- •*Амбулаторлық-емханалық педиатрия *1*10*
- •*Амбулаторлық-емханалық педиатрия *2*40*
- •*Амбулаторлық-емханалық педиатрия *3*40*
- •*Бала аурулары. Пульмонология *1*19*
- •* Бала аурулары. Пульмонология *2*79*
- •* Бала аурулары. Пульмонология *3*82*
- •Пульмонология визуалды диагностика
- •* Бала аурулары. Кардиология *1*27*
- •* Бала аурулары. Кардиология *2*82*
- •* Бала аурулары. Кардиология *3*80*
- •* Бала аурулары. Кардиология. Визуалды диагностика*1*4*
- •*Бала аурулары. Кардиология. Визуалды диагностика*2*6*
- •*Бала аурулары. Кардиология. Визуалды диагностика*3*4*
- •*Бала аурулары. Ревматология *1*10*
- •*Бала аурулары. Ревматология *2*40*
- •* Бала аурулары. Ревматология *3*40*
- •* Бала аурулары. Ревматология. Визуалды диагностика*2*3*
- •* Бала аурулары. Ревматология. Визуалды диагностика*3*3*
- •* Бала аурулары. Гематология *1*28*
- •* Бала аурулары. Гематология *2*98*
- •* Бала аурулары. Гематология *3*56*
- •*Бала аурулары. Гематология. Визуалды диагностика*3*5*
- •* Балалар неврологиясы*1*20*
- •* Бала неврологиясы *2*80*
- •* Бала неврологиясы *3*80*
- •* Фтизиатрия *1*20*
- •* Фтизиатрия *2*80*
- •* Фтизиатрия *3*80*
- •Аталғанның ішінде диагностика мақсатымен дәрігердің бірінші кезекте тағайындайтын ең лайықты зерттеу әдісі қандай?
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *1*5*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *2*20*
- •Фтизиатрия. Визуалды диагностика *3*20*
- •* Бала хирургиясы *1*37*
- •* Бала хирургиясы *2*90*
- •* Бала хирургиясы *3*54*
- •*Ревматология. Реанимация және қарқынды терапия*2*3*
- •*Гематология. Реанимация және қарқынды терапия*3*5*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *1*5*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *2*20*
- •*Бала хирургиясы. Реанимация және қарқынды терапия *3*20*
* Бала аурулары. Пульмонология *2*79*
#20
*!Бала, 10 айлық, жедел ауырды. Дене қызуы 38◦Сқа дейін жоғарылаған, енжар, емшек емуден бас тартады, санасы тежелген, қысқа мерзімді тырысулар. Жиілеген тыныс, ыңырсумен, ауыз мұрын үшбұрышының цианозы. ТАЖ– 64/мин, кеуде бұлшық еттерінің қатысуымен. Аускультацияда: тынысы әлсіз, өкпенің бар аймағында көптеген крепитациялық ылғалды сырылдар естіледі. ЖСЖ– 142/мин, жүрек тондары өте әлсіреген, бауыры қабырға доғасынан + 3,5. Зәрі сиреген. БЖАИЖ стандарттары бойынша, қандай клиникалық көріністер пневмонияның ауыр ағымын ӘСІРЕСЕ көрсетеді?
*+ Жиілеген тыныс, ыңырсумен
* Крепитациялық ылғалды сырылдар
* Гепатомегалия, олигурия
* Гипертермия, санасы тежелген
* Тәбеті төмен, емшек емуден бас тартады
#21
БЖАИЖ стандарттары бойынша, 2 ай мен 5 жас аралығында қандай клиникалық көріністер жалпы қауіп белгілері болып бағаланады?
*Емшек ембейді. Су,тамақ ішкеннен кейін құсады; осы ауру кезінде дене қызуы 38,50С
*1 жасқа дейінгі балаларда сұйық нәжіс. Су,тамақ ішкеннен кейін құсады;
*+Емшек ембейді. Су,тамақ ішкеннен кейін құсады; осы ауру кезінде дене қызуы 38,50С, тырысулар; санасы тежелген, летаргия.
*Емшек ембейді. Су,тамақ ішпейді
* Су,тамақ ішкеннен кейін құсады
#22
*!Ер бала Ю., 9 жаста, жедел ауырды. Ауруының алғашқы 2 күні науқаста жоғары қызба. Қарап тексергенде: аңқасында-айқын катаральды өзгерістер, ринорея. Құрғақ жөтел сақталған. Аускультацияда: тынысы қатаң, симметриялық шашыранды тұрақсыз құрғақ және әртүрлі калибрлі (көбіне орта көпіршікті) ылғалды сырылдар естіледі. Жөтелден кейін сырылдар жойылады. Тыныс жиілігі минутына 22 рет.
Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Бронхиолит
* Обструктивті бронхит
*+Жедел жай бронхит
* Пневмония
* Плеврит
#23
*!Ер бала 4 жасар. ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін ұзақ уақыт бойы жөтелуге, ентігуге шағымданаады. Отбасылық анамнезі–баланың анасында тағамдық және дәрілік аллергия. Зерттеуде: баланың жағдайы орташа ауырлықта. Терісінде атопиялық дерматит көріністері. Өкпеден перкуторлы: қораптық реңкпен өкпелік дыбыс. Аускультативті: тыныс шығару ұзарған – жайылған құрғақ сырылдар және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Кеуде қуысы ағзаларының R-да тамырлар және перибронхиальды өзгерістер есебінен өкпе суреті күшейген. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Жедел бронхит
*Жедел бронхиолит
*Жедел пневмония
*Жедел плеврит
*+Жедел обструктивті бронхит
#24
*! ЖРВИ - мен ауырған 9 айлық ер баланың 4-ші күні жағдайы нашарлады, дене қызуы қайтадан 37,8С дейін жоғарылады, экспираторлық сипаттағы ентігу дамыды, оральды сырылдар естіледі. Аускультацияда – тыныс шығаруы ұзарған, екі жақ өкпеден әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Жедел бронхиолит
*+ Жедел обструктивті бронхит
* Жедел бронхит
* Жедел пневмония
*Плевропневмония
#25
! 5 жасар бала тыныс алуының қиындауына, жөтелге шағымданады. 7 күн бұрын ауырды, катаральды белгілер, дене t 38,6оС. 3-күні құрғақ жөтел мен ентігу пайда болды. Жағдайы ТЖ II дәр. сәйкес ауыр. Дем алуы кеуде бұлшық еттерінің қатысуымен, дем шығаруы шулы, қиналумен. Тынысы әлсіреген, көптеген құрғақ және ылғалды орташа көпіршікті сырылдар, ТАЖ 48/мин. Спирограммада: ӨӨС (ЖЕЛ)-41%, ФӨӨС (ФЖЕЛ)-46%, ӨМВ (МВЛ)-44%, РТШ (РВ)-31%, ТМК (МОД)-31%, тыныс шығару ПЖ (ПСвыдоха) 0,6%. Беротектен кейін: тыныс шығару ПЖ (ПСвыдоха)+12%. Төменде берілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Жедел бронхит
*+Обструкциямен жедел бронхит, ТЖ II дәр.
