Алакөл жағажайы
Алакөл демалыс жағажайы туралы естімегендер кемде-кем болар. Демалыс аймағында жүргізілген соңғы жөндеу жұмыстарынан кейін, Алакөлдің көркіне көрік қосылып, жыл сайын демалушылардың қатары көбеюде. Көл суы көптеген ауруларға ем. Адам денесіндегі қотырлар мен жаралар бірер түскен соң, сыпырылып түсіп қалады. Суға түсіп шыққанда, көңілің өсіп, қанағат табады. Жағаға жақын, тығыз орналасқан демалыс үйлері өте көрікті және мейрамханалар мен кафелердің саны да көп. Алакөлдің шипалы суын шетелдіктер де жақсы білетін болғандықтан, тек Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, сонау Ресейден, Украинадан, Орталық Азия елдерінен келіп демалып, денсаулығын нығайтып қайтып жатады. Жаздың шуақты ыстық айларында бұл араға кемінде 100-150 мың адамға дейін келіп кетеді.
Тек қазақстандық сауықтыру орны барша жұртты өзінің қашықтығымен және бұларды осылай деп атауымызға болатын болса, жолдардың сапасымен қапаландырып келеді. Негізінен алғанда кей жерде қиыршық тас, кейде ойқы-шойқы жерлер кездеседі. Жалпы алғанда, Алматыдан солтүстік жағалауға дейінгі 900 километрді және оңтүстік жағалауға дейінгі 620 километрді Сіз селкілдеп өтетін және біздің байтақ еліміздің кең жазирасын көзбе-көз көретін боласыз. Көлге дейін өз автомобиліңізде жетуге болады, бірақ көптеген адамдар қалада жүруге бейімделген машиналардың жүріс бөлігін аяп, автобуспен немесе поезбен жеткенді артық көреді. Автобус билетінің құны бір адамға 4200 теңге құрайтын болады. Поездың билетінің құны 4 мың теңгеден 8 мың теңгеге дейін өзгереді.
Сонымен, қандай көлікпен бару керектігін талдап, түсіндік, енді қандай жағалауға баратындығымызды шешіп алу керек. Өйткені, көл өте үлкен, барлық демалыс аймақтары бір бірінен қашықта жатыр және үш елді мекенде орналасқан, бұл Ақши кенті, Көктума кенті және Қабанбай кенті (халық арасында Жарбұлақ). Сондықтан, біздің шолуымызда демалыс орындары осы үш кент бойынша бөлінетін болады. Оларды бір бірінен не нәрсе ерекшелендіреді? Неліктен көптеген дем алушылар Ақши кентіндегі бағаларға шағымданады, Көктуманы «жердің бір жері» деп атайды, ал Қабанбай кентіне дейін тіптен жетпей жатады?
Барлығын рет-ретімен баяндап берейік: Үшарал қаласына жеткеннен кейін (бұл жерді кірген кезде қазақ батыры Қабанбайдың ескерткіші және көптеген жанар-жағар май құятын орындар бойынша тануға болады), көлдің өзіне дейін Сізге шамалы ғана жер жүріп өту қалады. Ең бірінші және жақыны Ақши кенті болады. Бір кездері осы бір жерді кент деп атаудың өзі қиын еді, туристік серпіліске дейін мұнда бір көше және бес-алты үй ғана болған еді. Міне, дәл сондықтан Ақши бизнесмендер үшін таптырмас орын болды. Жағалауы таза, оны бұл жерде күтімге алған, шезлонгтың астында да жатуға болады (кейбір аймақтар оларды өздерінің туристері үшін тегін қояды, басқа аймақтардың туристері үшін шезлонгтар ақылы).
«Пеликан» отбасылық демалыс орталығы
«Пеликан» демалыс базасы Алакөл көлінің жағалауында, Ақши кентіне жақын жерде, Үшарал қаласынан 65 км қашықтықта орналасқан («Пеликан» демалыс базасының GPS координаталары: N 45 57 18;E 81 34 17). Кешен Алакөл жағалауының демалыс базаларының арасындағы ең «жасыл» болып лайықты аталады. Демалыс базасы салынған жылдар ішінде (2007 жылдан бастап) ағаштардың 5 мыңнан аса көшеті отырғызылды. «Пеликанның» жайлы етілген үлкен аумағында коттедж үйлер, үлкен дәлізі бар асхана, кофе-бар, сауна, бильярд, күзетілетін автотұрақ, дүкен, мед. пункт, жазғы кинотеатр орналасқан. Жас меймандардың иелігіне ойын бассейндері мен балалар алаңдары беріледі. Ағаштан жасалған коттедж үйлер – экологиялық тұрғыдан таза, жайлы, барлық «өркениет игіліктері»: кондиционерлер, санитарлық тораптар, душ, ыстық суық су, жаңа жиһаз бар.
