МАЗМҰНЫ:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жер жәннаты Бурабай
Бурабай шатқалының жоғарғы жағы Қазақ ұсақ шоқыларының құрамына кіретін аласа таулы елдерді көрсетеді. Биік таулар және қылқан жапырақты орман, айдынды көл және таза ауа. Табиғаттың шипалы қуаты жақсы демалуға және денсаулықты қалпына келтіруге мүмкіндік тудырады.
Қазіргі уақытта ұлттық парктің жалпы ауданы 83 510 гектарды құрайды, оның ішінде 47,4 мың гектары орманды алқап. Ұлттық парк Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты ерекше қорғалатын табиғат аймағына енетін табиғатты қорғайтын мемлекеттік мекеме болып табылады. Бурабай – санаторийлердің, профилакторийлердің, демалатын орындардың, спорттық-сауықтыру лагерлерінің мекені. Мұнда денсаулығын жақсартуға, табиғатымен танысуға, демалуға он мыңдаған адамдар келеді. Бурабайдың шипажайларында тыныс жолдары органдарын және ішек-қарын трактасын, жүрек-қан тамыр жүйесін, жүру-қозғалу аппараттарын емдейді. Бұнда дала шөптерінің және қылқан жапырақты орманның хош иісі сіңген таза ауамен тыныстайсыз.
Бурабай – сансыз көп көлдердің мекені. Ең терең көл Жеке-Батыр жотасының шығыс баурайында орналасқан – Щучье көлі, оның ені 3 км-ден артық, ал тереңдігі 18 метрге дейін жетеді. Көлде алабұға, шортан, шабақ балықтары бар. Аталған көл Бурабай курортының темір жол станциясы орналасқан аудан орталығы, Щучинск қаласының жанында орналасқан.
Бурабайға экономикалық көзқарас
Мен Бурабай курорттық орнына барғаннан кейн, ол жердің ауданының өзінің табиғатымен, тауларымен, көлдерімен, жануарлар мен құстар дүниесінің әртүрлілігімен, шипалы климатымен, таза ауасымен, қымызымен, шипалы сулары мен батпақтарымен, аңыз-әңгімелеріне назар аудардым. Осының барлығын көру, сауықтырылу және демалу үшін туристер көп келеді. Бурабай өңірінің демалушылары тек қана қазақстандықтар емес, сонымен қатар Ресейден де көп демалушылар келеді. Бірақ Бурабайдың табиғи және әлеуметтік-экономикалық ресурстары өздеріне туристердің келуін қамтамасыз етпейді. Осындай қарсы алудың мүмкіншілігі қажетті туристік инфрақұрылымының болуымен анықталады. Туристік инфрақұрылымының дамуы Бурабайдың туристік өнімді өндірудегі қатысуы мен оның халықаралық нарықта бәсекелестік күресте қатысуына мүмкіншілік береді. Туристік шаруашылық туристік ұсыныстың элементі болып табылатындықтан, территориялық құрылымға үлкен әсерін тигізеді. Осындағы алдыңғы орын түнеу базаларына, транспортқа және тамақтану базаларына тиеді. Осы құрылымдар болмаса демалыс пен көпшілік туризмнің дамуы, жердің туристік көріктілігіне қарамастан мүмкін емес.
«Бурабай» курорттық ауданы Ақмола облысының территориясында орналасқан. Астана мен Көкшетау қалаларына жақын орналасқан жұмақ. Бурабай курорттық ауданына Астата қаласынан темір жолмен және автомобиль жолдарымен же жетуге болады. Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданының арасында да керемет автожолдар салынған. Көкшетаудан Бурабайға бір сағатта жетуге болады. Сонымен қатар Бурабайға келушілер үшін үлкен «Бурабай- курорты» темір жол станциясы жасалған. Осы темір жол станциясынан әр санаторий, демалыс орнына жүретін автобустар ұсынылады.
Осы уақытта менім зерттегенім бойынша: Бурабай курорттық зонасында тоғыз ірі санаторий, 1700 орынға арналған демалыс орындары, 300 орынға арналған 10 маусымдық демалыс базалары және 150 орынға арналған коттедж типті үйлер бар. 500 орынға арналған балалар лагерлері орналасқан. Жалпыға арналған демалыс мекемелер саны - 33, қонақ үйлер мекемелері - 16 , оның ішінде 3 ведомстволық, 24 жеке мекемелер, 14 балалар сауықтыру орталықтары бар. Олардың ішінен 6 мемлекеттік мекемелер болып табылады. Сонымен қатар Бурабайда 39 сауда нүктелері, 2 мейрамхана, 5 кафе, 5 қонақ үй, 3 отель, 6 бильярд орталықтары бар.
Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелер ішінен: 4 фотошеберхана, 2 сұлулық салоны, тұрмыстық салон, 4 ақша айырбастау пункттері, 4 жанармай құятын станциялары, 3 қайық станциясы, 1 құтқару станциясы қызмет етеді.
Демалушылардың бос уақытын өткізу үшін: 5 би алаңы, мотоциклдерді жалға алу пунктері, 2 зоопарк, аква орталық ұйымдастырылған. Жазғы мерзімде 63 ұлттық сувенирлерді, сурет, видеофильмдерді сататын сауда нүктелері жұмыс істейді.
Салық комитетінің 2015-2016 жылдардың көрсеткіштері бойынша санаторийлы-курорттық және шаруашылық субьектілерінен мемлекеттік бюджетке 268,8 млн теңге түсті. Сонымен қатар Бурабайда тұратын жергілікті халық өздерінің үйлерін демалушыларды орналыстыруға ұсынады.
Бурабай ауданы курорттық аудан болғандықтан әртүрлі ауруларды емдейтін санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері, балаларға арналған сауықтыру орталықтары көп. Осыларға қысқаша тоқталып кетейік.
Бурабай курорттық ауданының ірі санаторийларына: «Светлый», «Оқжетпес», туберкулезді «Бурабай», жасөспірімдерге арналған «Бурабай», «Щучинский», «Жеке-Батыр», әскери «Бурабай», «Зеленый бор» санаторий-профилакторий, «Астана» санаторий-профилакторий, «Майбалық», «Приозерный» санаторийлері жатады.
«Светлый» - Бурабай курорттық ауданда, Щучье көлінің жағалауында орналасқан. Номірлік фондысы: 2-3 орындық нөмірлер, 3-4 орындық люкс нөмірлер бар. Тамақтану: тәулігіне 4 реттік комплексті. Қосымша қызметтер: караокесі бар билльярд-бар +video CD теннис, әртүрлі экскурсиялар, фото қызметтер, атпен серуендеу, әуе шарымен ұшу, монша. Қыста: шаңғымен, атпен серуендеу.
Емделу: эндоэкологиялық реабилитация, ішек диализі, өт шығаратын жолдарды тазалау, су-джок-иглорефлекс терапиясы мен гирудотерапия, сауықтыру физкультурасы, уникалды жүйе бойынша батпақ процедуралары, мануальді терапия, косметологиялық процедуралар.
«Оқжетпес» - климаттық-бальнеологиялық санаторий - Әулиекөл көлінің жағалауында Жұмбақтас пен Оқжетпес қыраттарынан 300 метр қашықтықта орналасқан. 2014 жылы санаторий толық реконструкцияға жабылды. 2015 жылдың 7 желтоқсанында демалушылар үшін қайта ашылды.
Негізгі емдеу факторлары:
- организм үшін ыңғайлы ауасы бар климат;
- «Майбалық» көлінің минералды сулары;
- «Балпаш-сор» көлінің емдеу балшықтары.
Санаторий құрылымында 20 орынға арналған реабилитациялық бөлік, 228 орынға арнаған терапевтикалык бөлім бар. Санаторийде Тыныс алу ауруларын, ас-қорыту, қан айналым, ми және сүйек жүйелерінің ауруларын емдейді,
Физиотерапевтикалық процедуралар:
- инголяция,
- электротерапия,
- магнитотерапия,
- ультра дыбыстық терапия,
- лазерлік терапия,
- гидро су асты массажы,
- минералды, хош-иісті ванналар,
- балшықпен емдеу.
Қосымша қызметтер: саунасы бар бассейн, фитобар, фитнес-зал, спорт-зал, дискобар, кинозал, бильярд, ойын автоматтары, казино, мейрамхана.
«Бурабай» санаторий- туберкулезді санаторий болып табылады. Қымызбен емдейтін, Бурабай көлінің жағалауында орналасқан. Қарағайлы орман ішінде екі санаторий (екеуі де «Бурабай» деп аталады) орналасқан: біреуінде ересек адамдар, екіншісінде балалар емделеді. Екеуі де жыл бойы жұмыс істейді. Негізгі ем - қымыз және климаттық факторлар, физиотерапия, Балпаш-сордың тұзды балшықтары, Майбалық көлінің хлорлы-натрийлі-магнийлі сулары қолданылады.