* Бронх демікпесі
*2-жақты жедел пневмония, ТЖ II дәр.
* Созылмалы деформациялаушы бронхит
#26
*!Дені сау 10 айлық балада, тамақтану кезінде кенеттен ұстама тәрізді жөтел, инспираторлық ентігу, цианоз пайда болды. Жедел-жәрдем бригадасымен стационарға алып келді. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бронх демікпесі
*+Көмейдегі бөгде зат
*Обструктивті бронхит
*Туа біткен даму ақауы
*Жедел бронхит
#27
*!1 жас 7 айлық бала. Кенеттен басталып,15 минуттан кейін жоғалған жөтелге, ентігуге шағымданды. Қарап тексергенде: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультацияда сол жақтың жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар, перкуссияда қораптық дыбыс естіледі. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Обструктивті бронхит
*Жедел бронхит
*Бронх демікпесі
*+Бронхтағы бөгде зат
*Жедел бронхиолит
#28
*! Дені сау 1 жастағы бала, ойын кезінде, кенеттен ұстама тәрізді жөтел, ентігу, цианоз пайда болды. Жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Өкпенің аускультациясында – оң жақта тынысы әлсіреген, перкуссияда кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде қораптық дыбыс. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бронх демікпесі
*+Бронхтағы бөгде зат
*Обструктивті бронхит
*Туа біткен даму ақауы
*Жай бронхит
#29
*!Қыз бала, 11 жаста. Шағымдары: қақырықпен тұрақты жөтелге, әлсіздік, шаршағыштық. Анамнезінен: ылғалды жөтелдің күшеюімен, дене қызуының жоғарлауымен өтетін бронх-өкпе ауруларының жылына 2 – 3 рет қайталануы. Қарап тексергенде: аздаған шырышты – іріңді қақырықпен жөтел, құрғақ және ылғалды сырылдар, әсіресе оң өкпенің төменгі бөліктерінде. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Созылмалы бронхит
*Созылыңқы пневмония
*Обструктивті бронхит
*Муковисцидоз, өкпелік түрі
*Бронх демікпесі
#30
*! Бала 6 жаста. Соңғы 3 жылда бронхитпен жылына 3 – 5 рет ауырады. Аурудан кейін жөтел және өкпедегі физикальды өзгерістер ұзаққа сақталады. Спирографияда өкпенің вентиляциялық қызметінің орташа дәрежелі, обструктивті і бұзылысы анықталған. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Рецидивті бронхит
*+Созылмалы бронхит
*Рецидивті обструктивті бронхит
*Созылмалы обструктивті бронхит
*Атипті пневмония
#31
*!8 жасар науқастың бронх шырышты қабаты биоптатының морфологиялық зерттеуінің гистологиялық көрінісінде шырыш бездерінің гиперплазиясы, бокал тәрізді жасушалардың көбейгені, шырыштың гиперсекрециясы, кірпікшелі жасушалары азайғаны, базальді мембранасының қалыңдағаны, бронхтардың мукоцилиарлық тазартылуының бұзылғаны байқалған. Осындай морфологиялық көрініс ЕҢ тән болады:
*Бронх демікпесіне
*+Созылмалы бронхитке
*Созылмалы пневмонияға
*Рецидивті бронхиткен
*Өкпе муковисцидозына
#32
*! Созылмалы бронх-өкпе процессімен 7 жасар науқастың кеуде клеткасының рентгенологиялық зерттеуінде обструктивті синдром белгілері: өкпе суретінің диффузды өзгерістері және күшеюі, әсіресе түбір және төменгі бөліктерінде анықталған, түбірлерінің құрылымы өзгерген. Берілген рентген көрінісі КӨБІНЕ сәйкес келеді:
*Жедел обструктивті бронхитке
*+Созылмалы бронхитке
*Ағымы созылыңқы пневмонияға
*Бронх демікпесіне
*Жедел бронхитке
#33
*! 3 айлық ер бала. Шағымдары: дене қызуының 39,8ºС жоғарылауына, мазалайтын құрғақ жөтелге, мазасыздыққа, емшектен бас тартуына. Баланың жағдайы өте ауыр. Ентігуі аралас сипатта. Кеуде клеткасының иілгіш аймақтарының ішке тартылуы, мұрын желбезектері кернелген. Терісі бозарған, периоральды цианоз. ТЖ 68 рет мин., өкпе үстінде перкуторлы–қораптық реңкпен өкпелік дыбыс. Аускультативті: тынысы әлсіреген, көп мөлшерде жайылған ұсақ көпіршікті сырылдар. Кеуде қуысы ағзаларының R-графиясында – өкпе түбірі құрылымының бұзылысы, өкпе суреті күшейген.
Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Ошақты пневмония
*Жедел бронхит
*+Жедел бронхиолит
*Обструктивті бронхит
*Бронх демікпесі
#34
*!7 айлық бала. Жөтел, дене температурасының жоғарылауына шағымданады. Объективті: экспираторлы ентігу, периоральды цианоз, тыныс алу актісіне қосымша бұлшықеттер қатысуы, мұрын желбезектерінің керілуі, қабырғааралықтың тартылуы, аускультацияда өкпенің барлық бөліктерінен көп мөлшерде жайылған ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Обструкциялық бронхит
*+Жедел бронхиолит
*Жедел бронхит
*Созылмалы бронхит
*Рецидивті бронхит
#35
*! 8 айлық бала. Анасы аденовирустық инфекциядан кейін әлсіздікке, дене қызуына, құрғақ, жабысқақ жөтелге, үдемелі ентігуге шағымданады. Объективті: шулы тыныс, акроцианоз, цианоз, эмфизематозды үрілген кеуде қуысы, ТАЖ 82/мин. Аускультативті: тынысы әлсіреген, көптеген майда көпіршікті ылғалды сырылдар. R-өкпе суретінің мозаикалылығы-өкпеде мөлдірлігі жоғары және васкуляризациясы төмен аймақтардың көптеп болуымен «ауа қақпандарымен» байланысты, сцинтиграфияда – өкпеде қан айналымның бұзылысы. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Жедел бронхит
*Жедел пневмония
*Бронх демікпесі
*Обструкциялық бронхит
*+Облитерациялаушы бронхиолит.
