- •3.1 Полипропилен қасиеттері және қолданылуы
- •3.2 Полипропиленнің негізгі қасиеттері
- •1.Шикізатты даярлау.
- •Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
- •Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
- •Балқыманы пішінге үрлеу
- •Бұйымды салқындату
- •Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
- •Бөлшектерді өңдеу
- •1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
- •2. Толқынды беткей
- •3. Күмісті жолақтар
- •4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
- •5. Күйдірулер
- •7. Бұйымның артық салмағы
- •8. Бұйым салмағының ауытқулары
- •9. Бұйымды нашар шешу
- •10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі
- •Жеткіліксіз толтырылу
- •12. Бойлық иілу
- •13. Қуыстар
- •14. Бос саңылаулар
- •15. Саңылаулар
- •Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті
- •Бақылау әдістері
- •Тасымалдау және сақтау
- •5. Термопласт-автомат операторы еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау.
- •6 Термоласт-автомат операторының қызметтік қолдану көрсеткіштері
Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
Бұл операция бірдей уақыт аралықтарынан кейін кезеңді және әр бұйым үшін тұрақты шнек айналымдарының жиіліктерімен жүзеге асырылады.
Балқыту қыздырғыштардан цилиндр қабырғалары арқылы, гранулалардың балқымаларының қоймалжың ағымы энергиясынан, жылуды беру есебінен жүзеге асырылады.
Мөлшерлеу полимерді шнектің айналуы кезіндегі циллиндрдің алдыңғы бөлігіне орын ауыстыруы нәтижесінде жүзеге асырылады, шнектің айналуы алдыңғы қысым астында құю айналымынан және циллиндрдегі қысымның өзгеруінен кейінгі қысым астында ұстау аяқталғаннан кейін іске қосылады. Мөлшерлеу гранулаларды қысу, қыздырумен және кейінгі оларды балқытумен бірге жүреді.
Балқыманың жақсы гомогенизациясы үшін шнекте үрлеу түйінінің поршні көмегімен итеру күші құрылады – шнек айнала отырып еркін емес алыстайды, итеру күшін жеңеді, бұл балқыма температурасының жоғарылауына ықпал етеді.
Құю машиналарының шнегі экструзиялықтардан құрылымы жағынан ерекшеленеді, олардың ұзындығы қысқарақ, L/D=10-18, ал қысу деңгейі: 2-2,5, бұл мөлшерлеу кезінде жақсы гомогенизацияның қажет еместігімен түсіндіріледі, ал үрлеу уақытында балқыманың қосымша қыздырылуы және балқыманың құю каналдарында орын ауыстырулары жүзеге асады.
Шнек каналдары арқылы балқыманың кері ағуының алдын алу үшін және цилиндр ішінде жоғары қысым құру үшін шнектің ұштығына артқы клапан орнатылады. Балқыманы мөлшерлеу кезінде клапан қақпағы шнектан алыстайды және полимер наконечник пен клапан қақпағы арасындағы көлденең пазалар арқылы ағады. Үрлеу кезінде қақпақ шнек ұштығының конус тәрізі бөліміне жанасады, каналдарды жабады және кері ағудың алдын алады. Балқыма мөлшерінің көлемі цилиндр бойында оның айналуы кезіндегі соңғы өшіргіштер жұдырықтары араларындағы қашықтықтың өзгеруі есебінен шнектің қадамдары орнатылады.
Балқыманың нақты мөлшері жиналғаннан кейін, шток артқа кеткен кезде соңғы өшіргішке басады, және шнек қозғалысы аяқталады.
Пластикация цилиндрі аймағы бойынша температура экструзиялық үрдістермен салыстырғанда жоғары орнатылады, бұл балқыманың қоюлығының төмендеуіне алып келеді және қысымның үлкен құлдырауларына алып келмейді. Алайда аса жоғары температура пішіннің ажыраусыздығы бойынша сызаттардың жоғарылауына алып келеді. Сондықтан, температураны бұйым қабырғасының қалыңдығына, құю беткейі алаңына, пішін температурасына, полимердің реалогиялық қасиеттеріне, құю арналарының мөлшерлеріне, термотұрақтылыққа байланысты таңдайды.
Құю машинасының өндірістілігі өндіріс уақыты мен ұзындығына және айналым уақытына көбейтілген пластикациялық өндіріспен анықталады.
Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
Алдыңғы айналымда дайындалған құйманы алып шыққаннан кейін түйісу механизмі іске қосылады. Құрамалы бөлікті жылжымалы плита белгілі бір күш жұмсаумен түйістіріледі. Түйісу күші пішінді балқымамен толтыру сәтіндегі ашылып кетуін болдырмас үшін қажет. Түйісу күші құю алаңына, инжекциялық қысым күшіне байланысты.
Пішіннің түйісуінен кейін үрлеу түйінінің пішінге әкелінуі жүргізіледі, сонымен қатар цилиндр сопласы пішіннің құю қақпағына тіреледі және балқыманың ағып кетуінің алдын алатын қажетті қысым қалыптасады.