«Щучинский» санаторийі - Бурабай курорттық ауданының Шучье көлінің жағалауында орналасқан. 321 орынға есептелген. Жыл бойы жұмыс істейді.
Нөмірлік фондысы: 2-3 орынды кәдімгі және жақсы нөмірлер. Емдеу: қозғалу мүшелерінің, тыныс алу мүшелерінің, қан айналым, ми жүйесінің, гинекологиялық ауруларды емдейді.
Емдеу түрлері:
- фитотерапия,
- иглорефлексотерапия,
- мануальді терапия,
- су-джок,
- емдік ванналар. Қосымша қызметтер: дискобар, кинозал, бильярд, үстелдік теннис, мейрамхана, т.б.
«Жеке-батыр» санаторийі - Бурабай курорттық ауданының Щучье көлінің жағалауында орналасқан. Таулар, қарағай орманы мен көлдер үйлесімі ерекше микроклиматты құрайды. Санаторий жыл бойы жұмыс істейді. 100 орынға арналған ұйықтау-емдеу корпусы бар, 2, 3, 4 орынды нөмірлер, 5 люкс, З жартылай люкс нөмірлері бар.
Емдеу:
- жүрек-тамыр жүйесінің аурулары,
- туберкулезді емес тыныс алу жүйесінің ауруларын,
- перифериялық нерв жүйесінің ауруларын,
- орталық жүйке жүйесінің функционалды бұзылуы, невроздар, - 1-3 кезең май басу,
- гинекологиялық аурулар.
Сауықтыру процедуралары:
- емдік ванналар: теңіздік, скипидарлық, минералдық, оттегілік;
- емдеу душтары: душ Жарко, циркулярлық душ;
- балшықпен емдеу: аппликациялар, гальвано-балшық;
- массаж: қолмен және электромассаж;
- инголяциялар: емдік шөптермен, маймен және минералдық тұзбен;
- физиотерапевтикалық процедуралар;
- стомотологиялық кабинет;
- лазерлік емдеу;
- иглорефлексотерапия;
- емдік сауналар мен бассейнде. Жаз бен көктемде емдік сусындар. Қымыз бен шұбат.
«Зеленый бор» санаторий профилакторийі Щучье көлінің солтүстік шығыс жағалауында, теңіз деңгейінен 380 биіктікте орналасқан 3 корпусы және 280 орыны бар коттедждері және емдеу корпусы бар. Емделу корпусы ұйықтау корпусымен асхана арқылы жалғанған. Тамақтану тәулігіне 4 peт ұйымдастырылады.
Емделу түрлері:
- жүрек-тамыр жүйесінің аурулары;
- тыныс алу аурулары;
- перифериялық жүйке жүйесінің аурулары;
- остеохондроздар.
Физиотерапевтикалық процедуралар: синусоидальдық, модулярланған тоқтар, магнитотерапия, ингаляция, массаж, иглорефлексотерапия, фототерапия, родондық ванналар.
Диагностикалық мүмкіншіліктер: клиникалық және биохимиялық лаборатория, ЭКГ, гастроэнеролог, невропатолог, гинеколог, стоматолог, эндокринолог, кардиолог, физиотерапевт кеңестері.
Қосымша қызметтер: пляж, кинозал, видеозал, банкет залы, кітапхана, қысқы бар, бар, кафе, жүзу бассейні, монша (орыс, фин, түрік), дискотекалар, экскурсиялар, қайықпен жүзу, караоке, компьютерлік ойындар, спорттық қалашық, қайық станциясы, автотұрақ.
«Майбалық» санаторийі - 1979 жылы құрылған. Бурабай курорттық ауданының 2 көлдің қиылысында - Телекөл мен Үлкен Чебачье көлдері орналасқан. Нөмірлік фондысы: 1-2 номірлік люкс, полулюкс және кәдімгі нөмірлер. Тамақтану: тәулігіне 3 peт, мейрамхана, VIP- залы, бар ұйымдастырылған.
Емдеу: Майбалық көлінің балшықтары, ми жүйесінің, тері аурулары. Сумен емдеу, массаж, физиотерапия, сауықтыру физкультурасы.