#36
*!Сәби 3 айлық. ТЖ2 дәрежесі есебінен ауыр жағдайда ауруханаға келіп түсті. ТЖ 84 рет минутына, тынысы шулы, арақашықтықтан естіледі. Эксикозбен бірге токсикоз. Өкпе үстінен тимпанит, аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған қиындаған, өкпенің барлық аймағынан жайылған ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Жедел бронхит
*+Жедел бронхиолит
*Обструктивті бронхит
*Муковисцидоз
* Жедел пневмония
#37
Ұл бала 4 айлық. Шағымдары: дене қызуының 39ºС жоғарылауы, сұйықтық ішуден бас тартады. Объективті: тынысы көмекші бұлшықеттердің қатысуымен, қабырға аралықтардың ішке тартылуымен. ТЖ-1 минутта 50 ретке дейін. Кеуде қуысының рентген суретінде өкпе суретінің күшеюі, оң өкпенің төменгі бөлігінде инфильтративті ошақты көлеңкелер анықталады. КТИ-0,53.
Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Жедел пневмония
*Облитерациялаушы бронхит
*Жедел бронхит
*Бронх демікпесі
*Обструктивті бронхит
#38
Ұл бала 1 жаста. Дене температурасының 390С-қа дейін жоғарылауына, интоксикацияға шағымданады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында өкпе суретінің күшеюі, сол жақ өкпенің тұнықтығы әлсіреуі, төменгі бөлігінде ошақты біріккен инфильтративті көлеңкелер анықталды. КТИ-053. Қандай рентгенологиялық белгі пневмония диагнозына ЕҢ сәйкес келеді:
* Өкпе суретінің күшеюі
* Кардиоторокальды индекс (КТИ) кеңіген
* Өкпе суретінің тұнықтығы әлсіреуі
* + Өкпеде инфильтративті көлеңкелер
* Өкпе желденуінің күшеюі
#39
Ұл бала 1 жаста. Дене температурасының 390С-қа дейін жоғарылауына, интоксикацияға шағымданады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында өкпе суретінің күшеюі, сол жақ өкпенің тұнықтығы әлсіреуі, төменгі бөлігінде ошақты біріккен инфильтративті көлеңкелер анықталды. КТИ-053. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Облитерациялаушы бронхит
*Жедел бронхит
*Бронх демікпесі
*Обструктивті бронхит
*+Сол жақ өкпенің төменгі бөліктік ошақты біріккен жедел пневмониясы
#40
*!Ер бала 10 жаста. Кенеттен дене қызуы 40С дейін жоғарылады. Басы ауырады, ауық-ауық сандырақтайды, санасы тежелген, еріндерінде ұшықтың күлдіреуіктері бар, қақырығы «тотты». Аралас ентігу. Кеуде қуысының оң жақ жартысы тыныс алудан қалыс қалады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Жедел бронхит
*Жедел обструктивті бронхиолит
*Созылмалы пневмония
*+ Крупозды пневмония
*Интерстициальды пневмония
#41
*!10 айлық қыз балада қызба, терісі бозарған, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, аралас ентігу. Тынысы екі өкпенің төменгі бөліктерінде әлсіреген, ылғалды ұсақ көпіршікті әлсіз сырылдар, крепитация. Жүрек үндері тұйық, тахикардия. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Жедел бронхиолит
*Обструктивті бронхит
*Оң жақты төменгі бөліктік пневмония
*+Екі жақ өкпенің төменгі бөліктерінің пневмониясы
*Интерстициальды пневмония
#42
*!2 жасар бала, ауруханаға айқын токсикозбен, аралас ентігумен, температурасының 38С дейін жоғарылауымен келіп түсті. Перкуторлық дыбыс қораптық. Аускультативті: жайылған сырылдар, оң жақта жауырын бұрышында –тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар, крепитация естіледі. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бронхиолит
*Альвеолит
*+Пневмония
*Бронх демікпесі
*Обструктивті бронхит
#43
*!3 жасар бала. Дене температурасының 390С-қа дейін жоғарылауына, жөтелге, интоксикацияға шағымданады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңдарының тотальды қоюлануы, көкірек ағзаларының ығысуынсыз. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Обструктивті бронхит
*Өкпе агенезиясы
*Экссудативті плеврит
*Өкпе ателектазы
*+Оң жақтық пневмония
#44
*!5 жасар бала. Дене температурасының 38-390С-қа дейін жоғарылауымен басталған жедел ауру. Интоксикация, өкпенің оң жақ төменгі бөлігінде перкуторлық дыбыс тұйықталған, өкпеде аускультативті көріністер аз, ЖҚА: лейкоцитоз-17 х109/л, с\я-72%, п\я-12%, эоз-1%, мон-5%, лимф-11%, СОЭ-42мм\с). Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Крупозды пневмония
*Микоплазмалық пневмония
*+Сегментарлы пневмония
* Ошақты пневмония
*Ошақты-біріккен пневмония
#45
*!3 айлық бала. Қарап тексеру кезіндегі симптомдар кешені: дене қызуы субфебрильді, конъюнктивит, қарлыққан дауыс, ұстама тәрізді қиналып жөтелу, қақырық аз бөледі, обструктивті синдром, өкпедегі физикальды өзгерістері аз. Өкпе рентгенінде- интерстициялды өзгерістер, инфильтрациялық ошақтар бар. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Хламидиялық пневмония
* Стафилококкты пневмония
* Клебсиелалық пневмония
* Стрептококкты пневмония
* Орнитозды пневмония
#46
*!Қыз бала, 6 айлық. Күйік бөлімшесінде жатыр. Ауруының 3-ші күні жағдайы нашарлады. Жансақтау бөлімшесіне ауыстырылды. Объективті: кома, интоксикация, ентігу. ӨЖЖ-де, интубациялық түтікшеден жасыл түсті іріңді бөлінді санацияланып жатыр. Өкпе рентгенограммасында: көптеген ұсақ деструкция ошақтары анықталды.
Төменде көрсетілгендердің ішінен ЕҢ ықтимал патоген?
*+көкірің таяқшасы
*алтын стафилококк
* листерия
*микоплазма
*орнитоздар
#47
*! Ұл бала 11 жас. Бір ай бойы ауырады. Ауруы катаральды белгілерден басталған- тамағының ауыруы, жиі құрғақ жөтел, мұрын бітелуі, субфебриллит. Ауруының 6 күні лене қызуы 39С-қа көтерілді. Бала жиі, қиналып жөтеледі. БОС пайда болды (айқын ентігу, тынысының қиындауы), әлсіздік. Өкпе рентгенінде- көптеген бұлдыр, көбіне сол өкпенің төменгі бөлігінде ошақты көлеңкелер. Төмендегілердің ішінде ЕҢ ықтимал болжам диагноз?
*+Микоплазмалық пневмония
*Стафилоккты пневмония
*Клебсиелалық пневмония
*Стрептококкты пневмония
*Орнитозды пневмония
#48
*!Перзентханада бір уақытта 4 нәрестенің жағдайы нашарлай түсті – интоксикация белгілері дамыды, құсу, диарея. Рентгенологиялық: барлық балалардан лобарлы инфильтрат анықталды. Оң жақ өкпенің жоғарғы бөліктік бұзылысы. Пневмония диагнозы қойылды.Төменде көрсетілгендердің ішінен ЕҢ ықтимал патоген?