Жағажай: Алакөлдегі барлық жердегі секілді – жанартаудан қалған малта тасты (Сочидегідей), үйлерден 5-10 минуттық жерде орналасқан.
Ауқаттану: клиенттердің таңдауы бойынша тамақтандыру жүйесі ұйымдастырылған.
Қосымша қызметтер: сауна, бильярд, дүкен, жататын кереуеттер, киім жуатын орын, экскурсиялар, әкімшілік бөлмесіндегі WI-FI бойынша интернетке тегін кіру. Бұл жерде Интернет почтаны тексеруге және қоңырау шалуға арналған. Фильмдер мен бағдарламаларды жазып алуға тыйым салынған.
Бағасы: адам санына байланысты (2000 тг бастап 26500 тг дейін). Баға номер үшін, тамақтанусыз көрсетіліп отыр. Ата-аналарымен бірге тұрып жатқан 5 жасқа дейінгі балалар қосымша орын берусіз, тегін орналастырылады. Номердегі қосымша орын (төсек керек-жарақтары бар ауа үрленетін матрац) - 1000 теңге.
Сайт: pelican-alacol.ru
Телефондары: +7 (72833) 30002 ,+7 (727) 397-49-32, +7(727) 397-50-07,+7 (727) 250-11-70, +7(727) 266-39-24
«Alasu» демалыс аймағы
«ALASU» курортының аумағына кіре отырып, Сіз күзетілетін аумаққа келесіз. Аймақтың өкілдері құрылыс кезінде пайдаланылған барлық материалдар экологиялық тұрғыдан таза деп сендіреді. Мұнда жағажай қамыстан жамылғысы және шезлонгтары бар күркелермен жабдықталған. Alasu курортында номерлердің көптеген түрлері бар. Коттедждер, бунгало және тіптен киіз үйлер де бар. Олардың барлығы көлден бірнеше қадам жерде орналасқан.
Отельдің қосымша қызметтері: медпункт, дүкен, волейбол алаңы, үстелдегі теннис, бадминтон, балалар алаңы, бұлақ суы толтырылған балалар бассейні, дәстүрлі орыс саунасы бар монша, SPA процедуралары бар массаж кабинеттері.
Таңертеңгелік аспен, номер үшін тәулігіне төлейтін баға 2015 жылға екі адамға9500 теңгеден басталады. Номер үшін барынша жоғары баға 28 мың теңгеге дейін жетеді. 3 жасқа дейінгі балаларға орын берусіз тұрып жату тегін, 3 жастан 12 жасқа дейін қосымша орынға ақы төлеу керек.
Телефондары: +7 (727) 3150941 , 3289673,+7-777-275-77-84, +7-777-275-77-84 ,+7-701-224-56-68, +7-701-224-56-68
«Қара тас» («Черный камень»)
»Қара тас» («Черный камень») дем алушыларды өзінің жайлылығымен және оңашалығымен тартады. Дем алушылардың иелігіне орналастырудың үш түрі бар жайлы үйлер беріледі: студенттік, эконом, стандарт, стандарт+ және жартылай люкс. Дем алушылардың білдірген ниеті бойынша аспаздар мерекелік кешкі ас: көктал, кәуап, бешбармақ және көптеген өзге тағамдар әзірлей алады.
Тегін (ТҰРУҒА ЕНГІЗІЛГЕН): үш мәрте тамақтану, төсек ақжаймасы, күзетілетін автомобиль тұрағы, фонтаны бар балалар бассейні, беседкалар, волейбол алаңы, балалар алаңы, аниматорлар, дискотека, кітапхана, жағажай толығымен жайлы етілген (шатырлар, шезлонгтар).
Ақылы: дүкен, бар (шәй, кофе, алкогольді және алкогольсіз сусындар, таңсық тағамдар, жеңіл тағамдар), теннис үстелі, бильярд, монша массаж, катер, скутер, су шаңғысы, су шанасы (таблетка, банан), кешкі кафе, шілде-тамызда дельтаплан.
Бағасы екі адамға 11 мыңнан 30 мың теңгеге дейін өзгереді. 2 жасқа дейінгі балаларға кереует берілмейді – 2 жасқа дейінгі бала үшін қосымша кереуеттің құны тәулігіне 1500 т.
