- •3.1 Полипропилен қасиеттері және қолданылуы
- •3.2 Полипропиленнің негізгі қасиеттері
- •1.Шикізатты даярлау.
- •Балқыманы балқыту, гомогенизация және мөлшерлеу.
- •Пішіннің түйісуі және үрлеу түйінін ашу
- •Балқыманы пішінге үрлеу
- •Бұйымды салқындату
- •Пішінді ашу және бұйымды алып шығу
- •Бөлшектерді өңдеу
- •1. Дәнекерлену (суық дәнекерлер, күйдірілген тігістер, айқаспалы тігістер)
- •2. Толқынды беткей
- •3. Күмісті жолақтар
- •4. Көмкеру (үстеме құю, грат)
- •5. Күйдірулер
- •7. Бұйымның артық салмағы
- •8. Бұйым салмағының ауытқулары
- •9. Бұйымды нашар шешу
- •10. Жылтырлықтың жеткіліксіздігі
- •Жеткіліксіз толтырылу
- •12. Бойлық иілу
- •13. Қуыстар
- •14. Бос саңылаулар
- •15. Саңылаулар
- •Термопласт-автоматта дайындалатын бұйымдар ассортименті
- •Бақылау әдістері
- •Тасымалдау және сақтау
- •5. Термопласт-автомат операторы еңбегін қорғау және қоршаған ортаны қорғау.
- •6 Термоласт-автомат операторының қызметтік қолдану көрсеткіштері
Бақылау әдістері
Фитингтерді сынау оларды әзірлегеннен кейінгі 15 сағаттан ерте жүргізілмеуі қажет.
1.Фитингтердің сыртқы түрі ұлғайтқыш құралдарды пайдалануда визуальды тексеріле алады.
2.Мөлшерлері ГОСТ 29325 сәйкес анықталады. Фитингтер мөлшерлері (23±5)ºС температурада анықталады. Сынау алдында үлгілерді көрсетілген температурада 4 сағ кем емес уақыт ұстайды.
Фитингтердің құбырлық ұштарының орташа сыртқы диаметрін анықтауды, торцтан 25 мм-ден кем емес қашықтықта орналасқан, бір көлденең кесіндіде жүргізеді, келесі әдістердің бірі қолданылады:
а) алаңының ұзындығын рулеткамен тура өлшеу әдісі. Алынған мәнді 3,142-ге бөледі. Алынған көрсеткішті бірінші ондық белгіге дейін дөңгелектейді.
б) таңдалған көлденең кесіндіде біркелкі орналасқан, диаметрдің бірнеше өлшемдерінің орташа арифметикалық мәні ретінде. Сонымен қатар сыртқы диаметрін өлшеуді ең жоғарғы және ең кіші мәндерін алғанға дейін жүргізу керек.
Өлшеуді есептеу мәні нониус бойынша 0,06 мм-ге дейінгі штангециркульмен орындайды.
Штангециркульдің қозғалмайтын ұштығын құбырдың бір жағына жеткізіп, қозғалатын ұштығын құбырдың екінші жағынан оның осіне перпендикулярлы, ұштықтардың өлшегіш беткейлері құбыр беткейімен жанаспайынша, жүргізіледі.
Штангециркульдің құбырға қатысты қалпының дұрыстығын тексергеннен кейін көрсеткіштерін алады.
Өлшеуді бір көлденең кесіндіде, штангециркульді осы кесіндіде бұра отырып, ең жоғарғы және ең төменгі мәндерін алғанға дейін орындайды.
Көрсеткіштерді бірінші ондық мәнге дейін дөңгелектейді және нәтиже ретінде, бір көлденең кесіндіде өлшенген, ең үлкен және ең кіші мәндерін алады.
3.Дөңгелектігін құбырдың бір ғана көлденең кесіндісіндегі сыртқы диаметрінің ең жоғарғы және ең кіші мәндерінің арасындағы айырма ретінде анықтайды.
4.Фитингтердің құбырлық ұштарының ең кіші және ең жоғарғы қабырғасы қалыңдықтарын өлшеуді таңдалған бір көлденең кесіндіде, торцтан 25 мм-ден кем емес қашықтықта, өлшеу құралын ең жоғарғы және ең кіші мәндерін тапқанға дейін жылжыта отырып жүргізеді.
Қабырғаның орташа қалыңдығы ретінде, 1-ге дөңгелектенген, алынған өлшемдердің орташа арифметикалық мәні қабылданады.
5.Ішкі қысымға тұрақтылығын тексеруді ГОСТ 24157 бойынша жүргізеді. Сынақ жүргізуге арналған фитингтерді сәйкес әдіспен құбыр кесінділерімен байланыстырады немесе, қосылыстардың бітеулігін және сынақ қабырғасы көзіне қосылуын қамтамасыз ететін, арнайы өшіргіштермен жабдықталады.
6.Қыздырғаннан кейін фитингтердің сыртқы түрінің өзгерістерін анықтауды ауалы ортада ГОСТ 27077 бойынша жүргізеді. Қыздырғаннан кейін фитингтер үлгілерін қарап тексереді және олардың сыртқы түрлерінің өзгерістерін бекітеді. Құю аймағында зақымдардың болуында үлгілерді кеседі және зақымның ену тереңдігін анықтайды.