*+Клебсиеллы
*Микоплазма
*Хламидий
*Стафилококки
*Пневмококки
#49
*!Қыз бала 6 жаста. Цитостатиктермен, гормондармен ем қабылдауда. Бүгін күрт ентігу, ауыздан көпіршікті бөлінділермен ұстама тәрізді жөтел пайда болды. Сілекей микроскопиясында пневмоцисталар анықталды. Дене температурасы қалыпты. Өкпенің рентгенологиялық көрінісі «мақта тәрізді өкпе» түрінде, интерстициальды өзгерістер көрінеді. Пневмоцисті пневмония диагнозы қойылды.
Пневмоцисті пневмония КӨБІНЕСЕ қандай аурудың маркері болып табылады?
*+АИВ
*Мерез
*Листериоз
*Туберкулез
* «Үй пневмониясы»
#50
*! Ұл бала 1,5 жаста, атопиялық дерматитпен «Д» есепте тұрады. Жөтелге, ентігу, дене қызуы 38Сқа көтерілуіне шағымданады. Перкуссияда- қораптық дыбыс анықталады. Аускультативті- Оң жақ жауырын бұрышында перкуторлық дыбыс тұйықталған, осы аймақта аускультативті тұрақты, ұсақкөпіршікті сырылдар. Төмендегілердің ішінде ЕҢ ықтимал болжам диагноз?
*Бронхиолит
*Плеврит
*+Оң жақтық пневмония
*Бронх демікпесі
*Обструктивті бронхит
#51
*!Бала 7 айлық. Рахит, өршу кезеңі диагнозымен «Д» есепте тұрады. Шағымдары: жөтел, дене қызуының жоғарылауы. Обьективті: экспираторлы ентігу, пероральді цианоз, қосымша бұлшықеттердің дем алу актісіне қатысуы, мұрын желбезектерінің керілуі, қабырғааралықтардың тартылуы. Аускультативті: жайылған ұсақ көпіршікті сырылдар барлық өкпе алаңында естіледі. Төмендегілердің ішінде ЕҢ ықтимал болжам диагноз?
*+Жедел пневмония
*Облитерациялық бронхиолит
*Жедел бронхит
*Бронх демікпесі
*Обструктивті бронхит
#52
*!3 жасар бала. Дене температурасының 390С-қа дейін жоғарылауына, жөтелге, шағымданады. Айқын ентігу, интоксикация. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңдарының тотальды қоюлануы, көкірек ағзаларының ығысуынсыз. ЖҚА – Нв – 88 г\л, эр. – 2,3х1012\л, лейк – 15,8х109\л, эозиноф. – 14%, п\я – 1%, с – 78%, л- 19%, м- 2%, СОЭ – 23 мм\ч. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Обструктивті бронхит.
*Фиброторакс.
*Экссудативті плеврит.
*Өкпе ателектазы.
*+Оң жақтық бөліктік пневмонии.
#53
*! Қыз бала 10 жаста, пневмониядан ем қабылдап жүр, дене қызуының 39С-қа жоғарылауы байқалады, енжарлық. ТЖ-52 р/мин, ЖСС-115р/мин. Терісі сұр жер түстес. ЖҚА: лейк.– 23 х109/л, п/я – 14, с/я – 62%, лимф. – 16%, мон-8, ЭТЖ – 58 мм/сағ. ЭхоКГ-да жүрек қақпақшалары интактты. Бұл науқаста пневмонияның қандай асқынуы дамуы ЕҢ мүмкін?
*+Сепсис
*Инфекциалық эндокардит пен
*Инфекциялық-токсикалық шок
* Нейротоксикоз
*Жедел респираторлы дистресс-синдром
#54
*! Бала 12 жаста, бөліктік пневмонияның ауыр дәрежесі, жоғары дене қызуының күрт төмендеуі байқалып, күрт әлсіздік, бас айналу, құлақтың шуылдауы, жүрек айну, құсу пайда болды. Обьективті: бала бозарған, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек тондарының үнсіздігі, АҚҚ төмендеген. Науқастың жағдайының күрт нашарлауының ЕҢ мүмкін себебі:
*Сепсис
*Кардиогенді шок
*Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*+Инфекциялық-токсикалық шок
*Респираторлы дистресс-синдром
#55
*! Бала 9 жаста. Диагнозы: оң жақ жедел ошақты-жайылмалы пневмония. Ауруының 5-ші күні науқаста күрт тері қабатының мәрмәр тәріздес бозаруы, шырыштардың цианозы, акроцианоз, пульстің әлсіз толығуы, АҚҚ 80/60 мм рт.ст., теріде петехиальды бөртпелер, иньекция жасаған жерлердің қан аққыштығы байқалды. Санасы тежелген, олигоурия. Бұл науқаста пневмонияның қандай асқынуы дамуы ЕҢ мүмкін?
*+ҚТІШҚҰ синдромы
*Респираторлы дистресс-синдром
*Өкпе абсцессі
*Плеврит
*Перикардит
#56
*! Бала 1 жаста, ауыр пневмониямен, антибактериальды емге қарамастан дене қызуы көтерілуде. Бала енжар, тәбеті күрт төмендеген, дене қызуы 39С, ентігу, ыңырсыған тыныс, жөтел кеуденің оң бөлігінің ауыруымен. ТЖ 60/мин. Перкуссияда- оң жақ төменгі аймақта дыбыс тұйықталған. Тынысы зақымдалған аймақта естілмейді. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Пиопневмоторакс
*+Плевра эмпиемасы
* Бөлік аралық плеврит
*Өкпе булласы
* Өкпе абсцессі
#57
*! Бала 6 жаста, диагнозы: пневмония. Жөтелгенде, терең тыныс алғанда, оң жаққа еңкейгенде кеуде аймағы ауырады. Кеуде қуысының рентгенограммасында- оң жақтың тотальды қараюы және көкірек аралық ағзалардың солға ығысуы анықталды. Бұл науқаста пневмонияның қандай асқынуы КӨБІНЕСЕ дамуы мүмкін?
*Ателектаз
*Абсцесс
*+Плеврит
*Эмфизема
*Пневмоторакс
#58
*! Қыз бала 3 жаста. Стационарға түскенде жағдайы өте ауыр. Бозарған, жөтелі аз өнімді, ауыру сезіммен аралас ентігу, дене қызуы 38С-ге жоғарылауы. Кеуде қуысының ассиметрисы, оң жағы ісінген. Бала оң жағын қорғаштайды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Экссудативті плеврит
*Пневмоторакс
*Өкпе булласы
*Құрғақ плеврит
*Абсцесс
#59
*! Ұл бала 12 жаста. Диагнозы: ошақты пневмония. Ауруының 9-шы күні қан аралас іріңді қақырық пайда болды, сол жақ жауырын асты бұрышынан ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі, амфорикалық тыныс пайда болды. Дене қызуы 39-40С. Рентгенде- деструкция аймақтарымен қараю. Бұл науқаста пневмонияның қандай асқынуы КӨБІНЕСЕ дамуы мүмкін?
