопласттардан қалыптасатыру кезінде стационарлық құю пішіндерін пайдалану қажет. Құю пішіні негізінен қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктерден, құю қақпақтарынан, құю жүйесінен, итеруші құрылғы және салқындатушы жүйеден құралады. Құю пішіндерінің консрукциясы келесі технологиялық талаптарға жауап берулері қажет:
- құю пішінінің ұяшықтарын бір уақытылы толтыру;
- үрлеудің біркелкі қысымы (инжекция) және көпұяшықты пішіндер үшін престеу қысымы, бұл арқылы бұйымның біртекті тығыздығы мен пішіндік нақтылығына қол жеткізіледі;
-көлемдері бойынша әртүрлі бірнеше бөлшектерді дайындау үшін құю пішіндеріндегі әрбір ену арналарының мөлшерлерін өзгерту және құю пішіндерінде барлық бөлшектердің біруақытты құйылуларын қамтамасыз ету үшін бірдей мөлшерлі ұяшықтарды кезекті орналастыру, себебі балқыманың жолының ұзындығы әр бір жеке бөлшектерге әртүрлі;
- ажырататын құю жүйелерінің дұрыс гидродинамикалық конфигурациясы, себебі құю жұйесі мен ажыратқыш арналар құйғышпен бір тұтас, құю жүйесі қысқа, конус тәрізді, кесіндісінде дөңгелек болуы және орталыққа немесе бұйымның ең қалың орнына келтірілуі керек.
Фото 3. Тура үштікке арналған пресс-пішін Ø110 мм.
Өндіріс қалдықтары және оларды қайта өңдеу. Термопласттардан дайындалған бұйымдарды қысым астында құю кезінде өндірістің құю жүйелері, сәйкес емес өнімдер, механикалық өңдеу өнімдері түрлеріндегі қалдықтар және құрылғыны реттеу және тазалау қалдықтары болулары мүмкін. Олардың барлығы технологиялық қалдықтарға жатқызылады (эксплуатациялық қалдықтарға қарағанда тұтынушылық қасиеттерін жоғалтқан бұйымдар түрлеріндегі қалдықтар). Технологиялық қалдықтардың ерекшеліктері, шикізат бірреттік балқуға ұшырайды, және, сәйкесінше, тәжірибе жүзінде бастапқы материалдың қасиеттерін толық сақтайды. Оларды жинайды, бөлшектейді, жаңа шикізатқа қосады және қоспаны бұйым алу үшін пайдаланады. Ұсақ бұйымдар өндірісінде екіншілік шикізатты құюшының жұмыс орнында қайта өңдеу ұсынылады. Бұл «бөлшектерге» басқа материалдың түсуін жоққа шығарады. Заманауи құю аймақтарында азгабариттік бөлшектерде әр құю машинасының маңында түйісу түйіні жағынан орнатылады. Ерекше көрсететін жағдай, әрқилы гранулометрлік құрамға ие «бөлшектерді» пластикациялау уақыты, жаңа полимерге қарағанда, шамамен 1,2-1,5 есе ұзақ.
Қысым астында құюда жарамсыз бұйымның қалыптасу себептері, оларды болдырмаулар бойынша ұсыныстар