Қосымша қызмет: сауна, массаж, караоке, дартс, бильярд, үстелдік теннис, волейбол, футбол, автотұрақ, балаларға арналған алаң, балық аулау, атпен серуендеу.
«Приозерный» санаторийі - Бурабай ұлттық табиғи парктің территориясында көрікті «Қотыркөл» көлінің жағалауында орналасқан. Нөмірлік фондысы: VIP коттедж, 8 люкс нөмірлері, 2-3 орынды нөмірлер, 1 полулюкс. Тамақтану: тәулігіне 5 peт 170 орынға арналған түскі тамақ залы, 250 орынға арналған жазғы асхана бар.
Емдеу:
- эндоэкологиялық-реабилитация
-климатотерапия;
- қымызбен емдеу;
- «Тұран», «Құлагер-Арасан» минералды суларын пайдалану;
- компьютерлік диагностика;
- микрокомпьютерлік электромассаж;
- массаж, косметологиялық процедуралар, фитобар.
Қосымша қызметтер: конференц-зал, каминный зал, бильярд, бар, тренажерлық зал, Интернет залы, кітапхана, теннис, сауна. Қыста-шаңғымен, снегоходпен, атпен, шанамен жүру. Жазда - палаталық қалашық, туристік саяхаттар, экскурсиялар.
Сонымен қатар Бурабай курорттық ауданында туристер үшін демалыс үйлері, қонақ үйлер, туристік базалар көп.
«Көкшетау» демалыс үйі - Бурабай курорттық ауданында Щучье көлінің жағалауында орналасқан. Территориясында 4-2 этажды корпустар, 2-3 нөмірлі коттедждер, монша бар. Тамақтану тәулігіне 4 peт ұйымдастырылады. Демалушылардың назарына: би алаңы, кітапхана, массаж жасайтын медициналық пункт, қайық станциясы, кинозал, балаларға арналған аттракциондар, пляж, почта, 2 бар, экскурсиялар мен демалу кештері ұйымдастырылады.
Қосымша ақылы қызметтерге: Бурабай курорттық ауданы бойынша 3 сағаттық автобус экскурсиясы (240 теңге), қайық, катамаранды жалға алу, бильярд, монша, ақылы автотұрақ.
«Ботагөз» демалыс үйі – Бурабай курорттық ауданында Щучье көлінің жағалауында орналасқан. Жыл бойы жұмыс істейді. Орналасу. 2,3 орынды нөмірлер, 2 нөмірлі- 3 люкс. Тамақтану. Тәулігіне 4 peт Демалыс үйінің территориясында демалушыларға көрсетілетін қызметтер: пляж, спорт және би алаңы, бильярд, бар, жаяу және автобустық экскурсиялар, дискотекалар.
Бурабай курорттық ауданында демалушылар тек қана өздері емес, балаларын да ертіп келеді. Олардың назарына: 14 балалар сауықтыру орталықтары ұсынылған. Олардың ішінен ең ірілері: «Балдаурен» және «Оқжетпес» лагерлері болып табылады
«Балдаурен» республикалық балалар сауықтыру орталығы Бурабай курортгық ауданында Щучье көлінің жағалауында орналасқан 8,6 га. Құрайды. 2002 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген, 288 адамға арналған орындар саны бар. Орналасу: 6 орынды жақсы жабдықталған нөмірлер. Тамақтану тәулігіне 5 peт ұйымдастырылады. «Оқжетпес» балалар сауықтыру лагері - Бурабай курорттық ауданда, Қотыркөл көлінің жағалауында орналасқан. Лагерьдің жалпы территориясы 8 га-ны құрайды. Орналасу: 2-3 этажды корпустарда. Тамақтану, 5 реттік,
— Емдеу түрлері: гальванизация, фонофорез, элекросон, диетотерапия, оттегілік - және емдік ванналар.
Бурабай курорттық ауданында 4 туристік ұйым және бірнеше туристік агенттіктер жұмыс істейді. Олардың ішіндегі ең белсендісі болып «Глобус» туристік ұйымы табылады. Олар осы ауданның туристік имиджін қалыптастыруды, туристерге сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастырады.
Тарауды аяқтай келіп келесі қорытындылар шығаруға болады. Осы ауданның туризмі жақсы даму үшін, шетелден туристер келу үшін, жақсы туристік инфрақұрылым құру қажет. Бурабай курорттық ауданда туристік инфрақұрылым бай болғанымен, оның материалдық базасы ескіріп қалды.