*Құрғақ плеврит
*Плевра эмпиемасы
*Пневмоторакс
*Өкпе булласы
*+Абсцесс
#60
*! Ұл бала 2 айлық, жедел ауырды, дене қызуы 38С-ге көтерілді, енжар, емуден бас тартты. Тынысы жиілеген, қарлыққан, ауыз-мұрын үшбұрышы цианозы. ТЖ-76 р/мин, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен. Өкпеде- әлсіреген тыныс, крепитация, ЖСС-132 р/мин. Жүрек тондары тұйықталған. Сирек зәр шығарады. БЖАИЖ классификациясы бойынша бұл аурудың ауырлық дәрежесі ЕҢ ықтимал:
*Өте ауыр
*+Ауыр
*Орташа ауырлықта
*Ауыр емес
*Жеңіл
#61
*!Бала, 18 айлық. Дене қызуы 37,2◦С, құрғақ жөтел, мазасыз. Қарап-тексергенде: ТЖ 44/мин. қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, мазасыздықта мұрын ауыз үшбұрышының цианозы байқалады. Перкуссияда: өкпе үстінде қораптық дыбыс, қатқыл тыныс, ылғалды майда көпіршікті сырылдар. БЖАИЖ бойынша бала жағдайын қалай жіктейсіз?
*Өте ауыр
*+Ауыр
*+Орташа ауырлықта
*Ауыр емес
*Жеңіл
#62
*! Қыз бала, 8 айлық, дене қызуы 39С. Балада 3 күн бойы жөтел және тыныс алу бұзылысы, бала емшектен бас тартты және су ішпейді. Құсу және тырысу болмады. Қарап тексергенде бала ұйқышыл, ТЖ 55/мин, кеуде қуысының иілгіш аймақтарының тартылуы. БЖАИЖ бойынша бала жағдайын қалай жіктейсіз?
*+Ауыр пневмония
*Орташа ауырлықтағы пневмония
*Пневмония жоқ, жөтел немесе суық тию
*Пневмония, астмоидты тыныс
* БЖАИЖ бойынша жағдайды жіктеуге ақпараттар жеткіліксіз
#63
*!Бала 18 айлық. Аймақтық дәрігер – тыныс шығаруының ұзаруымен ентігу, ара қашықтықтан естілетін сырылдар, өкпеде құрғақ ысқырықты және әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар, аз өнімді ұстама тәрізді жөтел симптомокомплексін анықтады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Бронх демікпесі
*Жедел бронхит
*+Обструктивті бронхит
*Бронхиолит
*Пневмония
#64
*!Бала 4 жаста. Анамнезінде атопиялық дерматит. Қазіргі уақытта құрғақ жөтел, дене қызуының жоғарылауы, тыныс шығаруы ысқырықты, ұзарған. Аускультативті тыныс алғанда әртүрлі калибрлі ылғалды және тыныс шығарғанда ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бронхиолит
*Пневмония
*+Обструктивті бронхит
*Созылмалы бронхит
*Бронх демікпесі
#65
*!Қыз бала 4 айлық. Шағымдары: дене қызуының 40º С дейін жоғарылауы, қинайтын тыныс және жөтел, емшектен бас тарту. Баланың жағдайы ауыр. Кеуде қуысының иілгіш аймақтарының тартылуы, мұрын қанаттарының керілуі. Тері қабаттары бозғылт, пероральды цианоз. Тыныс алуы 86/мин., өкпеде перкуторлы – дыбыс қораптық реңкпен. Аускультативті: әлсіреген тыныс, көп мөлшерде құрғақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар. Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы ЕҢ ТӘН?
*Тыныс алу жеткіліксіздігі синдромы
*+Бронхообструктивті синдром
*Жүрек жеткіліксіздігі
*Қан тамыр жеткіліксіздігі
*Дистресс-синдром
#66
*! Бала 2 жаста, тыныс алу жеткіліксіздігі 2 дәрежесі, ауыр емес интоксикация салдарынан ауыр жағдайда клиникаға жеткізілді. Тынысы шулы, ара қашықтықтан естіледі, тыныс шығаруы ауырлаған. Өкпеде перкуторлы –қораптық реңкпен өкпелік дыбыс, аускультативті: тынысы әлсіреген, тыныс шығаруы шулы шулы. Аускультативті: көптеген құрғақ ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Жедел бронхит
*+Жедел обструктивті бронхит
*Жедел пневмония
*Жедел бронхиолит
* Муковисцидоз
#67
*!Бала 10 жаста. Қаладан тыс, табиғатта тұншығу ұстамасы пайда болды. Осы көктем мезгілінде поллиноз фонында айына 3 рет ауыр тұншығу ұстамалары дамыды. Баланың жағдайы ауыр, тыныштық жағдайындағы тыныс жеткіліксіздігі. ТЖ 54/мин, пероральды цианоз. Қабырғааралық бұлшық еттердің тыныс алуға қатысуы. Перкуторлы – қораптық дыбыс. Асукультативті – қатаң тыныс шашыраған ысқырықты сырылдар. Бронх обструкциясының ЕҢ мүмкін себебі қандай?
*Обструктивті бронхит
*Облитерирлеуші бронхиолит
*Муковисцидоз
*+ Бронх демікпесі
*Ларинготрахеит
#68
*!Қыз бала, 12 жаста. Бронхо-өкпе жүйесінде қабынудың өршуі жылына 5-6 рет. Жағдайы айқын бронхообструктивті синдром салдарынан ауыр. Ұстама тәрізді жөтел, ЖРВИ фонында шулы тыныс, бозарған, пероральды цианоз. Аускультативті екі жақ өкпеде де көптеген әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жүрек тондары оң жақ кеуде аймағынан және арқасынан естіледі. Бронх обструкциясының ЕҢ мүмкін себебі қандай?
