- •3.1 Полипропилен қасиеттері және қолданылуы
- •3.2 Полипропиленнің негізгі қасиеттері
- •1.Шикізатты даярлау.
- •Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
- •Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
- •Балқыманы пішінге үрлеу
- •Бұйымды салқындату
- •Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
- •Бөлшектерді өңдеу
- •1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
- •2. Толқынды беткей
- •3. Күмісті жолақтар
- •4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
- •5. Күйдірулер
- •7. Бұйымның артық салмағы
- •8. Бұйым салмағының ауытқулары
- •9. Бұйымды нашар шешу
- •10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі
- •Жеткіліксіз толтырылу
- •12. Бойлық иілу
- •13. Қуыстар
- •14. Бос саңылаулар
- •15. Саңылаулар
- •Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті
- •Бақылау әдістері
- •Тасымалдау және сақтау
- •5. Термопласт-автомат операторы еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау.
- •6 Термоласт-автомат операторының қызметтік қолдану көрсеткіштері
Балқыманы пішінге үрлеу
Шнекті цилиндр бойымен жылжыту кезінде үрлеу уақытында шнек клапаны ығысады да арналарды жабады, шнек арналары арқылы балқыманың кері ағуының алдын алады. Полимер балқымасы қысым астында құю арналары арқылы пішіннің пішіндеуші қуысына ағады, оны толтырады, кейін қысым ықпалымен тығыздалады. Бастапқыда балқыма пішіннің құю арналарын толтырады, кейін – пішіндеуші қуысты, және сондықтан қысым үнемі ұлғайып отырады. Ереже бойынша, пішінді толтыру өте қысқа уақытта жүзеге асырылады, 1-3 секундта.
Үрлеу кезінде стационарлы емес ағу жүзеге асады (арналардың ұзындығы да және жылдамдық та, балқыма температурасы да өзгереді). Балқыманың ағуы кезінде қозғалудың ең үлкен қысымы қабырғада қалыптасады, сонымен қатар балқыма арналар беткейінде жылдам салқындайды, беткей қабаттарда релаксациялық үрдістер қиын өтеді. Бұйым макромалекулаларының бағдарларының жоғарғы деңгейін сақтап қалады. Ішкі қабаттары ағу кезінде қозғалыстың аз қысымын өткереді және баяу салқындайды, релаксациялық үрдістер жүріп үлгереді, макромолекулалар бағдарланбаған десек те болады. Себебі біруақытта қабырғалық салқындаулы балқыма ағымы қабырға маңы қабаттарындағы макромолекулалардың бағдарларының жоғарғы деңгейін және бұйым қалыңдығы бойынша біркелкісіздікті негіздейді, молекулалардың бағдарлары бұйымның құю бағыты бойынша жеңілдеуіне алып келеді. Тізбектің біртескіздігі қатты тізбекті макромолекулалар үшін жоғары ішкі қысымның қалыптасуына алып келеді. Олар микро сызаттардың пайда болуларына алып келеді, бұйым мықтылығын жоғарылатады. Бұйым қасиеттерінің анизотропиялылығын азайту үшін балқыманың температурасын жоғарылатады. Пішінді қоюлығы төмен балқымамен толтырғанда жоғарғы температура есебінен жылжудың аз қысымы туындайды, сонымен қатар, релаксациялық үрдістер жеделдейді. Осының барлығы жиынтығында, салқындау соңында полимер макромолекулалары төмен температурада құюмен салыстырғанда төмен бағдарға ие болуларына алып келеді. Сондықтан бұйым мықтылығы құю және қасиеттер анизотропиясы жағына қарай төмендейді. Бағдарлану деңгейі мен оның қалыңдығы бойынша біркелкісіздікке осындай ықпалды пішін температурасы жасайды. Пішінді полимермен толтырғаннан кейін қысымның белгіленген мәнге дейін жоғарылауы жүреді, осымен қатар балқыманың тығыздалуы жүзеге асырылады, оның тығыздығы өседі. Салқындату үрдісінде көлемінің аса төмендеуі болмас үшін, қысым балқыманың қажетті тығыздығына жету жағдайынан шығады. Тығыздау және қысым астында ұстаудан кейін балқыманың қосымша ағуы орындалады, яғни үстеме қанығу. Пішіндегі қысым әрқашан машина цилиндріндегіге қарағанда біршама төмен, бірақ та бұл қысым өзгерісі пішінді толтыру сәтіндегіге қарағанда аз.
Қысым астында ұстау.
Пішінді балқымамен толтыру кезінде оның салқындауы жүреді, нәтижесінде полимермен толтырылатын тығыздығы жоғарылап, көлемі азаяды. Көлемі азаятын болғандықта, құю жүйелері арқылы пішінге балқыманың қосымша мөлшері келіп түсуін жалғастырады, және ондағы қысым тұрақты сақталады.
Үрлегеннен кейін машина цилиндрінде және пішіндеуші қуыста қысым тепе-теңдігі орнайды және балқыма-қанықтырғыштың қосымша тығыздалуы жүреді. Қысым астында ұстау әдетте бастаушы арнаның орталық бөлігіндегі балқыма ағу температурасынан төмен температураға дейін салқындамайынша жалғаса береді. Құю жүйесі салқындағаннан кейін пішіндегі балқыма массасы қайтіп өзгермейді. Қақпақты алғаннан кейін балқыманың ағуы болмайды. Балқыманың температурасы мен қысымының бастапқы мәндері бұйымдардың салқындау кездеріндегі сызықтық мөлшерлерінің кейінгі өзгерулерін анықтайды. Қысым астында көбірек ұстаған сайын, соғұрлым пішіндеуші қуыстағы температура жылдам түседі. Сондықтан, келесі салқындатуларда мөлшерлері азырақ өзгереді. Осы құбылыс пішіндегі қысымды жоғарылату кезінде де бақыланады. Қысым астында ұстау пішінде жүретін шөгу үрдістерін компенсирлейді, және құю жүйесінің мөлшерлеріне, балқыма және пішін температурасына, полимер қасиеттеріне байланысты. Қысым астында ұстау уақыты бойынша полимер балқымада болғанынша созылады. Құю жүйесінің үлкен тереңдігінде қысым астында ұстау уақыты жоғарылайды, ал бөлшектерді салқындату уақыты азаяды.
