Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.96 Кб
Скачать

II. Дк қызмет көрсету және пайдалану

2.1 Дк аппаратуралық және программалық бақылауының түрлері

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан Дисплей (ағылш. display — корсету, калпына келтіру) — электрондысөулелік түтікше (ЭЛТ) экранында ақпаратты корсетіп бейнелеуге арналған құрылғы, бейнетерминал. Әріптер, сандар, мөтін, кестелер немесе графиктер, суреттер, сызбалар түріне байланысты ақпаратты бейнелейтін әріпті-сандық және графикалық дисплей деп бөлінеді. Пернетақта (Клавиатура; keyboard) — 1) компьютерге мәліметтер мен командаларды енгізуге арналған құрылғы. Ол пернелерден тұрады, оның көмегімен сандық және мәтіндік ақпараттарды немесе түрлі командаларды енгізуге болады. . Тінтуір – «графикалық» басқару құрылғысы. . Принтер (ағылыми prіnter) — мәтіндік не графиктік ақпаратты қағазға, пластикке шығаруға арналған құрылғы. Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады.

Сыртқы жад — ақпаратты машинадан тыс сақтауға арналған құрылғы; магниттік диск, иілгіш магниттік, оптикалық диск, стример және т.б. мәліметтерді ұзак уақыт сақтауға арналған мәлімет жинақтауыштар. Қатқыл магниттік дискідегі жинақтауыш немесе ҚМДЖ (ағылш. Hard Disk Drive, HDD) қатқыл диск,компьютерлік сленгте «винчестер» - магнитті жазбаның ұстанымында негізделген есте сақтау құрылғысы. Көптеген компьютерлерде негізгі есте сақтау құрылғысы болып табылады. «Иілгіш дискіден» басты ерекшелігі – ақпарат ферромагнитті қабаты бар қатқыл пластинаның бетіне жазылады. Қатқыл дискіде хром қышқылының бірнеше пластиналы қабаты орналасқан. Қатқыл дискінің жұмыс жүйесінде санаушы бастары пластинаның сыртқы бетіне тимейді. Магниттік диск (Магнитный диск; magnetic disk) — жалпақ дөңгелек табақша немесе диск түрінде жасалып, мәліметтер сақтау үшін беті магниттік қабықшамен қапталған металл немесе шыны пластина. Олардың иілгіш және қатты етіп жасалған түрлері бар. Мысалы, қатқыл магнитгік дискідегі жинақтауыш. Иілгіш магниттік диск (Гибкий магнитный диск; floppy disk) — компьютердің сыртқы жады ретінде колданылатын иілгіш заттан жасалған алмалы-салмалы магниттік диск. Диаметрлері 133мм (5,25) жөне 76мм (дюйм) дискілер болады. Қатқыл диск (Жесткий диск; hard disk) — металдан (алюминийден) жасалған магниттік диск. Ол, әдетте, өзіне арналған шаң кірмейтін дискжетекте орналасады. Диск өте үлкен жылдамдықпен (минутына жобамен 3000 айналым) айналады. Магниттік бастиек дискінің бетіне өте жақын орналасқан, Ондай типті дискілердің сыйымдылығы айтарлықтай көлемді, әдетте, 40-тан 800 Мбайтқа дейін. Олар өте үлкен жылдамдықпен қатынас құру мүмкіндігін береді. Оптикалық диск (Оптический диск; optical disk) — мәліметтерді жазу және оқуды лазерлік сөуле арқылы орындауға арналған диск. Мұнда ақпаратты өшіру және өзгерту ескерілмеген. CD-ROM (Compact Disk — Read-Only Memory — компакт-диск — ПЗУ) типті оптикалық дискілер белгілі. Flash жады (ағылш. Flash-Memory) қатты денелі жартылай өткізгіштің энергобайланысты қайта жазылушы жадының түрі. Ол оқылу реті шексіз, бірақ жазып-өшіру шектеулі (млн шамасында).

Компьютерлік желі — барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтін алғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]