*Вильямс-Кемпбелл синдромы
*+Картагенер синдромы
*Мунье-Кун синдромы
*Гудпасчер синдромы
*Прадер– Вилли синдромы
#69
*!Бала 12 жаста. Жағдайы айқын ентігу салдарынан ауыр. Қан аралас қақырықпен жөтел. Рентгенограммада көптеген ірі және майда біріккен көлеңкелер, интерстициальды суреттің «көбелек» тәрізді күшеюі. Қан анализінде: анемия 2 дәрежелі, ретикулоцитоз, коньюгирленбеген билирубин деңгейінің жоғарылауы. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Муковисцидоз
* Картагенер синдромы
*+Өкпенің гемосидерозы
* Гудпасчер синдромы
*Хамман-Рич синдромы
#70
*!Бала 14 жаста. Жағдайы айқын ентігу салдарынан ауыр. Беті ісінген, АҚҚ-140\90 мм.с.б. Қан аралас қақырықпен жөтел. Рентгенограммада көптеген ірі және майда біріккен көлеңкелер, интерстициальды суреттің «көбелек» тәрізді күшеюі. Қан анализінде: анемия 2 дәрежелі, ретикулоцитоз, коньюгирленбеген билирубин деңгейінің жоғарылауы. ЖЗА: гематурия, протеинурия. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Муковисцидоз
* Картагенер синдромы
*Өкпенің гемосидерозы
*+Гудпасчер синдромы
*Хамман-Рич синдромы
#71
*!Бала 11 жаста. Жағдайы айқын ентігу салдарынан ауыр. Беті ісінген, АҚҚ-140\90 мм.с.б. Қан аралас қақырықпен жөтел. Рентгенограммада көптеген ірі және майда біріккен көлеңкелер, интерстициальды суреттің «көбелек» тәрізді күшеюі. Қан анализінде: анемия 2 дәрежелі, ретикулоцитоз, коньюгирленбеген билирубин деңгейінің жоғарылауы. ЖЗА: гематурия, протеинурия. Төменде көрсетілген емдердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
*Ингаляциялық ГКС ем
*Иммуносупрессивті ем
*Антибактериальды ем
*+Плазмаферез, гемодиализ
*Антикоагулянттар
#72
*!Балада ерте жастан басталған бронх-өкпе анамнезі (созылыңқы ағымды жиі обструктивті бронхиттер, 2 рет пневмония). Бронхографиялық зерттеуде бронхтың және кеңірдек шеміршегінің және мембранозды бөлігінің туа біткен ақауы анықталды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*+Трахеобронхомаляция
*Трахея стенозы
*Өкпенің кистозды гипоплазиясы
*Туа біткен бөліктік эмфизема
*Өкпенің секвестрациясы
#73
*! 10 айлық дені сау бала, ас ішу үстінде, кенеттен ұстама тәрізді жөтел, ентігу, цианоз пайда болды. Жедел жәрдем бригадасымен аруханаға жеткізілді. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бронх демікпесі
*+Көмейдегі бөгде зат
*Обструктивті бронхит
*Туа біткен даму ақауы
* Муковисцидоз
#74
*!Балаға 2 жас. Шағымдары: 2 күн бұрын пайда болған ұстама тәрізді жөтел, тыныс шығарудың қиындауымен жүретін ентігу. Кеуде қуысы рентгенографиясында: оң өкпесінің мөлдірлігінің күшеюі және диафрагма куполының төмендеуі, көкірек қуысы ағзаларының қарама қарсы жаққа ығысуы. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Кеңірдектің туа біткен стенозы
*+Бронхтағы бөгде зат
*Бронх және кеңірдектің дивертикулы
*Баллотирленген бронхоэктаздар синдромы
*Трахео-және бронхоөңештік жыланкөз
#75
*! Қыз бала 5 күндік. Босануы ұзаққа созылған, жамбаспен келген. Құрсақішілік пневмония бойынша ем алады. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасында оң жақ өкпе алаңының тұнықтығы төмен. Пневмонияның дамуының ЕҢ ықтимал жолы:
*Құрсақішілік
*+Аспирациялық
*Микоплазмалық
*Пневмакоокктық
*Легионеллездік
#76
*!Ұл бала 10 жаста. айына 3 – 4 рет ауыр тұншығу ұстамалары дамиды. Тыныс алуы тыныштықта минутына 34 рет. Кеуде торы бөшке тәрізді. Перкуторлы – қораптық дыбыс. Аускультативті қатаң тыныс, шашыраңқы ысқырықты және ылғалды орта көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, өкпе артериясы үстінде II тон акценті. Ішкі тыныс қызметін зерттеуде – форсирленген тыныс шығару көлемі қалыптыдан 40%-ға төмендеген. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Бронх демікпесі, интермиттирлеуші ағымы
* Бронх демікпесі, персистирлеуші ағымы, жеңіл дәрежесі
* Бронх демікпесі, персистирлеуші ағым, орташа дәрежеде
*+ Бронх демікпесі, персистирлеуші ағым, ауыр дәрежесі
* Бронх демікпесі, астматикалық статус
#77
*!Ұл бала 5 жаста. Ұстама тәрізді жөтел, ысқырықты тыныс, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: атопиялық дерматит, жиі ентігумен жүретін, вентолинмен ингаляциядан кейін басылаты ЖРВИ (6-8 рет жылына). Әкесінде, атасында – бронх демікпесі. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,7°С, кеуде торы керілген, қораптық дыбыс, аускультативті: тынысы әлсіз, ысқырықты сырылдар. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Муковисцидоз
*Обструктивті бронхит
*Астмоидты тыныс
*+Бронх демікпесі, ұстама кезеңі
*Астматикалық статус
#78
*!Ұл бала 10 жаста, тыныс алуының қиындауына, мұрын бітелуіне, кеудесінің қысылуы, ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. Қолайсыз тұрмыстық- әлеуметтік жағдайда тұрады (дымқыл, көгерулер, үй жанында ТЭЦ). Дерматологта атопиялық дерматит бойынша тіркеуде тұрады. Әкесінде – поллиноз, анасында – тағамдық аллергия, әжесінде – бронх демікпесі. Жағдайы ауыр. Дистанциялық сырылдар. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Бронх демікпесі, ауыр персистирлеуші ағымы
*+ Бронх демікпесі, орташа ауырлықтағы, персистирленуші ағымы
*Бронхообструктивті синдроммен пневмония
*Созылмалы бронхит өршу кезеңі
* Поллиноз, аллергиялық бронхит
#79
*! Бронх демікпесі бар 6 жастағы ұл бала мысықпен ойнаған соң созылыңқы тұншығу ұстамасы дамыды. Экспираторлы ентігу симпатомиметиктермен басылмайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Жиі, құрғақ, қинайтын жөтел, пероральды цианоз. Акроционоз, ортопное, қашықтықтан естілетін шулы тыныс пен сырылдар. Өкпе аймақтарының төменгі бөлігінде «мылқау өкпе». Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Обструктивті бронхит
*Жедел ларинготрахеит
*+Астматикалық статус
* Жедел бронхиолит
* Жедел пневмония
#80
*! Бронх демікпесі бар 6 жастағы ұл бала мысықпен ойнаған соң, созылыңқы тұншығу ұстамасы дамыды. Экспираторлы ентігу симпатомиметиктермен басылмайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Жиі, құрғақ, қинайтын жөтел, пероральды цианоз. Акроционоз, ортопное, қашықтықтан естілетін шулы тыныс пен сырылдар. Аускультативті: тыныс әлсіреген, шулы, көптеген құрғақ музыкальды сырылдар, төменгі бөлігінде «мылқау өкпе». Төменде көрсетілген ем жоспарларының ЕҢ тиімдісі қайсысы?
* О2, β2 – агонисттер, антигистаминді
*+О2, β2 – агонисттер, ГКС п\э
*Антибиотиктер, антилейкотриендер, бронхолитиктер
* Антибиотиктер, β2 – агонисттер, муколитиктер
* Антибиотиктер, ГКС, седативтеушілер
#81
*!Пациент 10 жаста. Физикалык жүктемеде күшейетін экспираторлық ентігу 30–36 рет\мин. Шырышты іріңді қақырықпен ылғалды жөтел. Анамнезінде: ерте кезден жиі бронхообструктивті синдроммен өтетін аурулар. Кеуде қуысының өркешті деформациясы, саусақ фалангалары «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» тәріздес. Аускультативті: қатаң тыныс, ұзарған ысқырықты тыныс шығару, әртүрлі колибрлі сырылдар әсіресе өкпенің төменгі бөлімдерінде. КТ-да: басты бронхтардың өзгеруінсіз кеңейген буллезді бронхоэктаздар. Төменде аталған өкпе даму ақауларының қайсысы науқаста болуы КӨБІНЕСЕ ықтимал:
*Маклеод синдромы
*Картагенер синдромы
*Мунье-Кун синдромы
*Айерс синдромы
*+Уильямса-Кемпбелл синдромы
#82
*! Қыз бала 12 жаста. Шағымдары: қақырық бөлінуімен ылғалды жөтел, мұрынмен тыныстауы қиындаған, естудің төмендеуі. Жиі іріңді отиттер, бронх-өкпе жүйесі қабыну өршулері жылына 5-6 рет қайталанады. Аускультативті екі өкпедеде көптеген әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар. Жүрек тондары кеуде торының оң жағында және арқасында естіледі. Кеуде торының рентгенограммасында: жүректің оң жақты орналасуы. Бронхографияда: оң өкпенің үш бөліктік және сол өкпенің екі бөліктік кұрылымы. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Вильямса-Кемпбелл синдромы
*+Картагенер синдромы
* Мунье-Кунс синдромы
* Гудпасчер синдромы
* Прадера – Вилл синдромы
#83
*! 6 айлық науқасты рентгенолгиялық тексеруде: ашық өкпе тіні суретінде бронх тармақтары бойында көптеген, жұқа қабырғалы, дөңгелек қуыстар анықталды. Осы рентген суреті тыныс жолдарының даму ақауларының қайсысында КӨБІНЕ ықтимал?
*Трахеобронхомаляциялар
*Трахеобронхомегалиялар
*Туа пайда болған бөліктік эмфиземалар
*Өкпе секвестрациялары
*+Өкпенің кистозды гипоплазиясы
#84
*!2 айлық бала. Кеуде торының ассиметериясы, оң қабырғааралықтарының тарылуы, тыныс алу актіне қатыспауы, жүрек шекараларының оңға ығысуы симптомокомплексі анықталды. Рентгенологиялық зерттеуде: көкірекаралық ағзаларының толық ығысуы, оң өкпе ауалығының жоғалуы анықталды. Бронхоскопияда басты бронх тұйық қапшық болып аяқталған. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Оң өкпе гипоплазиясы
*+Оң өкпе агенезиясы
*Оң өкпе секвестрациясы
*Оң өкпе гамартомалары
*Қосымша өкпе
#85
*! Бала 6 жаста. Жиі бронхөкпелік ауруларымен ауырады. Бронхографиялық зерттеуде анықталды – ірі бронхтар қысқа және деформацияланған, киста тәрізді кеңеюлермен бітеді, майда бронхтар контрастталмайды. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Өкпе аплазиясы
*Өкпе агенезиясы
*Өкпе атрезиясы
*+Өкпе гипоплазиясы
*Өкпе гиперплазиясы
#86
*!Пациент 3 жаста. Жиі бронхөкпе ауруларымен ауырады. Жиі, қинайтын жөтел, кейде қақырықпен. Обьективті: шуылды тыныс, жөтелі «ешкі маңырағандай» дыбыстық феноменімен. Бронхологиялық зерттеуде трахея мен басты бронхтың диффузды кеңеюі анықталады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Марфан синдромы
* Картагенер синдромы
*+Мунье-Кун синдромы
* Айерс синдромы
* Маклеод синдромы
#87
*!Қыз бала 1,3 жаста. Ентігуге, жөтелге шағымданады. Анамнезінде: қайталамалы, бронхообстуктивті синдроммен жүретін респираторлы аурулар. Тыныштықта ентігу 50 рет\ мин. қосымша бұлшық еттердің қатысуымен. Қақырықтың шығуы қиын, ылғалды жөтел. Аускультативті: әлсіз тыныс фонында құрғақ және ылғалды сырылдар. Терідегі хлордың мөлшері 75 ммоль/л.Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Бронхтардың туа пайда болған даму ақауы
*Бронх демікпесі
*Бронхоэктатикалық ауру
*Рецидивтелуші бронхит
*+Муковисцидоз, өкпелік форма
#88
*Ер бала 13 жаста. Ерте жастан қайталамалы бронхөкпе аурулары, қайталамалы іш аурулар болып тұрады, нәжісі жиі, көп мөлшерде. Қарап тексергенде: бала арық, кеуде қуысы бөшке тәрізді, іші үлкен. Терде хлордың мөлшері 70 ммоль/л құрады. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Рецидивті бронхит
*Пневмонияның созылыңқы түрі
* Бронх демікпесі
*+ Муковисцидоз, аралас түрі
* Өкпе гемосидерозы
#89
*! Қыз бала 5 жаста. Шағымдары; жөтел мен ентігу. Туғаннан көп мөлшерде үлкен дәрет күніне 3-рет, бронх өкпе жүйесінің жиі аурулары. Бала физикалық дамуда артта қалған, дене массасы 13 кг. Кеуде қуысы бөшке тәрізді. Өкпеде қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар. Іші жұмсақ, кебіңкі. Копрограммада – бұлшықет талшықтары+++, крахмал ++. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Атипті пневмония
*+Муковисцидоз, аралас түрі
*Обструктивті бронхит
*Созылмалы бронхит
* Бронх демікпесі
#90
*! Қыз бала 7 жаста. Шағымдары: аз өнімді жөтел мен тұрақты, үдемелі ентігу. Диффузды сұр-күл түсті цианоз. Аускультацияда: инспирация соңындағы «целлофан шытыры» түріндегі крепитация. Рентгенологиялық: өкпе тіні мөлдірлігі төмен («бұлыңғыр шыны» симптомы), торлы («ара ұясы») суреті. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
* Уильямс-Кемпбелл синдромы
*+ Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит (Хаммен-Рич синдромы)
* Аэрс синдромы (Біріншілік өкпе гипертензиясы)
* Луи Бар синдромы
* Маклеод синдромы
#91
*!Қыз бала 10 жаста.Физикалық жүктемеден соң әлсіздік, ентігу, жүрек тұсының ауыруы, жүрек қағу ұстамасы, естен тануға шағымданады. Аускультативті:систолалық шоқырақ ырғағы,өкпе артериясының үстінен II тонның күшеюі. Кеуде қуысының рентгенограммасында өкпе артериясының кеңеюі, оң жақ қарынша мен жүрекшенің кеңеюі. ЭКГ: ЖЭО оңға жылжуы, оң жақ жүрекше мен қарыншаға жүктеме, V1-V3 әкетулерінде теріс Т тісшесі, Гис шоғырының оң аяқшасының транзиторлы блокадасы. Келтірілген өзгерістер КӨБІНЕСЕ қай ауруға сәйкес? * Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит – ИФА (Хаммен-Рич синдромы)
* Картагенер синдромы
* Мунье-Кун синдромы
*+ Аэрс синдромы(біріншілік өкпелік гипертензия) * Отбасылық өкпелік эмфизема ( альфа-1-антитрипсин дефицит)
#92
*!Бала 10 жаста. Гриппен ауырғаннан кейін 2 күн бойы қан аралас қақырықпен жөтел, ал бүгін қан қақыруда. Қарау тексергенде: тері жамылғысы бозарған, өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар естіледі. ЖҚА: гипохромды анемия, анизоцитоз, пойкилоцитоз, лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. ЖЗА: протеинурия, цилиндрурия, эритроцитурия. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Уильямса-Кемпбелла синдромы
*Идиопатикалық фиброздаушы альвеолит (Хаммен-Рич синдромы)
* Аэрс синдромы (біріншілік өкпе гипертензиясы)
*+Гудпасчер синдромы
*Маклеод синдромы
#93
Науқас 14 жаста. Жөтел, әлсіздік, бас айналу, қан қақыру шағымдарымен пульмонологиялық бөлімшеге госпитализацияланды. ЖҚА - 86г\л, эр-2,99 х1012/л, рет-2,7%, лейк-17,7 х109/л, тр-100х109/л, нейтрофилез-с\я 88%, СОЭ-30мм\ч. Темір мөлшеріне қан анализі-1,85мкмоль\л, БХҚА - гипопротеинемия-50г\л, гипербилирубинемия -47мкмоль\л. ЖЗА қалыпты. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Трахеяның туа пайда болған стенозы
*Туа пайда болған бөліктік эмфизема
*Трахея мен бронхтардың дивертикулы
*+ Өкпе гемосидерозы
* Гудпасчер синдромы
#94
*!Бала 8 жаста. Қақырықпен жөтел, ентігу. Тамақтануы нашар, физикалық дамуда артта қалған, қол саусақтары «барабан таяқшасы» және тырнақтары «сағат әйнегі» тәріздес. Қарау кезінде: тері жабындыларының бозғылттығы, ауыз мұрын үшбұрышының цианозы. Аускультативті: шашыранды әртүрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Рентгенологиялық: тығыздығы жоғары майда диффузды көлеңкелер, көбінесе өкпенің ортаңғы және төменгі бөлімдерінде орналасқан. Төменде көрсетілген болжам диагноздарының қайсысы ЕҢ ықтимал?
*Уильямс-Кемпбелл синдромы
*Идиопатикалық фиброздаушы альвеолит (Хаммен-Рич синдромы)
*Аэрс синдромы (Біріншілік өкпе гипертензиясы)
*+Альвеолярлы микролитиаз
*Маклеод синдромы
#95
Бала 10 жаста. Диагнозы: жедел пневмония. Қақырықпен жөтел,бұлшық еттердің қатысуынсыз ентігу. Есі анық, терінің бозғылттығы, гипергидрозы, жеңіл цианоз белгілері, ТЖ 30/рет минутына, ЖСЖ 100 рет минутына. Осы клиникалық көріністер жедел тыныс жетіспеушілігінің КӨБІНЕ қандай сатысына сәйкес келеді?
*Декомпенсация сатысы
*Толық емес компенсация сатысы
*+Компенсацияланған тыныс сатысы
*Құрылымдық өзгерістер сатысы
*Рецидив сатысы
#96
*! Бала 12 жаста. Диагнозы: Жедел пневмония. Сандырақтау, галлюцинациялар, профузды тер, тері қабаттарының цианозы байқалады. ТЖ 40 рет минутына, қосымша бұлшық еттердің қатысуымен, АҚ 115/80 мм.сын.бағ., ЖСЖ 120 рет минутына. Осы клиникалық көріністер жедел тыныс жетіспеушілігінің КӨБІНЕ қандай сатысына сәйкес келеді?
*Декомпенсация сатысы
*+Толық емес компенсация сатысы
*Компенсирленген тыныс сатысы
*Құрылымдық өзгерістер сатысы
*Рецидив сатысы
#97
*! Бала 14 жаста. Диагнозы: Жедел пневмония. Есі жоқ, тырысулар, тері жамылғыларының бозғылттығы, гипергидрозы, акроцианоз, жайылмалы цианоз байқалады. ТЖ 8 рет, ЖСЖ 140\рет минутына. Пульс жіп тәрізді, аритмия. АҚҚ 80/50 мм.сын.бағ. Осы клиникалық көріністер жедел тыныс жетіспеушілігінің КӨБІНЕ қандай сатысына сәйкес келеді?
*+Декомпенсация сатысы
*Толық емес компенсация сатысы
*Компенсирленген тыныс сатысы
*Құрылымдық өзгерістер сатысы
*Рецидив сатысы
#98
*! Қыз бала Б есімді,. 14 күндік. Реанимация бөлімшесінде. Құрсақішілік пневмония бойынша ем алуда. Туғаннан бастап ӨЖЖ ( ИВЛ) әдісі бойынша оттегімен терапия қабылдап жатыр. Оксигенация жүргізу үшін ӨЖЖ параметрлері жеткіліксіз болған. Өкпеде ылғалды сырылдардың мөлшері көбейген. Кеуде клеткасының рентгенограммасында өкпе алаңының мөлдірлігінің диффузды төмендеуі анықталған. Нәресте өмірінің 2 аптасының соңында қандай асқыну КӨБІНЕСЕ дамиды:
*+Бронхөкпелік дисплазия
*Пневмоторакс
*«Ауа кету» ( утечка воздуха) синдромы
*Пневмомедистинум
*Вильсон – Микити синдромы
